Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет45/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Сынақтан өтуі
Əйюб пайғамбар осылайша сынақтан мүдірмей өтіп, өзінің Раббысының құзырында
сабырлы, тақуа құл екендігін дəлелдеп, елге өнеге болды. Аллаһ тағала оған нығметін
бұрынғыдан да мол ғып үйіп-төкті. Құранда: 
«Бізден рақым əрі ақыл иелеріне үгіт ретінде оған
отбасын, айналасын бір есе артығымен бердік»
?">[216]
?">, – дейді. Көп ұзамай оның өрісі малға,
қорасы қойға толды. Қисапсыз қазына мен есепсіз дүниесін көргендердің есі кете бастады.
Шаңырағындағы улап-шулап ойнаған балалар олардың көңілін сергітіп, бар дертін ұмыттырды.
Деректерде оған елінен жеті адамның иман келтіргені, өзі жүз қырық яки тоқсан үш
жасында қайтыс болғаны туралы айтылады. Ол туралы Құранда: 
«Расында, оны сабырлы көрдік.
Ол қандай жақсы құл! Өйткені ол өте мойынсұнғыш»
?">[217]
?">, – дейді.
Бұл өмірде адамның дүниелік үш байлығы бар. Ол – байлық, нəсіл, денсаулық. Һəм бұл
үшеуі пендеге берілген негізгі сынақтар. Көбінесе бұл фəниде осы үш сынақтан көптеген жұмыр
басты пенделер сүрініп кетіп жатады. Мысалы, біреуге байлық беріледі де, көп ұзамай бір сəтте
жоғалтып тақыр кедей болып шығады. Ол сонда кейде осы сынақты көтере алмай, Хақ тағалаға
қарсы шығады яки өзіне қол жұмсап шыбын жаны мəңгілік азапта шырқырайды. Ендеше Əйюб


пайғамбардың сабырлығы осындай жандарға өнеге.
Əйюб пайғамбар (а.с.) да өзіне берілген міндетті толық орындады. Кейінгі ұрпақтарға
сабырлықтың өшпес өнегесін қалдырды. Көктен түскен уахи тоқтап, уазипасы біткен шақта,
өмірден озып, Раббысына қайтты.
ЖАҚЫП ПЕН ЖҮСІП (А.С.) ПАЙҒАМБАР
Ибраһим пайғамбардың немересі – Жақып Ысқақтың үлкен баласы. Одан басқа Ысқақтың
Аис деген баласы болған. Аис Шам жаққа қоныс аударғанда, Жақып (а.с.) Канған жеріндегі қара
шаңырақта қалып қойған. Кейіннен оған пайғамбарлық келген шақта, ол халқын хақ дінге
шақырып, туралыққа бастады.
Жақыптың (а.с.) он екі ұлы болды. Кейбір деректерде бұлардың аттары былай айтылады:
Яһуда, Рубин, Шəмун, Лəуи, Яшшуһуз, Зəбулун, Зəуəнə, Тəфтуна, Кəуза, Ушир, Жүсіп жəне
Буниамин. Он екі ұлдың ең кішілері Жүсіп пен Буниямин еді. Осы екеуі Жақып пайғамбардың
басқа əйелінен туған.
Жақыптың (а.с.) лақап аты – Исрайыл. Оның он екі ұлынан он екі тайпа тарап, олар
Исрайыл ұрпақтары болып аталып кетті.
Жақып пайғамбар екінші əйелінен туған осы Жүсіп пен Бунияминді қатты жақсы көрді. Өзге
ұлдарына қарағанда Жүсіпті көзінің қарашығындай аялап, мейірім-шапағатын аямай төгетін.
Шамасы, бала Жүсіптің алда талай тар жол, тайғақ кешуден небір қиын-қыстау кезеңнен, ауыр
сынақтардан тайсалмай өтетінін, балаларының ішінен пайғамбарлық дарып, сол міндетті
абыроймен атқаратынын сезсе керек. Əйтсе де өзге он баласы оның Жүсіпті елден ерек жақсы
көргенін қызғанып, мұның соңы інілері Жүсіпке қастандық жасауға дейін барады.
Бір күні Жүсіп қызық та ғажап бір түс көрді. Таңертең сол түсін əкесіне: 
«Əкешім! Бүгін
мен бір түс көрдім, түсімде ғажап іс көрдім. Он бір жұлдыз жəне ай мен күн маған сəжде
етіп тұр екен»
?">[218]
?">, – дейді. Жүсіп пайғамбар баласының мына түсінің тегін түс емес,
Аллаһтан келген аян екенін біліп, баласына: «Айналайын балам! Көрген түсің расында ғажап
екен. Бірақ бұл түсіңді ағаларыңа айтушы болма! Əйтпесе қызғаныштан саған қастандық жасауы
мүмкін. Өйткені шайтан – адамның анық дұшпаны. Раббың сені түсіңде көргеніңдей құлдары
арасынан таңдап пайғамбар етеді. Мерейіңді үстем қылады. 
«Түс жору (немесе қасиетті
кітаптардың сырлары жайында) ілімін береді. Бұрынғы аталарың Ибраһим, Ысқақтарға
нығметін бұйырғандай, саған жəне Жақып ұрпағына нығметін толықтырады. Шəксіз, Раббың
толық білуші, хикмет иесі»
?">[219]
, – дейді. Жақып пайғамбар он бір жұлдызды он бір ұлы, айды
əйелі, күнді өзі деп жорамалдап, баласының бəрінен де мерейі үстем болатынын аңғарған еді.
Жақып пайғамбардың кезінде халық арасында түс жору ілімі кең дамыған болатын. Сондықтан
баласының көрген түсін ағалары естісе, астарын дереу біліп қоятын еді. Осыны сезген хазірет
Жақып баласына түсін жасыруды айтқан-д?">ы
?">[220]
?">.
Жақыптың (а.с.) он баласы осы түсті сезіп қойғандай-ақ соңғы күндері Жүсіпке деген
қызғаныштары қатты қозады. Тіпті Буниямин екеуін басқа анадан туғандықтан, өз бауырлары
санамай, мүлдем сыртқа қағатынды шығарды. Бір күні олар бас қосып ақылдасты: «Біздің
жасымыз Жүсіпке қарағанда əлдеқайда үлкен. Əрі əкеміздің істерін түгел өзіміз атқарамыз.
Ендеше, əкеміз бізді жақсы көрудің орнына түкке тұрмайтын Жүсіп пен оның інісін жақсы
көргені несі? Бұл жерде əкеміз қатты қателесіп отыр?">»
?">[221]
?">, – дейді. Ақылдаса келе ағаларының
біреуі: «Жүсіпті иен далаға апарып өлтіре салайық. Болмаса адам аяғы баспаған бір жерге


тастап кетейік. Елсіз жерде адасып өлсе кім білер дейсің? Сонда ғана əкеміз бізге мол
сүйіспеншілікпен қарайтын болады. Азар болса адам өлтіргеніміз үшін, артынан тəуба
етерміз?">»
?">[222]
?">, – дейді. Оның осы пікірін сол жерде отырған бауырлары тегіс қолдайды. Тек
үлкен ағалары Яһуда ғана қарсылық танытып: «Жо-жоқ! Жүсіпті өлтірмеңдер! Өйткені кісі
өлтіру – үлкен күнə. Оның жазасы да өте ауыр. Егер Жүсіптен біржолата құтылғыларың келіп
бара жатса, онда оны пəлен деген құдыққа тастаңдар. Сол жерден керуендер өтеді. Олар Жүсіпті
құдықтан шығарып қана қоймай өздерімен бірге алысқа алып кетері хақ?">»
?">[223]
?">, – дейді.
Соңында барлығы осы пікірді қолдап, білектерін сыбанып іске кіріспекші болады. Өйткені
Яһуда ел ішінде өте ақылды жігіт саналатын.
Жақып пайғамбар он ұлынан Жүсіпке бір пəленің келетінін іштей сезіп жүретін. Сол
себепті баласына өте сақтықпен қарайтын. Бір күні сол он баласы алдына келіп: «Əкешім! Біз
бəріміз тауға барып сейілдеп, көңіл көтергіміз келіп тұр. Жүсіпті де ертіп алсақ жақсы болар
еді. Ол біздің бауырымыз ғой! Ойын-сауық құрып бір жадырап қайтайық», – деп қолқа салады.
Жақып (а.с.) он ұлының тілегін қабыл алмайын десе, олардың ренжитін түрі бар. Мақұл
дейін десе, түндегі көрген түсі тағы бар. Түсінде Жүсіпті бір қасқыр қуалап жүрген еді. «Былай
тартса арба сынады, былай тартса өгіз өледі». Қатты ойланып тұрды да: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет