8.4 Стратегиялық маңызы бар жаңа темір жол магистралін салу. Қазақстандық экономиканы дамытуға шетелдік инвестицияны тарту.
Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жол дың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігі, жол жүретін адамдардың тең жарымы тиеді. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету жэне жүк тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Осымен байланысты темір жол көлігіне талаптар жыл сайын өсіп отырды жэне оның басты міндеттері Президент Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан — 2030" стратегиялық бағдарламасында көрініс тапқан. 1997 жылғы 31 қаңтарда Үкімет қаулысымен Алматы, жэне Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік "Қазақстан темір жолы" кәсіпорны құрылды. Ал 2002 жылы бүл кәсіпорын Үкіметтің қаулысымен "Қазақстан темір жолы үлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамына айналдырылды.