Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



Pdf көрінісі
бет22/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71
6.  Шартектес. 
Бұндай  пішін  кірпі-балыққа,  пиногорға  тән.  Судың 
таязында тіршілік ететін кірпі-балық қауіп туған кезде өзінің ерекшеқабына 
су  толтырып,  шарға  айналады.  Бұндай  пішінді  балықтар  өте  жай  жүзеді. 
Көптеген  балықтарды  ешқандай  топқа  жатқызуға  болмайды  –
 аралық 
пішінді 
болады.  Ал  кейбіреулері  тіпті  таңқаларлық  (атша-шүберекті, 
желкенділер,  ұзынқұйрықтылар,  денесінің  көп  бөлігін  сүйек  қаптаған 
кузовиктер, т.б.). 
Қозғалуы. 
Дене  пішіні  мен  тіршілік  ортасының  көптүрлілігі 
балықтардың  қозғалу  әдістерінің  де  әрқалайлығының  себептері.   Олардың 
үш  түрлі  қозғалу  әдістері  белгілі  –
 жүзу,  жорғалау  және  ұшу
.  Балықтарға 
жүзу  типтік  әдіс,  ол  денесі  мен  құйрығының  бүйір  иілуі  арқылы  іске 
асырылады.  Дененің  иілуі  бұлшық  еттің  жиырылуының  нәтижесі. 
Омыртқасы  көп  балықтар  денесін  күштірек  иеді.  Дене  құрылысы  бүйір 
иілуге  келмейтін  балықтар  қанаттарының  толқын  тәрізді  қозғалуы  арқылы 
жүзеді (скаттарда–кеуде қанаттары). 
Балықтар құрылысының ерекшеліктеріне,  физиологиялық жағдайына, 
судың  температурасы  мен  басқа  факторларға  тәуелділіктен  әртүрлі 
жылдамдықпен жүзеді. Ең жылдам жүзетін балық семсер балық  – сағатына 
120 шақырым жылдамдықпен жүзе алады. 
Қозғалудың  бір  әдісі  кеуде  қанаттарының  және  құйрығының 
көмегімен  су  түбінде  жорғалау  (жорғалағыш  алабұға,  теңіз  шайтаны,  теңіз 
әтеші). Мысалы, тропикалық аудандардың жорғалағыш алабұғасы құрғаққа 
шығып  кеуде  қанаттарының,  құйрығының  және  желбезек  қақпағының 
тікенектерінің  көмегімен  жорғалайды.  Ол  дымқыл  ауада  бірнеше  тәулік 
құрғақтағы омыртқасыздармен қоректеніп тіршілік ете алады. 
Ұшу  (қалықтау)  аз  ғана  балықтарға  тән,  мысалы,  Әлемдік  мұхиттың 
тропикалық  және  субтропикалық  суларында  тіршілік  ететін  ұшатын 
балықтар  ұзын  әрі  жалпақ  қанаттарын  жайып  жіберіп  жыртқыштардан 
құтылу  үшін  бұл  балықтар  судан  секіріп  шығады  да,  біршама  уақыт 
қалықтайды, сол мерзімде 200-400 м жерге бара алады. 
 


 
 
14-Балықтардың алуантүрлілігі. 
 
Өзен  алабұғасының  денесі  сүйір  пішінді  болып  бас,  тұлға  және 
құйрық  бөлімдеріне  бөлінеді.  Басы  сүйрленген  сына  тәрізді  пішінді  болып 
тұлғасынан  желбезек  қақпақтары  арқылы  бөлінген.  Желбезектер  осы 
қақпақтарының  астында  орналасқан.  Қасаң  қабығы  жойылған  көздері 
кішкентай  болады.  Ал  олардың  алдыңғы  жағында,  басының  үстіңгі 
бөлігінде  жұп  танау  тесіктері  болады.  Алабұғаның  тұлғасын  қабықтар 
қаптап  тұрады.  Әрбір  қабыршағы  сүйекті  пластинкадан  түзілген. 
Пластинканың бір шеті терісіне бекініп, екінші шеті сыртқа шығып жатады. 
 
 
15-Балықтың торсылдағының құрылысы 
 
Сол  сыртқа  шығып  бос  жатқан  бөлімінің  сыртында  ұсақ  тіс  сияқты 
болдырлары  болады.  Мұндай  қабыршақтарды  ктеноидты  қабыршақ  деп 
атайды.  Денесінде  болатын  көптеген  бір  жасушалы  тері  бездері  үздіксіз 
шырыш бөліп тұрады. Осы шырыштың әсерінен балықтың денесі су ішінде 
кедергісіз  тез  қозғалады.  Денесінің  екі  жақ  бүйір  бетінде  басынан 
құйрығына  дейін  созылып  жатқан  бүйір  сызығы  болады.  Бүйір  сызығы 
пунктир  сызығы  тәрізді  болып  қабыршақтардың  тұсынан  өткен  жерінде 


 
қатарласып  орналасқан  тесіктері  болады.  Осы  тесіктері  арқылы  бүйір 
сызығы сыртқы ортамен байланыста болады. Сырттан қабылданған әсерлер 
осы  сызық  бойымен  бұлшық  еттерде  жатқан  жүйке  ұштары  арқылы  миға 
жеткізіледі.  Сонымен  бүйір  сызығы  сезім  мүшесі  болып  табылады  және  де 
есту мүшелерінің қызметін де атқарады. Яғни, оны сейсменсорлы мүше деп 
атайды.  Тұлға  бөліміне  жұп  қанаттар-  көкірек  және  құрсақ  қанаттары 
байланысқан.  Дара  қанаттары  арасындағы  екі  қанаттан  құйрық  және  аналь 
тесігінің  тұсындағы  аналь  қанаттарынан  тұрады.  Алабұғалардың  құйрық 
қанаттары  кең  ашалы  және  тең  қалақты  болып  келеді.  Мұндай  құрылысты 
құйрықты гомоцеркальды құйрық қанаты деп атайды. 
Ет  жүйесі.  Көкірегі  мен  құйрық  бөлімінің  ет  жүйесін,  ен  минога  мен 
акулалардікі  сияқты  миосепталармен  бөлініп  бунақталған  миомерлерден 
құралады.  Жеке  миомерлер  воронка  тәрізді  бір  –  біріне  еніп  тұрады. 
Қанаттарының еттері жекеленіп, жіктелген. 
Ас  қорыту  жүйесі.  Алабұғаның  ауыз  қуысы  қозғалмалы  жақтармен 
бөлінген.  Олардың  жақтарында  және  таңдайында  ұсақ  тістері  болада. 
Тістерімен  қорегін  ұстайды,  бірақ  оны  ұсақтай  алмайды,  яғни олар  қорегін 
жыртқыш  балықтар  сияқты  бүтіндей  жұтады.  Тілі  болмайды.  Жұтқыншақ 
қарынға  барып  жалғасатын  қысқа  өңешпен  байланысқан.  Қарыннан  ішек 
басталады. 
 
 
16-Сурет. Балықтың ішкі құрылысы 
 
Ішегі бөлімдерге (он екі елі ішекке, ащы және тік ішектерге) бөлінген. 
Ішектің  басталған  жерінде  тұйық,  пилорикалық  деп  аталатын  өсінділер 
болады.  Бұл  өсінділер  ішектің  ас  қорыту  бетін  арттырады.  Тік  ішек  аналь 
тесігіне  ашылады.    Ас  қорыту  бездері  өт  орналасқан  бауыры  мен  ұйқы 
немесе қарын асты бездері болады. Өт – өт жолы арқылы арқылы алдыңғы 
бөліміне  ашылады.  Ішектің  астында  құрсақ  қуысының  жоғарғы  жағында 
жүзу  торсылдағы  орналасқан.  Бұл  гидростатикалық  аппарат  болып 
есептеледі.  Тыныс  алу  жүйесі,  ол  үшін  сүйекті  балықтардың  тыныс  алу 
мүшелерімен танысамыз. 


 
Сүйекті  балықтарда,  басқа  эктобронхиттар  сиякты  судағы  еріген 
оттегімен  тыныс  алады.  17-суреттегі  схемада  көрсетілгендей  сүйекті 
балықтардың  тыныс  алу  мүшесінің  қызметін  төрт  жұп  желбезек 
аппараттары  атқарады.  Әрбір  аппарат-желбезек  доғасынан  және  желбезек 
жапырақшаларынан тұрады. 
Доғалар  жұтқыншақтың  оң  және  сол  жақ  бүйірлерінде  орналасқан. 
Желбезек  аралық  перделері  болмайды.  Желбезек  саңылаулары  бір  жұп. 
Оның  беті  сүйекті  қақпақпен  жабылған.  Сүйекті  қақпақтың  бас  шетінде 
жіңішке  ғана  желбезек  жарғақшасыдеп  аталатын  тері  өсіндісі  болады. 
Желбезек  доғасының  ішкі  бетіне  таман  әр  түрлі  ұзындықта  және  әр  түрлі 
жиілікте  орналасқан  желбезек  таяқшалары  бар.  Бұл  таяқшалардың  тыныс 
алуға  онша  қатысы  жоқ.  Бірақ  бұлардың  балықтардың  түрін  анықтауда 
систематикалық маңызы бар. 
Сүйекті  балықтардың  тыныс  алу  механизмі  желбезек  қақпағы  мен 
желбезек  жарғақшасының  ашылып  және  жабылуының  нәтижесінде  жүзеге 
асады.  Мысалы,  желбезек  қақпағы  сыртқа  қарай  көтерілгенде,  желбезек 
жарғақшасы  желбезек  саңылауын  жабады.  Бұл  кезде  ауыз  арқылы  су  ауыз 
қуысына  кіреді.  Желбезек  қақпағы  ішке  қарай  ойысқанда  ауыз  тесігі 
жабылады да, желбезек саңылаулары ашылып, одан су тысқа шығарылады. 
Жолында  тұрған  желбезек  жапырақшалары  ұдайы  жуылып  тұруының 
нәтижесінде,  олардың  нәзік  қабырғалары  арқылы  газ  алмасады.  Осылайша 
цикл қайталанып, тыныс алу процесі үздіксіз жүреді. 
 
 
 
 
17-Сурет. Балықтардың тыныс алу жүйесі. 
 
Қан  айналу  жүйесі.  Алабұғаның  екі  камералы  құлақша  немесе 
жүрекше  және  қарынша  жүрегі  дене  қуысының  алдыңғы  бөлімінде 
орналасқан  желбезектердің  астында  жатады.  Қарыншадан  ірі  құрсақ 
клоакасы  төрт  жұп  қан  әкелуші  желбезек  артерияларын  береді.  Желбезек 
жапырақшаларында  әрбір  қан  әкелуші  желбезек  артерияларын  береді. 
Желбезек  жапырақшаларында  әрбір  қан  әкелуші  желбезек  артериялары 


 
капиллярларға тармақталады. Ал капиллярлардың қабырғасы арқылы судың 
желбезектерді  шайып  тұруынан  ғаз  алмасу  процесі  жүреді.  Оттегіне 
қаныққан  артерия  қаны  капиллярлар  арқылы  қан  әкететін  желбезек 
артерияларына  жиналып,  олар  арқа  жағынан  арқа  қолқасының  жұп  түбіне 
келіп  құяды.  Сосын  бастың  соңғы  бөлімінде  олар  өзара  қосылып,  тақ  арқа 
қолқасын  түзеді.  Арқа  қолқасы  омыртқа  жотасының  астынан  өтеді  және 
одан  барлық  мүшелерге,  ұлпаларға  көптеген  қантамырлар  жетеді.  Мұнда 
олар  жиі  орналасып  капиллярлар  торын  құрып,  олардың  қабырғалары 
арқылы  газ  алмасу,  қоректік  заттар  мен  жасушаның  тіршілік  әрекеті  үшін 
азықтар  жүреді.  Көмірқышқыл  газына  қаныққан  қан  алабұғаның  бас 
бөлімінен жұп алдыңғы кардиналь венасына құйылады. Бұл жұп кардиналь 
веналары өзара қосылып кювьеров өзегін және одан әрі күретамыр қуысын 
веноздық  синусты  түзеді.  Ішектен  күретамыр  веноздық  қаны  бауырдың 
қақпа  жүйесі  арқылы  өтіп,  сосын  барып  күретамыр  қуысына  келеді. 
Күретамыр  қуысынан  қан  құлақшаға.  Сосын  барып  қарыншаға  құйылады. 
Сонымен,  балықта  бір  қан  айналу  шеңбері  болады,  ал  жүрек  арқылы  тек 
қана  күретамыр  қаны  өтеді.  Қан  жасауын  мүшесі  көкбауыр  болып 
табылады. 
 
 
 
18-Сурет. Сүйекті балықтардың қан айналу жүйесі. 
 
Жүйке  жүйесі.  Алабұғаның  бас  миы  бес  бөлімнен:  алдыңғы  ми, 
аралық ми,  ортаңғы  ми,  мишық  және  сопақша  ми.  Алдыңғы  мидың  көлемі 
кішкентай,  керісінше  ортаңғы  ми  мен  мишықтың  әлдеқайда  жетілгендігін 
көруге болады. Алдыңғы ми екі сыңардан тұрады. Оның үстіңгі қабығында 
эпитиальді  милы  заты  жоқ.  Алдыңғы  мидың  негізгі  бөлігі,  оның  тұлғасы 
орналасқан  жолақты  денеден  тұрады.  Аралық  ми  алдыңғы  ми 
сыңарларының  астына  орналасқан.  Аралық  миды  артқы  жағынан  ақырын 
ашса,  кішкене  өсінді  түріндегі  эпифизді  көруге  болады.  Ортаңғы  мидың 
көру бөлімі жақсы дамыған. Мишықтың көлемі үлкен сопақша мидың үстін 
жауып жатады. Сопақша ми бірте-бірте жұлынға ауысады. Сопақша мидың 
үстіңде  ромба  пішінді  шұқырды  көруге  болады.  Үлкен  жарты  шарлардың 
алдыңғы жағында иіс сезу бөліктері орналасқан, олардан иіс сезу жүйкелері 


 
тарайды.  Бұл  жүйкелер  мұрын  капсулаларында  тарамдалады.  Бас  миының 
төменгі  жағынан  қарау  үшін  сопақша  миды  кесіп,  миды  алға  қарай 
жылжыту керек. Ми  көз жүйкелерімен  байланысып жатады. Көз жүйкелері 
бас сүйегінің негізіне жалғасып жатады. Егер миды аударып қараса кішкене 
дөңгелек  тәрізді  өсінді  гипофизді  көруге  болады.  Олар  аралық  мидың 
астыңғы жағына орналасқан. 
Зәр  шығару  жүйесі.  Омыртқа  жотасының  астында  орналасқан  таспа 
тәрізді екі тұлға бүйректерінен тұрады. Әрбір бүйректің ішкі жиегін қуалай 
орналасқан  жіңішке  түтікщелер  –  несеп  жолдары  болады.  Несеп  жолдары 
бір – бірімен қосылып, бір каналға айналады. Бұл канал зәр шығару тесігіне 
ашылатын қуыққа өтеді. 
Көбеюі.  Сүйекті  балықтардың  басым  көпшілік  түрлері  дара 
жыныстылар. Аталықтарында тұқым, ал аналығында жұмыртқа бездері бар. 
Олардың  әрқайсысы  жұп  мүшелер.  Жыныс  бездерінің  ішінде  қуысы 
боқуысы болады да, олар ерекше каналдар арқылы зәр тесігінен басқа тесік 
арқылы  зәр  –  жыныс  каналына  келіп  ашылады.  Шеміршекті  балықтардай, 
ұрғашыларында  жұмыртқа  жолының  қызметін  атқаратын  –  мюллерон 
каналдары болмайды. Еркектерінде жыныс бездерінің бүйрекпен байланысы 
жоқ, ал вольфов каналдары зәр шығару каналының қызметін атқарады. 
Уылдырығы  ұсақ,  оның  сыртында  жұқа  мөлдір  қабығы  болады. 
Ұрықтану аналық организмнен тыс, су ішінде болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет