Қазақстан республикасы қарақалпақтары арасындағы этно-мәдени үрдістер кіріспе



бет4/30
Дата07.01.2022
өлшемі214,19 Kb.
#18388
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қарақалпақтар туралы алғашқы деректер-орта азиялық деректемелерде XVI ғасырлардың аяғында, ал орыс деректемелерде XVII ғасырдың басында кездесе бастайды. XVII ғасырдың деректемелері- Мәскеуде сауда жасайтын Хиуа және Бұхар көпестерінің мәлімдемелерінде немесе орыс патшаларының Хиуа және қазақ хандарының жіберген елшілерінің тізімдерінде мазмұндалған. XVII - XVIII ғасырларда Петр I - дің бұйрығымен, Семен Ремезов құрастырған “Чертежная книга Сибири” деген атласта - Сырдарияның төменгі сағасы мен Арал маңында мекендеген қарақалпақтардың территориясы көрсетілген [1]. Келесі құнды мәліметтер Көне актілердің Орталық Мемлекеттік архивінің “Каракалпакские дела” атты 117-ші қорында (1720-1743) сақталған. XVIII ғасырға жататын құнды мәліметтерді орыс тарихшысы П. И. Рычков (1712-1777) қалдырды. Ол алғашқылардың бірі болып Каспий маңын зерттеп, “төменгі” және “жоғарғы” қарақалпақтар жөнінде айтып кеткен. Ғылыми тұрғыдан алғанда оның “Топография Оренбургской губернии” [2] атты еңбегі маңызды.

А. В. Каульбарстың “Низовья Амударьи, описанные по собственным исследованиям в 1873 году” [3] орыс әскери флотилиясы үшін кеме жүзетін жол ашу мақсатымен Амударияның атырауларын зерттеу нәтежелері беріліп,атырауда мекендейтін қарақалпақтардың орналасуы,шаруашылығы мен өмір салты сипатталды.

Одан кейін Наливкиндердің “Очерк быта женщины оседлого туземного населения Ферганы’’атты еңбегінде біздің тақырып бойынша біраз мәліметтер келтірілген. Мұнда ферғаналық қарақалпақтардың (туземцы) отбасылық –некелік қарым-қатынастары қарастырылған. [4].

Революцияға дейінгі кезеңде Орта Азияны зерттеуге жіберілген зерттеушулердің көпшілігі этнограф, шығыстанушы мамандар емес, әскери-барлау, әскери-ғылыми экспедициялары, елшілік миссиялары,отарлаушы әкімшіліктің шенеуніктері болғандықтан, Орта Азия халықтарының салт-дәстүрі олардың аса қызығушылығын тудырмаған.Әскери-барлау экспедициясы өкілдерінің мақсаты- отарлаушылық саясат қана еді.

Тек революциядан кейін ғана қарақалпақтар этнографиясының ғылыми негіздері қалана бастады.

Аса маңызды нәтежеге жеткен, көптеген жылдар бойы ұйымдастырушысы мен жетекшісі- танымал шығыстанушы С.П.Толстов болған Хорезм археолого - этннографиялық экспедициясы. Ол өзінің зерттеулерін 1934 жылдан бастап,бүгінгі күнге дейін жалғастыруда.Оның еңбектерімен ертедегі Хорезм мен Арал маңындағы және соларға жақын жатқан Қарақұм мен Қызылқұм шөл далаларының неолиттен орта ғасырлаға дейін төрт мың жылдық тарихы бар ескерткіштер зерттелген.Хорезм экспедициясының ғылыми нәтежиелері монографиялар мен статьяларда жарияланған, олардың ішінде С.П.Толстовтың “Древний Хорезм”, “П следам древних цивилизации”, “По древним дельтам Окса и Яксарта” [5] деген еңбектерін айта кетуге болады.

Экспедицияның қызметкерлері сонау көне заманнан бастап XVII-XIX ғасырларға дейінгі уақытты қамтитын археологиялық және тарихи-этнографиялық сипаттағы көптеген еңбектер жариялады.Олар: Б.В.Андрианов-тың “Этническая территория Средней Азии” [6], Е.Марковтың “Кочевники Азии” [7] деген еңбектері. Т. А. Жданко “Очерки исторической этнографии каракалпаков” [8] атты еңбегінде қарақалпақтардың рулық-тайпалық құрамын сипаттап, жеке топтарының тарихы бойынша мәліметтер келтірді.

Қарақалпақтардың отбасылық өмірі мен некелік қарым-қатынастары Н.А.Кисляковтың “Очерки по истории семьи и брака у народов Средней Азии” [9], А.Т.Бекмуратовтың “Семейно-бытавой уклад каракалпаков в прошлом и задача преодоления его пережитков” атты диссертациясында жеке зерттелген.

У. П. Снесаревтың “Реликты домусульманских веровании и обрядов у узбеков Хорезма” [10] деген зерттеуде автор Орта Азия халықтарының ырым - жораларына тоқталған.

У. Х. Шалекеновтың “Казахи низовьев Амударьи” [11] атты еңбегінде автордың Амударияның сағасында жүргізген тарихи-этнографиялық зерттеулерінің қорытындысы жазылып, қарақалпақтар мен қазақтардың жақындау процесі қарастырылған. Р. Қосбергеновтың “Положение Каракалпакского населения в Хивинском ханстве в конце XIX - начале XX веков” [12] деген еңбегінде Хиуа хандығын Ресей жаулап алғаннан кейінгі этникалық құрамы сипатталып, қарақалпақтардың қоғамдық құрылысы көрсетілген.

Қарақалпақтардың жерлеу рәсімдері жөнінде тарихшы этнограф Х.Есбергенов [13] маңызды мәліметтер қалдырған.

Қарақалпақ халқының этникалық шығу тегі мен тарихы туралы М.К. Нұрмұхамедов, Т.А. Жданко, С.К. Камаловтың «Каракалпаки (краткий очерк истории с древнейших времен до наших дней)» (1971) [14] еңбегінде құнды мәліметтер келтірілген. Онда Рашид ад-Диннің, В.В. Бартольд, Н.А. Аристовтың еңбектеріндегі қарақалпақ атауына, этникалық құрамына қатысты ғылыми теориялары талданған. Мысалы, Рашид ад-Диннің дерегі бойынша, монғол шапқыншылығы кезінде қарақалпақтар «Kavm-i külah-i siyah» (қара қалпақты халық) деген атаумен танылған.

Атақты түркітанушы-филолог Н.А. Баскаков өзінің «Қарақалпақ тілі» (1952) [15] деген еңбегінде қарақалпақ тілінің фонетикалық, лексикалық және морфологиялық құрамын зерттеп, қазақ және қарақалпақ тілдерін салыстыра отырып, екі халықтың этникалық ортақтығын дәлелдейді.

Бұдан басқа И.А. Невская, С.Ж. Тажибаева, Т.А. Козырев, М.Қ. Егізбаева, К.М. Төлеубаева [16] және т.б. қарақалпақ халқының этномәдениетіне, отбасылық дәстүріне, өнеріне қатысты зерттеулері маңызды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет