Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



Pdf көрінісі
бет16/33
Дата03.03.2017
өлшемі16,22 Mb.
#5524
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33

64
белгілемесіне  мойын 
ұсындым.  Одан  бұрын 
Бейжіңге 
ауысамын 
деген ой үш ұйықтасам 
да  түсіме  кірмеген  еді. 
Мені 
дәм-ырыздық 
солай 
жетеледі. 
Қызметтің 
қажеті 
ғой  десем  де,  тұла 
бойымды  қуаныш  та, 
қобалжу  да  алма-кезек 
биледі.  Қуанатыным, 
Бейжің 
миллирад 
елдің  астанасы,  жүрек 
біткен 
астана 
деп 
соғады. Білім, мәдениет 
ордасы, ол арада жұмыс 
жасау,  әрине,    мен 
секілді  қазақ  баласы 
үшін  үлкен  абырой. 
Ал 
қобалжығаным, 
елден  алыс  жерге  кетіп 
барамын, 
отбасым 
қалып  барады.  Үй-
ішімді  ауыстырып  бере 
ала ма, жоқ, айта салған сөз бе, балалар әлі жас дегенді ойлайсың. 
– 
Бұл сіздің Бейжіңге тұңғыш рет баруыз ба еді? 
– 
Үрімжі мен Бейжің аралығындағы пойыз жолы маған 
онша жат емес еді. 
Бірқанша жылдың алдында Бейжіңге екі рет барғанмын. Бірі 
– 1961 жылы, енді бірі – 1968 жылы еді. Бұл екі реткі сапарым 
менің өмірімде ұмытылмайтын із қалдырған сапар болды. Осы 
екі ретте де «Мао Цзедун шығармаларын аудару, қарау, бекіту» 
тобындағыларымен  бірге  барып,  Бейжіңде  бір  жылдан  көбірек 
уақыт тұрғанмын. Әрине, Бейжіңге бару, Бейжіңде жұмыс істеу 
-  бір  адамның  саяси  өміріндегі  көп  адамға  бұйыра  бермейтін 
қуанышты  іс.  Ақыры  аңсаған  астанаға  да  келіп  жеттім.  Бұл 
1969  жылы  қарашаның  соңғы  кезі  еді.  Сөйтіп,  Орталық  халық 
радиостанциясындағы  15  жылдық  өмір  жолым,  міне,  осылай 
басталған. Бейжіңдегі қазақ радиосы 1971 жылы 1-ші мамырында  
құрылды.  Мен  осы  радиода  табаны  күректей  15  жыл  жауапты 
болып, ұжымды басқардым.  
– 
Ұжымда неше адам жұмыс жасадыңыздар?
– 
Біздің ұжымда бес ұлттан құрылған 18 адам болып, бір-
бірінен  үйреніп,  бірінің  артықшылығымен  бірінің  олқылығын 
толтырып  отыратын.  Олар  төңіректің  төрт  бұрышынан  түрлі 
кәсіптен,  түрлі  мамандықтан  келген  болса  да  қысқа  уақыттың 
ішінде  өз  ара  шүйіркілесіп  қызметті  барлық  ынта-пейлімен 
беріле істеді. Жубаучуан (ұлты ханзу) мырза менің орынбасарым 
болды.  Екеуміз  бөлімнің  қызметінен  шашау  шығармауға 
ұмтылдық.  Береке-бейіміміз  жақсы  болғандықтан  партия  мен 
халық тапсырған міндетті шама-шарқымызша орындадық. 
– 
Сонда  радиода  қазақтан  басқа  ұлттар  да  жұмыс 
жасаған болды ғой? 
– 
Шыны керек, ол кезде бір ұжымда түгел қазақтың жұмыс 
жасауы  мүмкін  емес  еді.  Қазақтың  көптеген  ұлт  зиялылары 
«ұлтшыл» деген қоңырау тағылып  шеттетіліп, алды сотталған 
заман  еді.  Менің  де  жағдайым  мәз  емес  болатын.  Байқаймын, 
Үрімжіден  ат  арытып  мені  іздеп  келгеніне  қарағанда,  сол 
кезде олар менен басқа жібі түзу адам таппаған көрінеді. Қазақ 
радиосында  жұмыс  жасаған  ханзу,  ұйғыр,  моңғол  және  дүңген 
ұлтының бәрі қазақ тілін жақсы білетін.  
– 
 Сізге бұл жұмысты басқару оңайға түспеген шығар? 
– 
Жасырары жоқ, әрқандай іс бірден сәтті бола бермейді. 
Радио эфирге шыққан тұс «Мәдениет зор төңкерісінің» құрсауы 
қол-аяғымызды  босатпай,  бір  мезгіл  кібіртіктеп  қалдық.  Ылғи 
аударма материал беруден аса алмадық. Жерлік қазақ авторлардың 
шығармасын  беруге  мүмкіндігіміз  болмады.  Өзімізден  тілші 
шықпады.  Сонымен,  «олай  тартсың  өгіз  өлетін,  бұлай  тартсаң 
арба  сынатын»  тұйыққа  тірелдік.  Сүйтіп  жүргенде  бағымызға 
қарай қоғамдық жағдайда  өзгеріс бола бастады. Орталық партия 
комитетінің  көрегендігімен  «төрттік  төбе»  дейтін  топ  биліктен 
аластатылды. Бұған бүкіл ел халқы қуанды. Бұрынғы қат-қабат 
ресмиет-кедергілер  алынды.  «Гүл  біткен  жайнады,  тіл  біткен 
сайрады.»  Реформа  мен  сыртқа  есік  ашудың  алғашқы  үрдісі 
басталды. Бұрынғыдай емес, өз алдымызға тілшілік істеуге, өнер 
адамдарымен сұхбат өткізуге мүмкіндік алдық. 
– 
Осы  мүмкіндікті  сіздер  ең  алдымен  неден 
бастадыңыздар?
– 
1980 жылы шілде айында Күнгей Мұқажанұлы, Мақатан 
Шәріпқанұлы,  Жақып  Мырзақанұлы  қатарлы  жазушылар 
Бейжіңге  мәжіліске  келді.  Біз  оларды  әдебиет  туралы  шолу 
жазуға ұсыныс еттік. Бұл үш қаламгер ақылдаса келіп «Көркею 
жолындағы  қазақ  әдебиеті»  деген  тақырыпта  әдеби  шолу 
жазды.  Шолу  сол  жылы  шілденің  5-ші  жұлдызында  радиодан 
оқылды. Жиырма неше жыл аты өшіп, із-тозсыз кеткен аға буын 
жазушылардан  30  неше  кісінің  аты  аталып,  атағы  әйгіленді. 
Осы  әдеби  шолу  жаряланғаннан  кейін  қалың  тыңдарман 
қауымды,  өте-мөте  өнер  адамдарын  қуанышқа  бөлеп,  үмітке 
жебегендігі  ауыздан-ауызға  аңыз  болып  тарады.  Тыңдармандар 
редакциямызға  хат  жазып,  алғыс  айтып  марапаттады.  Бірінші 
болып ақын, қоғам қайраткері Құрманәлі Оспанұлы хат жазды. 
Ол  кісі  шолуды  естігенін  айтып  қана  қоймай,  өзгелердің  де 
жақсы  лебізін  жеткізе  келіп:  «Шолудың  құрылымы,  мазмұны, 
тіл көркемдігі жағынан тұжырымды, көкейге қонымды, шындық 
шымыр бейнелеген» деген еді хатында.    
– 
Демек,  осыдан  кейін  ұлттық  әдебиет  пен  ұлттық 
өнерді насихаттаудың  мүмкіндігі туылған болды ғой? 
– 
Әрине,  ол  дәуір  бүгінгіден  басқаша,  әдебиет-
көркемөнеріміз әлі де құлашын кең жая қоймаған кез болатын. 
«Су бастан тұнады» демекші, Орталық халық радиостанциясында 
істеудің арқасында саясаттағы беталыстың өзгеруін дер кезінде 
игеріп,  тиімді  орайды  қолдан  бермедік.  Қазақ  радиосының, 
әсіресе,  әдебиет  пен  көркемөнердің  сапасын  жоғарылатуға 
батылдықпен кірістік. Біз үшін 1970 жылдардың соңы мен 1980 
жылдардың басы қазақ радиосының алтын дәуірі есептеледі. Бұл 
жылдары біз бөлім атынан қазақтың ән-күйлерін көбейту туралы 
билікке  ұсыныс-хат  жаздық.  Ұсынысымыз  көп  өтпей  бекітілді. 
Сонымен 1979 жылы «төрттік төбе» талқандалып, заман жақсара 
бастаған  тұста  Орталық  халық  радиостанциясы  мен  Шыңжаң 
халық  радиостанциясы  бірлесіп,  Күйтің  қаласында  бас  қосып, 
үш аймақтың ән-би үйірмесінен 70-80 адам шақырып, екі айға 
жуық  уақытта  100-ден  астам  ән-күйді  таспаға  жазып  алдық. 
Бұған  Орталық  халық  радиостанциясының  қазақ  бөлімінен 
Мұқамет екеуіміз барған едік. Бұл рет жазып алынған ән-күйлер 
радионы шыт жаңа бейнеге енгізді. Осы ән-күйлердің бірталайы 
күні бүгінге дейін беріліп келеді. 
    Іс мұнымен тынбады, жақсы заман бізді онан ары құлшынуға 
жебеді. Қазақтың халық әнін радиодан бергенді қойып, дастарқан 
басында айтуға да шек қойылған заман болды ғой. Егер кімде-
кім  халық  әндерін  абайсызда  айтып  қалса,  сол  кінәлі  болып, 
тергеуге алынатын. Бірақ, аспанды торлаған осы қара бұлт айыға 
салысымен  он  неше  жыл  шаң  басқан  ұлттық  ән-күйлерімізді 
алтын қордан іздеп тауып, кейбірін қайтадан орындатып, радио 
эфиріне бере бастадық. Мұның ішінде «Ақ тамақ», «Майра», «Ақ 
бидай»,  «Абай  күнім-ай»,  «Алқоңыр»,  «Сұржекей»  т.б  секілді 
халық әндері мен халық композиторларының әндерін азат етіп, 
радиодан жарияладық. Бұл халық арасында үлкен дүмпу қозғады. 
Осыған орай, кейін Шыңжаң халық радиостанциясындағылардан: 
«Орталық  радиодан  халық  әндері  шырқалып  жатса,  біз  неден 
жасқанамыз дедік те, біз де дереу алтын қорға жүгірдік» - деп 
көңіл-күйлерін баяндаған қызықты әңгімелер естідік. 
– 
Радиода  ақын-жазушылар  өз  шығармаларын  өздері 
оқыған кездер болған екен. Сол туралы айта кетсеңіз?
– 
Халқымыз  «Көш  жүре  түзеледі»  демеп  пе  еді. 
Құрылғанына  небәрі  10  жылға  жетпеген,  оның  бірнеше  жылы 
сынақ  ретінде  жарты  сағаттық  аударма  хабар  берумен  жүрген 
жағдайда жаңағыдай жетістікке қол жеткізу оңай емес еді. Сол 
тұстары  астанаға  келген  ақын-жазушылардың  шығармаларын 
өздеріне  оқытып,  тарата  бастадық.  Мысалы,  Омарғазы 
Айтанұлы, Қаусылқан Қозыбаев, Мақатан Шәріпқанұлы, Күнгей 
Мұқажанұлы,  Құрманәлі  Оспанұлы,  Ерғали  Әбілқайырұлы, 

65
Әбдірешіт Байболатов, Жұмабай Біләлұлы, Оразқан 
Ақметов, Жүмаділ Маман, Әкпар Мәжітұлы сияқты 
қаламгерлеріміз  радиодан  поэзиялық,  прозалық 
шығармаларын  оқып,  өз  үндерін  әлемге  таратып, 
томағасын алған қырандай шарықтады. Мұның өзі 
өшкіндеп,  сөніп  бара  жатқан  қазақ  мәдениетінің 
шырағын  қайта  жаққандай  болды.  Қалың 
тыңдарманның  көңіл-күйін  сергітіп,  болашаққа 
деген  сенімін  күшейтті.  Әйгілі  әншілеріміздің 
Бейжіңге  келіп  түрлі  мәдени  шараларға  қатысу 
орайын  қалт  жібермей,  оларды  студиямызға 
шақырып,  дыбыс  таспасына  ән  жаздырып  алуды 
әдетке  айналдырдық.  Мысалы,  Қамит  Ысқақұлы, 
Камал  Ішікбай,  Күлман  Шүленбайқызы,  Арзыгүл 
Тұрсынқызы сықылды әншілерден орайы келгенде 
таспаға  ән  жаздырып  алып  қалып  отырдық. 
«Мәдениет зор төңкерісі» тұсында қазақ халқының 
түрлі  мәдениеті,  әсіресе,  домбыра-күй  мәдениеті 
жоғалуға  шақ  қалған  еді.  Біз  осындай  көкейкесті 
мәселені  ескеріп,  1980  жылы  Орталық  халық 
радиостанциясының  басшыларына  халық  ән-
күй  мұраларын  жинау  жөнінде  өтініш  жаздық. 
Станция  басшылығы  бұл  өтінішімізді  бекітті. 
Шыңжаң  қазағының  әйгілі  күйшілерінен  Тайыр  Белгібайұлы, 
Дәулет  Халықұлы,  Камал  Мақайұлы,  Ғизат  Сейітқазин  сиқты 
домбырашыларды  Бейжіңге  ұсыныспен  шақырып,  көптеген 
халық күйлері мен өз күйлерін алтын қорға жаздырдық. 
– 
Радионы басқарған 15 жылыңыз қалай өтті? 
– 
Қызмет бар жерде табыс та, олқылық та, қайшылық та, 
пікір талас та өмір сүреді. Бұл - табиғи құбылыс. Менің радиода 
жұмыс  жасаған  15  жыл  уақтым  тып-тыныш,  мамыражай, 
ақаусыз,  кедергісіз,  ылғи  сәтті  болды  десем  ақылға  симайды. 
Қызмет барысында кемшілік те, талас-тартыс та болады. Бұлар 
мүлде  отаса  алмайтын  мүдде  қақтығысынан  туындаған  емес. 
Қайта қызметті жақсартуға, ынтымақты күшейтуге, алға басуға, 
жаңалық жаратуға бағытталған көзқарас. Таным, пікір жағындағы 
ұқсамастықтан туындаған уақыттық құбылыс. Олардың барлығы 
өз  кезінде  шешімін  тауып  отырды.  Біз  жастық  көктемімізді 
радио ісіне арнаған сол жылдарды мағаналы, берекелі, нәтижелі, 
көңілді  өткіздік  деп,  көп  ұлтты  қазақ  радиосы  өз  бастамасын 
жақсы бастады деп қазір де, келешекте де айта аламыз. 
– 
Өзіңіз  негізін  қалаған  бүгінгі  қазақ  радиосының 
жұмысына көңіліңіз тола ма?
– 
Қазір қазақ радиосында 20 неше журналист, редактор, 
аудармашы бар, 44 мемлекетке үні жететін мемлекеттік ақпарат 
құралына айналды. Эфирге шығатын сағат саны көбейді. Біздің 
заманымыздағыдай  емес,  шектеусіз  дәуір  талабына  үйлесімді, 
сан-саналы  айдарлар  ашылды.  Мұның  ішінде  «Ауыл  ауаны», 
«Парасат», «Қайнар», «Заң және замана», «Экономика айдыны», 
«Шипагерлік»,  «Техника  тетігі»,  «Әлем  аясында»,  «Өнер 
өлкесінде»  т.б.  бар.  Осыған  қарап  қуанасың.  Қызметкерлердің 
көпшілігі  -  жастар,  өз  басым  олардың  әр  қадамына  күн  сайын 
сәт сапар тілеп отырамын. Осы орайда айтайын дегенім: жастар 
- заманның атайшылдары, олар  қашанда ер жүрек, батылдықпен 
ескіні  ығыстырып,  жаңалықты  жақтаушылар.  Әлмисақтан 
бері солай. Осыған орай бұл радионың 40 жылдық мерекесінің 
салтанатты  өтуін  жастардың  қажырлы  еңбегінен  бөле  қарауға 
болмайды. Олар 40 жылдықты астанамыз Бейжіңде ғана өткізіп 
ғана  қоймай,  Шыңжаңның  Үрімжі,  Алтай  қалалары  мен  Қаба, 
Буыршын, Қобықсары аудандарына, Қанас саяхат аймағында да 
атап өтті. Мұның өзі радионың ықпал күшін де, ел арасындағы 
беделін де арттыра түсті. Ең маңыздысы, радиода жұмыс жасаған 
қарт  қызметкерлер  мен  бүгінгі  таңда    жемісті  еңбек  сіңіріп 
отырған жас буын өкілдерінің бір жерде бас қосуына үлкен орай 
тудырып, өзара пікір алысып, тәжірибе алмасуына, ой бөлісуіне 
кең  жол  ашты.  «Үлкен  пышақ  ұялса  да  өтеді»  деген  ата  сөзі 
бар емес пе? 40 жылдық мерей тойды тойлап отырған мезгілде 
менімен  сұхбат  өткізуге  келген  ақпарат,  теледидар  тілшілеріне 
радио туралы өз ойымды былай түйіндеген едім:
Бастайық радиодан сөзімізді,
Бұлақтың көзін ашқан кезімізді. 
Бір ұрпақ бір ұрпақтан асып түсіп,
Құлпыртып келе жатыр ізімізді.
Әр дәуірдің өзіндік таңбасы бар, 
Қырық жылдың таусылмас жалғасы бар.
Бір биік бір биікке көтереді,
Биігің тіпті көркем алдан шығар.  
    – Сіз қытай еліне белгілі баспагер, аудармашысыз. Осы 
саладағы еңбектеріңіз туралы айта кетсеңіз.
– 
Мен өмірімде төрт саланың кәсібіне араластым. Бәріне 
жетілген маман 
болмасам  да,  олардың  жай-жапсарын  біршама  қанық 
білемін.  Осы  төрт  салада  істеген  еңбегімнің  бәрін  жіпке  тізіп 
айтып  отырмай-ақ,  тек  «Халық  баспасында»  істеген  кезімде 
өзім  жауапты  редактор  болып  шығарған  кітаптар  мен  әдеби 
аудармалардың  бастыларын  айта  кетейін.  Олар:  «Қытайдың 
қазіргі  заман  тарихы  туралы  білім»  (екі  кітап),  «Социализм 
тарихы»,  «Тіл  ғылымы  мәселесі  туралы»,  «Психология  туралы 
сұрау-жауап»,  «Тарих  білімі  сөздігі»,  «Заң  білімі  туралы»  (7 
кітап), «Жаңа дәуірдегі партия құрлысы» т.б. қырық неше кітап. 
«Оқырман өресі» журналының 60 саны менің жауапкершілігімде 
жарық  көрді.  Аударған  әдеби  туындыларым:  «Батысқа  сапар» 
(роман,  екі  адам  бірлесіп  аудардық),  «Ергежейлі  елі  мен 
алыптар елі» (романнан үзінді), «Өмір», «Біз жастар» (повесть), 
Уаңмиңнің  «Соңғы  тау»,  «Сапырылған  салашылар»  (әңгіме), 
ханзу  тілінде  жазатын  қаламгер  Әкпар  Мәжитұлының  «Ақсақ 
құлан», «Он бестегі Халида», т.б. әңгімелері. Мұның сыртында 
ханзу  авторларының  шығармаларынан  тәржімалаған  он  неше 
әңгіме  мен  өзім  құрастырған  үш  кітап  бар.  Міне,  осындай 
еңбектерімнен тыс, өзім қалам тербеп жазған очерек, шалқыма, 
эссе,  жаңа  жылға  арнау  сияқты  әдеби  мақалаларым  да  өз 
заманында оқырманың алғысын алып, жақсы әсер қалдырған еді. 
– 
Сіз жалпы өмір жолыңызға ризасыз ба? 
– Өрлі-қырлы өмір жолымда шығандап шыңға шығып, қара 
үзіп  озып  кетпесем  де,  шама-шарқымша  талай  кезеңдерден 
астым.  Өмірде  осы  жүрісіме  ризамын.  Мен  екі  сөздің  бірінде 
бүгінгі  бақытты  заманда  жасағаныма  разы-хош  болып,  «Өмір, 
саған  рахмет!»  дегенді  мәтеліме  айналдырғанмын.  Шынында 
солай,  өткен  өгей  өмірдің  ащы-тұщысын  азда  болса  татып 
қалған  біздер,  қазіргі  бақытты  замананы  ересен  қастерлеп, 
дәуірдің  талабына  сай  бүкіл  күш-қуатымызды  қоғам  қажетіне 
сарқа жұмсаған екенбіз. Енді ойласам, сол көрген қызық, басқан 
іздерімнің  барлығы  сонадайда  жыл  сораптарының  соқпағында 
қалған  тәрізденеді.  Сондықтан  да  «Өмір,  саған  рахмет!»  деген 
өзімнің  үйреншікті  мәтелімді    әрқашан  да  қайталай  бергім 
келеді... 
– 
Әңгімеңізге рахмет!
                                        
    Сұхбатты жүргізген Әлімжан ӘШІМҰЛЫ.

66
Мәскеуде  «ЖАСАМПАЗ.  Нұрсұлтан  Назарбаев:  Ресейден 
көзқарас»  («СО ЗИ ДАТЕЛЬ.  Нурсултан  Назарбаев:  взгляд  из 
России»)  кітабының  тұсауке сері  бо лып  өтті.  Қазақстанның 
Ресейдегі  елші    лі гінің  бастамасы  бойынша  жарық  көрген  жаңа 
400 беттік жинаққа түсінік бере келіп, Қазақстанның Ресейдегі 
Төтен ше және өкілетті елшісі Марат Тәжин: 
– Мені Ресейдің мемлекеттік, ғылыми және мәдени элитасы 
өкілдерінің  Нұр сұлтан  Назарбаевпен  кездесулері  туралы  алған 
өздерінің әсерлерін жазып беру туралы ұсынысқа келісім беріп 
қана қоймай, сондай-ақ, Н.Ә.Назарбаевтың саяси көшбасшылығы 
феноменін  ой  елегінен  өткізудегі  көпқырлылығы  таң-тамаша 
қалдырды, – деп атап өтті. 
Марат Тәжиннің пікірінше, Н.Ә.На зар  баев көшбасшылығының 
факторы  стан дартты  политологиялық  үлгі  шең беріне  толықтай 
сәйкес  келмейді,  ал  мұ  ның  өзін  бірегей  тарихи  феномен  деп 
қабылдаған жөн. Мұнда тұлғалық кескін-келбетке, көшбасшылық 
стиль мен өзгермелі тарихи жағдайларға да орын бар. 
–  Қазақстан  Президентіне  тәуелсіз дікті  қалыптастырудың 
алғашқы күрделі кезеңінен соң басқарудың өзіндік стилін өзгертіп 
қана қоймай, жаңа сапаларды қажетсінген өзге деңгейдегі сын-
қатер  лер мен бетпе-бет келуге тура келді, – деді Марат Тәжин. – 
Сөйтіп,  басқа  Нұрсұлтан  На зарбаев  пайда  болды.  Егер  бірінші 
кезеңде бұл бұрынғы экономикалық жүйедегі басқарудың үлкен 
тәжірибесі  бар  беделді өңірлік  саясаткер  болса,  екінші  кезеңде 
–  тәуел сіздік  алған,  бірақ  енді  ғана  бұлыңғыр  болашақтың 
драмалық жолына аяқ басқан қоғамның көшбасшысы еді. 
Н.Ә.Назарбаевтың  саяси  көшбас шылығының  жаңа  саяси 
қырлары  бүкіл  әлемнің  саясаткерлері  мен  экономистері 
алдында дүниенің төрт бұрышында дағдарысты құбылыстармен 
байланыс ты ежелгі «Не істеу керек?» деген  сауал тұрған шақта, 
яғни соңғы онжылдық бедерінде анық көрінді. 
–  Н.Ә.Назарбаев  осы  дағдарыстың  бастауларына  терең 
теориялық көзқарас ұсынған қазіргі әлемдегі саусақпен санарлық 
саясаткерлердің  бірі  болды.  Бірақ,  іс  мұнымен  шектелген  жоқ 
–  Қазақстан  қатал  да  шешімді  іс-әрекет  стилінің  арқасында 
дағдарыстан  әлемнің  көптеген  экономикаларына  қарағанда  аз 
шығынмен шыға алды, – деп атап көрсетті дипломат. 
Марат  Тәжиннің  пікірінше,  дағда рыстан  кейінгі  кеңістік 
саяси  көшбас шылардан  жаңа  көзқарас  талап  етеді.  Осылайша 
тарих тағы да бағамдау кри те рийлерін өзгертеді. Алдыңғы кезек-
ке аса маңызды үш ерекшелік шығады.
Біріншіден,  саяси  көшбасшылардан  талап  етілетін 
интеллектуалдық  өлшем  күрт  жоғарылайды.  Екіншіден,  ұлт тық 
инновациялық  жобаларды  жасап,  жүзеге  асырудың,  жаһандық 
мақсат тарға  қол  жеткізуге  мәжбүрлей  оты рып,  саяси  және 
экономикалық элита ның бас қа рушылық жіктері үшін кең ауқым-
ды «қысым алаңын» құру дың қолдан келуі. Үшіншіден, экономи-
калық көрсет кіштердің қаншалықты маңызды екеніне қарамастан, 
шынайы  көшбасшылық  таяудағы  онжыл дықтарда  қоғамдағы 
саяси,  экономи калық,  этностық  және  діни  үдерістер  арасында 
аса нәзік тепе-теңдік болуын талап етеді. Және осы үдерістер көп 
жағдайда бір-біріне ашықтан-ашық қарама-қайшы келіп жатады.
–  Жалпылама  айтқанда,  көшбас шыдан  бүгінде  үш  аса 
маңызды  параметрлер  –  интеллект,  инновацияшылдық, 
теңгерімділік  талап  етіледі.  Дәл  осы  қасиеттерді  Қазақстан 
көшбасшысы ның  бойынан  қиналмай  табасыз,  –  деп  мәлімдеді 
Қазақстан елшісі. 
Ал енді кітапқа қатысты айтатын болсақ, өзінің алғысөзінде 
Ресей Федерациясы Федерация Кеңесінің мүшесі, Халықаралық 
істер  жөніндегі  комитет  төрағасының  бірінші  орынбасары 
Виталий Игнатенко былай деп жазады: 
«Бұл  кітап  –  ұлан-ғайыр,  қуатты  ел  туралы,  ғарышты 
бағындырудың  басталуы  туралы,  ұлттық  дипломатияның 
пайда  болуы  туралы  және  ядролық  сынақ тардан,  яғни  ажал 
сепкіш  тажал  қарудан  бас  тарту  туралы,  ғажайып  қала  Астана 
– болашақтың мегаполисі туралы, сондай-ақ, Еуразиялық эконо-
микалық  кеңістік  секілді  күрделі  құры лым  туралы…  Және 
бастысы  –  мың жылдықтар  тоғысында  өсіп-өркен деген  және 
көпұлтты  заманауи  Қазақ стан  секілді  осыншалықты  ғажайып 
халықаралық құбылысты жасау қолынан келген адам туралы». 
Бұл  көп  жағдайда  үш  бөлікті  композициядан  тұратын 
ерекше басылым болып табылады. Біріншісіне жетекші ресейлік 
публицистердің, шолу шылардың, халықаралық журна лис тердің 
очерктері  енген.  Онда  авторлар  өздерінің  ортақ  кейіпкерлері  – 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке басының қырлары мен 
қызмет салалары туралы егжей-тегжейлі сөз қозғайды.
Жинаққа  енген  публицистердің  арасында  шығармашыл 
одақтардың,  ірі  баспалардың  басшылары,  жоғары  наградалар 
мен  беделді  сыйлықтардың  лауреаттары  –  Всеволод  Богданов, 
Владимир Губарев, Рафаэль Гусейнов, Валерий Симонов, Юрий 
Батурин, Кирилл Привалов, Леонид Млечин, Николай Долгополов 
бар.  Олардың  барлығын  орасан  зор  жур налистік  тәжірибемен 
қатар, жоғары, журналистикадағы аса құрметті «Ре сейдің алтын 
қалам иесі» атағы бірік тіреді. Сонымен қатар, кітапта ұсы нылған 
очерктер  Қазақстан  Президен тінің  тұлғасына  әр  автордың 
ізгілікті ниетімен, орасан зор құрметімен ерек шеленеді. Олардың 
кейбіреулері  Нұрсұлтан  Назарбаевпен  тікелей  таныс  болса, 
келесі  біреулері  Елбасымен  әр  жылдары  түрлі  жағдайларда 
кездескендер  болып  табылады.  Енді  біреулеріне  одан  сұхбат 
алудың  сәті  түссе,  тағы  біреу лері  Қазақстан  көшбасшысының 
 тамаша  өмірбаяны  мен  көп  қырлы  қызметін  кәсіби  тұрғыдан 
қызығушылықпен бақылағандар. 
Ресей  Журналистер  одағының  төр  ағасы  Всеволод  Богданов 
өзінің очер  кінде осы шығармашылық жобаны ұсына отырып, өзінің 
одақтағы,  «Алтын  қалам дағы»  әріптестері  Нұр сұлтан  Назарбаев 
туралы  өздерінің  сөздерін  айту  жөніндегі  ұсынысқа  үлкен 
қызығушылықпен  және  құлшыныспен  үн  қатқандарын  атап  өтті: 
«Бұл очерктер бір-бірінен көшіріп алғандай бірін бірі қайталайтын 
дүниелер  емес  және  қазақ  халқының  көрнекті  перзентінің  өмір 
жолын, оның Қазақстан тарихындағы рөлін өздерінше саралайды… 
Біздің кітабымыз – Нұрсұлтан Әбішұлына, оның саясатына, елі мен 
хал   қына Мәскеуден көзқарас…», – деді ол. 
Авторлардың  бірі,  Ресей  Журналис тер  одағының  хатшысы 
Рафаэль Гусей нов өзінің «Президент» деген очеркінде Қазақстан 
Көшбасшысының  жарқын  саяси  қадамдары  мен  шешімдеріне 
айрықша назар аударады. Автордың пікірінше, КСРО ыдыраған 
кезде  жаңа  өмір  шындығына  үйлесімділікпен  кірігіп,  жаңа, 
тәуелсіз  мемлекет  құру да  тамаша  табыстарға  қол  жеткізе 
білуі,  Семей  полигонын  жабуы  мен  Байқоңыр  космодромын 
Қазақстанның  меншігінде  сақтап  қалуы,  Еуразиялық 
жАсАМПАЗ
Ресейдің «Алтын 
қалам иелері» 
Қазақстан 
Көшбасшысы 
туралы

67
экономикалық  одақ  құру  бастамасы,  елді  тұрақсыздандыру 
әрекетінің алдын алуы сияқты батыл іс-әрекеттері кім-кімді де 
таңдандырмай қоймайды. 
Кирилл  Привалов  Қазақстан  Прези дентінің  сыртқы  саяси 
қызметіне ден қояды. Оның харизмасы мен әлемдік қоғамдастыққа 
танымалдығы,  деп  атап  өтеді  автор,  сол  шақта  енді  ғана  пайда  
болған  Қазақстан  дипломатиясына  қажетті  халықаралық 
байланыстар  орнатуға,  ал  перспективада  ұзақ  мерзімді  ұлттық 
сыртқы  саясат  қалыптастыру  мен  орнықтырудың  аса  маңызды 
міндеттерін  шешуге  мүмкіндік  берді.  Бүгінде  өзінің  сыртқы 
саясаты  тиімді  халықаралық  бренд  болды  деп  мақтана  алатын 
елдер соншалықты көп емес екені анық, деп ой түйеді К.Привалов. 
Леонид  Млечин  «Реформатор»  очеркінде  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  Қазақ  КСР  Министрлер  Кабинетінің  Төрағасы 
лауазымына тағайындалған сәтінен бастап Тәуелсіз Қазақстанның 
басшысы  ретінде  саясаткер  болып  қа лыптасуының  негізгі 
кезеңдерінің  бәрін  сараптамадан  өткізеді.  Журналист  егер  сол 
шешуші  жылдары  Горбачев  Назар баевты  КСРО-ның  вице-
президенті  немесе  одақтық  үкіметтің  басшысы  етіп  тағай-
ындағанда  шын  мәнінде  не  болар  еді  деген  сұрақты  көлденең 
тартады. Бұл үлкен де біртұтас елді сақтаудың мүм кін дігі болуы 
ықтимал  еді  ғой,  дейді  автор.  Владимир  Губарев  Қазақстан 
Пре зидентінің  антиядролық  бастама шы лығына  «Полигон» 
атты  мақаласын  арнады.  «Ол  –  үлкен  мемлекеттер  басшылары 
арасында  барлығы  да  шақырған,  бірақ  ешкім  де  осы  уақытқа 
дейін атқармаған істі жүзеге асырған жалғыз Көшбасшы. Шешім 
қабылдау оңайға түскен жоқ және осы жайындағы бола шақ туралы 
толғанысты ол өзінің айна ласындағылармен ғана емес, ең алдымен 
өзімен  жүргізді.  Дәстүрлі  шектелушілікті  сындыруға,  ешкім  де 
өте  алмайтындай  көрінетін  соншама  биік  кедергілерді  еңсеруге 
тура  келді»,  деп  жазады  автор.  Көсемсөзші  және  ғарышкер 
Юрий Батурин Нұрсұлтан Назарбаевтың «ғарыштық» қызметінің 
әртүрлі қыр ларын аттап өте алған жоқ. Оның сөзінше, Қазақстан 
көшбасшысы өз елі өмірінің түрлі қырларымен айналысады, бірақ 
ағымдық саяси тәжірибе барысында әлі де саналы түрде көзге түсе 
қоймаған оның «космизмі» басқа елдердегі – «со циа лизм» немесе 
«нарық»  секілді  мем лекеттік  басқарудың  көп  өлшемді  қисы ны 
үшін арқаулық түсінік болып шықты. 
Жазушы, «Российская газета» бас редакторының орынбасары 
Николай  Долгополов  «Одақтас»  атты  очеркін де  Нұрсұлтан 
Назарбаевты  Ресейдің  басты  досы  деп  атайды.  Оның  пікірі 
бойынша, Еуразиялық одақ болашаққа жасалған үлкен серпіліс 
болды.  «Ал  оны  көре,  түйсіне  білу  көп  ешкімге  берілмеген 
еді.  Тек  қана  аса  зор  дарынға  ие  таңдаулыларға  ғана.  Мұндай 
көре  білу  қасиеті  Назарбаевта  бар.  Мен  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
ойластырған және ұсынған барлық істі жаңа жол төсеу деп атаған 
болар едім», дейді ол. 
«Труд»  газетінің  бас  редакторы,  Қазақстан  түлегі  Валерий 
Симонов «Жерлес» деген мақаласында Назар баевты елдің жаңа 
елордасы  Астананың  негізін  қалаушы  әке,  елдегі  ұлтаралық 
келісімнің  кепілі  және  жалпыға  ортақ  тарихи  жадының 
сақтаушысы  ретінде  көрсетеді.  Оның  сөзі  бойынша,  Қазақ-
стан  астанасын  ауыстыру  тарихы  –  көш басшының  ішкі  сенімі 
ғажайыпты  тудыра алатындығының тағы бір жар қын мысалы. 
Кітапқа Ресейдің аса ірі саяси және қоғам қайраткерлерінің 
Қазақ стан ның Тұңғыш Президенті туралы түсініктемелері, жеке 
бағалары берілген.
Жинаққа  Ресей  Президенті  Вла димир  Путиннің,  ММУ 
ректоры  Виктор  Садовничийдің,  ММХҚИ  ректоры  Анатолий 
Торкуновтың,  режиссер  Никита  Михалковтың  Қазақстанның 
Көшбасшысына берген бағалары, сондай-ақ, осы жинаққа арнап 
жазыл ған  көптеген  пікірлер  берілген.  Олар дың  авторларының 
қатарында  Ресей  Сыртқы  істер  министрі  Сергей  Лавров,  ТМД 
атқарушы  хатшысы  Сергей  Лебедев,  Мемлекеттік  Думаның 
Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  істері,  еура зиялық 
интеграциялар және отан дастармен байланыс жөніндегі комитет 
төрағасы Леонид Слуцкий, КСРО Үкіметінің бұрынғы басшысы 
Николай  Рыжков,  Татарстан  мен  Ингушетияның  бірінші 
президенттері  Минтемир  Шаймиев  пен  Руслан  Аушев,  белгілі 
әнші  және  Әзербайжанның  Ресейдегі  елшісі  Полад  Бюльбюль-
оғлы,  РФ  Президентінің  халықаралық  мәдени  ынтымақтастық 
жөніндегі  арнау лы  өкілі  Михаил  Швыдкой,  «Еуразия  Іскерлік 
кеңесі»  Үйлестіру  кеңесінің  төрағасы  Олег  Сосковец,  Ресей 
Ғылым академиясының президенті Владимир Фортов, ғарышкер 
Валентина  Терешкова,  Бүкілресейлік  мемлекеттік  телевизия 
және  радио  хабарларын  тарату  кешенінің  бас  директоры 
Олег  Добродеев,  «Интер факс»  агенттігінің  басшысы  Михаил 
Комиссар,  экономистер  Абел  Аганбегян  мен  Руслан  Гринберг, 
жазушы  Анатолий  Ким,  пианист  Денис  Мацуев  пен  әнші 
Александр  Градский,  әртістер  Олег  Табаков  пен  Геннадий 
Хазанов және басқа да көптеген қайраткерлер бар. 
Өздерінің  Назарбаев  туралы  әсер лері  мен  естеліктерін, 
бағаларын қағаз бетіне түсірген олардың әрбірінің қайталанбас 
стильдері арқылы жазылған жеке, өзіндік ойлары жинақтала келе 
«ортақ  кейіпкерге»  айналған.  Қоры тын дысында  «Жасампаз» 
кітабы  Қазақ стан  Көшбасшысының  өзіндік  бір  ұжым дық 
бейнесін  сомдаған.  Тіпті,  нақты рақ  айтсақ,  журналистиканың 
таны мал жұл дыздары шеберлікпен қалыптастырған және Ресей 
қоғамының айтулы, беделді өкілдерінің пікірлерімен қуатталған 
«мозаикалық панноға» айналған.
Кітапқа  Нұрсұлтан  Назарбаевқа  және  оның  75  жылдығына 
арналған тікелей құттықтаулар жеке блокпен енгізілген. Олардың 
авторларының  қатарында   Ресей  Парламенті  палаталарының 
спикерлері  Вален тина  Матвиенко  мен  Сергей  Нарышкин, 
Қорғаныс  министрі  Сергей  Шойгу,  Еуразиялық  экономикалық 
комиссия  төралқасының  төрағасы  Виктор  Христенко,  ҰҚШҰ 
Бас  хатшысы  Николай  Бордюжа,  Татарстан  басшысы  Рустам 
Минниханов, Башқұртстан басшысы Рустэм Хамитов, Дағыстан 
басшысы Рамазан Абдулатипов бар. 
Отызға  тарта  құттықтаулар  арасынан  КСРО-ның  бұрынғы 
президенті  Михаил  Горбачевтің:  «Алдағы  жылдарда  да  сен 
өзіңнің болашақты көре білу секілді қасиетіңді таныта бе ресің 
деген  сенімдемін.  Бұл  –  қорытын дылай  келгенде,  саясаттағы 
даналық тың бас ты мәселесі. Сенің барлық дос тарың, Ресейдегі 
және басқа да елдер дегі Қазақстанның көптеген дос тары бұған 
шынайы түрде қуанады. Ал Қазақ станның жетістіктері басқалар 
үшін  үлгіге  айналады»,  деген  терең  сезімге  толы  жолдауы  да 
ерекшеленіп тұр.
Мерейтойға  қатысты  құттықтауларын  ғарышкер-ұшқыш 
Алексей Леонов, суретші Зураб Цере тели, «ЛУКойл» концернінің 
президенті  Вагит  Алекперов,  «Аргументы  и  Факты»  газетінің 
бас  редакторы  Николай  Зять ков,  РФ  СІМ  Дипломатиялық  акаде-
миясының ректоры Евгений Бажа нов, «РОСНАНО» компаниясының 
бас шысы  Анатолий  Чубайс,  Ресей  Мүф тилер  кеңесінің  төрағасы 
Равиль  Гайнутдин,  Ресейдің  атақты  әртістері  Юрий  Григорович, 
Александр  Калягин,  Валерий  Гергиев,  Юрий  Башмет,  Владимир 
Спиваков, Сергей Шакуров, композитор Игорь Крутой, спортшылар 
Елена Исинбаева мен Ринат Дасаев та жолдаған. 
Қонақтардың  көпшілігінің  жобаға  тікелей  қатысушылар, 
жинаққа  пікір  білдірушілер,  кітаптың  кейіпкерімен  тікелей 
таныс  жандар  болуы  жинақты  талқылау  кезінде  ерекше  жайлы 
ахуал,  көтеріңкі  көңіл-күй  қалыптастырды.  Сондықтан  да 
«Орыс  баспасөзі»  бүкіл әлемдік  ассоциациясының  президенті 
Виталий  Игнатенконың,  Еуразиялық  экономикалық  комиссия 
төралқасының  мүшесі  (министрі)  Татьяна  Валоваяның, 
Мемлекеттік  думаның  ТМД  істері,  еуразиялық  интеграциялар 
және  отан дастармен  байланыс  жөніндегі  комитет  төрағасы 
Леонид  Слуцкийдің,  «ЛУКойл»  концернінің  президенті  Вагит 
Алекперовтің, Әзербайжанның Ресейдегі елшісі Полад Бюльбюль-
оғлының  сөздері  сондай  бір  шынайы  және  сезімге  толы  болып 
шықты. Бәлкім, Виталий Игнатенконың мына бір сөзі барлығынан 
да нақтырақ жалпы мәнге ие болып шыққан болар: 
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бүгінгі әлемдік саясаттың 
ең бір жарқын көшбасшысы. Оның Қазақстан тағдырына қосқан 
үлесін бақылаудың өзі өте қиын. Тіпті, Қазақстанның ел ретінде, 
держава  ретінде  қалыптасуы  –  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  жеке 
жетістігі деп айтсақ, артық емес», деді ол.
Қазақстан  Сыртқы  істер  министр лігінің  қолдауымен  жарық 
көрген кітаптың таныстырылымына ТМД-ның және бірқатар Еуропа 
елдерінің дипломатиялық миссияларының басшылары қатысты. 
Сәулебек БІРЖАН


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет