Сұрақ:
Рамазан оразасы кімдерге парыз?
Жауап:
Балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс, жолаушы
емес әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз. Яғни мұсылман
болуы, балиғат жасына толуы, ақыл-есі дұрыс болуы, ораза
ұстауға күші жетуі және тұрғылықты жерінде болуы шарт.
Сұрақ:
Оразаның қандай түрлері бар?
Жауап:
Ораза парыз, уәжіп, нәпіл және мәкрүһ деп
бөлінеді.
Сұрақ:
Ораза қай уақыттан қай уақытқа дейін ұсталады?
Жауап:
«Бақара» сүресінің 187-аятында:
«Таңның ақ
жібін түннің қара жібінен ажыратқанға дейін жеп-ішіңдер.
Содан кейін күн ұясына батып, ымырт түскенге дейін
Рамазан оразасына қатысты
|