Қазақстан Республикас Ғылым және Жоғары білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы
№ 5. СОӨЖ
Пайымдау мәтінін құрастыру
Орындаған: Жәнібек Динара
Қабылдаған: Балтабаева Ж
Туған жер. Осы екі сөздің астарында қанша сөз жатыр деңізші. Ол киелі ұғым. Ата-бабамыздың аянбай қанын төгіп, барын тігіп, бізге қалдырған аманаты. Бұл аманатқа ешқашан қиянат жасалынбауы тиіс. Керісінше туған жер үнемі қастерленіп жүруі қажет. Туған жер кіндік қанымыз тамған жер. Туған жер біздің өткеніміз бен бүгінімізді байланыстартын киелі мекен.
Туған жердің ауасына, оның иісіне, топырағына ешнәрсе жетпейді. Өзім де жырақтай қалсам өз мекенімді қатты сағынып тұрамын. Туған жермен бізді көп нәрсе байланыстырады. Ақындар әніне, жыраулар жырына қоса шырқаған туған жер туралы айтар әңгіме бітпейді. Өз үйің, өлең төсегіңе расымен ештеңе де жетпейді. Сәл жырақ кетсе отанын аңсау бар адамзатқа тән болар. Өз өлкеңе деген сезім мүлде басқаша болады, ондағы дос-туыс, ата-ана, туыс-жараннан бұрын туылған жеріңнің топырағына дейін сағынасың. Айналып, толғанған табиғатыңның әр бұрышын, әр талын, әр шөбі де сен үшін ерекше болады. Жерімізді қаншама қан төгіп, өз отбасынан жырақта жүріп, қорғап қалған ата-бабаларымыздың өшпес ерлігіне мәңгілік қарыздармыз. Осыншама ұлан-байтақ жерімізді бізге қалдырған олардың өсиеттеріне қашан да құрметпен қарауға тиіспіз.