Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет,
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу. 2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. 3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1. Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы 2. « Оюлар» өлеңін жаттап, мәнерлеп оқу. 3. Өлең сюжетін оқушылардың шығармашылық жұмыстары арқылы баяндау, талдау. 4. Қазақ халқының ою-өрнектері туралы оқушылардың өздері жинаған деректерін тыңдау.
ІІІ . Жаңа сабақты сатылай кешенді талдау арқылы түсіндіремін. І. Отырар 1.Авторы : М.Шаханов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауданында ,Қасқасу ауылында дүниеге келген.
Мұхтар Шаханов Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар өңірінде дүниеге келген дүлділ ақын, қоғам қайраткері. Автордың
шығармалары70-тен астам тілге аударылып, халық арасында өз орнын таба білген озық туындылар. Шығармаларының тілі
өткір, мазмұны кең.
2.Тақырыбы: Бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл әдеби шығарма . Әдеби шығарма дегеніміз- белгілі бір дәуірдегі
қоғамдық шындықтың сәулесі . Бұл өлеңнің тақырыбы- тарихи шындықты негізге ала отырып, сыртқы басқыншы жауға
қарсы күрескен Отырар халқының ерлік ісін жырлау.
3.Идеясы: Идея дегеніміз- автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы, дүниетанымы
тұрғысынан суреттейді. Сол арқылы өзінің мақсат ын, арманын білдіреді.Бұл өлеңнің идеясы- Отырарды сыртқы жаулардан
қорғау, елін, жерін сүю, қадірлеу.
4. Жанр түрі – баллада . Баллада дегеніміз – лиро –эпостық сипаттағы, шағын суретті өлең.и Мұнда ақын өзінің көңіл –
күйін , толғанысын жырлап қана қоймай, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді.
5. Шығарманың композициялық құрылысы 1. Шығарманың басталуы – Шыңғыс хан мен Шағатай әңгімесі
2.Оқиғаның байланысы –Шыңғысханның Отырарды алуы
3. Оқиғаның шиеленісуі- Қайырханды азаптауы
4 .Шарықтау шегі – Қайырханның арманы
5. Оқиғаның шешімі –Қарияның баланы құтқарып жіберуі
6. Эпилог немесе соңы – Ақынның сөзі