Қазақстан Республикасы аумағындағы әкімшілік сот ісін жүргізудің тәртібі



Дата27.02.2023
өлшемі14,47 Kb.
#70087
Байланысты:
1.2 Әкімшілік сот ісін жүргізу


1.2 Қазақстан Республикасы аумағындағы әкімшілік сот ісін жүргізудің тәртібі
Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-ші бабында:
1. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
2. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол
заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
3. Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:
1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ
беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
4. Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының заңдарында реттелмеген бөлігінде әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының аумағында әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, осы Кодексте айқындалады. Егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізуді реттейтін өзге де заңдарының ережелері осы Кодекске енгізілуге жатады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік және әкімшілік-процестік құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады.
Сот бақылауында бірқатар ерекшеліктер бар. Әділ соттылықты жүзеге асырғанда соттар, әртүрлі субъектілердің яғни жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ете отырып, мыналарды анықтай алады:
1)актілердің және лауазымды адамдар мен органдардың әрекеттерінің заңсыздығын;
2)мұндай актілерден және әрекеттерден келген залалдарды;
3)ашылған құқық бұзушылықтың себептері мен жағдайларын;
Мынадай шешім қабылдай алады: 1) бұзылған құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру жөнінде; 2) кінәлі адамдарды жауапқа тарту жөнінде.
Сот бақылауы:
а) сот билігінің дербестігі және әділ сотты тек соттың өзінің жүзеге асыруының;
ә) сот билігінің Конституцияға, заңдарға, басқадай нормативтік актілерге, Республиканың халықаралық шарттарына бағынуына;
б) сот ісін жүргізу тәртібінде атқарушы билік органдарының әрекетіне құқықтық баға бере алу қабілетінің;
в)өз күшіндегі құқықтың, Жоғарғы Соттың және Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларының конституциялық бекітілуінің.
Соттардың сот шешімдерін мәжбүрлеп орындатуды қамтамасыз ету құқысы арқасында келешекте әкімшілік құқықтың маңызды институттардың біріне айналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет