Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет16/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   96
Көкке көтерілуі
Ыдырыс пайғамбардың жер бетінде қайтыс болғаны туралы мағлұмат жоқ. Құранға көз
салсақ, аятта оның көкке көтерілгендігі баяндалады. «Мəриям» сүресінде: 
«Біз оны жоғарғы
орынға көтердік?">»
?">[82]
?">деп айтылады. Бұл аят турасында ғұламалар арасында айтылып жүрген
пікірлер əр алуан болып келеді. Атақты тəпсірші ғұлама Фахреддин Рази «Жоғары орынға
көтерілу» сөзін рухани мəртебе болуы мүмкін деп жорамал жасайды. «Аллаһ тағала оған
пайғамбарлық жəне отыз беттік парақтар берген. Ендеше, оның «жоғары орны» осы болса
керек» дейді. Бұған Құрандағы: 
«Біз сенің абыройыңды көтермедік пе?»
?">[83]
– деген аятты айғақ
етіп көрсетеді.
Келесі көзқарастағылар оның Иса (а.с.) тəрізді жоғары көтеріліп, көктің төртінші қабатын
мекендегенін айтады. Оған айғақ ретінде Мұхаммед пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
Миғражға шыққан кезде, төртінші қабатта Ыдырыспен (а.с.) кездесіп, сəлемдескендігі?">н
?">[84]
?"> алға
тартады. Бұл қисынға сүйенсек, Ыдырыс (а.с.) тірі кезінде көкке көтерілген. Кейбір ғалымдар
оны ажалы жетіп қайтыс болған десе, енді біреулері əлі күнге дейін тірі деп жорамалдайды. Ең
дұрысы Аллаһқа ғана аян.
Кейбір деректерде Ыдырыс пайғамбардың ғұмыр жасы сексен екі жыл деп көрсетіледі.
Демек, біреуіне мың, енді біріне жүз жыл сияқты Хақ тағала əр пайғамбарға əртүрлі өмір
берген. Мəселен, Иса пайғамбардың небəрі отыз үш жыл ғана өмір сүргені мəлім. Бірақ өмір аз,
мейлі көп берілсін барлық пайғамбарлар құлшылығын атқарып, өзіне тəн қасиетті міндетін
толық өтеген.
Нұхтың (а.с.) елі
Ыдырыс пайғамбардан кейін дін ғұламалары ақиқаттың ақ туын желбіретті. Олар елді хақ
жолға шақыруды жалғастарды. Тіпті Араб түбегімен көршілес аймақтарда өмір сүрген
халықтармен де етене араласып, имандылық аясын кеңейтуге тырысты. Көп өтпей алыс-жақын
елдің бəрі дін ғұламаларын жақсы көріп, бауыр басып кетті. Шерткен əңгімелерін құныға
тыңдады. Бірақ бұл ғұламалар да ажал жеткенде бақиға бір-бірлеп аттанып жатты. Əрбірі
қайтыс болған сайын, ел қатты қайғырды. Мəйіттерін арулап көмді. Халық оларды жадынан
шығармады.
Əйтсе де бұл дүние сынақ мекені емес пе? Сондықтан халық арасында жымысқы
ниеттілердің болуы табиғи еді. Олар елдің ғұламаларға деген шынайы сүйіспеншілігін көре
алмады. Əккілікпен ел ақсақалдарына келіп мынадай ақыл айтты: «Қадірлі ғұламаларымыздың
есімі ұмытылып кете ме деген қорқынышымыз жоқ емес. Олар келер ұрпаққа үлгі-өнеге болып
қалуы тиіс. Сондықтан əрбіріне ескерткіш орнатқан жөн секілді. Тіпті əр үй өзіне шағын мүсін
жасап алса, жақсы болар еді»
?">[85]
?">.
Бұл ой ел-жұртқа қатты ұнады. Тіпті оны тездетейік деушілер де табылды. Көп ұзамай
ғұламалардың ең үлкендері саналған Уəдд, Сууə, Яғұс, Нəср секілді адамдарға тастан ойылған
ескерткіштер орнатылды. Артынша кішкене мүсіндер де əр үйдің төріне қойыла бастады. Келе-
келе бұны дəстүрге айналдырды. Тіпті «мүсіні бар үй берекеге кенеледі» деген түсінік
қалыптасты. Уақыт өте келе халық парыздарды орындаумен қатар арнайы күн белгілеп,
ескерткіштердің жанына жиналып, олардың тірі кезін еске алуды дағды етті. Бұл да бірте-бірте


діннің бір міндеті секілді сипат ала бастады.
О баста көзделген жымысқы ниет ақырында «жемісін» бермей қоймады. Уақыт өте келе
халықтың сенімі шайқалды. Əсіресе көзін ашқалы ескерткіштер мен мүсіндерді көріп өскен
кейінгі ұрпақ ескерткіштерді құдай санауға көшті. Мүсіндердің алдында құрақ ұшып,
«Тілегімізді Құдайға жеткізе гөр» деп табына бастады. Алғашында бұған халықтан бірді-екілі
адам қарсылық танытқанмен, көпшілік оларды «ғұлама-құдайларымызға тіл тигізді» деп
кінəлап, елден қуды. Жер бетінде пұттарға табыну дəстүрі міне осылай басталды.
Қоғам пұтқа табынып қана қоймады, бірте-бірте халықтың мінез-құлықтары та бұзыла
бастады. Зинақорлық, ұрлық, біреудің ақысын жеу секілді күнəларға пысқырған жан болмады.
Азғындық барған сайын асқына берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет