Сұрақ:
Инемен емделу оразаны бұза ма?
Жауап:
Инемен емделу оразаны бұзбайды. Ине адамның
терісіне, яғни жүйке нүктелеріне салынады. Бұл жағдайда
ағзаға ешқандай қорек бармайтыны белгілі.
Сұрақ:
Рамазанда хижама жасатқан адам «оразам
бұзылды» деп әдейі аузын ашса не болады?
Жауап:
«Хижама оразаны бұзады» деген хадистің
негізгі мағынасы: хижама қатты әлсіретеді. Бірақ, ораза
бұзылмайды. Сол себепті оразаның сауабынан айырылады.
Міне, осы хадистің түпкі мағынасын біле тұра аузын әдейі
ашқан кісі қазамен бірге каффарат өтеуі міндет.
Сұрақ:
Достарыңызбен бөлісу: |