Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет1/2
Дата26.06.2023
өлшемі354,24 Kb.
#103418
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Өмірзақ Ақдидар Есеп 20-20 (копия)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ


С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

«Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы


Техникалық факультет
2-ШІ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША
ЕСЕП
Тақырыбы: «Құрт дайындау технологиясы»

В068 – «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» мамандығы


6В07201 – «Тамақ өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы
Орындаған студент: Өмірзақ Ақдидар Қуатқызы ___________
(қолы)
3 курс(9 триместр) тобы 06-068-20-20
Тәжірибе орны және кәсіпорын атауы:Түркістан облысы,Ордабасы ауданы,Бадам ауылы; ЖШС «Бөрте Милка»


Университеттен тағайындалған жетекші:Мулдашева А.Х

Тәжірибе бойынша есепті қорғауды бағалау________


Күні______ (қолы)

Астана-2023


Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................... 3
1 ЖШС«Бөрте Милка» сүт зауыты............................................................ 5
1.1 Өндірістің технологиялық процесстер схемасы................................. 8
1.2 Кәсіпорынның жалпы cипаттамаcы. Шығарылатын өнім жәнe жұмыc жаcайтын oрындар....................................................................................... 9
1.3 Сүт өнеркәсібіндегі жабдықтар......................................................... 10
Тақырыбы:Құрт дайындау технологиясы..................................................15
Қорытынды................................................................................................ 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................ 23

Кіріспе
Сүт өнеркәсібі халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің маңызды салаларының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда азық-түлік сапасына деген талап үлкен. Азық-түлікті өндіру барысында оның экологиялық тазалығы, қауіпсіздігі, пайдалануға ыңғайлы болуына көп көңіл бөлінуде.


Сүт өндірісі дүние жүзінде соңғы 30 жыл ішінде едәуір көбейді. Сонымен бірге санитарлық сапасына деген талап та өсті. Сүт өнімдерінің бәсекелестігін жоғарлатуға татымдылық дәрежесінің жақсаруы, тауарлық түрі, сақтау кезіндегі төзімділігінің әсері зор. Осы мақсатпен бағалы сүт қышқылды бактерияларды пайдаланып, өнімнің жаңа түрлері өндірілуде. Сүт өнімдерін анықтайтын негізгі факторлар: аймақтық ерекшеліктер, әртүрлі категориядағы халықтық тамақтанудың үйлесімді талабы. Сүт өнімдерін пайдаланудың жалпы балансы үлкендер үшін-20%, балалар үшін 50-60% дейін болады.
Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты ауылдық жерлерде көптеген фермерлік жеке қожалықтар, акционерлік қоғамдар және сүт өнімдерін өңдейтін құрылымдар пайда болып, дүние жүзі елдері мен мемлекеттері арасында, соның ішінде республикамызда да, шаруашылықтық, экономикалық және басқа да байланыстар кеңейіп өріс алуда. Кейінгі 10 жыл ішінде сүт сусындарына, биойогурттарға, сүт өнімдеріне деген сұраныс өсуде. Жаңа тағамдардың көптеп өндірілуіне қарамастан, сүт нарығы өзінің бірқалыптылығын сақтап келе жатыр. Сүт саласындағы ғылымның даму бағыты үшін сапа мәселесін шешу, сүт өнімдерінің экологиясы, сапа жүйесін енгізу арқылы отандық өнімдерді бәсекелестіру тәсілдері және халықаралық стандарт талабына сай сертификациясы жүргізілуі тиіс.
Бұл өңдеуші кәсіпорындардың кең таралған желісі және маңызды салаларды қамтиды: сүт өндірісі, май өндірісі, ірімшік өндірісі, йогурт өндірісі, қоюландырылған және құрғақ сүт өнімдерінің консервілері, балмұздақ өндірісі, балалар тағамы өндірісі, жас ауылшаруашылық жануарларына арналған сүтті алмастырғыштар. Кіші салалардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Әлемдік тәжірибе негізінде ет-сүт өңдеу саласын сапалы жаңа деңгейге шығару көзделуде, бұл өндірілетін өнім көлемін жаңғыртуды, оның сапасын арттыруды, шикізат сұрыпталымын және өңдеу тереңдігін елеулі ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Қойылған міндеттерді шешу үшін ет өңдеу кәсіпорындары мен сүт зауыттарын техникалық қайта жабдықтауды орындау, сондай-ақ қуаттылығы аз қайта өңдеу кәсіпорындарында пайдаланылатын жабдықтың технологиялық деңгейін едәуір арттыру қажет.
Сүт өнімдерін өндірудің технологиялық процестері технологиялық желілерге жинақталған әртүрлі машиналар мен аппараттарда орындалатын жеке технологиялық операциялардан тұрады. Сүт кәсіпорындарында көптеген типтік технологиялық операциялар бар-сүт қабылдау, тазарту, термиялық өңдеу – әр түрлі өндіріс түрлеріне арналған бірдей технологиялық жабдықтың көмегімен жүзеге асырылады.
Өндірістік практикадан өту өзектілігі жұмыс процесінің барлық қағидаларымен танысу болып табылады.Практикада жұмыс процесінің түрлерін зерттедік, атап айтқанда шикізат ретіндегі сүтті қабылдап алу мен дайын өнім шыққанға дейіңгі барлық кезеңдерді көріп бақыладым.
Өндірістік практиканың мақсаты нақты өндірістік үрдіске қатысу және құзыреттерді қалыптастыру үшін бакалаврлардың теориялық,ғылыми-тәжірибелік дайындығын қалыптастыру,технолог мамандығы бойынша тәжірибе алу.
Практиканың негізгі міндеттеріне кіреді:

  • Тәжірибелік білімдерді қалыптастыру, азық-түлік өнімдерінің өндіру бағытыңдағы теориялық білімімді бекіту.

  • Дайын өнім өндіруге дейінгі болатын процестердің жұмыс принципімен танысу.

  • Өндірісте қолданылатын аппараттарды басқаруды бақылап , түсінуге тырысу





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет