САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: М. ШАХАНОВ «ОТЫРАР»
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы
қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Рысқалиева Фамила Тарихқызы
Сабақ жоспары
1.Пән аты:
Әдебиет
2.Сыныбы:
5
3.Күні, айы, жылы: 4.Тоқсан:
ІV
Сабақтың тақырыбы:
М. Шаханов «Отырар»
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:
белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы
әдеби білім беру, поэзиялық
туындының сюжетін меңгерту, сатылай кешенді талдауға дағдыландыру.
2. Тәрбиелік:
туған жерді қастерлеуге , оны аянбай қорғауға баулу, ата-бабаларымыздың ерлік рухын сезіндіру арқылы
ұлтжандылыққа, азаматтыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық:
өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру, әдеби шығарманы талдау біліктілігін дамыту.
Сабақтың түрі:
СКТ, АКТ, СТО.
Типі:
аралас сабақ
Әдісі:
сатылай кешенді талдау, сұрақ-жауап,әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Көрнекілігі
: М.Шахановтың портреті, жыр жинақтары
Достарыңызбен бөлісу: