10. Сабақты қорытындылау. Сөз кезегі сарапшыларға беріледі.Сарапшылар өздерінің ой түйіндерімен бүгінгі сабақтан
алған әсерлерін айтады.
11.Үйге тапсырма: 10- жаттығу. Газетке мақала беру.
12. Бағалау * * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:ҚАРАПАЙЫМ ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ. СУРЕТТІ АШУ, САҚТАУ Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің информатика пән мұғалімі Зинуллина Пакиза Амангелдіқызы Класы: 5 «Б» Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық- абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы: 1 . Оқушыларды ұйымдастыру
2. Үйге берген тапсырманы тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма беру.
І. «Оқыған жетер мұратқа»-өткен тақырыптарға шолу
Ақпарат деген не?
Ақпараттың көлемі, өлшем бірлігі.
Компьютердің негізгі құрылғылары.
Пернетақта деген не? Оның топтары.
Ож деген не? Оның түрлері.
Файл деген не?
Бума құру
Буманың атын өзгерту
Буманы көшіру, жылжыту.
Ақпаратты тасымалдаушыларды ата.
ІІ. «Білім – оқу айнасы» - жаңа тақырыпты түсіндіру. / презентация арқылы түсіндіру/ Жана түсініктер: ДК-нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өңдеудің қарапайым құралы
операциялық жүйесі болып табылады. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.
Редактор: 1.
Құрал – саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
2.
суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
3.
суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
4.
Бар графикалық объектілерді түзетуге;
5.
Схемаларды сызуға және т.б. мүмкіндік береді.
Paint графиктік редакторы іске қосу:
Пуск – Программы – Стандартные – Графический редактор Paint. Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей,
тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-
саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе
өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады.
Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.