Aлтыншы мoдуль «Oқушылapдың жac epeкшeлiктepiнe cәйкec oқыту жәнe oқу».
Oқушылapдың жac epeкшeлiктepiнe cәйкec бiлiм бepу жәнe oқытудa кoгнeтивтiк дaму epeкшe opын aлaды. Бaлaның
кoгнeтивтi дaмуы – өз бeтiншe oқуы мeн пpoблeмaлapды өздiгiншe шeшe бiлуi. Бaлaғa тaпcыpмa бepудe oның жac
epeкшeлiгiн, тaлaнттылығы мeн дapындылығын ecкepe oтыpып бepугe тиic. Eгep тaпcыpмa oқушының дeңгeйiндeй
бoлмaca бaлa жaлығaды, тым күpдeлi бoлып кeтce бaлaның күш-жiгepiн яғни ынтacын бacaды. Бұл дeгeнiмiз - Джoн. Б.
Уoтcoнның бихeвиopиcтикaлық экcпepимeнтiнe cүйeну дeгeнiмiз. Тaпcыpмaны opындaудa, я бoлмaca бiлiм aлудaғы
қopшaғaн opтaмeн бaлaның қapым-қaтынacы пcихoлoгиялық жaғынaн әcep eтуi мүмкiн.
Ocы нeгiздepгe cүйeнe oтыpып, жac epeкшeлiктepiн ecкepiп 8-cыныптapғa тaқыpыпқa бaйлaныcты дeңгeйлiк
тaпcыpмaлap бepiп, oны кoмпьютepдe opындaй бiлeдi. Тaпcыpмaлapды бepудe oқушының жac epeкшeлiгiнe бaca нaзap
aудapуды бacты opынғa қoю кepeктiгiн түciндiм.
Жeтiншi мoдуль «Oқытуды бacқapу жәнe көшбacшылық».
Мeн тiзбeктeлгeн caбaқтap тoптaмacындaғы caбaқтapымдa бiлiм бepудiң oй қoзғaу, диaлoг apқылы бiлiм бepу, тoптық
тәciлдepi apқылы oқушылapды cыни тұpғыдa oйлaу қaбiлeтiн дaмыттым. Oқушылapдың тoптық жұмыcтapы кeзiндe
көшбacшы oқушылap бeлгiлi бoлды. Cымбaт, Aқжaн көшбacшылық қacиeттepiн тaнытa бiлдi.
Caбaқтa әpбip oқушы көшбacшы бoлуғa лaйықты. Кapл Poджepc үcынғaн «мeн» тұжыpымдaмacын бacшылыққa aлып,
қaтe бoлcaдa әpбip oқушының өзiндiк oй-пiкipi бoлу кepeктiгiн түciндiм. Қaтeлiктep apқылы oқушылap өзiн-өзi peттeйдi.
Aл, мұғaлiмдep caбaғын бacқapa бiлуi кepeк. Мeн бoлaшaқтa ocы бaғдapлaмaның нeгiзгi идeялapын мeктeптe жүзeгe
acыpылуынa бacшылық жacaймын. Бacқaдa әpiптecтepiммeн ынтымaқтacтықтa жұмыc icтeп, мeктeптiң oқу үдepiciнe өз
үлeciмдi қocaмын.
Aлғaшқыдa кeдepгiлep мeн aлғaн нәтижeлep дe бoлып жaтты .
Тoпқa бөлудe көбipeк шудың бacымдылығы бacқa aтмocфepaлapғa әcep eтуi бeлeң aлды. Көш жүpe түзeлeдi дeмeкшi
кeйiнгi caбaқтapдa oл кeдepгiлep өз шeшiмiн тaпты. Aлғaн нәтижeлep дe aз eмec, eң бacтыcы oқушылapғa ұнaды.
Құpылғaн жocпapлap өз мaқcaтынa жeттi дeп oйлaймын.
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep: Мұaғaлiмдepгe apнaлғaн /Нұcқaулық/
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оңтүстік Қазақстан облысы. Мақтарал ауданы
№8 Н. Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебі
биология пән мұғалімі
Жарменова Гүлжаухар
Сабақтың тақырыбы: Дене сымбатының бұзылуы
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға дене сымбатының бұзылу себептерін түсіндіру.
Ә) Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын қалыптастыруға үйрету.
Б) Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Муляж, АКТ, смайлик
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, «Өрмекші торы» әдісі, «Тапқырлық» әдісі, шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу. Оқушыларды шеңбер бойына шақыру. Сергіту сәті «Ширақ бол».
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Өрмекші торы» әдісі.
•
Сіңірдің созылуы қалай болады?
•
Сіңір созылғанда қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?
•
Буынның шығуын емдейтін дәрігер?
•
Сүйектің сынуы нешеге бөлінеді?
•
Морт сынғанды не деп атайды?
•
Шытынап сыну дегеніміз не?
•
Сынған сүйектерді орнына келтіріп салушы адам?
•
Ересек адамдардың сүйегі неге морт сынғыш келеді, себебін түсіндіріңдер?
•
Морт сынған сүйек қан тамырларға, бұлшық еттерге, теріге қандай зиян келтіреді?
•
Сүйектің сынуы мен буынның шығуының қандай айырмашылығы бар?
59
•
Сүйектің құрамы?
•
Буын дегеніміз не?
•
Қаңқаны құрайтын сүйектер қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
•
Қаңқаның толық сүйектенуі?
•
Аяқ сүйектері?
Смайлик арқылы бағалау
Топқа бөлу
I топ Омыртқа тобы
II топ Қабырға тобы
III топ Бассүйек тобы
IV топ Қол сүйектері тобы
III. Жаңа сабақ
Дене сымбатының бұзылуы (Мұғалімнің түсіндірмесі) Слайд , видеоролик
«Ой қозғау сұрақтары»
1. Сымбатты денені қалай түсінеміз?
2. Дене сымбаты қандай жағдайда бұзылады?
Жалпы, адам баласының дене қозғалысының сымбаты да түзу болуы оның денсаулығынбілдіреді. Өз денесін емін-еркін
ұстап жүретін адам қашан да көз тартарлық көрікті болып жүреді. Негізінде адам баласы іштен сымбатты болып
тумайды. Адам өсіп-жетілу, еңбек ету процестерінде, сондай-ақ, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану
барысында қалыптасады.
Адам денесінің сымбаты жас кезден бастап қалыптаса бастайды. Бұл тек сұлулық жағынан ғана емес, анатомия және
физиологиялық тұрғыдан қаралады. Демек, дене құрылысы сұлу да сымбатты келген адамдардың ішкі мүшелері дұрыс
жұмыс істейді деген сөз. Әсіресе, жүрек, өкпе, бауыр мүшелері дұрыс, қалыпты жағдайда жұмыс істегенде адамның
жүріс-тұрысы, әрбір қозғалыстар артық жүктеме түсірмей еркін орындалады. Ал мүсін келбеті бұзылған кезде, басын
салбыратып еңкейіп жүреді. Мұндай адамның жүріс-тұрысы епсіз, қозғалысы сылбыр болады. Бұлай болатын себебі,
ішкі органдардың функциялың қызметінің бұзылуынан бала өзінің қозғалысын және аяқ-қолдарының қимылын
үйлестіре алмайды.
Адамның сымбаттылығы негізінен алғанда омыртқаға байланысты болады, өйткені ол бүкіл қаңқа сүйекті біріктіріп
тұрған негізгі буын.
4-топқа тапсырмалар беріледі.
I топ Омыртқа қисаюына әкелетін факторлар?
II топ Қисайған омыртқада пайда болатын аурулар?
III топ Омыртқа қисаймас үшін алдын алу шаралары?
IV топ Салауатты өмір салты деген не? (Шығармашылық тапсырма)
Топқа берілген тапсырма бойынша оқушылар ойын ортаға салады. Постер қорғайды.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
«Тапқырлық» әдісі.
V. Үйге тапсырма.
Дене сымбатының бұзылуы.
VI. Оқушыларды бағалау.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№ 18 М. Сатыбалдиев атындағы орта мектеп
Ән сабағының мұғалімі және музыка тәрбиешісі
Жетимекова Саулеш Идирбаевна
Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру
Музыка - өмірдің, адам жанының айнасы. Музыкада адамның асқақ, асыл ойлары, арман –мақсаты, ізгі-тілектері,
қуанышы, қайғы-қасіреті мен түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан,
сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын оқушы санасына қалыптастыру бүгінгі күн талабы.
Жалпы білім беретін мектептерде қазіргі заманда оқушылар жаңа технологияға бейімделген. Айта кетерлік жағдай
оқушылар қазақтың көне ұлттық музыкалық аспаптарының түрлерін жете білмейді. Мысалы: қобыз(шаңқобыз,
қылқобыз) , прима, домбыра(тенор), асатаяқ, дабыл, жетіген, шертер, дауылпаз, сазсырнай т.б .Тіпті аспатың түрлері
емес олардың ойналуы тұрмақ қалай жасалу, қалай қолдану жолдарын да білмейді. Сондықтан да әрбір үйден
табылатын қазақтың негізгі ұлттық аспабы – домбыраны білмейтін бала кемде-кем болар. Тәлім-тәрбиенің басты құралы
– домбыра аспабы десек қателеспейміз. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептерде домбыра негізінде қалыптасып,
жеткен тәрбие көзі эстетикалық әдемілікке жетелейді.Міне сондықтан да жалпы білім беретін мектептерде халық
аспаптар оркестрін ұйымдастыруда домбыра аспабына жүктелеміз және соған оқушыларды дайындаймыз.Домбыра
аспабының жасалу жолдарын,шығу тарихын, ойналу оны меңгеру және меңгерту оқушыларға жеңілірек деп ойлаймын.
Қазақ халық аспаптар оркестірін ұйымдастыру шығармашылық жетілдіру
мектебіміздің қазіргі таңдағы алға қойған басты талаптарының бірі.
Қазақ халық аспаптар оркестірін ұйымдастыруда оқушылардың білім, білік, эстетикалық талғамын кеңейту басты
мақсат болып табылады. Эстетикалық көркемдік тәрбиенің негізгі көзі музыка пәні мен мектептегі үйірмелер жоғарыда
аталған талаптарды орындауда ерекше рөл атқарады. Оркестрді ұйымдастырудағы басты проблема – оның құрамының
тұрақтылығы.Оркестр құрамының тұрақтылығы әрине жетекшіге байланысты. Оркестрді тұрақтандыру (ондағы
оқушылардың құрамын, санын) үшін жетекші не істеуі керек? Ол үшін – жетекшінің тапқырлығы мен шеберлігі қажет.
Яғни оркестр жетекшісі-үлкен тұлға.Ол оқушылардың танымдық қабілетін, ынта-ықыласын,зейінін,психологиялық
ерекшіліктерін байқап,соған сәйкес түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы тиіс. Дайындық кезінде оқушылардың салғырттық
60
танытып сабаққа келмей қалуы немесе алғашқы кездері аспаптарды (домдыра, қобыз, прима) ойнауды, келешекте игере
алмай қалам-ау деген ой сана-сезімдері әлсіздік танытуы мүмкін. Міне осындай жағдайлар оқушының ынта-ықыласына,
қабілетіне, құлшынысына әсер етіп, құштарлығын бәсеңсітеді. Осындай жағдайларда оркестрді ұйымдастыру
жұмысында жетекшіге қойылатын басты талап – репертуар таңдау.
Репертуар бүгінгі заман деңгейіне сай терең мазмұнда педагогиикалық талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде
және оқушылардың жас ерекшеліктеріне , олардың түрлі аспаптарда ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес болу керек. Яғни,
жетекші оркестрде ойналатын шығарманың идеялық – эстетикалық мәнін, көркемдік ерекшелігін дұрыс таныта білсе
ғана оқушылар музыканы терең сезініп, дұрыс түсіне біле қабілетін дамытып,дүниетанымы,музыкаға деген көзқарасы
кеңейе түседі.
Репертуар таңдауда бір – бірімен тығыз байланысты бірнеше мәселеге көңіл бөле білген жөн. Мысалы: оркестрде
ойналатын музыкалық шығарманың мазмұны мен көркемдік ерекшелігі. Онда қазақ халқының ән-күйлерінен бастап,
Қазақстан компазиторларының, шетел сазгерлерінің шығармалары, дүние жүзі классиктерінің туындылары жан-жақты
қамтылып, тақырыптары,құрылысы, тілі жанрлық ерекшеліктері жан-жақты болып келуі тиіс.
Егер дайындық кезінде репертуар қарапайым, қызықсыз болса, эмоциялық әсер етпесе мұндай кезде жетекші
оқушыға орынсыз дауыс көтеріп, қасында отырған оқушылардың алдында намысына тиіп, жекіріп сойлесе, дұрыс ойнай
алмай отырғандығын бетіне басса әрине оқушы оркестрді тастап кетуі де мүмкін. Мұндай жағдайларда жетекші олармен
жеке дайындықтар жүргізіп, қызықты да көңілді шағын ән-күйлер, этюдтер, жаттығулар беріп, олардың музыкаға деген
қабілетін оятып, белсенділігі мен құлшынысын арттыруы керек.Сондай - ақ жетекші өзінің ұйымдастыру шеберлігін
шыңдап, талмастан ізденіп, озінің білімдарлығымен шәкірттерін өзіне баурап алуы қажет. Оқушы сонда ғана өзін
оркестрдің мүшесі екенін сезініп, қызығушылығымен белсенділігін арттыра түседі.
Оркестрмен жұмысты одан әрі тереңдете түсуді есте сақтауға тиісті дидактикалық принциптер:
1.Жүйелі түрде
2.Саналық пен белсенділік
3.Ғылыми түрде
4.Теория және практикада
5.Ой қозғау
6.Көрнекілік
Оқушының музыкалық аспапты иерудегі ғылыми принциптерді дұрыс сақтауы үшін оркестр жетекшісі аспапты
алғашқы үйрену кезеңіндегі жұмыс үрдістеріне байланысты заңдылықтармен теорияларды, ережелерді нақтылы өз
мағынасында дәлме-дәл түсіндіруі керек. Мәселен, домбырашының немесе қобызшының орындықта отыра білуі қол мен
саусақтарды пернелерге (басқыштарға) қоя білуі, дыбыс әуенінің шыға білуі т.б.Мұндай кезде дене мүшелерінің
атқаратын қызметін оқушыға жеткілікті дәрежеде түсіндіру қажет.
Ескерілетін ереже түрлері:
1. Орындықта тік отыру. Денені тік ұстау. Сол аяқтың үстіне оң аяқты дұрыс қою.
2. Екі иықты сірестірмей, бос ұстау керек. Домбыраның басы сол жақ иық деңгейінен жоғары болмауы керек.
3. Ішекті жоғары немесе төмен қаққанда білекті бос ұстап,бос, жеңіл қағу керек.
4. Домбыраның шанағы оң қолтықтың астында болуы.
5. Сол қол саусақтары пернелерді тізбелей басады. Басумен қағу кезінде екі қол дың буындарына күш салмай бос ұстау
керек.
Аспапты игерудегі теориялық мәселелерді нақты практика жүзіндегі мысалдармен байланыстырып отырған жөн.
Мәселен домбыра үшін де, қобыз үшін де қолды дұрыс қоя білу, буынның атқаратын жұмыстары саусақтардың қимыл –
қозғалысы, саусақтың перне бойымен орналасуы т. б. Міне осындай талаптар дайындық кезінде оқушыға ескертілмесе
қадағаланбаса және де тиянақты қалыптаспаса оқушының аспапты меңгеруі, игеруі екіталай. Оркестрдегі дайындық
оқушыларға үлкен эмоциялық әсер қалдырумен қатар ұйымдастыру процесі де жоғары дәрежеде өтуі тиіс. Сондықтан да
жетекші аспапты игерудің ғылыми тиімді жолдарын сәт іздестіріп, қалыптасқан теориялық қағидалар мен
методикалық тұжырымдарға сүйене отырып істеуі қажет.
Үй тапсырмасын белгілеу:
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы
«№25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
биология пәні мұғалімі Жиеналиева Атыркуль
Орынбековна ізденуші 8 «А» сынып оқушысы Қуанышбай Ақниет
Ғылыми жұмыстың тақырыбы:
Сүліктің ерекшеліктері мен емдік қасиеттері
Пікір
Жоғарыда аты аталған тақырып бойынша ғылыми жетекші Жиеналиева Әтіркүл ізденуші Қуанышбай Ақниетпен
бірлесе отырып, ауқымды жұмыстар жүргізілген. Бұл ғылыми еңбекте, яғни «Сүліктің ерекшеліктері мен емдік
қасиеттері» ізденуші ізшілдік , табандылық танытып, шығармашылық ойлау қабілетін , нәтижелерді талдай алу
қабілетін алынған деректерді түсінікті баяндай білу шеберлігін көрсете білді. Ғылыми-зерттеу жұмыс оқушыға
білімдерін тереңдетіп, молайтуға мүмкіндік берді.
Ғылыми-зерттеу жұмыс міндеттері орындалған, ізденуші өзі қосқан үлестерін айқындап көрсете білген.
Оқушы Қунышбай Ақниет ғылыми-зерттеу жұмысын орындау барысында қойылған мақсатқа жеткен және жақсы
теориялық білім практикалық дағдыларын көрсеткен. Ғылыми-зерттеу жұмыс сапалы әрі өз дәрежесінде жазылған.
Ағажанов Қуанышбай
Аннотация
61
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы «№25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің биология пәнінің мұғалімі Жиеналива Әтіркүлдің жетекшілігімен ізденуші 8 «А» сынып
оқушысы Қуанышбай Ақниеттің «Сүліктің ерекшеліктері мен емдік қасиеттері» тақырыбында жазған ғылыми жұмысы.
Ғылыми–зерттеу жұмысының нысаны ретінде қазақ халқының дәстүрлі халық еміне айналған сүлікті зерттей отырып,
сүліктің емімен тереңірек танысып, халықты пайдалы емге итермелеу.
Ізденіс жұмысының мақсаты:
Зерттеудің басты мақсаты-буылтық құрттың бір түрі сүліктің өзге құрттардан ерекшелігі мен адамға деген тигізер
пайдасын анықтап, практикалық түрде көз жеткізу.
Ізденіс жұмысының міндеттері:
Сүліктің емдік пайдасымен танысу арқылы оны халық арасына кең тарату. Сүліктің сілекейімен адамдарды ауруынан
айықтырып, халық емін кең көлеммен қолдану және халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. «Сүліктей әсем»
деп, қызын мақтаған ата-бабаның қалдырған халық емін қайта жаңғырту.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижесі:
Ұмыт қалған халық емінің сырларын қайта ашып, сонау замандағы тәсілдер арқылы адам ағзасына көмек көрсетілді.
Көп кітапты парақтап, сүліктің адамға тигізер негізгі пайдасын практикалық тәжірибе арқылы «адам ағзасын
жасартады» деген оймен тұжырымдалды. «Сүлік – тоқсан ауруға ем» деген ата сөзә дәлелденді.
Кіріспе
«Сүлік – бұл денсаулықтың, сұлулық пен жастықтың биофабрикасы.»
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына
айналуы тиіс» делінген.
Қазіргі таңда денсаулығы сыр бермейтін жан жоқ, тәй-тәй басқан сәбиден бастап, еңкейген шалға дейін бәріміздің де
денсаулығымызда ақау бар. Келеңсіз экалогия, салауытты өмір салтын ұстанбау,т.б айта берсең бәрі зиян, бірақ,
келеңсіздіктен қалай қашсаңда қаша алмайсың, заман талабы сондай. Дұрыстап тамақтанбаудың өзі үлкен ауруға душар
еткізеді,ал ауырғанда бәріміз дәрігердің айтуымен химиялық дәрілермен емделіп, тез жазылу үшін жеңіл оталарға да
келісеміз. Бұл ем жолы дұрыс па? Дәрілермен емделіп, өзімізге жаңаша ауру тудырып жатқанымызды біле тұра,
неліктен сол химиялық түйіршіктерді көп қолданамыз? Сонау ғасырлардан бері ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе
жатқан халық емін неге кеңінен қолданбасқа? Оны қолданбауға не кедергі? Халық емі – ежелде ата-бабамыз қолданған
табиғи емнің түрі. «Қазақ халқы танылмаған академик»-деп, Әтіркүл апай жиі айтады. Атадан қалған мұра бізге таза
табиғи емнің адам баласына пайдасы көп екенін дәлелдейді және қазақ ата-әжеміз сол заманда ол емнің пайдасын біліп,
орынды пайдалана білген.
Менің атам Ағажанов Қуанышбай өз уақытының білікті де, білімді кордиалог-ревмотологы, қазіргі таңда тыл ардагері
және ардақты әке. Атам мені осы медицина саласына кіші кезімнен жетелеп, оның қыр-сырымен таныстырып келеді.
Менің негізгі кірпішімді қалаушы – осы кісі. 2012жылы күз мезгілінде қан тамырларының тарылу себебінен әжем
Досмағанбетова Сатан инфаркт ауруына шалдықты. 10сағаттық күрделі де, сәтті аяқталған отадан соң әжемнің ағзасы
әлсіреп,әрі жиі шаршайтын болды. Көненің бірін көрген білікті екі дәрігер халық емін дұрыс деп санайды. «Таза ауа,
таза тағам адам баласын бар аурудан қорғайды» деген ой қалыптасқан атам көктем басталысымен сүлік алдырып, маған
сүлік салудың сырын үйретті. Әжем мен атама сүлік салып тәжірибе жинақтадым. Міне, осы бір қара құртпен достасуым
осылайша басталды. Менің ойымша,әрбір қазақ баласы ата-баба қалдырған ұлы мұраны біліп қана қоймай, оны қолдана
білуі тиіс.
Сүлік (лат. Hirudinea) – буылтық құрттар типінің бір классы. Табиғатта кең тараған 3 отряды, 5 тұқымдасқа бірігетін
400-ден астам түрі белгілі. Теңіздерде, тұщы суларда және топырақта тіршілік етеді. Еркін қозғалатын жыртқыштар не
жануарлардың қанымен қоректенетін эктопаразиттер. Денесінің ұзындығы 0,2 – 20 см. Бас және аналь бөлімдері
болмайды. Денесі 33 сегменттен түзілген, олардың алдыңғы төртеуі қосылып алдыңғы сорғышты, артқы жетеуі артқы
сорғышты құрайды. Денесін тығыз кутикула жапқан, оның астын эпителий астарлап жатады. Онда түрлі түсті
түйіршіктелген пигментті клеткалар орналасқан.
Сүліктердің түсі осы жасушаларға байланысты. Ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, артқы ішектерден тұрады.
Алдыңғы сорғышының түбінде орналасқан ауыз тесігі ауыз қуысына, одан жұтқыншаққа жалғасқан. Қоректену кезінде
Сүліктер жағымен (тістерімен) иесінің терісін тесіп, қанын сорады. Жүйке жүйесі және бұлшық еттері жақсы дамыған.
Денесінің алдыңғы жағында 1 – 5 жұп көздері бар. Тыныс алу органы дамымаған, бүкіл денесімен, ал теңізде тіршілік
ететіндері желбезектері арқылы тыныс алады. Зәр шығару жүйесі метанефридиялы. Жынысты жолмен көбейеді, іштей
ұрықтанады. Көпшілігі гермафродиттер, тікелей (дернәсілсіз) дамиды. Көпшілігі әр түрлі омыртқалы және омыртқасыз
жануарлардың қанын, сөлін сорады, араларында жемін тұтастай жұтатындары да бар. Сүліктер – кейбір балықтардың
жемі. Балықтар, құстар, сүтқоректі жануарларға тигізетін зияны да үлкен, олардың қанын сорса, жануарлардың өлуі де
мүмкін. Ал медициналық Сүлік (Hіrudo medіcіnalіs) бірқатар ауруларды емдеуге пайдаланады. Сүліктің бұл түрі сілекей
бездерінен гирудин деп аталатын, қанды ұйытпайтын ерекше белоктық зат бөліп шығарады. Гирудин затынан дәрі-
дәрмек жасайды.
Дене қуысы
Ішкі мүшелер аралығы дәнекер ұлпамен жалғасқандықтан, сүліктің денесінде қуыс жоқ, қуыстың қалдығы
қантамырлардың қалың торына айналған.
Мүше жүйелері
62
Асқорыту жүйесі ауыздан басталып аналь тесігімен аяқталады. Сүлік бүкіл денесімен газ алмастырады,кейбір
сүліктерде бүйір тынысалу көпіршіктері болады. Қантамыр және жүйке жүйелері күшті дамыған. Сүліктер-
қосжынысты, яғни гермафродит жәндіктер, іштей ұрықтанып, жұмыртқа салады, жұмыртқалары пілдемен қапталады.
Медициналық сүліктің 17 жұп зәршығару түтігі және қуығы бар.
Тері-бұлшықет қапшығы
Сүліктің тері-бұлшықет қапшығында сақиналы және бірыңғай салалы бұлшықеттен басқа қиғаш және арқасынан
құрсағына қарай созылатын бұлшықеттері де дамыған. Сондықтан сүлік сол бұлшықеттерді жиырғанда денесі
жалпайып, суда еркін жүзіп, еркін жүре алады.
Сүлік туралы аңыз
Халқымыздың бағзыдан келе жатқан сөз саптауларында «сүліктей сұлу», «сүліктей жұтынған», «сүліктей қаракөк
немесе сүлікқара», «сүліктей сорды», «сүліктей жылтыр» дейтін ауыспалы мағынадағы тіркестер кездеседі. Сүліктің
жып-жылтыр, мөлдіреген, қара түсті көркем бейнелері көз алдымызға келе қалады және оның өте жабысқақ екенін,
қадалған жерінен қан алмай қоймайтынын да нақты көрсетеді емес пе?! Олай болса ерте заманда-ақ көпшілік қауым
сүліктің сыр-сипатын, ерекшеліктерін жақсы тани білгендігіне күмәніміз жоқ.
Медициналық сүлік ретінде қолданылатын арқасында өрнегі бар сүлік туралы аңыз да бар екен. Ертеде Сүлеймен
пайғамбар алыс жолдан шаршап-шалдығып, аяғы ісіп келе жатқан соң, жолда кездескен көлшікке аяғын салып
демалады. Сол арада мызғып кеткен пайғамбар ояна келе, аяғының ісігінің де кетіп, бойындағы ауырлықтың да
жоғалғанын және денесі жеңілдеп қалғанын байқайды. Тек аяғының астында майда құрттар мен кішкене ғана қан ағып
жатқанын көреді. Риза болған Сүлеймен пайғамбар құрттардың арқа тұсынан сипап, ризашылығын білдіреді. Бүгінде
медициналық сүліктердің арқа тұсындағы өрнектердің пайғамбардың төрт саусағының іздерінен қалған белгі екен деген
аңыз бүгінге жеткен екен.
Сүлікпен емдеу ежелден бар әдіс. Египет фараондарының қабірі қабырғаларынан осындай емдердің болғанын растайтын
жазулар табылғаны ақиқат. Тағы бір тарихи деректі алға тартып көрелік. Үндістанның көп қолды Дханвантари емші
Құдайының бір қолында сүліктің суреті болса, бір қолында шөптің суреті бейнеленген екен. Демек, сүліктің көне
заманнан бастап емдік қасиеті болғанына бұлар бірден-бір дәлел емес пе?! Сүлікпен емдеу тарихында өрлеулер де,
құлдыраулар да болды. Емдеудің бұл тәсілінің өркендеген кезеңі деп ХVІІІ–ХІХ ғасырларды айтуға болады. Сол кезеңде
оларды көптеген ауруларды емдеу және аурудың алдын алу үшін, организмді тазалау мен жасарту үшін қолданғаны
белгілі. Би кешіне әзірленген сәнқойлар беттерінің ұшында қызғылт рең пайда болып, жанарлары жарқылдап тұруы
үшін құлақтарының сыртына сүлік салдырғаны белгілі, оның үстіне таңға созылған би кешінде олар шаршамайтын
болған.
Сүлік салу ғылымда «гирудотерапия» деп аталады. Тері бетіне жабысып алып, қан соратын бұл жәндікті көргенде, денең
түршігеді. Алайда медицина саласындағы сүліктің дәл осы қасиетінің пайдасын санамалай бастасаңыз, оның
пайдалылығына еріксіз сүйсінесіз. Латын тілінен аударғанда «gerudis» сөзі сүлік дегенді білдіреді.
Гирудотерапия қазіргі таңда кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда, хирургияда, гинекологияда, урологияда,
неврологияда, герентологияда кеңінен қолданылып, күретамыр және қан тамыр ауруларына, тері ауруларына, өкпе, бас
сақинасы, инфаркт, инсульт, глаукома секілді ауруларға таптырмас емге айналды. Тіпті соңғы кездері адамдар сүліктің
көмегімен арықтап, адам жасын жасартатын «сиқырлы емші» ретінде де пайдалануда. Бала көтере алмай жүрген
әйелдердегі қабыну процестерін емдеп, бітеліп қалған түтікшені ашады. Ер адамдардың ұрығының төмендеуіне,
белсіздікті емдеуге көмегі көп. Сүліктің ағзаға кері әсері жоқ. Сүлікті қажет деген жерге тек арнайы маман ғана салады.
Бұл жәндіктің емдік қасиетінің сыры адамның артық арам қанын сорып алып, қан айналысын жақсартатын
артықшылығына қоса, тағы бір кереметтілігі оның биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттерден тұратын
сілекейінде. Түрлі ферменттермен қатар қанның ұюына тосқауыл қоятын гирудин және 100-ге жуық биологиялық
пайдалы заттар сүлік сілекейінің басты артықшылығы болып саналады. Ол бір сағат ішінде адамның 15 мл-дей қанын
сорып алады, одан соң өзі ажырайды.
Сүліктің сілекейі қабынуға қарсы күресу, иммундық жүйені қоздыру, қан тамырларының склероздық үдерісін азайту,
қан ұю үрдісін болдырмау және ұйыған қанның түйіршіктерін езу қасиеттеріне ие. Ғалымдар сүліктің сілекейінен
дестабилаза деген фермент жасалып шығатынын анықтап отыр. Бұл фермент фибриндік қоюланған заттарды жою
дәрежесіне жеткізе алады. Сүліктің сілекейіндегі осындай қасиеттерді анықтаған дәрігерлер оны адам қанын азайтуға
және қанды ұйымайтын жағдайға жеткізу үшін пайдаланып келеді
Халық қазір сүліктің пайдасы оның дәрісінде екенін біледі. Қабынуға қарсы дәрілері бар. Мұның құрамында табиғи
антибиотиктер бар. Әйел адамдар гинекеологиялық қиындықтармен келеді. Ер адамдар урологиялық мәселелерімен
сүліктің көмегіне жүгініп жатады. Сүлік ағзадағы қанды сұйылта отырып, іштегі бітеліп тұрған, тамырлардағы қақты
түсіреді. Қант диабетімен ауыратын адамдарда қандағы қант мөлшері төмендейді. Қан сұйылу арқылы ағзада қан жүру
процесі жақсарады. Жүріп жақсарған қан әр түрлі органдарға барады да, ол енді пайдалы заттарды жақсы
тасымалдайды. Басы жиі ауыратын адамдар сүлікті басқа қою керек деп есептейді. Ол дұрыс емес. Ағзаның бүкіл
мүшелері бір-бірімен тығыз байланысты. Негізінде қытай медицинасына көп сүйенеді. Белсенді нүктелерге инемен
салады. Бауыр мен құйымшақ нағыз маңызды жерлер. Бұлар әмбебап нүкте. Сүлік салдырғанда адам түгелдей жеңілдеп
қалады. Зат алмасу реттеліп, қан қысымын жақсартады. Сүліктен кейін толық адамдар арықтап, арық адамдар
толықтайды. Біздің тәжірибеде сүлік салдырғаннан кейін операциядан қалған тігістің кетіп қалған кездер болды.
Бір адамға толық ем курсынан өту үшін 10 күнде 50 сүлік қойылады. Ем адамның қан құрамына байланысты жүргізіледі.
Қанды аз алу керек болса, сүлік те аз қойылады. Емді күнбе-күн үзбестен қабылдауға болады. Бірақ пациенттің көңіл-
63
күйіне және емді қалай көтеруіне байланыс-ты, арасына уақыт салып үзіліс те жасауға болады. Себебі, сүліктің дәрісі
адам денесінде 1,5 айға дейін сақталалады. Сондай-ақ, сүлікті гемофилия кезінде, яғни қан ұйымайтын адамдарға
салмайды. Бұл абсолютті қарсы көрсеткіш. Жүкті әйелдерге, қан қысымы төмендерге, сондай-ақ обыр ауыруымен
ауыратын сырқаттарға болмайды. Қан аз немесе өте жоғары кезде, есеңгіреп, талықсып кететін адамдарға қоюға
болмайды.
Қызық дерек
Гирудотерапевт маманның айтуынша, дүниежүзіндегі сүлікпен айналысатын, ұдайы өздері де сүлік қолданып жүрген
мамандардың барлығының дерлік жастары 80-нен асқан көрінеді. Бұл бәлкім сүліктің адам жасын жасартатынының
анық дәлелі болса керек. Мәселен, сүлік саласын зерттейтін, көптеген ғалым-профессорлар: израйльдік профессор
Рэгби, ресейлік ғалым Баскова, германиялық профессор Фриц, қытайлық профессор Ой секілді сүлікші ғалымдардың
барлығының дерлік жастары 70-80-нен асып кеткен көрінеді. Ал Нәзігүл Нұрахметқызының осы саланы таңдауына
себеп болған, талай жылдар сүлікті өзі де пайдаланған емші Бәкетай атасы 90 жасқа келген. Бұл жай сәйкестік пе әлде
сүліктің сиқыры ма?!
Сондай-ақ бүгінгі таңда ауырмай-ақ сүліктің көмегіне жүгінгісі келетін азаматтардың қатары да көбеюде. Себебі сүлік
салу емінен кейін адамның дене қызуы қалпына келіп, қан қысымы, қандағы қант мөлшері төмендеп, ұсақ қан қатпалары
жойылады, ісікке қарсы, ауырсыздандыру механизмдері іске қосылады екен. Негізінен, емге белсенді аш сүлікті
пайдаланады. Егер қанды аздап алу қажет болса, кішкентай сүліктерді аз уақытқа ғана қояды. Гирудотерапияны
гинекологиялық ауруларға қолдану кезінде әйелдер ауруларынан айығып қана қоймай, гормондық-зат алмасу процестері
жылдам қалпына келетіні байқалған. Екінші, бедеулік, эндометрит, эндометриоз тәрізді жатыр мен созылмалы
аурулардың алдын алумен қатар, сүлік кейбір жағдайларда негізгі ем ретінде де қолданылады. Әсіресе сүлік
операциялардан кейін тез жазылуға мүмкіндік береді. Сондықтан қазіргі таңда дәрігерлер операциядан соң, сүлік
салдыруға кеңес береді. Сүлікті қолданғанда науқастың жасына, қосалқы ауруына, денесінің салмағына, қан мен қан
қысымының көрсеткіштеріне және сүліктің жағдайына да көңіл бөлінеді. Жалпы, елімізде сүліктің 600 түрі белгілі
болса, соның бір ғана түрі медициналық сүлік ретінде қолданылады. Емге бір рет қолданылған сүлікті екінші рет
қолдануға болмайды, медициналық орталықтарда қолданылған сүліктер іле-шала жойылып отырады. Айта кетер жайт,
сүлік емінің ең арзаны біздің елімізде екен. Мәселен, Ресейде бір сүліктің емі 5-10 доллар аралығында болса, Еуропада –
10-15 доллар, Америкада 20 долларға дейін баратын көрінеді. Ал бізде бар болғаны екі-үш доллар көлемінде екен.
«1991 жылы Украинаның Донецк қаласында дүниежүзінің дәрігерлері бас қосқан үлкен жиын өтті. Сочи, Киев,
Мурманск, Тюмень, Ленинград, Хабаровск, тағы басқа Одақ көлеміндегі қалалардан келген дәрігерлер алдында
К.В.Селезнев, Г.А.Никонов, И.А.Баскова секілді Мәскеу медицина университетінің биохимия кафедрасының ғылыми
қызметкерлері баяндама жасады. Ресейдің сол кездің өзінде-ақ биофабрикалары бар екен. Сөйтіп, Бірінші Бүкіләлемдік
конгреске келген 70-тен астам тәжірибелі дәрігерлер сүлікті алдағы уақытта моллюск, жәндік немесе құрт деп қарамай,
ем-шара мақсатында қолдану керектігі жайлы әңгіме өрбітті. Гирудотерапия саласының мамандарын оқыту ісі
осылайша басталды. Өзбекстан, Қырғызстаннан келген ешкім болмады. Осылайша Орта Азиядан келген жалғыз дәрігер
ретінде мен сүліктің бірқатар емдік қасиеттеріне қанықтым. Инемен емдеу, суджок, балшықпен, шөппен, арамен емдеу
секілді дәстүрлі емес медицинаға енді сүлік те етене араласып, науқастың сауығуына тікелей ықпал тигізе алатындығын
дәлелдеп берді. Сертификат алып елге оралған соң менің гирудотерапияға қызығушылығым артты. Өйткені инемен
емдеу сияқты сүлік те биологиялық белсенді нүктелердің терісіне қадалады. Сонымен қоса қан құрамындағы қабынуға
қарсы қасиеттері бар және шлактар мен токсиндерден тазарта алады. Сөйтіп, сол кездегі №6-шы аурухананың (қазіргі
№12-ші емхана) бас дәрігері Мамаев Асылхан Мұхамедиярұлы сырқаттарды сүлікпен емдеп көру туралы айтқан менің
ұсынысыма қолдау көрсетті. Бір аптаның ішінде Әзірбайжаннан 3 мың сүлік алып, ем-шараларды бастап жібердік.
Нәтижесі ойдағыдай болды. Алайда Кеңестік империя тарап, әр республика өз көрпесін өзіне тартқан елде ауыр кезеңнің
орнауына байланысты 1995 жылға дейін жұмысымыз жүрмей қойды. «Аққайың» санаторийінде жұмыс істейтін Әліп
Шалабайұлы дейтін дәрігер жеке клиника ашқан екен, сол жерде бір жыл аянбай еңбек еттім. Еңбек өтілім және
тәжірибем жеткілікті әрі жоғары санатты дәрігерлік категорияларым болғандықтан, менің де жеке өзім жұмыс жасағым
келді. Әлі есімде қалалық денсаулық сақтау ісін басқаратын Носкова дейтін әйелге барып өтініш-тілегімді жеткіздім. Ол
кісі қабағын шытты. Өз ісімді жүргізе алатынымды дәлелдеу үшін ақыры Денсаулық сақтау министрлігіне бардым.
Бүкіл құжаттарымды байыппен қарап шыққан министрдің орынбасары Жанабаев дейтін азамат маған бірден 5 жылға
(тәртіп бойынша лицензия 3 жылға ғана берілетін-ді) лицензия берді. Осыдан кейін Абай мен Желтоқсан көшелерінің
қиылысындағы үйді жалға алып, 1997-2002 жылдар аралығында науқастарды сүлікпен емдей бастадым. Кейін ол үйді
иелері ақшаға сатып жіберді. Мен болсам несиеге қаражат алып осы Тимирязев көшесіндегі пәтерді сатып алып
жекеменшік клиникаға айналдырдым. Жалпы еңбек өтілімім 40 жыл десем, соның 21 жылын сүлікпен ем-шара жасауға
қолданыппын». Дәл осы тілдесуді оқыған соң мендегі потриоттық от одан қатты жалындады. Менің ойымша,
зерттеушіде, дәрігерде бір істі қолға алған кезде тек қызығушылық қана емес, өз халқына көмек көрсетемін, елімді
дамытамын деген патриоттық сезім болуы тиіс.
Сүлік салудың кезеңдері
Қазіргі таңда сүлік сырларының барлығы да мәлім болды. Оның медицинадағы қызметі мен биологиялық құрылысы
зерттеліп, пайдасы мен емдік қасиеті ғылыми дәлелденген. Гирудотерапиямен емдеу бірнеше факторлардан тұрады:
-Рефлекторлық
-Механикалық
-Биологиялық
Рефлекторлық іс-әрекетте сүліктің адам денесіндегі белгілі бір биологиялық нүктеге ғана тоқталатынын дәлелдейді.
Механика-рефлекторлық кезеңі ине-рефлексотерапиямен ұқсас. Механикалық іс-әрекетте сүліктің қан соруы айқын
білінеді. Биологиялық кезеңді медициналық сүліктің өзге сүліктерден ерекше биологиялық нәруызға бай сілекеймен
емдеуі қамтылады.
64
Медициналық сүліктің адам ағзасына тигізер пайдасы орасан зор. Әрбір қабылдауда сүлік адамның ағзасын 15 түрлі
аурудан сақтайды:
-коагуаляцияның алдын алады(қанның ұюының алдын алады)
-тромбаларды ыдырату(ұйыған қанды ыдыратады)
-ишемияға қарсы(жүрек ауруларына қарсы)
-гипертензия(қан қысымын орнына келтіру)
-ісікке қарсы
-дренаж(бітеуге қарсы)
-микроцеркуляцияны орнына келтіреді
-майды ерітеді
-жүйке жүйесін қалпына келтіреді
-жалпы рефлексторлық
-зат алмасуды жиілетеді
-зақымдалған микроағзаларды өлтіреді
-иммунитетті көтереді
-ауырсынуға қарсы(обезболивающее)
Бірінші – рефлекторлық іс-әрекет: сүлік адам терісіндегі белгілі бір биологиялық нүктені тістейді. Дәл сол нүктеге ине-
рефлексотерапевттер өзінің ине салатын кезінде адам ағзасындағы аурулардың алдын алу және жүйке-жүйесін
тыныштандыру үшін салады. Осы керемет дарыны үшін сүлікті «Тірі ине» деп те атайды.
Екінші – биологиялық іс-әрекет: сүлік тістеп болған соң оның биологиялық сырға ие сілекейі ауырсынуды
басады,сілекейі 20 түрлі адам ағзасына пайдалы нәруыздардан тұрады. Осы ферменттер тромболарды ыдыратады,
қандағы холестирин мен қантты азайтады, суықтау кезеңінде асқынудан сақтайды, ағзаны қайта қалпына келтіреді.
Үшінші – механикалық іс-әрекет: сүлік адам ағзасындағы «жаман» қанды сорады. Мұндай механикалық кезеңнен соң
қан айналымы теріде және адам ағзасында жақсы білінеді. Медициналық сүліктің сілекейінің негізгі сыры
коагулияцияның алдын алатын нәруыз, ол қанды сұйылтады және тағы бір фермент – қандағы холестеринді азайтады
және көңіл-күйді көтереді, микрацеркуляцияны жақсартады, иммунитетті қорғайды.
Сүліктің өте үлкен емге ие 3 іс-әрекеті бір уақытта жасалынады. Бірақ, бір ғана қабылдаудан соң толық ем алу мүмкін
емес. Орташа курс - аз деген де 10 қабылдау. Бірден бірінші қабылдаудан соң ем қабылдаушыда жақсы көңіл-күй
қалыптасып, реңі өзгеріп, өзін еркін сезінеді. Үшінші-төртінші қабылдаулардан соң адам ағзасындағы қайта қалпына
келтіру процессі толық орындалады. Емге ие нәруыздар күштерін толықтырып, екі айдан соң жасушаларда өз
жұмыстарын атқарады және де қабылдаушы сегіз-он ай герудотерапияның емдік әсерін сезіне алады.
Сүлік салу тәртібі:
Сүлікті қарақұсқа салғанда құлақтың шеміршегінен 1 сантиметр артқа қояды.
Сираққа тамырдан 1 сантиметр қашықтыққа шахмат тәрізді етіп сүлік салады.
Миокард инфаркті кезінде немесе осы ауруға шалдығады-ау дегенде сүлкті жүрек үстіндегі кеуде терісіне, 3-ші және 5-
ші қабырға аралығына, төс сүйектен солға қарай 1 сантиметр өлшеп барып салады.
Тромбофлебит ауруында тромбымен бітеліп қалған вена қан тамырларынан бір сантиметр өлшеп, осы тамырдың екі
жағынан да сүліктерді қояды.
Жүрек ауруларының салдарынан ұлғайған бауырға арнап сүлікті кеуденің оң жағындағы қабырғалардың астындағы
теріге жабыстырады.
Есте болатын жағдайлар:
Тұщы суға салынған сүлікті ұстап, денеге салар алдында пинцеттің көмегімен оны пробирка ішіне енгізу қажет.
Пробиркаға құйрық жағымен ен-гізгенде сүлік бас жағымен өзі шығуына жеңіл болады. Салатын жерге жақындатып
әкелген пробирканың түбін көтер-се болды, сүлік глюкозамен сүртілген тәтті денеге өзі ұмтылып, теріні тістеп, жабыса
бастайды.
Бір қолданылған сүлікті екінші рет пайдаланбайды. Оны формалинге, мүсәтір спиртіне немесе тұзды суға салып, су
құбырымен ағызып жібереді
Сүлікті сақтау
Сүлікті сулы ыдысқа салып қояды. Сырқатты емдеу үшін аш сүліктер қолданылатындықтан, олар 2-3 ай суда қалқып
жүруге тиіс. 3-5 литрлік банкіде 300-ге дейін сүлік ұстайды.
Сүлік сақталған судың құрамында хлордың болмауы керек.
Және де оның жылылығы бөлме жылылығындай болмау керек. Ыдыстағы суды 24 сағат сайын ауыстырып отырады.
Ыдыстың бетін темір тормен немесе дәкемен жауып қояды. Мамандардың айтуынша, сүлікті тұндырып қайнатылған
температурасы 18 градус су құйылған таза ыдыста – банкіде сақтап, сүліктердің ауырып қалмауын және бөлмеде
тыныштық болуын қадағалап отырады. Бөлмеде қатты шу болса, сүліктер бұралып қалады, аш болса да қан сора
алмайды.
Сүлікті сақтап қою үшін сиым-дылығы 50-100 мл. ыдыс қажет. Банкіден қысқашпен емес, қолмен 8-12 сүлікті таңдап
алып, адам денесіне салады. Үлкен сүліктер артық арам қанды жақсы сорады. Емдеуге сау сүліктер қолданылады. Дені
сау сүлікті түрткілесе қозғалып, жылан сияқты қимылдап, қысқарып, жуандайды.
Достарыңызбен бөлісу: |