Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



Pdf көрінісі
бет53/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71
48-Сурет.  Ін  қоянының  қаңқасы  1-мойын  омырқалары;  2-кеуде 
омырқалары;  3-бел  омыртқалары;  4-сегізкөз;  5-құйрық  омыртқалары;  6-
қабырғалар;  7-төс  сүріншегі;  8-жауырын;  9-жауырынның  акромиальды 
өсіндісі;10-жауырыннын  каракоид  өсіндісі;  11-жамбас  сүйектін  мықын 
бөлігі;  12-жамбас  сүйектің  шонданай  бөлігі;  13-жамбас  сүйектің  шат 
бөлігі;  14-жамбас  тесігі;  15-тоқпан  жілік;  16-шынтақ  сүйек;  17-шыбық 
сүйек;  18-білезік;  19-алақан;  20-ортан  жілік;  21-тізе  тостағаншасы;  22-
асық  жілік;  23-асық  жіліктің  садақшасы;  24-өкше  сүйек;  25-тілерсектің 
қалған сүйектері; 26-табан; 27-шынтақ өсіндісі. 
 
Жас  сүтқоректілердің  ми  сауыты  тұмсық  бөлімімен  салыстырғанда 
ересектерінің  ми  сауытынан  үлкен  болады.  Сүтқоректілердің  ми 
сауытындағы  жеке  сүйегінің  саны,  төменгі  сатыдағы  омыртқалылардың 
сүйегінен аз болады. Өйткені ми сауытын құрайтын көптеген сүйектер өзара 
бірігіп  кеткен,  негізгі,  бүйір  және  жоғарғы  шүйде  сүйектер  тұтасып  бір 
сүйекке  айналған.  Құлақ  сүйектері  бірігіп  тасша  сүйек  деген  бір  сүйекке 


 
айналған.  Қанат-сына  тәрізді  сүйек  негізгі  сына  тәрізді  сүйекпен,  ал  көз-
сына  тәрізді  сүйек  алдыңғы  сына  тәрізді  сүйекпен  бірігіп  кеткен.  Ми 
комплекстерінің  әсіресе  ми  сауытын  құрайтын  сүйектердің  арасындағы 
жіктер  ересек  тартқанда  бірігіп  кетеді.  Бұл  жануарлардың  өсуі  кезінде 
мидың көлемінің артуына мүмкіндік береді. 
Ауыз омыртқасы мен шүйде сүйектің бірімен-бірінің бекитін жерінде 
екі  бұдыр  өсінді  бар.  Ми  сауытының  төбесі  жұп  төбе,  маңдай,  мұрын  бір 
дара жақаралық сүйектен тұрады. Ми сауытының бүйір бөлімі, бұдыр бетті 
сүйектерден  одан  сыртқа  және  алға  қарай  самай  өсінділері  кетеді.  Бұл 
өсінділер  самай  сүйегіне  жалғасып,  алдыңғы  жағынан  жоғарғы  жақтағы 
өсінділерімен ұштасады. Осының нәтижесінде тек қана сүтқоректілерге тән 
бет доғасы пайда болады. 
Ми сауытының астыңғы бөлімі түбі негізгі және алдыңғы сына тәрізді 
сүйектерден,  ал  висцеральды  бөлімінің  түбі-  қанат  тәрізді,  таңдай  және 
жоғарғы  жақ  сүйектерінен  өалыптасады.  Ми  сауытының  түбінде,  есіту 
капсуласының маңында тек  қана сүтқоректілерге тән барабан болады. Есту 
сүйектері біртіндеп сүйектене келіп, ақырында қос тасша сүйекке айналады. 
Жоғарғы  жақ  жұп  жақаралық  және  жоғарғы  жақ  сүйектерінен 
тұрады.Сүтқоректілерде  жақаралық  сүйектердің  және  жоғарғы  жақ 
сүйектерінің  өсінілерінен  және  таңдай  сүйектерінен  екінші  реттегі  таңдай 
сүйегі  пайда  болады.Осының  нәтижесінде  хоандар  кеуілжір  сүйектерінін 
арасымен  келіп,ауыз  қуысына  ашылмай,  таңдай  сүйектің  артқы  жағынан 
келіп  ашылады.Бүл  сүтқоректілердің  аузында  тамақтың  кесегі  болып,  оны 
шайнаған кезде тыныс алуына кедергі келтірмейді. 
Төменгі жақ  сүйегі бұдыр бетті сүйекке бекитін бір жұп тіс сүйегінен 
қалыптасады.Буындасу сүйегі, есіту сүйекшесі – балғаға айналады. Шаршы 
сүйек,  есіту  сүйекшесінің  екінші  бір  түрі  төске  айналады.  Бұл  екі  есіту  
сүйекшелері және үшінші есіту сүйекшесі- үзеңгі ортаңғы құлақ қуысының 
ішіне    орналасады.  Ортаңғы  құлақтың  сыртқы    бөлімі  және  есіту  жолы-
дабыл  сүйегінен  тұрады.  Сөйтіп,  сүтқоректілердің  висцеральдық 
аппаратының  бірсыпырасы  сыртқы  және  ортаңғы  құлақ  аппаратына 
айналады. 
Омыртқа  жотасы.  Сүтқоректілерде  омыртқаларының  буындасатын 
беттері тегіс болады, яғни омыртқаның мұндай түрін платицельдік омыртқа 
деп атайды. Сонымен қатар омыртқаның буындасқан жерінде - менискилер 
деген  шеміршекті  дискасы  болады.  Омыртқа  жотасы  мойын,  арқа,  бел, 
сегізкөз,  құйрық  омыртқаларына  құралады.  Мойын  омыртқасының  саны 
әрқашан  тұрақты  болады.  Алдыңғы  екі  мойын  омыртқасын  ауыз  омыртқа 
дәне  эпистрофей  деп  атайды.  Мойын  омыртқасы  7  омыртқадан  тұрады. 
Сүтқоректілердің  мойынының  ұзындығы  түрліше  болуы,  оның  мойын 
омыртқаларының  соңына  байланысты  емес,  жек  еомыртқалар  денесінің 
ұзын және қысқа болуына байланысты. 
Арқа  омыртқалары  12-15  болады,  ал  кейбіреулерінде  24  омыртқа 
болады. Бір ұшымен алдыңғы жеті арқа омыртқасына, ал екінші ұшымен төс 
сүйегіне  бекіген  қабырғаларды  нағыз  қабырғалар  деп  атайды.  Ал 


 
қалғандарын,  яғни  екінші  ұшы  төс  сүйегімен  жалғаспаған  қабырғаларды  – 
жаоған  қабырғалар  деп  атайды.  Төс  сүйегі  бір-біріне  жалғасқан  бірнеше 
сүйек  пластинкаларынан  тұрады.  Оның  ұшы  сүйірленіп  барып  қанжар 
тәрізді шеміршекпен аяқталады. Төс сүйегінің алдыңғы жалпақ сагментін  – 
сүріншек деп атайды. 
Бел  омыртқаларының  саны  2-ден  9-ға  дейін  болады.  Ондағы 
қабырғалар рудимент түрінде ғана болады. 
Сегізкөз  көпшілігінде  бір-бірімен  бірігіп  кеткен  төрт  омыртқадан 
тұрады. Бұл төрт омыртқаның алдыңғы омыртқасы ғана сегізкөз болады да, 
артқы  екеуі  сегізкөзге  бірігіп  кеткен  құйрық  бөлімінің  омыртқасы  болып 
табылады.  Сегізкөз  омыртқалары  жыртқыштарда  үшеу,  ал  үйрек 
тұмсықтыларда  екеу  болады.  Құйрық  омыртқаларының  саны  тұрақты 
болмайды. 
Иық  белдеуі  негізгі  жауырын,  оған  бекіген  рудиментті  коракоидтан 
тұрады.  Сүтқоректілердің  алдыңғы  аяғы  алуан  түрлі  күрделі  қимылдар 
жасайтын  түрлерінде  (маймылдарда)  бұғана  болады.  Ал  алдыңғы  аяғы  жер 
бетімен  қозғалу  қызметін атқаратын  тұяқтыларда  рудиментті  түрде  болады 
немесе тіпті болмайды. 
Жамбас  белдеуі  шонданай,  жап  және  мықын  сүйектерінен  тұрады. 
Көпшілік  сүтқоректілерде  бұл  үш  сүйек  тұтасып  барып,  бір  ғана  жамбас 
сүйегін құрайды. 
Аяқтарының  қаңқасы  барлық  жер  бетімен  қозғалатын  бес  саусақты 
жануарларға  тән  құрылысты  сақтайды.  Әйткенмен,  тіршілік  ету 
жағдайларының  түрліше  болуына  және  аяқтарының  пайдалану  тәсіліне 
байланысты оның  құрамындағы  сүйектердің құрылысы да  түрліше болады. 
Мысалы,  жер  бетінде  жүретін  түрлерінде  аяқтарының  жоғарғы  бөлімдері 
ұзын  болса,  ал  суда  тіршілік  ететіндердің  бұл  бөлімі  керісінше  қысқа 
болады,  яғни  аяғының  төменгі  бөлімінің  сүйектері  –  табан  сүйектеріжәне 
саусақтары жақсы жетілген, әрі ұзын болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет