Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ  ОЙЫНДЫ БАСҚАРУ МІНДЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет9/33
Дата28.01.2017
өлшемі9,52 Mb.
#2929
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ  ОЙЫНДЫ БАСҚАРУ МІНДЕТТЕРІ
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай  селосы,
«Балбөбек» балабақшасының әдіскері Мұқанова Гүлсім Бақытқызы
Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Сол   жас тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы  
баспалдағы- балабақша. Кез-келген бүлдіршін үшін балабақша тәрбиесі ата-анасынан берілген тәлім-тәрбиені жалғастыра  
отырып, жандандыратыны сөзсіз.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «  
Мектепке   дейінгі   тәрбие-   үздіксіз   білім   берудің   алғашқы   сатысы.Ол   баланың   жеке   жас   ерекшелігін   ескере   отырып  
дамытатын   орталық»   деп   атап   көрсеткендей   мектеп   жасына   дейінгі   балаларды   оқыта   отырып,   тәрбиелеу   балабақша 
тәрбиешілеріне үлкен жауапкершілікті жүктейтіні сөзсіз. «Тәрбиеші әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш,  
қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек.
             Мектепке дейінгі жаста балалар қоршаған орта жайлы көптеген мағлұмат алады.Олардың ой-өрісі кеңейе Әр түрлі  
ойындар, серуенге экскурсияға шығару мектеп жасына дейінгі балалар үшін өзінше сабақ болады. Бұл жұмыстар балалар  
бақшасында белгілі бағдарлама бойынша жүргізіледі және балаларды әрі қарай мектепке оқуңа дайындайды. Бала өзінің 
айналасындағы   заттармен,   олардың   маңызымен   және   өмірде   не   үшін   қолданылатынымен   танысады.   Мектепке   дейінгі 
балалық   шақта   адамның   жеке   тұлғалық   қасиеттерінің   негізі   қалыптасады.Осы   кезеңде   ойын   жетекші   іс-әрекет   ретінде  
қалыптасқан жағдайда ғана олардың дамуына кең мүмкіндік береді. А.Н.Леонтьев бұл жайында мынадай пікір білдіреді: 
“Ойын баланың жетекші іс-әрекеті болу үшін, ойынды басқаруды үйрену керек,ол үшін ойынның даму заңдылықтарына 
бағыну қажет, олай болмаған жағдайда оны басқару емес, ойынды бұзуына әкеліп соғады.”
         Қазіргі кездегі мектепке дейінгі педогогикада ойынды басқаруда әр түрлі теориялық тәсілдер қалыптасуда. Осыған 
орай, іс-тәжірибеде бірқатар әдістер қолданылады: олардың біразы жекелеген авторлардың ұсыныстарынан алынады.
    Мектепке дейінгі педогогикада бала ойынын басқарудың әр түрлі жолдары бар.Ойынды кешенді басқаруға оның 
қалыптасу процесіндегі бір-бірімен жалпы мазмұны бойынша байланысқан төрт құрамы жатады. Оларды төмендегідей 
сызба арқылы көрсетуге болады:
  Ойынды кешенді басқарудың мазмұны ойын дамуының әр түрлі кезеңдерінің балалардың ойындық тәжірибесін байыту 
ерекшелігіне арналған .Балалар қандай ойындық тәжірибе алу керек деген сұраққа жауапты балалардың ойындық 
тәжірибесін дамытудың негізгі бағыттарынан табуға болады.
  Балалардың ойындық тәжірибесін қалай дамытуға болады?
   Міндетті түрде қойылатын талап- баланың ойынға белсенді қатысуы. Ересек адам ойнап , балалар тек қарап отыратын 
ойындар тиімді бола алмайды. Тәрбиеші ойын барысында баланың орнына ештеңе орындамауы керек, ол тек көмек бере 
алады! Үйрету ойын түрінде , білінбей өтуі қажет.
        Ойын процесінде тәрбиешінің балаларды белсендіретін қарым –қатынасын ұйымдастыруына қойылатын негізгі 
талаптар:
1. Тәрбиеші балалармен ойын ынтымақтастығына енеді, олармен диалог құрастырады.Педогог ойын барысында балаларға 
өзін көрсетуге еркіндік беру қажет.
2.Қарым-қатынас мақсатты , дәлелденген болу үшін тәрбиеші оны алдын-ала ойластыруы қажет,яғни қарым-қатынасты 
ұйымдастыру алдын ала жоспарланады.
42

3.Белсендіретін қарым-қатынасқа уақытында, балалар білмей қиналып тұрғанда немесе бұрынғы ойын дағдыларын 
қолданатын кезде кірісу қажет.Бұл тәрбиешінің ойнаушылардың қасында болып , бәрін байқап тұруын қажет етеді.
4.Ойын кезінде балалардың ойларын бұзбау үшін және ойынның сюжеттік және психологиялық мазмұнын байыту 
мақсатында ойнаушыларға дұрыс бағыт беру үшін тәрбиеші ойынға сыпайы, әдепті кірісуі қажет.
    Ойын міндеттері- ойында көрініс табатын өмірден алынған кішігірім оқиға. Осы жаста ойын міндеттері мазмұны 
бойынша қарапайым болып келеді –қуыршаққа тамақ беру , оны ұйықтату, т.б. Ойын міндеттерінің мазмұны қоршаған 
ортадан алынады.Ойындарды балалар әр түрлі ойын міндеттерін қояды, бұл қоршаған орта туралы алған әсерлеріне тікелей 
байланысты: олар неғұрлым бай болса , ойын міндеттері соғұрлым көп болады.    Бүлдіршіндермен үйрету ойындарды 
өткізу барысында тәрбиеші төмендегідей талаптарды орындауы қажет:
  -балаларды ойын жағдайына міндетті түрде енгізу;
  -балалар өздері әлі шеше алмайтын, ересек адамның көмегін қажет ететін жағдайлар ұсыну;                                                       
- балаларды белсенді түрде ойынға қатыстыру.Ойындарды үйрету кезінде алған білімдері мен тәжірибесін балалар өз 
бетінше ойнайтын ойындарда пайдаланады.      Айналамен таныстырудың ең тиімді түрі- бақылау болып саналады, себебі 
бүлдіршіндердің қабылдауы тура, ойлау қабілеті нақты болып келеді. Қоршаған ортамен таныстыру процесінде балалардың 
пассивті бақылаушы болмауы өте                                                                                                                                                   
Сюжеттік-көрсету ойынында балалардың өз бетімен жұмыс істеуді дамыту керек.Шынайы өмірде  біз балалардан «Өзім 
істеймін!» дегенді жиі естиміз, ойында да олардың өз бетінше ойнауға құқы бар. Балалардың өз бетімен жұмыс істеуін 
дамыту мақсатында ойында тәрбиеші басқарудың келесі міндеттерін атқарады:                                                                               
-әр баланың түрлі ойын міндеттерін қоюдағы өз бетінше жұмыс істеуін дамыту,
 -балаларды қойылған ойын міндеттерін шешу үшін әр түрлі заттық тәсілдерді өз бетінше таңдауға 
ынталандыру.Балалардың өз бетінше жұмыс істеуін ойын барасында қалай дамытуға болады?                                                      
Мұндай күрделі жұмысты ұйымдастыруда нақты бірізділік болу керек.Бала жаңа бір нәрсе үйреніп жатқанда , оған ересек 
адаммен ынтымақтастық қажет.Бұл кезде тәрбиеші ойын міндетін қоюға көмектеседі, оны қандай тәсілмен шешуге 
болатынын көрсетеді.Мұндай жағдайда ересек адам ынтасын білдіреді, ал баланың әлі өз бетінше жұмыс істеуі білінбейді, 
себебі оның ойын дағдылары толық қалыптаспаған.Бала ойын міндеттерін қоюды үйренгенде, оған өз бетінше жұмыс 
істеуге барынша мүмкіндік беру керек.
  Ойынды басқару  бағыттары:
1.Ойын мазмұнын байыту ,ойын міндеттерін шешудегі заттық тәсілдерді қалыптастыру,өз бетінше жұмыс істеуін 
дамыту,ойында өзара әрекетке ынталандыру
    Ойынды басқару міндеттері:
1.Күнделікті өмірдегі оқиғаларды ойында қолдануға ынталандыру және заттардың қасиеттерін меңгерту.
2.Балаларға әр түрлі ойын міндеттерін қоюды үйрету (жекеленген және байланысқан, репродуктивті және қарапайым 
инициативті) 
3.Ойын әрекеттерін әр түрлі « орынбасар» заттармен уақытында қалыптастыру
4.Ойын әрекеттерін әр түрлі мазмұнды ойыншықтармен байыту
5.Кейбір ойын әрекеттерін сөзбен ауыстыруы тиімді екенін түсіндіру
6.Ойын міндеттерін қоюда балалардың өз беттілігін дамыту.
7.Құрбыларының ойындарына қызығушылығын көтермелеу
11.Бір-біріне кедергі жасамай ойнауға үйрету.
          Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру 
ойынды өткізу болып табылады.Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардыңбелсенділігі және олардың іс-
әрекеті болып табылады.Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану 
үлкен нәтиже береді.Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері 
қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
* * * * *
СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚ  ТАҚЫРЫБЫ:  
«ӨЗ ОЙЫНЫМЫЗ» ПӘНІ: ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП
Құрастырған: Нұрмағамбетова Камила Абдіғазықызы –
 Ақтөбе техникалық колледжінің қаржылық есеп пәні оқытушысы
Пән:  Қаржылық есеп Тақырып: «Өз ойынымыз (Своя игра)»
Cабақтың типі:  аралас  Оқыту әдісі:  интеллектуалды ойын
Сабақтың мақсаты:   білімділік:  пәнге қызығушылығын арттыру, қаржылық есеп туралы түсініктері мен білімдерін кеңейту, 
оқушылардың ұшқыр ой, белсенді біліктілігін арттыру;
тәрбиелік:  ұжыммен жұмыс жасауға, сыйластық пен адамгершілікке және жауапкершілік пен міндетін сезінуге бағыт беру.
дамытушылық:  логикалық, шығармашылық, ой-өрісін, икемділігін  және кәсіптік ойлау  қабілетін дамыту;   
Пән   аралық   байланыс:   Бухгалтерлік   есеп   негіздері,   Салық   жане   салық   салу,   Экономика   негіздері,   Информатикалық  
технология, Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі, шет (ағылшын) тілі,  т.б. 
Квалификациялық талаптар бойынша: білу керек: негізгі құралдар, қорлар, дебиторлық берешек, міндеттемелер, табыс және 
шығыстар есебін; 
орындай білу керек: кәсіпорынның шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуін; 
Сабақтың оқу жабдықтары:ҚР «БЕ пен қаржылық есептілік туралы» заңы № 234-ІІІ 28.02.2007 ж.;   
ҚР Қаржы министрінің 23.05.2007 ж. №185 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары; 
интерактивті тақта;  үлестірмелі материалдар;  сызбалар, кестелер;   электрондық нұсқадағы слайдтар;
электрондық нұсқадағы кезең тапсырмалары, тест сұрақтары, т.с.с.
43

Көрнекілік құралдар:  экономикалық ойшыл ғалымдардың сөздері жазылған плакаттар, т.б.
САБАҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
ІІ. Сабақты ұйымдастыру:
оқушылармен сәлемдесу      
оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру     
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  
1-тур (кезең): Алдын-ала екі топқа бөлінген оқушылар топ басшысын тағайындайды. Үй тапсырмасы бойынша алдын-ала  
екі команда өздерінің топ басшысын тағайындайды. 
Үй тапсырмасы бойынша өздерін таныстыру үшін  команда капитандарына сөз беріледі. 
Рахмет!  Командалар  құрамымен таныстық.
Кезекті әділ қазыларға береміз.  
«Теңге» командасына  берілген ұпай саны         _______
 «Бухгалтер»  командасына берілген ұпай саны   _______ 
Сонымен  сайысымыздың  ІI турын бастаймыз.
ІI турымыздың шарты:  Екі команданың капитандарына жеке тапсырма беріледі.  
Бұл тапсырма тест сұрақтарынан тұрады және жауап беруге 10 минут уақыт белгіленген.  Әрбір дұрыс жауап үшін 10 ұпай 
беріледі. 
  Кезекті әділ қазыларға береміз.  
 «Теңге» командасына  берілген ұпай саны         _______
 «Бухгалтер»  командасына берілген ұпай саны   _______ 
Міне, белестен өтіп, асуға жеттік!  Ендігі кезекті IIІ турға берсек.
ІII-турдың шарты:  Бұл турда командалардың  ұяшық таңдауы арқылы орындалады.   
Бұл тапсырма қаржылық есеп пәні бойынша 5 тармақтан  тұрады. 
Бір тармақта 5 ұяшық.  Осы әр ұяшықта 1 сұрақтан, барлығы 25 сұрақ.   
Әр топ 12 сұраққа   жауап береді.
Әр сұрақтың жауабын ойлануға 1 минуттан  уақыт  беріледі. 
Әрбір ұяшықтағы сұрақтың дұрыс жауабына сол ұяшықтың белгілеріне сәйкес ұпай саны беріледі.
 3-тур бойынша нәтижесін білу үшін қазылар алқасына сөз берейік.
IV турдың да кезегі жетті.  Бұл тур «Тіл-өнер» деп аталады, білім алушылардың тілге деген жетістіктері тексеріледі. «Екінші 
тілді білу - екінші өмір сүру» деп айтылғандай, тіл білген адам үлкен жетістіктерге жетеді. Бұл тапсырманың ерекшелігі топ  
оқушылары  «Poyer Pont» бағдарламасымен қаржылық есеп пәнінен құрастырылған сұрақтардың жауабы үшін 100, 200, 300, 
400, 500  ұпай мөлшерін өздері таңдайды.  
Топ  оқушылары  сұрақтарға  дұрыс  жауаптарын  таңдау,    қажетті   сөзді   табу арқылы  және   слайдтарда  көрсетілген сурет-
кескіндер бойынша  шоттарын анықтайды және сол сөздердің орыс және ағылшын тіліндегі баламаларын атайды. 
Әр командаға кезекпен 5 сұраққа жауап  береді және әрбір сұраққа ойлану уақыты 1 минут.  Егер берілген сұраққа жауап  
бере алмаған жағдайда, келесі команда сол сұраққа жауап беруге мүмкіндік алады. 
Бұл команда да сұраққа жауап бере алмаса, ұпай санын тіккен алдыңғы командаға  қалауынша жеңілдік, яғни 3 мүмкіндік  
беріледі. Берілген әрбір жеңілдік үшін 100  ұпайдан шегеріледі. Ал мүлде жауап берілмеген жағдайда ұпай саны жойылады,  
яғни қосылмайды.
  IV турымыздың нәтижесін жариялауға қазылар алқасына сөз берейік.
    Қорытынды ұпай санын жариялайтын кез жетті. Құрметті әділ қазылар алқасы, сөз кезегі сіздерде.
«Теңге» командасы  _____  ұпай.   «Бухгалтер» командасы ______  ұпай.
Ендігі кезекте   V- турымызды бастаймыз. Ал қане,   кім жылдам?     Екі топтан 2 қатысушы ортаға шақырылып, оларға 
конверт ұсынылады.  Бұл турдың шарты: бухгалтерлік термин сөздерді  анықтау. 
5 минут ішінде бір топ «А» әрпінен; екінші топ «Б» әрпінен басталатын, бухгалтерлік термин сөздерді  анықтап, жинақтау  
қажет. Анықталған әрбір  термин бойынша 10 ұпайдан  беріледі.
V тур  нәтижесін жариялау үшін кезек қазылар алқасына беріледі .
Әділ қазылар алқасы қорытынды ұпай санын дайындағанша, екі топ өздерінің сұраныстары бойынша бір-біріне ризашылық,  
ілтипат білдіру үшін музыкалық өнерлерін көрсетеді. 
ҚОРЫТЫНДЫ ҰПАЙ санын жариялайтын кез жетті. Құрметті әділ қазылар алқасы, сөз кезегі сіздерде.
«Теңге» командасы         -        _______    ұпай.
«Бухгалтер» командасы    -         _______    ұпай.
   * * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: ҮЙ ҚҰСТАРЫ 
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№89 «Шамшырақ»  бөбекжай- балабақшасы
Нұршабаева Айжан Бекмаханқызы 
Білім беру саласы: Таным.Әлеуметтік орта.Қатынас.Шығармашылық.
Білім бөлімі : Тіл  дамыту,қоршаған ортамен танысу, жапсыру
Тақырыбы   : Үй құстары 
Мақсаты: Білімділігі: Балалардың тақырып бойынша білімін қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оның 
әсемдігін сезінуге,  үй құстарының түрлері мен ерекшеліктерін есте сақтауға баулу. Үй құстарының тіршілігі, іс - әрекетімен  
таныстыру.
Дамытушылығы: Балаларың ой - өрісін, логикалық шығармашылық қабілетін дамыту. Ойлау белсенділігін, 
44

қызығушылығын, қиялын дамыту. Сөздік қорын байыта отырып, байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелігі: Құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. 
Блингвалды компонент : құстар-птицы-birds ,тауық-курица- chicken
Әдіс –тәсілі :Түсіндіру, әңгімелесу, көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: үй құстарының суреті,тордағы тотықұс,тауық, кубик пішініндегі құстардың суреті, құстар бейнеленген 
буклет.
Шаттық шеңбері: Қуанамын мен күнде,
                               Бұлбұл  құстың үніне,
                               Бейбіт елге мол шуақ,
                               Төгіп тұрған күніме.
Тәрбиеші: Құс ұясын бұзбайық өлеңін оқып береді.
                   Ей,балалар,балалар!
                    Аман болсын аналар!
                    Құстарда да ана бар,
                    Құстарда да бала бар,
                    Кім сүймейді баласын?!
                    Осылар еске түскенде,
                    Бір ойланып қаласың!
Балалар  үй құстары туралы қандай тақпақ білесіңдер? (Балалар тақпақ айтады)   -Жарайсыңдар, балалар!
Тәрбиеші: енді біз бейне экран арқылы «Маймақ қаз» мультфильмін тамашалайық.
Тәрбиеші : сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнын,кейіпкерлерін атайды.
Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерін іс-әрекетін сомдайды.
Суретпен жұмыс (тақтаға үй құстарының суреттері ілініп,үй құстары жайлы әңгімелету,балапандарын санатып,түстерін 
сұрау).
Ғажайып сәт .Әдемі музыка ойнап,топқа тауық келеді.
Тауық: менің жұмыртқаларымды ұрлап кетті.Табуға көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: тауық біз саған көмектесеміз.
Олай болса тауыққа өз қолымызбен жұмыртқа жасап берейік.
Ол үшін бізге жұмыртқаның суреті,мақта,желім керек.(шығармашылық жұмыс)
Сергіту сәті .Би «Шөжелерім»    Дидактикалық ойын «Балапандарын тап.»
Ойынның шарты :бейне экраннан тауық,қаз,үйрек,түйетауық және олардың  балапандарының суреттері көрсетіледі.Оларды 
сәйкестендіру.
Мақсаты :балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Балаларға сұрақ қою арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылап, мақтап мадақтау.
Балаларға  көңіл – күй смайликтері  таратылады. Сол смайликтерді тақтаға ілу арқылы бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінен алған әсерлерін білдіру. 
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: § 25 КРЕМНИЙ, ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫ, 
АТОМ ҚҰРЫЛЫСЫ, ҚАСИЕТТЕРІ.  §26 КРЕМНИЙДІҢ ОТТЕКТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ. 
КРЕМНИЙ ОКСИДІ. СИЛИКАТ ӨНДІРІСІ
Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі
Хамза Санбаев атындағы орта мектептің химия 
пәнінің мұғалімі Құсайын Ардақ Ұзақбайқызы
 Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушылардың ІV топтың негізгі топтасына кіретін элемент 
кремний және кремний диоксидінің физикалық, химиялық қасиеттерімен таныстыру, химиялық элементтер жөнінде білімін 
тереңдету.
ә) дамытушылығы:  Оқушылардың  іскерлігін,  ойлау,   қабілетін,  ой-өрісін,   шығармашылық   мүмкіндігін  арттыру.   Химия 
пәніне қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелігі: Оқушыларды жеке және топпен жұмыс істеу дағдысына, өзара көмекке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ    Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тапсырмалар, есептер шығару, сауалнама жұмысы.
Сабақтың көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақтадағы слайдтар, буклет, 
Сабақтың жүру барысы    І Ұйымдастыру бөлімі
І кезең «Ой шақыру» Үй тапсырмасын сұрау   ІІ кезең «Ұғыну»Жаңа тақырыпты түсіндіру
ІІІ кезең «Мағынаны тану»Жаңа сабақты бекіту
ІV кезең «Білімді тиянақтау» Есеп шығару
V кезең «Түйсіну» Химиялық диктант
І кезең «Ой шақыру» Менен сұрақ, сіздерден тез жауап?
1.Кім деген ғалым қай жылы көміртектің табиғатын зерттеді? (1780 ж. А.Лавуазвье)
2. Көміртектің периодтық жүйедегі орнына сипаттама беріңіз?
3. Көміртектің тотығу дәрежелері қандай, формуласын айтыңыз?
(-4;0, +2;4,) СН
4
, С, СО, СО
2
4. Көміртектің бірнеше аллотропиялық түр өзгерістері қандай? (алмаз, графит, карбин, фуллерен С
60
)
5.Көміртек қандай заттармен әрекеттеседі? (жа
йзаттармен, күрделі заттармен)
6. Метанның физикалық қасиеті қандай? (СН
4
, иіссіз, түссіз газ, шалшық немесе кеніш газы деп аталады) а) Суда 
ерімейді, ауадан жеңіл газ 
45

D(ауа) 
СН

=  = 0,55
7. Көміртектің қандай оттекті қосылыстары бар?  Формуласы қандай? (СО,СО
2
)
8.СО (иіс газымен) уланғанда қандай белгілер байқалады. 
а) бастың қатты айналуы;  ә) шектен тыс бозару;  б) кейбіреулерде жүрегі айнып, құсады;
в) естен танып қалу, г) газ ұзақ уақыт әсер еткенде адам өліп кетуге де мүмкін.
9.СО
2
-оксидін қалай алынады? 
1)  жану реакциясы С +О
2
→ СО
2
 
2) карбонаттар айырылғанда СаСО
3
→СО
2
↑+ СаО
3) зертханада СаСО
3
 + 2НСI → СО
2
↑ + СаСI
2
 +Н
2
О
4) негіздің тұздар айырылғанда
(СuOH)
2
CO

→CO
2
+2CuO+H
2
O
5) органикалық заттар жанғанда СН
4
+2О
2
→СО
2
+2Н
2
О
10.Көміртектің   қай   оксиді,   тұз   тұзбейтін   оксидке   қайсысы,   қышқылдық   оксидке   жатады?(СО-тұз   түзбейді,   СО
2
-
қышқылдық оксидке жатады)
 11) Са (НСО
3
)
2
 → СаСО
3
↓ + Н
2
О+СО
2

12) Судағы ерітіндісінде Н
2
СО
3
-ның сатылап диссоциялану теңдеуін жазыңыз?
2.Тест тапсырмасын орындату.
ІІ. «Ұғыну кезеңі»  Жаңа тақырыпты түсіндіру.
+14 Si   )     )      )      Si  -дің электронда орналасуы
           2е
-
    8е
-  
  4е

    1 s
2
             2 s

           2 p
6
                            3 s

             3 p
2
                            
-
Электрондық формуласы
-
Графикалық формуласы
Si  -дің тотығу дәрежелері: - 4, 0, + 2; + 4,
Мыс:  + 2 H
2
 → Si
-4
H

4
 
 (силан)
  2Si + О
2
→ 2Si
+2
О
-2
    Si + О
2
→ Si
+4
О
-2
2
Алынуы:
Зертханада:  SiО
2
+2Mg→ Si +2MgO
Өндірісте:  SiO
2
+2C →Si+2CO
Химиялық қасиетті:
ә) жай заттармен:
1) Si+О
2
→SiО
2
                 кремний оксиді
2) Si+2F
2
→SiF
2
кремний фториді
3) Si+С→SiС
                карборунд
4) Si+2Mg→Mg
2
Si магний силициді
ә) күрделі заттармен әрекеттеспейді
Сілтінің ерітіндісімен қыздырғанда әрекеттеседі.
Si +2NaOH +H
2
O→Na
2
SiO
3
+2H
2
↑натрий силикаты
Қолданылуы:
•Темір, болат өндірісінде қолданылады.
•Жартылай өткізгіштер дайындау үшін пайдаланылады.
•SiС-карборунд-бұрғылар, тегістегіш заттар жасауда, стоматологиялық құралдар өндірісінде, отқа, қышқылға төзімді заттар 
алады.
Кремний оксиді – құм SiО
2
О = Si  = О силикагель
t
0
1)
SiО
2 + 
2 NaOH→Na
2
SiO
3
+H
2
O
      t
0
2)
SiО
2 + 
Na
2
 CO
3
→Na
2
SiO
3
+CO
2

3)
SiО
2 + 
4 HF→SiF
4
+2H
2
O
Кремний қышқылы – H
2
SiO
3
 (метакремний қышқылы)  Іркілдек (коллоид) күйінде болады.
Алынуы  H
2
SiO
3
1)
Na
2
SiO
3
 +2 HCI → H
2
SiO
3
↓ + 2 NaCI
H
2
SiO
3
H
+
+ HSiO
3
-
HSiO

-   
 
H
+
+ SiO
3
2-
Na
2
SiO
3
+ H
2
O+2CO
2
→NaHCO
3
+ H
2
SiO
3

                                                      ақ тұнба
H
2
SiO
3
→H
2
O+SiO
2
Силикат өндірісі
ІІІ кезең. «Мағынаны тану» Жаңа сабақты бекіту(Тест)
1.SiO
2
 + ...  → Si+2CO                                              A. O
2
2. SiO
2
+….. → Si+2MgO                                           B. CaO
3. Si+…. →  SiO
2                                                                                        
C. 2Mg
4. SiO
2
+……→ CaSiO
3                                                                          
Д.2C
46

5.SiO
2
+….. → Na
2
SiO
3
+H
2
O                                       Е. CaCO
3
6. SiO
2
+…..→ CaSiO
3
+CO
2
↑                                       Ж. CaCI
2
7. Na
2
SiO
3
+…..→ Na
2
CO
3
+H
2
SiO
3
↓                           З.2NaOH 
8.Na
2
SiO
3
 + …..→CaSiO
3
 +2NaCI                              И.H
2
CO
3

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет