Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



Pdf көрінісі
бет23/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71
Тапсырмалар
1.Өзен  алабұғасының  систематикасымен  танысып,  альбомға  жазып 
келу. 
Систематикасы 
Хордалылар типі-Chordata 
Омыртқалылар немесе Бас сү 
йектілер тип тармағы-Vertebrata 
Сүйекті балықтар класы-Osteichtycs 
Алабұға тәрізділер отряды-Perciformes 
Өкілі: Өзен алабұғасы-Perca fluviatilis 
2.Өзен  алабұғасының  немесе  жергілікті  жердің  сүйекті  балықтардың 
сыртқы  құрылысымен  танысып,  дара  және  жұп  қанаттарын  анықтап,  бүйір 
сызығын  табыңыздар.  Бас  бөліміндегі  танау  тесіктерін  тауып,  желбезек 
қақпақтарын қараңыздар. 
3.Микроскоппен  қабыршақтарын  қарап,  қабыршақ  түрін  анықтау 
керек. 
4.Өзен алабұғасының немесе қолда бар сүйекті балықтың ішін жарып, 
ішкі мүшелерімен танысу. Ол үшін мынандай тәртіппен ішін жару керек: 
а)  Қайшының  өткір  ұшын  аналь  тесігіне  сұғып,  сосын  дене 
қабырғасын омыртқа жотасына перпендикуляр етіп тілу керек. 
б) Денесінің бүйір қабырғасын көтеріп, омыртқа жотасын бойлай алға 
қарай желбезек қақпағына дейін кесуді жалғастыру керек. 
в)  Желбезек  қақпағын  кесіп  тастау  керек,  желбезек  доғаларын  және 
желбезек жапырақшаларын табыңыздар. 


 
г)  Пинцеттің,  скальпелдің  және  инелердің  көмегімен  еттерді 
ажыратып,  шыққан  қанды  мақтамен  немесе  дәкемен  тазалап  отыру  керек. 
Содан кейін, құрсақ қуысына орналасқан негізгі: ас қорыту, қан айналу, зәр 
шығару, көбею мүшелерін ажыратып анықтау керек. Гидростатикалық мүше 
– торсылдақты табыңыздар. 
5. 
Сүйекті 
балықтың 
рельефті 
кестесінен 
және 
ылғалды 
препараттардан ішкі мүшелердің орналасу реттілігін салыстыру. 
6.  Өзен  алабұғасының  немесе  сүйекті  балықтың  сыртқы  және  ішкі 
мүшелерінің суреттерін салып, мүшелерін белгілеу. 
7.  Қайталауға  арналған  сұрақтарға  жауап  бере  отырып,  салған 
суреттеріне талдау жасау. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет