Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бастап-ақ зиялы қауым өкілдері, есімдері елімізге белгілі ғалымдар латын қарпіне көшудің қажеттігі және маңыздылығы жөнінде ұсыныс-пікірлерін білдірді



Дата10.12.2023
өлшемі14,07 Kb.
#135837
түріСабақ
Байланысты:
мезгіл міндеті


Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бастап-ақ зиялы қауым өкілдері, есімдері елімізге белгілі ғалымдар латын қарпіне көшудің қажеттігі және маңыздылығы жөнінде ұсыныс-пікірлерін білдірді. Бірақ болашақты ойлаған Елбасы бұл мәселеге асықпау қажеттігін, уақыты келгенде қолға алатын ізгі іс екенін айтқан болатын. Міне, Президент айтқан межелі мезгілі келді. 
Тіл тағдыры – ел тағдырымен сабақ­тасып жатқанын әрбір саналы азамат біледі. Өйткені тілі жойылған елдің өзі де тарих сахнасынан кетеді. Мәңгілікке бет алған жасампаз халық ең алдымен, тілінің жойылмауын ойлауы керек.
Қазақ халқының тұрақты сөз тіркес­тері бірқатар озық елдердің сөздік қоры­нан көп екенін линг­вист-ғалымдар нақты дәйектер арқылы дәлелдеп жүр. Бұл – үлкен рухани байлығымыз. Сондықтан қаріптерімізді латынға көшіру кезінде осы байлығымыздан айырылып қалмаудың жолдары да кеңінен талқыланды. Тілші-ғалым­дарымызды айтпағанда, қарапайым халық та бұл мәселеге бейжай қарамай­тындарын біл­дірді.
Елбасының «Болашаққа бағ­дар: ру­хани жаңғыру» мақаласы жариялан­ғаннан кейін «Нұр Отан» партиясының жер­гілікті ұйым­дарында, партия филиал­дары жанындағы қоғамдық кеңестер мен комиссиялардың оты­рыс­тарында бұл мәселе түрлі саланың мамандарының қаты­суымен кең түрде талқыланды.
Президент түрлі деңгейдегі тал­қы­лау­ларда айтылған ұсыныс­тарды ескере оты­рып, биылғы 19 ақпанда әліпбиге өз­герістер енгізді. Бұл өзгерістер, әлбетте, әліп­­биіміз арқылы қазақ тілінің ха­лықара­лық деңгейде танылуына жол ашады. Қазақ тіліне ком­пьютерлік жаңа техноло­гиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңіс­тігіне кірігуге мүмкіндік береді. Қа­зіргі таңда түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латын әліпбиін қолданады. Біздерге олар­мен рухани, мәдени, ғылыми, эконо­ми­­ка­лық қарым-қатынасты, ты­ғыз байланысты одан әрі күшей­туімізге осы латын әліпбиі ерекше ықпал ететін болады.
Қолданылуға өте ыңғайлы, әлемдік жаңа технологияларға үйлестірілген, қа­зақ тілінің, сон­дай-ақ Қазақстанда тұрып жатқан басқа да ұлттар мен ұлыстардың тілдік жайларын да қамтитын латын қарпіндегі әліпбиіміздің жаңа нұсқасы шын мәнінде, хал­қымыздың рухани жағынан жаң­ғыруына жол ашатын ұлттық кодымыздың кілті болмақ.
Қаныбек ЖҰМАШЕВ,
«Нұр Отан» партиясының хатшысы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет