Ораза кезінде жүніп болған адам ғұсыл аларда
тамағына ғарғара жасауына және мұрнына терең су тартып
шаюына бола ма?
Жауап:
Оразада ғұсыл құйынып, дәрет алғанда тамақты
ғарғара етіп шаймай және мұрынға суды тым қатты тартпау
керек. Тамақтан не мұрыннан су кіріп кетсе, ораза бұзылады.
Сұрақ:
Ораза кезінде тіс салдыруға бола ма?
Жауап:
Ораза кезінде тіс салдыруға да, тісті емдеп
не жұлдыруға да рұқсат. Тіс салдыру барысында етті
жансыздандыру мақсатында салынған ине оразаны
бұзбайды. Алайда емдеу не тіс салдыру барысында емдік
мақсатта салынған дәріні және тістен шыққан қанның
тамаққа кетіп қалмауын жіті қадағалауы шарт. Бір тамшы
болса да тамақтан дәрі не қан кіріп кетсе, ораза бұзылады.
Сондықтан қолдан келгенше тіс салдыру, емдеу т.б.
шараларды ауызашардан соң немесе рамазаннан кейінгі
күндерге қалдырған абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |