Жұмыстың орындалу реті
1.Тәжірибелік қондырғыдағы құралдардан 4-суреттегі электрлік сұлба
бойынша тізбек жинау керек.
2. Катушканың ортасына горизонталь жазықтыққа компасты орналастыру
керек. Катушка мен компасты вертикаль ось бойымен айналдыра
отырып, олардың жазықтығын Жердің магниттік NSмеридианжазықты-
ғымен беттестіру керек. Осы шарт орындалғанда компастыңмагниттік
тілшесі «0» градусты көрсетеді.
3. Реостаттың сырғымалы тиегін кедергінің мәні барынша үлкен болатын
қалыпқа қою керек.
4. Тұрақты ток көзінің кернеу реттегішін сағат тілінің бағытына қарсы
бұрай отырып, ең шеткі сол жағдайға келтіру керек.
5. Тұрақты ток көзін желіге қосу керек. Тізбекті Kкілтпен және АҚ ауыс-
тырып-қосқышпен тұйықтап, реостаттың сырғымалы тиегін жылжыта
отырып, нақты бір ток күшін (I1) миллиамперметр бойынша қою керек.
6. Компастың магниттік тілшесінің бұрылуы тоқтап, тепе-теңдікке
келгенде, бұрылу бұрышын жазып алу керек.
7. Ауыстырып қосқышпен токтың бағытын өзгертіп, алғашқы I1ток
күшінесәйкес бұрылу бұрышын жазып алу керек.
8. Катушка арқылы өтетін токты өзгертіп, 6 және 7 пункт бойынша өлшеу
жұмыстарын ток күшінің басқа мәндері үшін 4 рет қайталау керек.
9. Әр ток күші үшін бұрылу бұрышының орташа мәнін анықтап, (3)
формула бойынша Жердің магнит өрісі кернеулігінің горизонталь
құраушысын есептеу керек.
10. Магнит өрісі кернеулігінің горизонталь құраушысының орташа
мәнін, ізделінген шама үшін абсолют және салыстырмалы
( ) қателіктер есептелінеді.
11. Өлшеу және есептеу нәтижелері кестеге жазылады.
Кесте
№
|
R,
м
|
N
|
I,
А
|
|
|
|
|
А/м
|
А/м
|
,
А/м
|
,
А/м
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары
1. Магнит индукциясының векторы мен магнит өрісі кернеулігі нені
сипаттайды және олардың арасындағы тәуелділік қандай ?
2. Түзу және дөңгелек токтар үшін магнит өрістерінің бағытын анықтау
үшін бұранда ережесін қолдану.
3. Био-Савар-Лаплас заңының оқылуы қалай?
4. Ұзындығы шектелген түзу токтың магнит өрісінің кернеулігі.
5. Дөңгелек токтың осіндегі және центріндегі магнит өрісінің кернеулігін
қорытып шығарыңыз.
№ 41 зертханалық жұмыс
Ж ұ м ы с т ы ң м а қ с а т ы : периоды белгілі тор арқылы жарық дифракциясы құбылысын зерттеп үйрену.
Қ ұ р а л – ж а б д ы қ т а р : дифракциялық тор, проекциялық шам, миллиметрлік бөліктері бар экран.
Ә д і с т е о р и я с ы
Жарық толқындарының біртекті емес ортада таралуы кезінде түзу сызықты таралу бағытынан ауытқу құбылысы дифракциясы деп аталады.
Дифракция құбылысын Гюйгенс-Френель принципі бойынша түсіндіру-ге болады: біртекті ортада жарық толқынының алғы шебінің әрбір нүктесі екінші ретті (тума) жартылай сфералық толқындардың көзі болып табылады. Тума толқындардың көмкерушісі (барлық екінші ретті толқындарға жанама бет) келесі уақыт мезетіндегі толқын фронты болады.
Толқындық фронт – екінші ретті толқындардың интерференциясының нәтижесі, екінші ретті тума толқындар толқындық беттің тек бір жағына қарай таралады (толқынның таралу бағытында).
Егер жіңішке ұзын саңылауға жазық параллель жарық сәулелері түсетін болса (1-сурет), саңылаудан өткен екінші реттік толқынның фронты орталық бөлігінде жазық болып, ал шеткі жақтарында қисайып ауытқиды, нәтижесінде жарық мөлдір емес экранның арғы жағына да тарай алады.
Дифракциялық құбылыстарды түсіндіру үшін Френельдің зоналар әдісі қолданылады. Бұл әдістің мағынасы – толқындық фронтты бақылау нүктесіне көрші зоналардан келетін тума толқындардың фазалары қарама-қарсы болатындай етіп бөлу.
Ені а саңылауға параллель сәулелер шоғы түскен болсын (2-сурет). Саңылаудан өткен жарық сәулелері әртүрлі бағытта тарайды. Жарық сәулелерінің бастапқы бағытына бұрышпен тарайтын сәулені таңдап алып, А нүктесінен екінші сәулеге перпендикуляр түсірейік. АС-екінші ретті толқынның фронты, – оптикалық жол айырымы. АВС ұшбұрышынан оптикалық жол айырымы шамаға тең. Оптикалық жол айырымында жарты толқын ұзындығына (/2) тең бөліктерді қарастырамыз. Осындай бөліктердің саны екеу деп ұйғарайық. Бөліну нүктелерінен саңылауға дейін АС фронтына параллель түзулер жүргіземіз. Сонда саңылау екі бөлікке немесе екі Френель зонасына бөлінеді. Әр зонадан тарайтын тербелістер көршілес зонадан тарайтын тербелістерге қарсы фазада болады. Саңылау арқылы өткен сәулелердің жолына жинағыш линза қойса, сәулелер линзаның фокус жазықтығында М нүктесінде жиналады. Тербелістер М нүктесіне қарама-қарсы фазада жететіндіктен қорытынды тербелістің амплиту-дасы нөльге тең болады, яғни М нүктесі жарықтанбайды. Бұл минимум шартына сәйкес болады: егер толқын фронтының ашық бөлігінде жарты толқын ұзындығының жұп саны орналасса, қарастырылып отырған нүктеде жарық әлсірейді, (өшеді): , k=0,1,2,3 ... (1)
Ал егер толқын фронтының ашық бөлігінде Френель зоналарының саны тақ болса (3-сурет), онда қарастырылып отырған нүктеде жарық күшейеді, немесе, егер оптикалық жол айырымына жарты толқын ұзын-дығының тақ саны сәйкес келсе, онда қарастырылып отырған нүктеде жарықтың күшеюі байқалады, яғни , k=0.1.2,3... (2)
1 - сурет
2 - сурет
Достарыңызбен бөлісу: |