Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



Pdf көрінісі
бет34/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71
Байланысты:
zoologiya 2-bolim

35-Сурет. Бауырмен жорғалаушылардың өкпесі 
А-амфисбен; Б-су айдаһары; В-гаттерия; Г-кесел; Д-аллигатор; Е-
құбылғы. 
 
Қан  айналу  жүйесі.  Көпшілік  бауырымен  жорғалаушылырдың  жүрегі 
қосмекенділер  сияқты  үш  камералы  болады,  бірақ  жүрекшелерінің 
аралығындағы перделер толық болмайды. 
Жүрек қарыншасының әр жерінен үш артерия кетеді. Он қарыншадан 
өкпе  тамыры  шығады  да  біраздан  соң  оң  және  сол  өкпе  артериясына 


 
бөлінеді.  Қарыншаның  сол  жақ  бөлімінен  ішінде  артериялық  қаны  бар 
ортаның  оң  жақ  шеңбері  шығады.  Одан  ұйқы,  бұғана  асты  артериялары 
кетеді.  Ең  сонынаң  қарыншаның  ортасынан  қолқаның  сол  жақ  шеңбері 
кетеді. Ол жүрекке қарай иіліп қолқаның оң жақ шеңберімен қосылып, арқа 
қолқасын құрайды. 
 
 
 
36-Сурет. Кесіркенің қан тасымалдау жүйесінің үлгісі 1-бас венасы; 
2-ұйқы артериясы; 3-яремді вена; 4-ұйқы өзегі; 5-аортаның оң доғасы; 6- 
өкпе артериясы; 7- өкпе; 8- артқы қуыс вена; 9-арқа аортасы; 10-
омыртқааралық; 11-бауыр; 12- ішек артериясы;13-бауыр-қақпа венасы;17-
ішек-шажырақай артериясы; 18-сыртқы шажырақай артериясы; 19-бүйір 
артериясы; 20- сол жамбас венасы; 21- сол жамбас артериясы; 22-бүйрек; 
23-артқы аяқ артериясы; 24-құйрық артериясы; 2- құрық артериясы; 26-
құйрық венасы(қара түспен веналар боялған.) 
 
Қан тамырының осылай жіктелуі нәтижесінде өкпе артерияларына тек 
қана  вена  қаны  құйылады  да  оң  жақтағы  қолқа  доғасына,  сол  сияқты  күре 
тамыр  және  бұғана  асты  артерияларына  таза  қан  келеді.  Тек  қана  сол  жақ 
қолқа  шеңберіне,  арқа  қолқасына  аралас  қан  келеді.  Бірақ  оттегіне  бай  қан 
басым  болады  Арқа  қолқасы  омыртқаның  бойымен  кетеді  де,  одан  ішкі 
мүшелерге,  еттерге  қан  тамыры  таралады.Арқа  қолқасы  жамбас  жамбас 
тұсына келгенде үлкен мықын артерияларына бөлініп, қанды артқы аяқтарға 
апарады. Құйрық бөліміндегі  вена қандары құйрық венасына  жиналады, ол 


 
клоаканың  манына  келгенде,  екі  жамбас  венасына  тарамдалады.  Жамбас 
веналарын  артқы  аяқтардың  веналары  жалғасады.  Одан  кейін  бүйректің 
қақпа  венасын  бөліп  шығарып,  олар  құрсақ  венасымен  қосылады.  Құрсақ 
венасы  ішкі  мүшелердің  көптеген  веналарың  қосып  алып  бауырға  еніп, 
бауырдың қақпа венасын құрайды. 
 
 
 
37-Сурет. 
Кесіркенің 
жүрегі 
мен 
негізгі 
қантасымалдау 
тамырларының  үлгісі  (Матвеевтен  алынған)1-оң  құлақша;  2-сол  құлақша; 
3-қарынша;  4-қарыншадағы  толық  емес  перде;  5-өкпе  артериясы;  6-
аортаның  сол  доғасы;  7-аоратның  оң  доғасы;  8-бұғана  асты  артерия;  9- 
арқа  аортасы;  10-ұйқы  артерияларының  жалпы  бағанасы;  11-сол  ішкі 
ұйқы артерия; 12-сол сыртқы ұйқы артериясы; 13-өкпе венасы; 14-артқы 
қуыс венасы; 15-күре тамырлар; 
 
Бүйректен шыққан веналардан артқы қуыс вена құралады. Артқы қуыс 
вена  омыртқаның  астынғы  бетімен  басқа  қарай  көтеріліп,  оң  жүрекшеге 
келіп құяды. Артқы қуыс венасына-бауыр венасы да құйылады. 
Бас бөліміндегі вена қандары қос яремдық венаға жиналады. Олар қос 
бұғана асты веналарымен қосылып,алдыңғы бір жұп венаны құрап. Оң жақ 
жүрекшеге құяды. Сол жақ жүрекшеге өкпе веналарының қаны құйылады. 
Зәр  шығару  және  жыныс  жүйелері.  Бауырымен  жорғалаушылардың 
ересектерінің  зәр  шығару  мүшесі  жамбас  бүйректерінен  екінші  бүйректен 
тұрады.  Дене  бүйректері  бірінші  бүйрек  ұрықтың  даму  кезеңінде  болатын 
мүше.  Дене  бүйректері  ұрық  жұмыртқадан  шыққанша,  кейде  жұмыртқадан 
шыққан  соң  біраз  уаққытқа  дейін  жұмыс  істейді.  Жамбас  бүйрегі  жетілген 
соң,  вольфов  каналының  артқы  бөлімінен.  Бүйректің  зәр  шығару  түтігімен 
қосылатын канал шығады. Сөйтіп зәр шығару түтігі пайда болады. Оң және 
сол  зәр  шығару  түтіктері  клоаканың  арқа  жағынан  құйылады.  Құрсақ 
жағынан клоакаға ашылады. 


 
Жамбас  бүйрек  қалыптасқан  соң,  дене  бүйрегі  редукцияланады, 
ұрғашыларында  алғашқы  бүйрек  толығымен  редукцияланады  да  еркегінде 
оның алдыңғы бөлігі қалып қояды. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет