Сабақты бекіту
Бүгін сабақта не істедік сұрақтарға жауап бер:
1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 сағатта неше минут бар?
3. Қосудың нәтижесі қалай аталады?
4. Қарама – қарсы қабырғалары өзара геометриялық фигураны қалай атаймыз?
5. Оқу жылының алғашқы айы қандай?
6. Қосуға кері амалды ата.
7. Аптаның соңғы күні қалай аталады?
8. Бір тәулікте неше сағат бар?
9. 9+7 өрнегінің мәні қанша?
10. 60-7 өрнегінің мәні қанша?
11. 1 дм неше см болады?
12. 1 ғасырда неше жыл бар?
13. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.
14. Периметрді қалай табамыз?
15. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата.
16. Ұзындық өлшем бірліктерін ата.
17. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.
18. Шаршы деген не?
19. Салмақ өлшем бірліктерін ата.
20. 1 дм 4см неше см болады?
Үй тапсырмасы
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау
95 бет. 6- есеп.
Бағалау
Кері байланыс
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.
143
ОҚО Сайрам ауданы №89 «Қайнарбұлақ» жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Халиқулова Дилбар Ташмурат қызы
Пәннің аты:
Дүниетану 3 сынып
Сабақтың атауы
Жануарлардың алуан түрлілігі
Мақсаты
Білімділік: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі туралы ұғым және олар еліміздің
байлығы, оны қорғау туралы түсінік беру, олардың қандай топқа жататындығын анықтай
білуге үйрету.
Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын кеңейту, ойлауын,көз алдына елестету
қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды сезімталдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Қызығушылықты ояту
Жануарлардың қандай түрлерін білеесіңдер?
Жануарларды бақылап үйрену өте қызықты.
Мағынаны тану
Жаңа сабақ.
Кіріспе.
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың
түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың
2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің
екінші бөлігінен алынған. «джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі
тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.
Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:
ЖАНУАРЛАР
Құстар, балықтар, жорғалаушылар, қосмекенділер, бунақденелілер, сүтқоректілер
Құстар-8600 түрі бар. Айырмашылығы ұшады.
Балықтар.
Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың айырмашылығы жүзеді.
Қосмекенділер.
Қосмекенділердің-4000 түрі бар. Олардың айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік
етеді.
Сүтқоректілер
Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен
асырайды.
Жорғалаушылар.
Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды.
Жәндіктер.
Жәндіктердің – 700 000 түрі бар.
Аңдар
Жабайы
Үй жауырлары
Олардың көпшілігі ағаштың жапырағымен және шөппен қоректенеді.
Жануарларды аулап, етпен қоректенетіндерді жыртқыштар деп атайды.
Ең маңыздысы Анықтама
Ақбөкен шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың
қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы,
жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн
салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп
атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам
түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала
қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды.
Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі
мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда
Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын
күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына
шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады
Сергіту сәті
Добым, добым домалақ (екі қолынды айналдыру)
Тоқтамайсын домалап (тезірек екі қолды айналдыру)
Үстел үстін бүлдірдің (көлымен үстел үстін көрсету)
Тәрелкені сындырдың (екі қол алақанымен тарелкені жасау, екі жаққа жылдам шашу)
Тентек болып кеттің деп(Сұқ саусақпен ескерту)
Тұрмын сені тепкім кеп (екі қол белде, оң аяқпен тебу)
144
Ой толғаныс
Топпен жүмыс
1-топ Жыртқыш жануарларды ата?
2-топҚасқырлар жемтігін қалай аулайды?
3-топ Аю қалай қоректенеді?
Үйге тапсырма
Мазмұндау. Жануарлар суретін салып келу.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы «Балдырған» балабақшасы МКҚК
меңгерушісі Милушева Эльвира
Тақырыбы: «Ал, қанекей, әжелер!»
Мақсаты: Балаларды халқымыздың ізгі қасиеттері инабаттылыққа, адамгершілікке баулу. Әже өнегесінен үлгі алу,
тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрді бойына сіңіру.
Барысы: Қайырлы күн, қадірменді ағайын! Көктем мерекелеріңіз құтты болсын!
Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптейтін Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған
«Ал, кәнекей, әжелер!» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын
Қазақ атты үлкен-кіші балдырған
Жиналыңыз сәтті күні бәріміз де
Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де
Төрлетіңіз, қадірменді, қонақтар
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.
/сайысқа қатысушы әжелерді шақырайық/
12.
Ақ жаулығы желбіреген,
Немереге үлгі берген:
Бибігүл әжені қарсы алайық
13.
Аялы, ыстық алақаны
Әже деген балапаны
Клара әжені қарсы алайық
14.
Ертегі айтып елжіреткен
Ән де салған шын жүректен
Баршагүл әжені қарсы алайық
15.
Немеренің қуанышы
Ақ жаулықты ана
Күнімхан әжені қарсы алайық.
Сайысқа төрелік ететін әділқазы алқасын таныстырып өтейтін:
1. 2. 3.
Жүргізуші: Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып
Көрейік әжелерді жарыстырып
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңізден
Әрбір әже көрсін өзін таныстырып
Сайысымыздың І кезеңі таныстыруға кезек берейік. /Әжелер өзін таныстырады/
Жүргізуші: Ауылдың алты ауызын
Әжелер салсын ән қылып,
Жиылған жұрт қауымның
Ұйытып алсын таң қылып
Сайысымыздың ІІ кезеңі «Ауылымыздың алты-ауызы» деп аталады.
/Әжелер халық әндерін айтады./
Жүргізуші: Әжелерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Әжелерім өз өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан
Сайысымыздың ІІІ кезеңі «Өнерлінің қолы алтын» деп аталады.
/Әжелер дайындап келген қолөнерлерімен таныстырады/
Жүргізуші: Әжелерім, ғұмырларың талмасын,
Толтырыңдар әрбір үйдің қазынасын
Міне, бүгін әжелер сыналады.
Сан сұрақтан сақтарыңыз сынбасын.
Сайысымыздың IV кезеңі «Ата мұрасы – асыл қазына» /Салт- дәстүрден сұрақтар/
Сұрақтары: «Жеті шелпек» дегеніміз не?
Өлі риза болмай, тірі баймайды деп білетін қазақ аруақтар түске кіргенде жұма күндері жеті нан пісіреді. Аруақтарға
арнап пісіріп жұма күндері таратқан «Жеті шелпек».
«Ұшықтау» мағынасын түсіндіріңіз.
145
Ұшықтау – нәрестеге «тіл-көз тиді-ау» деп секем алғанда не соның салдарынан ол сұлық түсіп ауырғанда
қолданылатын ырым. Қазақта «Адыраспан» шөбін жағып оның түтінімен үйдің төрт бұрышын баланың басынан, үстінен
жеті мәрте ұшықтап ырымын жасайды.
«Тілашар» дәстүрін түсіндіріңіз.
«Тілашар» дегеніміз - баланың ұстаз алдын алғаш көруіне(мейлі, ол қожа, молда болсын, мұғалім болсын)арналған ізгі
ниет, бата-тілек. Шаруасы барлар мен саптыаяқтық айраны бар кедейдің өзі баласын ауыл арасындағы молдаға оқуға
апарған «Тілашар» дәстүрі сол кезде жасалған. Оқуға баратын баланы жуындырып, тырнақ-шашын алып, әркім жағдайына
қарай балаға жаңа киім кигізіп, қолдағы барымен дастарқан жасап, үлкендерден бата алған.
Таудай болсын талабың,
Ашылсын тілің, қарағым.
Оқу сіңіп санаңа,
Жарқырай берсін қабағың.
Мақтанышы бола біл.
Ата менен анаңның!– деген секілді тілегі тұнық, ақ ниеттен шыққан батаны естіген баланың рухы көтеріліп, оқуға
талпынған.
Жүргізуші: Сайысымыздың V кезеңі «Ас иесімен дәмді» деп аталады. Әжелеріміз үйден даярлап әкелген қазақтың ұлттық
тағамдарын таныстырып, жасалу жолдарын айтады.
Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір күрес жеткізе ме мұратын
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімейік
Қатысуда бір жеңіс, жан болайық ұғатын.
Әділқазы алқасы әділ шешімін сараптағанша бәріңізді әдемі ән таңдауға шақырамын.
Ән: «Наурыз».
Жүргізуші: Ендігі сөз кезегі әділқазы алқасына ұсынылады. Сайыскерлерді марапаттау.
Жүргізуші: Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ақ мол болсын, Пәле-жала жоқ болсын!
Ұлыс күні тағы да құтты болсын!
* * * * *
№103 жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Сегізбай Эльмира Елбасықызы
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Қайдан келдің бауырсақ?
Мақсаты: Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы
түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық:
Оқушылардың тіл байлық, сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ана тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ
етіп тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Үй тапсырмасын сұрау
Заттың қимылын білдіретін сөздерді ата.
Шуақ (мәнерлеп оқу)
Жаңа сабақ
243-жаттығу. Өтебай Тұрманжановтың «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен таныстыру.
Қайдан келдің бауырсақ?
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
-Қайдан келдің, Бауырсақ?-
Деп сұрады қуыршақ.
-Дүкеннен келдім нан сатқан,
- Деді оған Бауырсақ.
-Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жап
-Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқ
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім –жан-жақтан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Арғы тегім – ақ бидай,
Тәттімін, жеп көр, бақшимай!
Жесең, өзің байқарсың,
Рахмет айтарсың.
Айырылмас дос болайық,
Адамға достық лайық!
Мәнерлеп оқу Оқушылардың оқуы Сұрақ-жауап
•
Өлең не туралы?
•
Нан дастарханға қалай келеді?
•
Дүкенге қай жақтан келеді?
•
Наубайханаға қайдан келеді?
Суретпен жұмыс
146
19
Пікірталас
Нанды қадірлей білеміз бе? Обал-сауап дегеніміз не?
•
Сахналау автор:Ұлсана,бауырсақ: Абдурахман,қуыршақ:Жібек
•
Нан туралы өлең. Кәрім Сауғабаев
Даниял :
О,адамдар, айтарым бар,
...Нанды баспаңдар!
Онда қол жетпейтін аспан бар,
Әлі ешкім жазбаған дастан бар.
Өтініп сұраймын,
Ана бол, дана бол, бала бол,
Нанды баспаңдар!
Мөлдір: Ол биіктен төгілген
Мөп-мөлдір
Зәмзәм суынан өседі,
Нан-өмір.
Нанға «пірім» деп,
Нанға «жырым» деп,
Табынам.
Сәкен: Даланың арынан,
Даланың таңынан,
Даланың жанынан,
Даланың қанынан
Өседі.
Айнұр:Нанға үлкен жүрекпен
Қараңдар!
Нанды өмір деп санаңдар.
Нан болмаса,
Қызығың , бақытың
Құр әуре, далбаса...
Мерей: Елімнің құдіретін асырып тұрған,
Менің де, сенің де,оның да
Мерейін үстем ғып тұрған
Дән емес пе?
Дән – ән емес пе,
Дән – нәр емес пе?
Дән – нәресте,
Дән – тіршілік тоқтамайтын...
Әділет: О,адамдар!
Тіршілік арнасын сақтаңдар.
Диқанның еңбегін
Тер төгіп ақтаңдар.
Әр дәнді жоғалтпай,
Өмірдей сақтаңдар!
Рамазан: О,адамдар! Кең пейілділер!
Бір дән жолда жатса,
Ұлылықпен еңкейіңдер!
7)Мақал-мәтелдер:
Еңбегің қатты болса, Еңбек етсең, ерінбей,
Жегенің тәтті болады. Тояды қарның тіленбей.
Еңбек етсең, емерсің.
Еңбек ер атандырады.
Еңбектің наны тәтті.
Дәптермен , тақтамен жұмыс.
244-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөздерден сөйлем құрап жаз.
не? қайтеді?
бұлбұл қарқылдайды
бүркіт ақырады
аю шаңқылдайды
қарға сайрайды
Бұлбұл сайрайды. Бүркіт шаңқылдайды. Аю ақырады. Қарға қарқылдайды.
! 245-жаттығу Оқы.
Тасбақа –ең ұзақ жасайтын бауырымен жорғалаушы. Олар жүз жылдан артық өмір сүреді.
Қолтырауын өзендерді мекендейді. Ол жүзген кезде судың бетінде оның тұмсығы мен көзі ғана көрінеді.
Акулалар екі жұма сайын тістерін жаңартады.
Қорытындылау
Нені білдік?
Не үйрендің?
Нені білгің келеді?
Қонақтарға ізгі тілектер
Бағалау
Үйге тапсырма: Қайдан келдің бауырсақ? (мәнерлеп оқу)
244-жаттығу (жазу)
* * * * *
147
ОҚО және ӘББ «№7 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»
КММ –сінің тәрбиешісі Зияева Малика Назаралиевна
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік шуағы сөнбесін.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты: Тәрбиеленуші балаларға адам бойындағы асыл қасиеттерді таныту, бағалай білуге үйрету,
адамгершілік туралы білімдерін арттыру.
2. Коррекциялық мақсаты: Тәрбиеленуші балалардың сөздік қорын молайту, сөйлем құрағанда дыбыстарды дұрыс айтуға
үйрету.
3.Дамытушылық мақсаты: Тәрбиеленушілердің ой-өрісін кеңейту, есте сақтау, топ алдында еркін сөйлеуге баулу, достық
жайында балалардың сана сезімін дамыту.
4.Тәрбиелік мақсаты: Тәрбиеленушілерді адамгершілікке, үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға, достыққа,
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, қоршаған орта.
Сабақтың түрі: топтық
Әдіс-тәсілдер: суреттермен жұмыс, сұрақ-жауап, сахналау.
Сабақтың көрнекіліктер: Суреттер, буклеттер, нақыл сөздер, ғажайып сандық, доп.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Педогогикалық-психологиялық дайындық.
Шаттық шеңбері.Балалар көңіл-күйлерің қалай? Қанекей, «Сәлем-әдеп басы» демекші, амандасып алайық.
Армысың, асыл күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, қонақтар!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің жүрегім!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі?
-Қыс айларын атаймыз: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Бүгін қай күн?
-Ақпанның он бірі, сәрсенбі
2. Өткен сабақты қайталау.
-Балалар, біз өткен сабақта не туралы әңгімеледік?
-«Еңбек атасы - нан» туралы әңгімемен таныс болдық.
-Қай ертегінің кейіпкерлері кейіпіне еніп сахналадыңдар?
-Кейіпкерлерді айтамыз: әтеш, тауық, мысық, тышқан.
-Еңбек, нан туралы мақалдарды айтыңдаршы?
-Нан туралы қандай өлеңдер білеміз?
Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Тіл жаттығулары: «терезе», «Арық Нұрсұлтан, семіз Нұрсұлтан», «Тілімізді тараймыз», «Айтқанға көнбейтін тілді
жазалаймыз» орындалады.
3. Жаңа сабақ.
Балалар бүгінгі ашық сабағымыз: «Адамгершілік шуағы сөнбесін» деп аталады. Білесіңдерме балалар, таңда Қыдыр ата
бізге бір «ғажайып сандық» пен адамгершілік деген күн шуақтарын, бұлт «тамшыларда тапсырма» тастап кетті.
1-тапсырма. Мәртебелі бір тамшыны алады.
Адамгершілік деп аталатын күннің: әдептілік, мейірімділік, қамқорлық, еңбексүйгіштік шуақтарына –достық шуағы жетпей
тұр.
Бірінші тапсырмада балалардан адамгершіліктің төрт шуағы туралы суреттерді тамашалап , әңгімелейді.
1.Сымбат 3.Мәртебелі, Ақбота
2. Жайна 4.Гүлсезім,Русалина
Тапсырма орындалы, достық шуағы көрінді, күннің көзі күлімдейді.
2-тапсырма. Жайна тағы бір тамшыны алады
Адамгершіліктің шуағы-достық туралы мақал-мәтелдерді айтып беру керек.
Мәртебелі: «Досы көпті жау алмайды».
Жайна: «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».
Сымбат: «Аққуды атпа,досыңды сатпа».
Русалина: «Алтын берген дос емес, ақыл берген-дос».
Аида: «Дос болу оңай, оны сақтап қалу қиын».
3-тапсырма.
Гүлсезім үшінші тамшыны алады.
Балалар үшінші тапсырмада «Кім-кімнің досы екенін білейік?» тіл дамыту ойынын ойнаймыз. Кәнекей, жақсылап
жайғасып алайық, мен допты лақтырып , «сенің досың кім?» деп сұрағанда, толық әдеппен жауап беру қажет. Қыздар маған
допты қайта лақтырып жауап береді.
4-тапсырма.
148
Инабат соңғы тамшыны алады. Бұлттар таралып, адамгершілік шуақтары жайнайды.
Төртінші тапсырмада Ы.Алтынсариннің «Екі дос» ертегісін рөлге кіріп, сахналау екен.
1.Аю-Аида; 2.Бірінші дос-Жайна, екінші дос-Мәртебелі.
Күндердің бір күнінде екі дос орманда серуендеп жүреді. Олар гүлдер теріп жүргенде, орманнан дәу аш Аю шығып қалады.
Екінші дос жүгіріп ағаштың басына шығып кетеді, ал біріншісі не істерін білмей дем алмай жерге жатып қалады. Аю келіп,
иіскеп-иіскеп өз жолымен кете береді. Екінші дос ағаштан түсіп, досынан сұрайды:
-Досым ол сенің құлағыңа не деді?
-Сенің досың жақсы емес, қиын кезде сені тастап кетеді,-деді.
Балалар, біз Қыдыр атаның барлық тапсырмаларын орындадық. Қараңдар, адамгершіліктің шуақтары: әдептілік,
мейірімділік, қамқорық, еңбексүйгіштік, достық әр қашан бізді әдептілікке жетелейді. Ашылған бұлттың соңында әсем
кемпірқосақ, көктем жақындағанын білідріп, көңілімізді қуанышқа бөледі.
4. Қорытынды:
-Балалар, біз не туралы әңгімеледік?
-Адамгершілік шумақтарын айтайықшы?
-«Екі дос»ертегісіндегі тығылып қалған досының орнында сендер болғанда не істер едіңдер?
5. Бағалау.
Балалар, Қыдыр атамыздың «ғажайып сандығын» ашып көрейік (сандық өзінен – өзі ашылады) барлық сыйлықтар
үшін атамызға әдептілікпен рахмет айтамыз.
* * * * *
ОҚО ЖҚҰ және ӘББ «№7 Тасарық арнаулы Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»
КММ-сінің мұғалім дефектологі Таженова Жанар Ермекбайқызы
Тақырыбы: сипап сезу арқылы қатты және жұмсақ заттарды ажырату.
Сабақтың түрі: Топтық сабақ.
1.Білімділік мақсаты:
- Баланың танымдық және психологиялық процестерін дамыту.
2. Коррекциялық мақсаты: Сипап сезу және қол буындарын дамыту.
3.Дамытушылық мақсаты: Өзіне сенімділік қабілетін, психоэмоционалдық жігерін дамыту.
4. Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қатты-жұмсақ кубиктер, көкөністер муляжы, ағаш ойын тақташасы, моншақтар.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Русская пирамида құрылғысының көмегімен.
Күнделікті сөздер.
-Қалдарыңыз, көңіл-күйлеріңіз қалай?
- Балалар қазір қай жыл мезгілі?
-Күз мезгілінің қай айы?
-Бүгін қазан айының нешесі?
2.Өткен сабақты қайталау:
-Тәтті-ащы ұғымдарын дәм сезу арқылы ажырату.
-Алма, алмұрт, мандарин, лимондардың дәмін ажырату (тәтті, ащы,қышқыл т.б)
-«Тосаптарды ажырату» ойын жаттығуы.
Мақсаты: Балалардың дәм сезу қабілетін дамыту.
Шарты: Алма тосабын, долана тосабын, клюкова тосабын дәмін көру арқылы ажыратқызу.
Сергіту сәті:
Алма алма дейсің,
Алма әкелсем жейсің.
Алма екен деме,
Алманы жумай жеме.
Жаңа сабақ:
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз сипап сезу арқылы жұмсақ, қатты заттарды ажырату.
«Сиқырлы дорба» ойыны:
Мақсаты: Сипап сезу арқылы тактильді сезгіштіктерін дамыту.
Шарты: Балалар дорбаның ішінен жұмсақ ойыншықтарды алып, қатты кубиктерді, қатты жемістерді ажырату. Көздері
жұмулы тапсырмаларды орындайды.
«Сыңарын тап» ойыны: Мақсаты: Қолдың ұсақ маторикасын дамыту, сипап сезгіштігін дамыту.
Шарты: Тегіс, бұдыр тақтайшалар берілген балалар сол тақтайшалардың жұбын табу керек.
Моншақтарды өткізу жаттығуы: Шарты: Балалар қолдарын жұдырыққа түйіп ортасынан моншақтарды өткіземізү
Моншақтарды тізу ойыны: Мақсаты: қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Шарты: Балаларға түрлі –түсті моншақтар беріледі. Түрлі-түсті қағаздарға жазылған сандар таратылады. Сол сандарға қарап
моншақтар тізіледі.
«Алақанды қыздыру» ойын жаттығуы: Шарты: Ежик құрылғысымен балалардың алақанына уқалау жүргізу.
«Көзіңді жұмып сыңарын тап» ойыны: Мақсаты: Сипап сезу арқылы бұдыр, жылтыр ұғымдарын бекіту.
Шарты: Балалар көздерін жұмып дорбадан қарындашты алып бұдыр, жылтыр екендіктерін ажырату қажет.
«Ғажайып шарлар» ойыны: Мақсаты: Қолың икемділігін арттыру.
Шарты: Шарлардың жұбын табу. Шарлардың ішіне ноқат,асбұршақ, пісте салу. Балалар сипау арқылы жұптарын, қандай
бұршақ екенін анықтау.
Сабақты қорытындылау: Әуен арқылы босаңсу. «Жазғы түн» құрылғысы арқылы қоштасу.
* * * * * *
149
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Ынтымақ ауылы
Т.Рысқұлов атындағы №17 жалпы орта мектебі
Алменбетова Сауле Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы : Батырдың мінезі.
Сабақтың мақсаты:Ұлы Отан соғысы кезінде батырлардың ерлігі жайында әңгімелеу.Оқушыларға мәтінді оқыту арқылы
мәтіннің негізгі идеясын ашу. Оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуге, өз ойын қоса білуге мүмкіндік беру.
Оқып үйренудің нәтижесінде:Батырлар туралы түснікке ие болады.Көрсеткен ерліктерін атайды Оқу жазу,сурет салу
арқылы сыни тұрғыдан ойлауы дамиды. Кез келген затқа күдікпен қарап, ой қорытынды жасап, көз жеткізе білуге
машықтанад
Достарыңызбен бөлісу: |