қолына алып жүгіріп келген беті екен. Қолына ештеңе тимей, сан соғып қалғаны
кедей жанына қатты батты.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әлгі байғұстан: – Зәру затың көп пе еді? –
деп сұралғанда үміт ұшқыны қайта қылаң бергендей болды.
Санай бастады... Расында да, көмекке қолы жетсе, біразынан құтылып,
көңілі бір жұбанып қалғандай екен. Айтқандарының бәрі де күнделікті тұрмыс
үшін ауадай қажетті заттар болатын. Алайда, қамкөңіл Пайғамбарымыз аз ғана
уақыт бұрын қолындағы бар дүниенің бәрін келген жұртқа бірін де
қалдырмастан со күйі түгелімен
таратып бергендіктен, дәл қазір қолында бір
тиын да қалмаған еді. Енді не болмақ?!
Пайғамбарымыз іштей терең тебіреніп, қатты аяушылық білдіріп, пақыр
бәдәуи жүзіне мейіріммен көз тастады. Сөйткенше болмай, күтпеген жерден
оқыс шешім айтты: – Қамықпа, қажетті затыңның бәрін де аласың!
– Қалайша? – деп сұрады көзі шарасынан шыға таңғалған кедей байғұс.
Пайғамбарымыз болса, бұл жолы әр сөзін нықтап, анық-анық айтты: – Қазір осы
тұрған бойда қаланың ішіне бар. Қай жерден керекті затыңды көрсең,
сатушысына “Мына затыңды мен алам, ал ақшасын Аллаһ елшісі Мұхаммедтің
өзі төлейді. Қалағанымды бер!” дегейсің.
Пайғамбарымыз беретін ақшасы болмаған
кезде осылайша кедей-
кепшіктердің мұң-мұқтажын өтеп беруді өз мойнына алатын. Тіпті ол үшін
өзінің қарызданғандығын да елемейтін. Әйтеуір, ретін тауып төлермін деген
оймен оларға деген көмегін еш аяған емес.
Адам баласына деген қызметті оның қашанда бірінші орынға қоятыны
осыдан-ақ байқалатын еді.
Әлгі бейбақ бұны ести сала, қуанышы қойнына сыймастан қала ішіндегі
базарға бет алды. Бір жағынан, өзіне керекті алатын нәрселерін де ойша
елестетіп бара жатқан күйде еді.
Бұл жайдың куәсі болған Омар (р.а.) мұншалықты жанашырлық пен
мейірбандықтың көрсетілгенін іштей аса құптамады. Ақыры,
өзін іштей
мазалаған ол ойын айтпай да тұра алмады: – Я, Расулаллаһ! Сіз шама-шарқың
жететін нәрсеге ғана жауапты емессіз бе?! Қолыңыздағы дүниенің бәрін жұртқа
түгін қалдырмай таратып бердіңіз. Мейлі ғой, бар болса берерсіз, жоқ болса,
өзіңізді белшеден қарызға батырып, біреуді жарылқаудың не керегі бар еді?!
Бұл артықтау болды-ау деймін!
Пайғамбарымыздың бұл айтылғанды іштей жақамағандығы оның жүзіндегі
күлімсіреудің байқалмағандығынан сезілді. Әйтпесе, ол дәл сол уақытқа дейін
өте бір қуанышты күйде еді. Жүзінен жылылық пен күлімсіреудің табы
ешқашан байқалмай қалған емес-ті.
Сөйткенше болмай қастарындағы тағы бір адам сөзге араласты: – Уа, Аллаһ
тағаланың құрметті елшісі! Омарды тыңдап қайтесіз,
сіз одан да қолдан
келгенше жақсылық жасап, жұртқа беруіңізді тыймағайсыз, Ғарыштың Егесі
сізді қараусыз қалдырмас!
Бұны естігенде, Пайғамбарымыздың жүзі қайта күлімсіреді, өйткені оған
“Жомарт бол, жұртқа жақсылық жасағаннан жалықпа” дегені ұнаған-ды.
Иә, жомарттық Пайғамбарымызға тән қасиет еді. Әсіресе, Рамазан
айларында оның жомарттығы мен мәрттігінде тіпті шек болмайтын.
Бір күні бір адам өрістегі ешкілерін санап жүрген Ардақты елшіге келіп
бірнеше
ешкі сұрағанда, ол бірнешеуін ғана емес сол жайылып жүрген
ешкілердің барлығын да алдына салып берген еді.
Бір қора ешкісін ауылға айдап келген әлгі кісі сонда өз қаумына былай деп
жар салған екен:
– Уа, халайық! Бәрің де мұсылман болыңдар! Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
жомарттығы сонша кедейленем деп те қорықпайды...
Аллаһтың ардақты елшісі кейде біреуден бір нәрсе сатып алып, оны қайта
сол адамның өзіне сыйлайтын. Ал өзіне біреу сый жіберсе, дереу
қасындағыларға сол сыйды таратып беретін. Ондай сый біраз уақыт қолында
тұрып қалса реніш білдіретін.
Пайғамбарымыздың жары Үммі Сәләмә (р.а.) былай дейді: – Бір күні
Пайғамбарымыздың жүзінен бір торығуды сездім. Себебін сұрағанымда:
«Кеше алған жеті динарды әлі ешкімге үлестіріп үлгермедім. Менде қалып
қойыпты» деп мұңайған еді...
Достарыңызбен бөлісу: