Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҢТҮстік қазақстан облысы бойынша өкілдігі


«Мынадай екі көзді тозақ оты күйдірмейді: Алладан



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата29.01.2017
өлшемі0,52 Mb.
#2987
1   2   3

«Мынадай екі көзді тозақ оты күйдірмейді: Алладан 

қорқыныштан  жылаған  көз  бен  Алла  жолында  елін 

күзеткен көз»,

2

 – деген.

4.  Заңға  бағыну,  басшыға  бойұсыну.  Алла  Тағала 

Құранда былай дейді:



«Әй,  мүміндер.  Аллаға  бой  ұсынып,  Пайғамбарға 

әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар».

3

Әбу  Һурайра  (р.а.)  жеткізген  хадис  шәріпте 

Пайғамбарымыз  (Оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі 

болсын): «Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсыныпты. 



Кім  маған  бойұсынбаса,  ол  Аллаға  бойұсынбапты.  Кім 

басшыға  бағынса,  ол  маған  бағынғаны.  Кім  басшыға 

1 Ибн Мәжә риуаяты.

2 Термези риуаят еткен.

3 «Ниса» сүресі, 59-аят.



бағынбаса,  ол  маған  бағынбағаны»,

4

  –  дейді.  Шынайы 

мұсылман  басшыға  бойұсынып,  оларға  қарсы  шықпайды. 

Мұсылмандардың    арасында  келіспеушіліктер  пайда  бо- 

луы  мүмкін,  алайда  олар  елдің  ауызбіршілігін,  жұрттың 

тыныштығының бұзылуына соқтырмауы тиіс.

Мұсылман  үмбетінің  үлгі  тұтарлық  сахабалар  ел 

билеген  басшыларына  қалтқысыз  бойұсынған.  Олар  ел 

ішінде  болған  бүліктерге  ермей,  ел  басшысы  халифаға 

қолдау көрсеткен. Осындай тас болаттай түйінделген ауыз-

біршіліктің  арқасында  мұсылмандар  ғасырлар  бойы  билік

 

құрған.  Ал,  басшыға  бағынып  жұмыла  жұдырық  болудың 



нәтижесінде  ғылым  мен  өнер  дамып,  дүниелік  саланың 

барлығы  өркендеді.  Сондықтан  басшыға  бағыну  керектігін 

әрбір шынайы мұсылман есте сақтауы ләзім.

5.  Дінаралық  татулықты  сақтау.  Ислам  діні  күллі 

адамзатты түрі мен түсіне, тегі мен нәсіліне, ұлттарға, діні 

мен діліне бөліп қарастырмай, керісінше, елді ынтымақ пен 

бірлікке, бейбітшілік пен келісімге, өзара төзімділік пен бір 

ымыраға келуге шақырады. Алла Тағала «Әнбия» сүресінің 

107-аятында:



«Біз  сені  әлемдерге  рақым  етіп  қана  жібердік»,

 

–деп,  мұсылман  болсын,  мейлі  христиан  болсын,  мейлі 

яһуди болсын ешкімді бөліп жармастан бүтіндей адамзатқа 

мейіріммен  жіберілген  елші  екендігін  баяндаған.  Пайғам- 

барымыз  (Оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі  болсын)  өз 

хадисінде:  «Нағыз  мұсылман  –  өзге  адамдар  оның  тілі 



мен  қолынан  зиян  көрмеген  адам»,

5

  –  деп  айтқан.  Яғни, 

шынайы мұсылман қоғамдағы өзге адамдарға зиян тигізбей, 

мемлекеттің тыныштығын басты назарда ұстайтын адам.

6. Қоғамға пайдалы болу. Шынайы мұсылман өзі өмір 

сүріп жатқан ортасына әрдайым пайдалы болуға тырысады. 

Қоғамда  ынтымақ,  бірлікті  күшейтуге  қатты  көңіл  бөледі. 

Қолынан  келгенше  жәрдем  көрсетуге  тырысады.  Мысалы, 

қарызға,  шығынға  батып,  тығырыққа  тірелгенге,  жақын-

жуығына  көмектеседі.  Көршісімен  жақсы  мәміледе  болып, 

көмек керек болса қол ұшын береді, қиыншылыққа тап болса 

жәрдемдесіп тұрады. Асыл дініміз ынтымақ-бірлігі жарасқан 

4 Бұхари және Мүслим риуаяты.

5 Мухаммад ибн Исмайл Әбу Абдуллаһ әл-Бухари әл-Жуғфи, 1989. (№ 1144 хадис). І т. – 391 б.



26

имани  қоғам  құруға  шақырады.  Адамдарды

 

бір-біріне 



жәрдемдесуге үндейді. Алла Тағала былай дейді:

«Бір-біріңе  жақсылық  пен  тақуалықта  жәрдем 

беріңдер!».

6

Алланың  Елшісі  (Оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі 

болсын) былай дейді: «Алла үшін адамдардың ең сүйіктісі 

– адамдарға пайдалы болғаны...».

7

7.  Еңбекқорлық.  Асыл  дініміз  иманды  жанды  адал 

еңбек  етуге  үндейді.  Адал  еңбекпен  несібесін  айыру  – 

пайғамбарлардың  дағдысы.  Әрбір  пайғамбар  өз  еңбегімен 

табыс тауып, күнелткен. Миқдад ибн Мағди Якрабтан (р.а.) 

жеткен риуаятта Пайғамбар (Оған Алланың салау- аты мен 

сәлемі  болсын):  «Ешбір  адам  өз  қол  еңбегімен  тапқан 



тағамынан  тәуір  тамақ  жемеген.  Расында,  Алланың 

пайғамбары  Дәуіт  (а.с.)  те  қол  еңбегімен  тамақ  тауып 

жеген», – дейді.

8

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі  

(Оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі  болсын):

«Кәсіптің    ең    қайырлысы    –    ықыласпен    еңбек  

еткен жұмысшының қол еңбегі», – деген.

9

Ислам діні адал кәсіп етуді уағыздайды. Риуаяттарға зер 



салған адамдар бүкіл пайғамбарлардың адал кәсіп еткенін, 

бұл өмірдегі ғылыми жетістіктер мен өркениеттің көшбасында 

тұрғанын  аңғарады.  Мәселен,  Адам  (а.с.)  диқаншылықты, 

Нұх  (а.с.)  кеме  жасауды,  Ыдырыс  (а.с.)  тігіншілікті,  Мұса 

(а.с.) шопандықты, Дәуіт (а.с.) темір ұсталығын, Зәкәрия (а.с.) 

ағаш  ұсталығын  үйретті.  Сондықтан  адам  баласы  ризығын 

табу үшін жұмыс істеуі керек, ал жұмысына лайықты болу 

белгілі бір білімнің игерілуін талап етеді. 



8. Ысырапқа жол бермеу және сараңдықтан бойды 

аулақ ұстау.

Мал-мүлікті  жұмсауда  ысырап  етпей,  орта  жолды 

ұстану. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

«...Жеңдер-ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер. Күдіксіз 

6 Әли Имран сүресі, 103-аят.

7 Табарани, Ибн Әбу Дүния риуаят еткен.

8 Бухари риуаят еткен.

9 Ахмет риуаят еткен.


27

Алла ысырап етушілерді сүймейді».

10

 Қанша бай болса да 

адам баласы қолындағы дүниесіне бекем болып, ысырапқа жол 

бермеуі тиіс және дүние жұмсауда жанұясының да ризығын 

кемітпеу  керек.  Адам  бала-шағасына  қарамай  дүниесін 

оңды-солды  басқа  нәрсеге  шаша  берсе,  отбасы  кедейлікке 

ұшырайды.  Ең  жақсысы  –  туралық,  әділдік.  Отбасылық 

жағдайда  болсын,  қоғамдық  ортада  болсын,  кез  келген 

жағдайда  туралық,  әділдік  жасау  керек.  Пайғамбарымыз 

(Оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі  болсын):  «Беруші 

қол  алушы  қолдан  жақсы.  Беретін  болсаң,  алдымен 

отбасыңнан  баста.  Садақаның  ең  абзалы

 

–  дәулеттінің 



жомарттықпен бергені» , – деген.

11

9.  Көркем  мінез-құлық.  Ислам  –  көркем  мінез  бен 

әдепке  негізделгендіктен  әрдайым  тазалық  пен  пәктікті 

насихаттайды. Алла Тағала:



«Расында,  сен  ұлы  ахлаққа  иесің»  («Қалам»  4-аят),

 



деп,  Пайғамбарымыздың  (Оған  Алланың  салауаты  мен 

сәлемі  болсын)  мінезі  ұлы,  кемел  екенін  баяндаған.  Нағыз 

мұсылман Қиямет күні амалдарының ішіндегі көркем мінезі 

таразыда ауыр салмақ басатынын бір сәт ұмытпайды. Оның 

мінез-құлқы  шыншылдық,  аманат,  туралық,  уәдесіне  берік 

болу,  тіліне  ие  болу,  ойының  таза  болуы,  кешірімділік, 

кішіпейілділік,  жомарттық,  сабырлық,  қарапайымдылық,  

бауырмалдылық,    бірлік    сияқты    т.б.  көптеген  мақтаулы 

сипаттармен танылады. Алла елшісі (Оған Алланың салауаты 

мен сәлемі болсын) былай дейді: «Мүміндерден иманы ең 



кәмілі  –  мінез-құлқы  жақсы  болғандары.  Ал,  сендердің 

ең  жақсыларың  –  әйелімен  жақсы  қарым-қатынаста 

болғандарың».

12

 Сондай-ақ, басқа бір хадисте Пайғамбарымыз 

(Оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі  болсын):  «Расында, 



мүміндердің ішінде иманы ең кәмілі – мінез-құлқы жақсы 

әрі  отбасына  мейірімді  болғаны»,

13

  -  дейді.  Әдептіліктің 

қайнар  көзі  мен  негізгі  қағидаларын  Ислам  дінінен  іздеген 

дұрыс.  Ислам  көркем  мінез  бен  әдепке  негізделгендіктен 

10 «Ағроф» сүресі 31-аят

11 Муслим риуаяты.

12 Муснад Имам Ахмад 2/472.

13 Сунан ат-Тирмизи 6212.


28

әрдайым тазалық пен пәктікті насихаттайды. Бұл дініміздің 

негізгі  қағидаларынан  айқын  көрінеді.  Исламдағы  барлық 

ғибадат-құлшылықтар осы мақсатта тоғысады.



10. Кішіпейіл болу. Кішіпейілділік – пендеге Раббысы 

тарапынан  берілетін  ерекше  мінез-құлық.  Кішіпейілділік

 

–  пайғамбарлар  мен  күллі  мұқаррабиндер,  әулиелерден 



мирас болған көркем қасиет. Кішіпейіл адам – жер бетінде 

Раббысынан  қорқып,  одан  ұялып,  әрдайым  өзін  көріп  тұр 

деген  оймен  ұлыққа  да,  кішікке  де  бірдей  қарым-қатынас 

жасайтын жан. Алла Тағала былай дейді:



«Рахманның  құлдары  жер  бетінде  сыпайы  түрде 

жүреді...».

14 

Пайғамбарымыз  (Оған  Алланың  салауаты  мен 

сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кім кішіпейілділік көрсетсе, 

Алла оның мәртебесін өсіреді. Ал, кімде-кім көкірек қақса, 

Алла Тағала оны мұрнымен жер сүздіреді»,

15

 – деген. Бұл 

аяттың  астары  мен  хадисте  мүміндерге  тән  кішіпейілділік 

жатыр  әрі  өркөкіректіктен  алшақтауды  тиіс  етіп  тұр. 

Бұл  тәкаппарлық  ақыры  жақсылыққа  апармайтын  жүрек 

дерттерінің бірі. Себебі, Алла Тағала Құранда:

«Жер бетінде тәкаппарланып жүрме! Өйткені, сен 

ешқашан жерді тесіп кете алмайсың және таулардан биік 

бола алмайсың. Бұлардың барлығы Раббыңның құзырында 

жеккөрінішті жаман қылықтар санала- ды»,

16

 – деп, бұл 

мінезді  жақсы  көрмейтіндігін  білдірсе,  Пайғамбарымыз 

(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кімнің 

жүрегінде тозаңдай өркөкіректік болса, ол кісі жұмаққа 

кірмейді»,

17

  –  деп,  тәкаппарлық  –  дінімізде  кісіні  тозаққа 

лайық ететін қатерлі рухани ауру екенін баяндап берді.



11.  Бауырмалдық.  Мұсылман  сипаттарының  тағы 

бірі  –  бауырмалдық.  Пайғамбарымыз  (Оған  Алланың 

14 Фурқон сүресі, 63-аят.

15 Имам Ахмад ибн Ханбал, Муснад

16 «Исра» сүресі. 37,38-аяттар

17 Муслим, Ахмад риуаяты



29

салауаты  мен  сәлемі  болсын)  былай  дейді:  «Сендердің 



ешбірің  өзіне  қалағанын  дін  бауырына  да  қаламайынша, 

толық  иман  келтірген  болмайды».  Бауырмалдық  –  бұл 

адамдар  арасындағы  шынайы  қасиет.  Әсіресе,  мұсылман 

бауырың  үшін  барыңды  салып  қолдау  көрсету  –  қайырлы 

істің  абзалы.  Пайғамбарымыз  (Оған  Алланың  салауаты 

мен сәлемі болсын): «Мұсылман – мұсылманның айнасы, 

мұсылман мұсылманның бауыры, оны құрдымға ұшырап 

кетуден тыйып отырады әрі артынан (шамасы келгенше) 

қорғаштап  жүреді»,

18

  -  деп,  бауырмалдықтың  туыс 

адамдарға  ғана  емес,  бүкіл  қоғамға  бағытталатынын  атап 

өтті. Ендеше, қоғамда өзіңе де өзгеге де зиян келтірмеу әрі 

бауырыңның қатесін түзету – бұл бауырмашылдықтың бір жемісі.



12. Сәлемдесу. Бір мұсылманның екінші мұсылманмен 

кездесе  қалғанда,  онымен  амандасуы  екеуінің  арасына 

бауырмалдық,  мейірімділік  пен  адамгершілікті  ұялатады. 

Құранда Алла Тағала:



«Қашан  сендерге  сәлем  берілсе,  одан  жақсырақ 

немесе  соның  өзін  қайтарыңдар!»

19

  –  деп  бұйырған. 

Осы  аяттан  амандасудың  қаншалықты  маңызды  екендігін 

түсінуге болады.

 

«әс-Сәләм» – Алла Тағаланың есімдерінің 



бірі.  Пайғамбарымыз  (Оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі 

болсын)  өзінің  мүбәрак  хадисінде  былай  дейді:  «Расында

 

«әс-Сәләм»  Алла  Тағала  есімдерінің  бірі.  Алла  оны 

жер  бетіне  орнатты.  Сондықтан  оны  өз  араларыңда 

жайыңдар  (таратыңдар)».

20

  Мұсылмандардың  сәлемі  бір-

біріне:  «Ассаламу  алайкум  уа  рахматуллаһи  уа  баракатуһ», 

яғни  «Алланың  сендерге  сәлемі  (есендігі,  тыныштығы), 

рахметі,  берекесі  болсын»  деп  айту.  Демек,  сәлемдесу  – 

мұсылмандардың  ұраны  және  олардың  рухани  байлығы- 

ның  таптырмас  бір  бөлшегі.  Осы  арқылы  адамдар  бір-

біріне  деген  мейірімділік  пен  сүйіспеншілікті  арттырады. 

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 

былай дейді: «Сәлем беру – сүннет, ал жауап қайтару – 

уәжіп». Өйткені, сәлемге жауап қайтармау оны кемсіткенмен 

18 Әбу Дәуіт риуаяты

19 «Ниса» сүресі, 86-аят

20 Бухари риуаяты



30

тең. Біреуді кемсіту оған зиян беру дегені. Ал, шариғатымыз 

біреуге зиян беруден тыйған. Сонымен, сәлем берумен қатар, 

оған жақсы жауап қайтаруымыз да міндет екен.



13.  Сыртқы  келбеті  мен  тазалығына  мән  беру. 

Амру бин Шуғайбтан келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған 

Алланың  салауаты  мен  сәлемі  болсын):  «Расында,  Алла 

Тағала нығметінің әсері пенденің үстінен көрінуін

 

жақсы 



көреді»,

21

 – деген. Және бір хадисте: «Тазалық – иманның  

жартысы»,–    деген.    Демек,    мұсылман    жүдеу-жадау 

киінбей,  тазалыққа  мән  беріп,  өзгеге  үлгі  болатындай  өз 

дәулетіне лайықты сәнді әрі ұқыпты киіну керек.

14. Ата-анаға бойұсыну және жақсылық жасау. Ата-

анаға  бойұсыну,  кішіпейіл  болу,  жақсылық  жасау,  дауыс 

көтермей  жақсы  сөз  сөйлеу,  разылығын  табу  –  бұл  барша 

мұсылманның міндеті. Алла Тағала былай дейді:



«Раббың өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге 

жақсылық  жасауды  әмір  етті.  Ал,  егер  ол  екеуінің  бірі 

немесе  екеуі  де  жандарыңда  кәрілікке  жетсе,  «Түһ» 

деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, ол 

екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп, мәрхамет 

құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымда 

тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!»,

 

– 

де».

22

  Абдулла ибн Амрден жеткен хадисте Пайғамбарымыз

 

(Оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі  болсын)  былай  дейді: 



«Алланың  разылығы  әке-шешенің  разылығында,  ал

 

қаһары әке-шешенің ашуында».

23

Тіпті,  ата-ананың  борышын  Алла  жолында  күресу

 

және  сүннет  амалдарынан  бұрын  орындау  перзенттерге



 

міндетті  болады.  Жаһама  (р.а.)  Пайғамбарымызға  (Оған

 

Алланың    салауаты    мен    сәлемі    болсын)    келіп:    «Мен



 

жорыққа  аттануды  қалаған  едім,  сізбен  ақылдасайын  деп

 

тұрмын»,  –  дедім.  Ол  (Оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі 



21 Термизи риуаят еткен .

22 Исра сүресі, 23-24.

23 Термизи риуаяты.


31

болсын):  «Сенің  анаң  бар  ма?»  –  деп  сұрады.  Мен:  «Ия,

 

бар», – дедім. Онда бар да оның қасында бол (оған қызмет 



ет),  өйткені  жәннат  оның  аяғының  астында»,  –  деп 

айтты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен

 

сәлемі 


болсын). Абдулла бин Амрдан (р.а.) келген хадисте ол былай 

дейді: «Бір адам Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты 

мен  сәлемі  болсын)  келіп:  «Жиһадқа  рұқсат  беріңіз?»  – 

деді.  Пайғамбарымыз  (Оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі 

болсын): «Ата-анаң тірі ме?» – деп сұрағанда, ол: «Тірі» 

деп  жауап  береді.  Сонда  Пайғамбарымыз  (Оған  Алланың 

салауаты мен сәлемі болсын): «Онда сол екеуіне жиһад қыл 

(қызмет ет)»



24

– деген.

15.  Отбасына  қамқорлық  жасау.  Ата-анасын,  әйел, 

бала-шағасын  және  туыстарын  нәпақамен  қамтамасыз  ету 

отағасының  міндеті  болып  табылады.  Әрбір  мұсылман 

азамат  оған  селқос  қарамай,  мойнына  жүктелген  борышын 

орындауы  тиіс.  Ибн  Омардан  (р.а)  жеткен  хадисте 

Пайғамбарымыз  (Оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі 

болсын):  «Барлығың  да  бақташы  секілдісіңдер  және 

барлықтарың  қоластыңдағылар  үшін  жауап  бересіңдер. 

Басшы  –  бақташы.  Ер  адам  –  отбасының  бақташысы. 

Әйел  –  ерінің  шаңырағы  мен  балаларының  бақташысы. 

Қысқасы,  әрбірің  бақташысыңдар  және  өздеріңе 

бағынышты  жандар  үшін  жауаптысыңдар»,

25

  –  деген. 

Отбасына қамқорлық тек нәпақа тауып берумен шектелмейді, 

жанұясында адамгершілік, мейірімділік, сыйластық қарым-

қатынастың орнығуына ықпал ету үшін, балаларына жақсы 

тәрбие  мен  білім  берілуіне  жағдай  жасау  да  шынайы 

мұсылманның міндетіне кіреді.

Шынайы мұсылманның келбетін бейнелейтін сипаттың 

түрлері  көп.  Негізгі  сипаттары  ретінде  бірнешеуіне 

тоқталып  өттік.  Жоғарыда  келтірілген  Пайғамбарымыздың 

(Оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі  болсын)  және  оның 

сахабаларының өмірі үлгі болып, әркім өзінің өмірі туралы 

ой толғап, Алла Тағала Пайғамбарымыздың (Оған Алланың 

салауаты  мен  сәлемі  болсын)  сүйікті  үмбеті  болуға,  оның 

шапағатына лайықты болып, мұсылмандық қасиеттерімізбен 

жұмақ төріне өрлей беруімізді жазсын!

 

24 Хаким риуаяты, иснады сахих.



25 Бухари, Муслим риуаяты.

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛДІГІ

ТҰҒЫРНАМА

Осы «Тұғырнама» кітабының электронды нұсқасын 

www.muftyat.kz, www.oko-meshit.kz 

сайттарынан оқуға болады.

Баспаға дайындаған:

ОҚО облыс имам орынбасары

Мұхамеджан ЕСТЕМІРОВ

Тех.редакторы: Абзал Жауһаров

Басуға 10.06.2015ж жіберілді. Офсеттік басылым. Баспа 

табағы 1/2. Пішімі 18/84. Таралымы 4200 дана.

Шымкент қ.

ИП «Байсопиев» баспаханасында басылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет