Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет5/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Жобаларды қорғау
әдісі француз педагогы және ойшылы С.Френенің «еркін еңбек технологиясының» негізінде 
ұсынылған. Бұл әдістің ерекшелігі тапсырма түрлеріне қарай жұмыс топтарының құрылуын, ақпараттың құндылығын, 
жоспарлау,өздігінен еңбектенудің құндылығын көрсете білуінде. Оқытушы көмегімен әрбір білімгер жұмыс түрі(кітаппен
жұмыс, сауалнама өткізу, интервью алу, бақылау) көрсетілген жеке апталық жоспар құрады. Білім негізін құрайтын
ақпаратты қайдан және қалай алудың мүмкін жолдарын іздеп, ақпарат иелерімен жеке қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде
білім жинақтайды, өзара талдайды, бірін-бірі бағалайды. Бағалау келесі өлшемдер бойынша жүреді: мазмұндаудың
түсініктілігі, шынайылығы, тыңдаушыны қызықтыруы, тақырыпты толық аша білуі, шығармашылығы. Білімгердің таным
қызметі неғұрлым өзі іздеп тапқан білімге көбірек тәуелді болса, соғұрлым материалды меңгеру нәтижелі болады. Мәселен,
терең ойлы білімгер тұлғасын қалыптастыру үшін «Абай жолын» оқудың маңыздылығын дәлелдеуге бағытталған 
жобаларды қорғауға болады. Бірінші тапсырма: «Абай жолы» туралы жазылған зерттеу жұмыстарын талдау; осы шығарма
бойынша сұрақтар әзірлеп, оның қорытындысын талдау; әртүрлі әлеумет өкілдерінен интервью алу арқылы М.Әуезовтің 
аталған туындысының тартымды эпизодын анықтау және оның себептерін түсіндіру.
Дебат әдісі
білімгердің потенциалын ашуға, дамуына бағытталған. М.М.Бахтин «Эстетика в словесном творчестве» 
кітабында: «диалогизм является формой взаимодействия между равноправными и равнозначными сознаниями, в то же 
время как монологизм завершен и глух к чужому ответу, не ждет его и не признает за ним решающей силы», - деп 
диалогтық сипаттағы оқыту әдістерін жоғары бағалайды. Шын мәнінде бұл әдіс ғылыми принциптің белсенділігіне сәйкес 
келеді. Осы әдістің негізін қалаушы К.Поппер күрделі практикалық мәселелерді интуитивтік жолмен шешуді
ұсынған(«метод мозговой атаки»). Интуицияның өзі философиялық интуиция(интуиция-суждение) және психоэвристикалық 
интуиция (интуиция-догадка) деп екіге бөлінеді. Поппер әдістемедегі дедуктивті жолды таңдайды. Қорытуға жалпы 
ұғымнан жекеге келуді дедукция деп атайды.
Зерттеуші З.У.Имжарова «Инновационная педагогическая технология Дебаты» еңбегінде дебаттың типтерін (саяси дебат, 
К.Поппердің форматы бойынша дебат, үшбұрыш, т.б.), өткізу әдістемесін көрсете отырып, дебат пен дискуссияның
айырмашылықтарына тоқталады [3,с.36]. 
Зерттеушілер В.Флоренко, О.Г.Зуев, Н.К.Махметова дебаттың тәрбиелік, дамытушылық мәнін атап өтеді: «привлечение
школьников посредством дискуссии к анализу важнейших вопросов жизни общества, проблем искусства и образования 
способствет воспитанию у них гражданственности, принципиальности, активной жизненной позиций». М.Әуезов
шығармаларын оқытуда «Үшбұрыш» атты дебат түрін қолдану тиімді, өйткені қатысушылар санын арттыруға болады. 
Мақсаты: өзекті мәселені талдауға дебатпен таныс емес аудиторияны да тартуға болатындығын көрсету. Әдістемесі:
қатысушыларға «Абай мен орыстардың достығы екі жақты да жақсы нәтижеге жеткізді» немесе «Үш күнге созылған
«Мұсақұл соғысы» бәріне де үлкен сабақ болды» тақырыбы ұсынылады, келесі сұрақтар қойылады: Осы ойды кім 
қостайды? Кім келіспейді? Кім күмән туғызады? Алынған жауаптарға байланысты білімгерлер үш позицияны ұстанады.Әрі 
қарай алғашқы екі топқа неге олай ойлайтынына байланысты сұрақ қойылады. Үшінші топтағы қатысушыларды өз
позицияңызға сендіру керек. Ойынның соңында үшінші «нейтрал» топ қай топтың позициясы сенімдірек болғанын
көрсетеді. Барлық қатысушылар «сіздер қандай процесті бақыладыңыздар?», «Қалай өтті?» сұрақтарына жауап береді. Дебат
процесінің символдық суретін салумен ойын тәмамдалады. 
1997 жылдан бастап Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет