32
Биылғы жылы еліміз Қазақ хандығының 550 жылдығын атап
өтуде. Елбасы Н.Ә.Назар баев 1465 жылы Керей мен Жәнібек
құрған хандық туралы: «…бәлкім, ол мемлекет тер минінің
заманауи мағынасына сай, қазір гідей шекарасы бар, бүкіл әлемде
бүгінгідей бедел мен танымалдыққа ие болмаған шығар. Бірақ
сол дәуірдегі барлық басқа мем лекеттер туралы да осылай деу ге
болады. Бастысы, негіздің қалануы, ал біз – ата-бабаларымыздың
ұлы істерін жалғас тыру шылармыз», – деген болатын. Елбасының
бұл сөздері – музей қызмет керлерінің халық арасында тарихи
білімді тарату бойынша жұмысты жандандыруына оң ықпал
етіп, ынталандырған ойтүрткі болды. Қазіргі кезде музей
мәдениеттің ажы рағысыз институты мәртебесіне ие болып,
халықтың білім деңгейін арттыруда, оларға эстетикалық тәрбие
беруде тиісті рөл атқарып келеді. Халық өзінің өткеніне үңіліп,
даму жолындағы тарихи оқиғаларға деген қызығушылығы арта
түсуде. Бұл қоғамда патриоттық сезімдердің өсуінен,
идеологиялық таптаурындардан арылып, мемлекетіміздің
құрылуының шынайы кар тинасын қалпына келтіруге деген
ұмтылыстан
туындап
отыр.
Мемлекет
басшысының
тапсырмасымен құрылған Ұлттық музейдің ашылуымен ел
музейлерінің қызметінің жаңа кезеңі басталды. Әлемнің музей
қауымдастығы кешеннің инфрақұрылымын және Қазақстанның
ежелгі ғана емес, қазіргі заманғы тарихына қатысты
материалдардың мазмұнын атап көрсете отырып, бұл жобаның
бірегейлігін мойындап та үлгерді. Тарих ғылымының ең жаңа
жетіс тіктеріне сүйеніп материал жинау, ауқымды ғылыми жұмыс
жүргізу, музей ісі бойынша жинақталған мол тәжірибені
пайдалану көп ұзамай-ақ Ұлттық музейді қазақ мемлекеттілігінің
тарихын зерделеу мен көпке танытудың аса ірі орталығына
айналдырады деп үміттенеміз. Біз еліміздің 550 жылдық даму
тарихындағы әлеуметтік, сая си және экономикалық тарихы,
қоғамның рухани жай-күйі құжатталған дереккөздерді іздестіріп,
зерттейміз. Ұлттық музей «Ұлт мұрасы» атты жинақ пен жаңа
экспозиция лар дайындауда, көп ұзамай оны отандас тарымыз бен
шетелдік қонақтарымыз тамашалай алады. Қазіргі кезде Ұлттық
музейде тарих пен мәдениеттің 170 мыңнан астам жәдігері
сақталуда. Музей ғылыми-зерттеу мекемелерімен және жоғары
оқу орындарымен, сондай-ақ шетелдік әріптестерімен
ынтымақтастықта
жұмыс
істейді.
Заманауи
көрме
технологияларының арқасында музей қорлары келушілер үшін
қолжетімді бола түсті, көрсететін қызмет түрлерін де кеңейттік.
Музей экспозициялары әлем тарихы мәнмәтінінде қазақ
мемлекеттілігінің алар орны мен рөлін айқындап, өткен
замандардағы мемлекеттер құрылуларының түйінді сәттері мен
дамуындағы сабақтас тықтарды көрсетуі тиіс. Ұлттық музей экс-
позициясында мол орын берілген соңғы табылған археологиялық
деректерге сүйе нетін болсақ, Қазақстан аумағында жылқы өсіру
қауымдастығы үстемдік құр ған дәуірде-ақ бастапқы саяси
одақтар және биліктің тиісінше атрибуттары пайда болған. Скиф-
сақтардың антикалық жазбаша дереккөздерінде б.э.д. І
мыңжылдықтың орта тұсындағы тайпалар одақтары «пат шалық»
деп, ал оларды басқаратын топтар «патшалық скифтер» деп
аталады. Ежелгі грек авторы Фукидид олармен (скифтермен),
«еуропалық патшалықтар иық теңес тіре алмайды, тіпті, Азияда
да скифтерге, егер олар бірауызды болса, қарсы тұра алатын
халық жоқ» деп атап жазған. Скиф тердің орталықтандырылуы
әлсіз болуының бір себебі олардың этностық-тайпалық
құрамының әртүрлілігіне байланысты болған. Солай болса да,
осындай әлсіз базада азиялық сақтардың, скифтердің, Қара теңіз
жағалауындағы скифтердің мемлекеттері, Қырым патшалығы
сияқты мемлекеттер құрылған. Көшпелі мал шаруашылығының
дамуы Орталық Азия тайпаларының бірқа тарының тайпалық
одақтар құруына алып келді. Бұл үрдіс нәтижелерінің бірі
Қытайдың шашыраңқы жатқан жерлеріне көшпенділердің жиі
шапқыншылықтар жасай бастауы болды. Сондықтан шығыстағы
көршіміз шекарасында Ұлы Қытай қорғанын сала бастады.
Қытай шежірелеріне сүйенсек, гунн билеушілерінің генеалогиясы
Туман-шаньюден 1000 жыл бұрын өмір сүрген Шунь Вэйге
барып тіреледі (б.э.д. III ғ.). Өкінішке қарай, күмәнді де күмәнсіз
аз ғана жазба деректер Моде билеген (б.э.д. ІІ-III ғғ.) заманда
пайда болғаны болмаса, бұл атақты тарих әлі күнге дейін
зерттелмей қалып отыр. Қазақ халқының мемлекеттілігін
зерделеу тұрғысында біздің музейге қойылған даңқты Күлтегін
ескерткішінің көшірмесінің алар орны бөлек. Онда ғажайып
көшпенді империя – Ұлы Түрік қағанатының тарихы руна
жазуымен тасқа ойылып жазылған. Ортағасырлық қала мәдениеті
Қазақ станның қазіргі аумағында X-XII ғасыр ларда шырқау
биігіне жеткен. Бірақ осы өркендеу жолын моңғол әскерінің
шапқын шылығы қиып, қалалар мен даланың көш пелі өмірі
арасында қалыптасқан байланыс тар үзілді. Тек XIII ғ. басында
ғана қала өмірі қайтадан жанданып, бұрынғыдай қар қын алмаса
да, халықаралық сауда жә не дип ломатиялық байланыс
ҚАЗАҚ хАНДЫғЫ жәДІгЕРЛЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: