Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 56 елде 75 шетелдік өкілдігін, 45 елшілігін, 6 дипломатиялық уәкілдігін, 8 бас консулдық пен 6 консулдық ашты.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 56 елде 75 шетелдік өкілдігін, 45 елшілігін, 6 дипломатиялық уәкілдігін, 8 бас консулдық пен 6 консулдық ашты.
Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр.
Бұл тұрғыда 2006-2007 жылдары аталған мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
ТМД, Азия, Еуропа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету. 2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдынғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. 3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын әрі ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.