Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет4/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Адам атаға есімдердің үйретілуі
Хақ тағала өзге жаратылысқа қарағанда тұрпаты бөлек, айрықша артықшылықтар беріп
жаратқан хазірет Адамға бүкіл заттардың есімдері мен сипаттарын үйретті. Ол жайлы Құран
кəрімде былай дейді: 
«Аллаһ Адамға (а.с.) барлық атауды үйретті, сонан соң оларды
періштелерге көрсетіп: «Айтқандарың рас болса, Маған осы нəрселердің аттарын айтып
беріңдер», – деді. Періштелер: «Сен пəксің! Біз Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ.
Əрине, Сен толық білушісің, өте данасың», – деді»
?">[13]
?">. Осы уақытта Ұлы Жаратушы: «Ей,
Адам! Оларға бұлардың аттарын баян ет, – деді. Сонда (Адам а.с.) оларға заттардың аттарын
айтқан сəтте, Аллаһ: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес
істегендеріңді білемін деп айтпадым ба??">»
?">[14]
?"> – деген еді. Осы аяттарда баяндалғандай,
періштеге қарағанда адам баласының деңгейінің жоғары тұратынын көреміз. Себебі адамның ең
ұлы міндеті – Аллаһты танып-білу.
Осылайша Аллаһ тағала періштелерге қарағанда Адамға мол ілім беріп, мəртебесін жоғары
етіп жарату арқылы оның халифалыққа лайықты бірден-бір жаратылыс иесі екендігін аңдатады.
Əлбетте, адам баласы ілімімен былайғы жаратылыстан үстем. Адам баласының халифа деген
атқа лайықты болуының басты шарты – ілімді меңгеріп, пайдасына жаратуы. Міне, сонда ғана
адам баласы Аллаһ тағаланың үкімдері мен шариғат шеңберінен шықпай өмір сүре алады. Ал
періштелерде мұндай қабілет пен қасиет жоқ. Негізінде, адам білген жаратылыс құпиясының
шет жағасын періштелер де білетін. Алайда Адамның мерейі олардан бəрібір үстем. Мұның
себебі, періштелерге қарағанда есімдерді көбірек біледі, һəм ғаламзат пен Хақ тағаланың
барлық есімдерінің ақиқатына бойлай алады. Ол – жұмыр жердің бірден-бір халифасы.
Халифалықтың шарты тек қана құлшылық етумен жəне күнəлардан сақтанумен шектелсе, жер
бетіне періштелер əлдеқашан халифа болар еді ғой
?">[15]
.
Сонымен қатар, Аллаһ тағаланың хазірет Адамды жер бетіне халифа етіп тағайындауына
оның өзге жаратылыс иелерінен үстем ететін төрт артықшылыққа ие болуы себеп болды:
1. Оны Аллаһ тағаланың өз құдірет қолымен жаратуы;
2. Адамға Аллаһ тағаланың бізге беймəлім Өз рухынан үрлеп, жан бітіруі.
3. Хақ тағаланың күллі періштеге оған сəжде етуге əмір беруі.
4. Хақ тағаланың оған барлық есімдерді үйретуі
?">[16]
?">.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет