Жаңа экономикалық жүйені қалыптастырудағы қиындықтар мен кемшіліктер.
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-даАзамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.
Қазақстан экономикасын реформалаудың қазіргі бағыттары.
Эконимкалық қайта құрулардың және дамудың бұл кезеңінің негізгі нәтижесі ретінде мына жайларды айтуға болады: 1. Бұрынғы шаруашылық жүйе ыдырауының және әлеуметтік – эконмикалық формацияның радикалды трансформациясының жағымсыз салдарын негізінен жеңуі. 90-жылдардың басында Қазақстан респуликасы тап болған өткір проблемалардың басым көпшілігі, үлкен немесе аз көлемде болса да шешімін тапты; рноктық типтегі экономика қалыптасты; ол өз кезеңінде елдегі қаржы – экономикалық ақуалды тұрақтандыруға қол жеткізу негізінде әрі қарай өсу үшін алғы шарттар жасады.