Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата21.02.2017
өлшемі9,29 Mb.
#4602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

3.Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды.
Себебі,әр ұлттың тілі-оның бақыты, тірегі.
1-оқушы:Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
2-оқушы:Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
4.Білгенге маржан(Грамматикалық сұрақтар)
Бұл кезеңде интерактивті тақтадағы кестеде сұрақтар жасырылған, әрбір тордың белгіленген саны бар. Егер топтың 
ойыншылары таңдаған тордағы сұраққа жауап берсе, тордың бетіндегі ұпай саны қосылады. Әрбір санның астындағы 
жасырылған сұрақтар.
1.Бірінші буыны бұйрық етістік,екінші буыны сұраулы шылау.Екеуінен жемістің аты шығады.
2.Оңға қарай оқысаң да бір- халық.
Солға қарай оқысаң да бір-халық.
3.Мақалды аяқтаңыз.Жеті жұрттың тілін біл………. .
4.Мына сөйлем қандай сөйлем.Сен нешінші сыныпта оқисың?
5.Сөйлемді дұрыс құраңыз; тұрады,ұлттар, Қазақстанда,тату,барлық.
6.Қазақ тілінде, егемедікке,Қазақстаннан сөздері қай септікте тұр.
7.Сөйлемдегі сын есімді айтыңыз.Аняның көйлегі әдемі.
8.Тосын сый.
Берілген сызбалар бойынша сөз тіркесін құрастыру.Дайындыққа уақыт беріледі.
Зат есім/Сын есім Зат есім/етістік
Сан есім/зат есім Есімдік/Зат есім
Зат есім/Зат есім Зат есім/Зат есім
Есімдік/Зат есім Сан есім/Зат есім
Зат есім/Етістік Сын есім/Зат есім
5.Кім көп біледі?» Мақалды жалғастыру.
1-топ
1.Ана сүті бой өсіреді………..(ана тілі ой өсіреді).
2.Жаман көлдің суы ащы,……….(жаман адамның тілі ащы).
3.Ақыл көркі тіл,……….(тілдің көркі сөз).
4.Ағаны көріп іні өсер,……….(Апаны көріп сіңілі өсер).
5.Ана жақсылығын …………..(Ауырсаң білесің).
2-топ
1.Бас кеспек болса да,………..(тіл кеспек жоқ).
2.Жақсы байқап сөйлейді………(жаман шайқап сөйлейді).
3.Таяқ еттен………(Сөз сүйектен өтер).
4.Ата-бәйтерек,…….(Бала –жапырақ).
5.Адам досымен мықты,………….(Ағаш тамырымен мықты).
6.Нақыл сөздердің мазмұнын ашу.
1. «Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ».
2.Жүзімнің нәрлі, нәзік сабағындай,
Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.
Аямай арам шөбін отап отыр,
Таза сақтап көзіңнің жанарындай.
3.»Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді».
7.Ойлан тап.(Қазақстандықтармен) сөзінен сөздер құрату.
Үш минут ішінде топтар «Қазақстандықтармен» сөзінен сөздер құрау керек.Әр бір топ қанша сссөз құрайды сонша ұпай 
беріледі.
8.Аударма жұмысы.
Әр топ кезекпен өз таңдауы бойынша ұпайлары жазылған тапсырмаларды таңдап , белгіленген уақытта жауап береді. Егер 
жауабы толық, дұрыс болса, кестеде таңдаған ұяшықтағы санды жазамыз.Ал егер жауабы дұрыс болмаса, басқа топтың 
жауап беруге мүмкіндігі бар. Бұл кезде ұпай жауабы дұрыс болған топтың бағанына қойылады.
1.Книгу «Менің атым-Қожа» написал Бердибек Сокпакбаев.Это очень интересная книга.
2.Абай Кунанбаев поэт казахского народа. У тебя есть сборник его стихов?Какая интересная книга!
3.На уроке казахского языка, составляем диалоги на различные темы;
4.У Жанар есть богатая библиотека.
5.Где находится Национальная библиотека?
IX.кезең. Қорытынды.
Екі топтың жинаған ұпай сандарын санап жариялау.Оқушыларды бағалау.
* * * * * * * *
12

ОҚО. Созақ ауданы. Шолаққорған ауылы
А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта
мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Жанғазиева Гүлжан Тұрағалдықызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік – желтоқсанның жемісі
Мақсаты:1) Қазақстанның өткені мен бүрінгі өмірін салыстыра отырып еліміздің даму тарихы туралы ұғымын 
қалыптастыру, 25- жылындағына талдау жасау. Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді зерделеу;
2) Өз Отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып отаншылдыққа, елжандылыққа, тәрбиелеу.
3)Ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыру.
1-жүргізуші(Бижігіт)
Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбек жемісінің бәрін жегін
«Тәуелсіздік – желтоқсанның жемісі » атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші(Құралай)
Құрметті мұғалімдер, оқушылар және қонақтар! 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізіліп отырған «Тәуелсіздік- 
желтоқсанның жемісі» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші(Бижігіт)
1986- жылдың ызғарлы желтоқсаны қазақ халқының қасіреті де қасиеті де жетерлік тарихына айналды. 70 жыл бойы 
құлдырауға маталған қазақ 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті.
2- жүргізуші
Иә, бостандық, теңдік, тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ!Қаншама адам құрбан болды. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы 
желтоқсан!Ол бір жан түршігерлік оқиға қазақ халқының мәңгі есінде қалады. Желтоқсан көтерілісінің болашағы, 
бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.
1-оқушы:Сандуғаш
Қатыгездік жұдырығы түйіліп
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып
Желтоқсанда шықтық үлкен алаңға
Ата – баба аруағына сыйынып.
2-жүргізуші:(Құралай)
Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Азаттық үшін күреске айрықша қылыш 
сермеді, талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ ешқашанда мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. 
Енді осы тарихи оқиғаларды еске түсіріп кетейік.
2-оқушыСалима
Қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті.Тарихта атышулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген қаралы 
атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Бірақ бұдан да асқан жауыздық нәубетінің 
екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ.
3-оқушыЖанар
1941-1945 жылдары азамат тарихында бармаған алапат соғыста жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты 
қорғап ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта қазақ қаһармандарына «Кеңес Одағының батыры» деген атақ берілді.
1-жүргізуші(Бижігіт)
Иә, бұл күнге жету үшін ата – бабамыз қанын төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан ұрпаққа 
табыс етті.
2-жүргізуші(Құралай)
Бірақ қазақтың өр ұлдары мен өр қыздары көбеймесе азая қоймапты. Оның айғағы ел намысы үшін жанын құрбандыққа 
қиған желтоқсандықтар болатын. Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндірген, әлемге қазақ деген атты паш еткен желтоқсан 
көтерілісі.
Көрініс:
«Қасіретті Желтоқсан»
1)Қайрат 2) Тергеуші
Дінмұхаммед Арман
Ләззат Асановаға
Бота көзің боталап,
Қиянаттан қаталап,
Дәл он алты жасыңда,
Жан адам жоқ қасында,
Қыршыныңнан қиылдың,
Қара жерге бұйырдың.
Алқара көк аспанның
Аясын, Ләззат.
Шейіт болған жас жанның
Тыным алсын, Ләззат.
Көктем келді, ұйқыңнан
Оянарсың, Ләззат…..
Қайрат Рысқұлбековке
Бөрілі байрақ ту алған,
Жау көрсе жағы суалған,
Бос көрсе жаны қуанған,
Далада көші щұбалған
Арғы атаң сенің кім еді?!
Арманда өткен боздағым,
Алатау ма еді қонысың,
Қаратау ма еді қонысың,
Опат болдың сол үшін!
Арқа ма еді қонысың,
Атырау ма еді қонысың,
Опат болдың сол үшін!
Сәбира Мұхамеджановаға
Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр күн,
Қан жылатқан құрғыр күн.
Медет болмай алладан,
Қызығымды жалмаған
Тұнжыраған тұлдыр күн.
Ақ білектей сүйрігім,
13

Алаштан озған жүйрігім,
Алтын діңгек қазығым
Аққудай аппақ нәзігім…..
Ербол Сыпатаевқа
Алтын баулы лашын
Биікке жазбай құлашын
Қарақұсқа жем болды-ай!
Алтын баулы лашын,
Момыным – ау, жуасым,
Қапияда қор болды-ай!
Танадай көзі жайнаған,
Жас ботадай ойнаған
Алтыным – ай, қайтейін…
Ербол, Ербол атыңды
Ер болсын деп қойдым ба?….
4-оқушы:Гүлнұр
Бұл тарих шындықтары електейді,
Десең дағы керексіз, керек мейлі
«Желтоқсан» деген сөзді естігенде
Көз алдыңда сол күндер елестейді.
Көлдей жасын көп төккен қазақ үшін
Ұмыта алман, Желтоқсан, азап үшін.
Қанымен қыршынының тарихқа енген
Шындықты айтар күніміз келді бүгін.
Естен кетпес аяусыз ұрғандары.
Қайрат сынды елімнің ұл-қыздары-
Желтоқсанның кезіндегі құрбандары
1-жүргізуші :(Бижігіт)
Желтоқсан ызғары.1986 жыл талай қазақ жастарының жүрегінде өз ызғарын қалдырды және ол ел тәуелсіздігінң бастамасы 
ретінде ұлы өзгерістерге жетілгені даусыз.
Мен сүйемін жерім менен елімді
Көкейімнен жыр арнасы төгілді.
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі
Қазағыма мен арнаймын сезімді
5-оқушы:Арман
Мен қазақпын
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім түн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағымда сыйдырам даланы кең,
Пәк сәбимін құрдаспын, данамын мен.
Мен жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым.
Қаза тапқан солдаттай ізгі өлімнен,
Қалаларда өтіпті түз белінен.
Қаңқалары табылып жатыр қазір
Соғыстар мен жорықтар іздерінен.
О, замандас, соларға бір қараңыз.
Әр кірпіші, әр тасты бір кора аңыз.
Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп,
Өшкендерді табатын бірғана біз.
2-жүргізуші:(Құралай)
Жаның Қамауда қалғанда, арың талауға түскенде араша болған – Тәуелсіздік!
Барың тоналғанда, асылың жоғалғанда қайтарып берген – Тәуелсіздік!
Ақиқатыңды айтқызбай тіліңді тістеткенде, бойыңнан күш кеткенде, есіңді жиғызып, есіңді көтерткен – Тәуелсіздік!
7-оқушы:Дінмұхаммед
Тәуелсіздік оңай бізге келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді.
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім, бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын.
Әр қазаұтың жүрегі боп соғып тұр.
Қазақпын, еңселі елім, егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегімді.
Қазақпын, қойнауы құт, жері дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам.
Сахналық көрініс
1) Қыз – Дария
2) Жігіт – Хайдар
3) Әскер – Нұржігіт
Хор: Желтоқсан желі
8- оқушы:Уәли
Еркіндікке желтоқсаным бастады,
Қазақ жасын бүкіл әлем қоштады.
86- жаңғырығы жар салып,
Тәуелсіздік ұлы ұраным тастады.
14

Елемепті қысқы ызғар суықты,
Өне бойын жастардың қан жуыпты.
Қайрат, Ләззат, жас қырандар аяулы
Өз халқымның бағы болып туыпты.
Жиырма жылдай бағы болып туыпты.
Қазақ елі бірлікке бел буғалы
Жиырма жылдай Қазақстан халқының
Өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны.
Қайраттың ең соңғы сағыныштыда қайғылы қоштасу хаты.
2- жүргізуші: (Құралай)
1922 жылы құрылған КСРО 1991 жылы өз өмір сүруін тоқтатты. 1991 жылы Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Бұл 
қазақ тарихындағы ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалған күн болды. Екі ғасыр Ресей империясының отары болған 
жетпіс жыл бойы Кеңес одағының қысымын көрген Қазақстан үшін бұл күн Ұлы мереке еді.Қазақстан тәуелсіздігін алып, 
ғасырлар бойы ұмыт бола бастаған тілін, салт – дәстүрін қайта жаңғыртып, тәуелсіздік туын биік көтерді.
1- жүргізуші:(Бижігіт)
Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында 
дүние жүзіне танымал ел болдық.
Есігі ашық.
Жылап өттік жытқыр өмір өрінен.
Жетер енді, желпінейік, қарайық мына өмірге егемендік көзімен.
9-оқушы: Әділбек
Арайлап өлкемізде нұр таң атты,
Баянды тәуелсіздік салтанаты.
Қазаққа жылы бақыт, жылқы қуат,
Қашанда ұрпағының ер қанаты.
Тәуелсіз Қазақстан,
Жасампаз халқыма
Мың алғыс Алаштан!
Елімнің берік ұстап көк байрағын.
Елбасым болашаққа бел байладың
Әуелде қазақ деген халық барын,
Танытар әдет-ғұрпын, ел жайларын.
10-оқушы: Ернұр
Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі.
О, халайық,
Құтты болсын қуаныш!
2-жүргізуші:(Құралай)
Тәуелсіздік бұл халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы еді. Тарихқа жүгінсек, ежелден қазақ халқы өздігінен 
ешқандай соғыс ашпаған, қашан да бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған.
Дүние жүзіндегі халықтардың ортақ ойы, арманы – бостандық, тәуелсіздік. Бұл арман қазақ халқына сонау ХҮІІІ- ғасырда 
қазақ хандығының Ресей мемлекетіне бодан болғанынан бері пайда болды.
11-оқушы:Нұржігіт
Өзіңдікі Елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңдікі еккен бақ
Тәуелсіздік төңірде.
Асқар тауда сенікі,
Бау – бақшада сенікі.
Қалтқысыз доп пенен
Қатал жауда сенікі.
Ән: Мәлікайдарова Айда
1- жүргізуші:(Бижігіт)
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл – 
азаттық үшін алысқан мың — мыңдаған азаматтардың қанының өтуі. Бұл – бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегендң 
білмеген халықтың пейілінің қайтарымы » деген. Иә, тәуелсіздік ата – бабамыз елін, жерін қасық қаны қалғанша қорғап 
күресуінің арқасында келді.
12- оқушы:Ерболат
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім.
Ел іргесі берік болсын – ұраным.
Тәуелсіздік — өзіңді еркін сезіну,
Салт – дәстүрім – қолдан түспес құралым,
Тәуелсіздік!
Не деп оны түсіндік?
Тәуелсіздік — ар – ожданның кісілік
Адамға адам жолдас, бауыр – туыс боп,
Ел жұртыңның алма құнын түсіріп.
15

Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным.
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік – ақ батасы атаның
Тәуелсіздік, тәуелсіздік — жыр әнім,
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік
Қолда елімді қасиетті Құраным.
13-оқушы:Жанерке
Біздің Елбасы былай деген: «Бізге азаттық азаппен, арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтанда бұл 
бақытымыз баянды, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз»
Хор: Көк тудың желбірегені Орындайтын: Әли Рамазан
14- оқушы:Данияр
Қазақстан, менің асыл аймағым,
Қуантады күнге құшақ жайғаның.
Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,
Құлпыра бер, құлпыра бер жарқырап.
15-оқушы:Санжар
Шалқы қазақ , шалқытып
Заман келді,
Текке қанын төккен жоқ Амангелді,
Кең далаңда кріліп, атыңды атап
Жырлап, қазақ жаңа күй, жаңа ән келді.
Ән: Қазақ елі
Орындайтын: Мұсабек Дария.
Қорытынды сөз: 2-жүргізуші:(Құралай)
Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолдан бұлтармай алға баса береміз. Осы бақыт 
үшін баршамыз тәубе дейміз, осы жолда білімімізбен білігімізді, қайратымыз қабілетімізді, қажет болса жанымыз бен 
қанымызды аямай жұмсаймыз. Сүйікті Отанымыз – Азат Қазақстан мәңгі құлпырып жайнай берсін, жарқырай берсін!Бағы 
жанып,абыройы арта берсінІ Босағаларыңызға бақыт қонсын, шаңырақтарыңызға шаттық толсын! Кездескенше күн нұрлы 
болсын, ағайын!
1- жүргізуші:(Бижігіт)
Құрметті қонақтар, Тәуелсіздік күніне арналған іс – шарамызды жабық деп жариялаймыз. Қош сау болыңыздар!
* * * * * * * *
ОҚО  Шымкент қаласы. №77 мектеп -лицей
Химия пәнінің мұғалімі Кушекова Алма
Тақырыбы   
Оттегі тіршілік көзі. 8 «ә»сынып
Мақсаты
Тақырыпты түсініп оқып ,өсімдіктер мен жануардардың  
маңыздылығын ұғынады оны табиғаттың негізгі көзе  екеінін біле 
отырып топпен  талдауға мүмкіндік жасау,тақырыпты өмірмен,
табиғатпен байланыстыру.шығармашылық қиялының дамуына
 мүмкіндік беру
Жалпы мақсат
Оқушыларға оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше  
және топпен,желімен жұмыс  істеу дағдылару арқылы адамның 
сезім мүшелерін, көз-көру қызметін толығымен түсінеді.
Күтілетін нәтиже
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамыйды Логикалық ойлау қабілеттері артады.
Пәнге деген қызығушылығы артады
7 модульдің 
қалыптастыру
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, 
“Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-
тәсілдер
Кім жылдам, Кім алғыр,Жигсо,Алты қалпақ,Ыстық орындық
Қолданылатын ресурстар
Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру 
кезеңі
Тренинг
Барлық оқушыны ортаға 
шығарып шеңбер құрғызамын.
  Сәлемдесемін. Сыныптағы 
оқушылардың келген-
келмегендерін түгелдеймін.
Топқа бөлдіремін. 
Қалай отыратындықтарын 
түсіндіремін.
Алтын ереже құрудың 
жолдарын айтып түсіндіремін. 
Мұғаліммен сәлемдеседі. 
Шеңбер жасап бір-біріне жылы сөздер айтты. Сыныптың топ 
басшысы жоқтарды айтады. Түрлі түсті қағаздарды алып сол 
бойынша топ құрып орындарына отырады.
Сабаққа кедергі келтіретіндерді болдырмау шараларын жазып 
шығады. Оны тақтаға шығып А1 форматтағы қағазға жазады.
16

Сабақ кезеңдері
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Білім 
Қызығушылық
тарын  ояту
«Кім жылдам»  
С ра тар
ұ қ
 
слайдта  р  топ а
ә
қ  
Үйге берілген тапсырманы 
сұрақ-жауап арқылы диалогқа 
түсіру
,Слайда  й тасырмасын
ү
 
айталау  а с ра тар
қ
ғ ұ қ
 
жасалып, интерактивті 
та тада к рсетіледі.
қ
ө
Жа а саба ты  та ырыбын
ң
қ
ң
қ
 
«с з ж мба » ар ылы ашу.
ө
ұ
қ
қ
Мұғалім берген тапсырманы 
орындау Слайдта жазылған 
барлық қайталау сұрақтары мен 
тапсырмалар интерактиті 
тақтамен беріліп, әр топ өз 
білгендерін, білетіндерін сыни 
тұрғыдан ойлау арқылы нақты 
дәлелдермен жауап береді
Түсіну
«Кім  алғыр» әдісі
Жаңа сабақты бастамас бұрын 
ой қозғау мақсатында 
оқушыларға сұрақ арқылы 
өткен  тақырыпты еске  түсіруге 
байланысты бірненше сұрақтар 
дайындау
Оқушылардың мұндағы мақсаты 
берілген сұрақтарға жауап беріп, 
өз ой-пікірлерімен санаса білу
Топпен ж мыс жасау
ұ
Қолдану
Оқушыларға 
тапсырма 
таратылады әр топ 
басшысы өздері 
жасырын тұрған 
тапсырманы 
таңдайды.
 «Жиксо» 
бойынша 
оқушылар өздеріне 
берілген тақырып, 
бойынша постер 
мен қорғайды.
Әр топқа бөлек тапсырма:
1.Оттегінің алыну жолы
2.Оттегінің 
химиялық,физикалық қасиеттері
3.Оттегінің табиғатта айналуы 
мен қолданылуы.
4.Оттегі бойынша слайд 
дайындайды.
Оқушылар кітаппен, 
компьютермен және интернетпен 
жұмысжасап постерлерін 
қорғайды.
Талдау
Көкпар ойыны 
бойынша әр топқа 
сұрақ жарсын 
ұймдастыру.
Жаңа тақырыпты 
талдату 
Топтарға жаңа тақырып 
бойынша және өткен сабақты 
толық меңгерту мақсатында 
тақтаға әр топтан оқушы 
шығартып сұрақтар жарысын 
ұймдастыру
Берілген тапсырманы 
уа ытылы орындау, с ра тар а
қ
ұ қ
ғ  
на ты жауап беру, та та а
қ
қ ғ  
шы ып жарысады, с ра ты
ғ
ұ қ
 
талдайды
Жинақтау
Алты қалпақ 
бойынша өтілген 
тақырыпты 
жинақтаймыз. 
Әр топқа қалпақты бөліп 
беріледі. Оқушылар оттегі 
бойынша өз ойларын ортаға 
салып алты түрлі ой айтылады.
Берілген тапсырманы 
уа ытылы орындау,  р
қ
Ә  
о ушыны  ойын позитивті
қ
ң
 
т рде  олдау к рсету.
ү
қ
ө
Бағалау
Өзін-өзі бағалау (2 
мин)
 Бағалау 
парақшалары
Бағалау парақшасы мен бағалау 
шкаласын тарату
Өзін өзі топпн бағалайды 
Рефлексия 
Стикерлерді 
толтыру
Оқушыларға стикер толтыруды 
ұсыну
Тілек ағашына стикерлерді 
жапыстыру
* * * * * * * *
ОҚО.Созақ  ауданы  Шолаққорған  ауылы
А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі 
 Педагог-психолог Гүлфарида Торғаева Ибрагимқызы
Сабақтың тақырыбы: Үйден оқытылатын оқушыға арналған психологиялық  ойындар
Мақсаты: Оқушының өзі туралы ойын дамыту, жағымды көңіл-күй  қалыптастыру, жүйкелік-психикалық 
мазасыздануының алдын алу, стрестен арылуға көмектесу.
    Міндеттері:      -Оқушының өзіндік «мінін» қалыптастыру
 -Оқушының әлеуметтік ортаға бейімдеуіне және жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай туғызу.
Ойын кезінде баланың психология лық ерекшелігі мынадан көрінеді:

Олар ойланады.

Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығырмашылық қабілеті мен 
дарыны ұшталады.

Ұжымдық сенімі қалыптасады.

Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
«Сәлемдесу» ойыны: қазір мен сендермен ойын ойнаймын, қыймылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі 
берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасыңдар. Әр адаммен 
әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен... қолмен... иықпен... құлақпен... тіземен... иекпен... өкшемен... арқамен.
17

Бірлесіп сурет салу.
Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауларын қалыптастыру, қарым-
қатынас дағдыларын дамыту. Қатысушылырға жұпта бір қаламмен сурет салу ұсынылады, бірақ өзара сөйлесіп, келісім 
жүргізуге болмайды. Аяқтап болғаннан кейін әр жұп өз шығырмасы туралы әңгімелейді: сурет қалай салынады. 
Қатысушылыр сурет салудың түрлі кезеңдеріндегі өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсете алады: бірлескен, бір 
қатысушының екінші қатысушыны басынуы, бәсекелестік, келісім, серіктес қызығушылықтарына бағдарлану.
Рольдік ойындар:
Мақсаты: Оқушы бойындағы қасиеттерін анықтау 
Тапсырма: Әр оқушы келіп өз таңдауларымен жасырылған тапсырмаларды таңдап алып сол рольді сомдайды.

Мейірімді ата-ана.

Аяулы ұстазым.

Бай адам.

Ғашық жігіт.

Сыпайы қыз.

Озат оқушы.
Коллаж«Менің қазіргі отбасым» және «Менің болашақтағы отбасым»
Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптаға екі коллаж жасау ұсынылады. (қалаулары бойынша басқа 
тақырыпты таңдауға болады). Коллаж бен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі екі плакат, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, 
газет журналдар, өзінің және ата-анасының майда суреттерін де пайдалануға болады. Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя 
мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет