Топан судың тартылуы
Топан су туралы ғалымдар арасында екі түрлі пікір бар. Бірінші топ топан су тұтастай жер
бетін қаптаған десе, екінші топ «топан су тек Нұхтың аймағын ғана басқан» дейді. Қисынға
салып қарасақ, екінші топтың айтқаны дұрыс сияқты. Өйткені су басқандағы мақсат – кəпір елді
жермен-жексен ету емес пе еді?! Ал сол уақытта жер бетінде Нұхтың елі ғана Араб түбегін
мекендеген. Жұмыр жер бетіндегі күллі адамзатқа Нұх пайғамбар болып келгенде, топан судың
жер бетін тегіс су басып қалуы мүмкін еді. Бұған қоса, Нұхтан кейінгі елдер де азапқа
ұшырағанда, сол аймақтың ғана құрып кеткені мəлім. Ендеше, Нұхтың еліне келген пəлекет те
сол елге, сол аймаққа қана қатысты. Негізі ғалымдардың басым көпшілігі осы пікірді қолдайды.
Топан су қаптағанда, асау толқындар арасында Нұхтың кемесі ғана батып кетпей жүзіп
жүрді. Кəпір атаулы түгелдей суға кеткен соң, Аллаһ тағала жер мен көкке əмір беріп:
«Ей, жер,
міндетің аяқталды, суыңды жұт! Ей, аспан-көк, қажетің қалмады жауыныңды
тоқтат!»
?">[128]
?"> – деді.
Аллаһтың құдіретімен су тартылып, жауын пышақ кесті тыйылды. Су тартылып жатқанда,
теңіз деңгейі бірте-бірте төмен түсіп, тау сілемдері аршылып, Құранның сөзімен айтқанда
«Жуди»
?">[129]
?"> деген таудың басына барып тоқтады. Сонда Аллаһ тағала Нұхқа:
«Ей, Нұх! Кемеден
түс. Саған жəне сенімен бірге болған мұсылмандармен қатар (сендерден кейінгі) мұсылман
ұрпақтарыңа Бізден амандық, бейбітшілік жəне берекет бар. Сондай-ақ, (ұрпақтарыңның
арасында иман келтірмейтін) топтар да болады. Оларға бұл дүниеде күн көріс мүмкіндігін
береміз. Бірақ көп ұзамай (бұл өмірден өткен соң бұрынғы кəпірлер сияқты олар да) біздің
күйзелтуші азабымызға ұшырайды»
?">[130]
, – дейді.
Кеме тоқтағаннан кейін, жер бетінде тек иман келтірген жандар ғана болды. Бұл хазірет
Нұхтың үмбеті үшін ғажайып түстей еді. Олар Хақ тағаланың нəсіп еткен «амандық,
бейбітшілік, берекет» аясында жер бетінде құдды жаннатта жүргендей күй кешті.
Құлшылықтарын алаңсыз атқарды, бір-бірлерімен тату-тəтті өмір сүрді. Бұл бірнеше ғасырға
жалғасты.
Кейбір деректерде Нұх кемесі теңіз бетінде алты айға жуық жүзіп жүреді. Ибн Кəсирдің
тəфсирінде кемеде Нұхпен бірге сексен ер кісі отбасыларымен бірге болғандығы айтылады.
Олар жүз елу күн кемеде болды. Одан кейін Аллаһ кемені Меккеге бағыттады. Кеме Меккеде
Қағбаны қырық күн айналды. Сосын Хақ тағала кемені Жуди тауына бағыттады. Сол жерге
барып тоқтады дейді
?">[131]
?">.
Екінші Адам ата
Нұх пайғамбар көп ұзамай шариғат заңымен мемлекет құрып, «қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған» мамыражай заман басталды. Адамзат ғұмырының қайтадан жалғасуына арқау
болғандықтан, Нұх (а.с.) «екінші Адам ата» деп аталды.
Нұх (а.с.) – ең үлкен бес пайғамбардың бірі. Оның сабырлылығы, өткірлігі, қайсарлығы исі
мұсылманға ғажап өнеге болды. Расында, мың жыл бойғы небір құқай мен қорлыққа шыдау үшін
асқан төзімділік қажет-ті. Бұған қоса үнемі шүкіршіліктен таймады. Сондықтан да Аллаһ тағала
Құранда:
«Күдіксіз, ол шүкір ететін құл еді?">»
?">[132]
?">, – дейді.
Жер бетіндегі адамдар Нұх пайғамбар мен үмбетінен тарады. Құранда
«Оның ұрпағын жер
бетіне тұрақты еттік»
, – дейді. Хадисте бұл турасында:
«Нұхтың үш ұлы бар еді: Сам, Хам
жəне Яфəс?">»
?">[133]
?">, – деп оның балалары туралы хабар берілген.
Уақыты жеткенде, Нұх пайғамбар да өмірден озды. Артына имандылық пен бейбіт өмірді
қалдырды.
|