Кез келген мемлекеттің тұрақты және жүйелі дамуындағы басты факторлар адамдар ресурсының саны мен сапасы. Адам – прогресстің, инновация мен өндірістің дамуының негізгі қозғаушы күші. Осылайша, болашақ он жылдың ішінде адамдар капиталына салынған инвестициялар күн тәртібінің өзекті мәселесіне айналды.
Төртінші бағыт
Мұндағы басты мақсат, тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелерін күшейту және тиімді тұрғын үй мен коммуналдық қызмет көрсету. Ондаған жылдар бойы тиімділікке негізделген атаулы әлеуметтік көмек жүйесі қалыптаса береді. Негізгі әлеуметтік және зейнетақы төлемдері өсіп, тұрғындарды әлеуметтік сақтандырудың көлемі кеңейтіліп, әлеуметтік қолдауға зәрулердің жағдайлары лайықты қамтамасыз етіледі.
Бесінші бағыт
Ғасырдың екінші онжылдығында негізгі күш мемлекетіміздің алға қарай нығайып дамуына, қауіпті сейілту мен оған қарсылық көрсету, сыртқы ортаның қолайлылығының қалыптастыруға шоғырландырылады. 2020 жылға дейінгі кезеңдегі ішкі саяси саладағы басты мақсат Қазақстан қоғамының дамуындағы бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылықпен пен орнықтылықты сақтау.