Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі е



бет3/4
Дата20.02.2023
өлшемі77,02 Kb.
#69437
1   2   3   4
Деректік негіздері: Курстық жұмыс барысында Ақ Орда тарихына қатысты бірнеше ортағасырлық деректерді пайдаландым. Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихын зерттеу негізінен алғанда Шығыстың шектес және алыс елдерінен шыққан авторлар жазған жазба деректердің мәліметтеріне негізделеді. Рашид ад-диннің Жамиғат тауарих (1310-1311жж)деген тарихи еңбегі XII-XIII ғасырлардағы моңғол және түрік тайпалары мен халықтарының тарихы жөніндегі мейлінше елеулі еңбек болып табылады. Рашид ад-дин шығармасының негізіне ресми моңғол хроникалары,моңғолдар жаулап алған түрлі елдердің тарихи шығармалары,оқиғаға қатысушы хабарламашылардың материалдары алынған Қазақстан моңғол ұлыстарының құрамына кірген кездегі оның топонимикасы,тарихи географиясы, саяси тарихы жөніндегі деректер, Орда Ежен ұлысының тарихы, оның ұрпақтарының, басқа да Жошы ұрпақтарының генеологиясы жөніндегі мәліметтер келтірілген. Ақ Орданың тарихы жөніндегі материалдар В.Г. Тизенгаузенің басылымында келтірілген .
Зерттеу әдістері. Зерттеудің мақсат міндеттеріне сәйкес ғылыми танымдық әдістер қолданылды тарихи, салыстырмалы және т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1.Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылысы


1.1.Ақ Орда мемлекетінің құрылуы және территориясы

Ақ Орда атауының алғаш рет ауызға алынуы XIV ғасырдың 40-жылдарында болуы мүмкін. Т.И. Сұлтанов бұл жайтқа егжей-тегжейлі тоқталған: «Ақ Орда» термині кездесетін уақыты жағынан ең ертедегі деректеме, сірә, Кутбтың «Хұсрау мен Шырыны» болса керек. Ол Өзбек ханның ұлы,әкесінен кейін Алтын Орда тағында бірнеше ай бойы отырған Тыныбек туралы деректемелерден егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген. Ақ Орда Тыныбектің әйелінің атына байланысты да айтылады Ақ Орда оның патшалығы ол тақтың көркі. Бірақ дастанның 1340 - 1342 жылдары Сығанақта жазылғаны мәлім. Өзбек ханның өлген уақыты,Т.И.Сұлтанов келтірген мәліметтер бойынща,деректемелерде хижра бойынша 742 жылғы шаввал (1342 жылғы наурыз - сәуір) және 743 жыл ( 1342 жылғы маусым-1343 жылғы мамыр) деп аталады. Дастан Өзбек хан өлгенге дейін жазылып, оны Кутб Өзбек хан өзінің ұлын Орда ұрпақтарының ұлысын бағындыру мақсатымен жіберген хан өзінің ұлын Орда ұрпақтарының ұлысын бағындыру мақсатымен жіберген Сығанақтағы Тыныбекке тарту еткен болуы ықтимал. Кутбтың дастанын зерттеуші Э.Н.Наджип осылай деген жорамал айтқан. Г.А. Федоров - Давыдов бұл жорамалды «онша дұрыс емес» деп санаған,өйткені ол кезде сол қанатта, яғни Орда ұрпақтарының ұлысында Ерзен хан «өте жақсы» билік еткен еді ( хижра бойынша 720 ж./ II. 1320-I. 1321-745 ж.V.1344 - V.1345 ж.). Нақ осы Ерзен ханның 25 жыл бойы ойдағыдай басқарғаны туралы Му ин ад-дин Натанзи де айтады. Ал Лэн Пуль Стэнлидің мәліметтеріне қарағанда, 1320-1344 жылдарда «Шығыс Қыпшақта» («Орда Үйінде») Мүбәрәк - қожа билік еткен. Ұлыстардағы жағдайдың әрқашан тұрақты болмағаны туралы мәліметтердегі бұл алшақтық Сығанақта қайсы бір кезде Тыныбектің де болуын әбден мүмкін етеді.Тыныбектің әйелі Хан-Мелек міне сол жерде, Сығанақта «Ақ Орда тағының көркі» болуы ықтимал, ал « зор үміт күттіретін шах » туралы сөздер көркемдік дәріптеу қатарына жатады,ол шығыстың лирикалық дастандарына мейлінше тән.


Ақ Орда иеліктерінің Баһадүр ханға берілуіне байланысты Әбілғазы айтқан оқиғалар басқа бір-деректеме Махмұд бен Уәлидің «Бахр әл-асрар» деген еңбегінде басқаша көрсетіледі. Бұл автордың мағлұматтарына қарағанда, Шайбанидің ұлы Баһадүр оң қанат ханының әмірінсіз Ақ Ордаға сол кезде ақ иелігі ретінде өзі аттанады. « Шайбани ханның ұлы Баһадүрге келетін болсақ...ол әкесінің [ол өлгеннен кейін] орнына ел мен ұлысқа басшылық ете бастады. Жақын туыстарына,тайпаларына және төрт қаушынға жиналуға әмір беріп, ол қыстауы мен жайлауына Жүз Орда ретінде де белгілі Ақ Орданы таңдап алды». Бұл арада қаушындар деп Бату хан батысқа жорық жасағаннан кейін Шайбаниға бөліп берген төрт омақ (құсшы,найман,қарлұқ және бұйрақ) айтылып отыр. Інісіне Бату хан бөліп берген Шайбани ұлысының аумағы да белгілі. Егер төрт ғасыр өтіп кеткен уақыт шындығын ескерер болсақ, Әбілғазы бұл үлестің аумағын әдеттен тыс тәптіштеп былай деп сурттейді: «Сен тұратын жұрт (аймақ) менің жұртым мен ағам Ежен жұртының арасында болады. Сен жазда Жайықтың шығыс жағында,Ырғыз-суық, Ор, Елек өзендерінің бойында, Орал тауларына дейін жайла; ал қыс кезінде Ара[л] құмда,Қарақұмда Сыр өзенінің жағаларында, Шусу және Сарысу өзендерінің сағалары маңында қыста». Меңгу-Темір хан « Ақ Ордадағы иелікті «Бату ханның өкіміне сәйкес » Баһадүрге бергендіктен , ал жоғарыда аталғаннан басқа өкім болмағандықтан , осы аумақ «Ақ Орда» деп есептеледі .
«Ақ Орда» термині XVII ғасырдағы екі автордан Әбілғазы Баһадүр хан мен Махмұд бен Уәлиден Шығыс Дешті Қыпшақтағы ұлыстардың атаулары ретінде қайтадан кездеседі.
XVII ғасырдағы аталған екі автордың түсінігінде, әлдебір түрік қолжазбаларынан алынған түсінікте XIII ғасырдың шындығы ретінде «Ақ Орда» термині даланың ауызша «тарихнамасының» айтуынша, Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына,бірақ Шайбани ұлысына жатады. Оларда бұл Ақ Орданы,XIV ғасырдың басында Натанзиде көрсетілгендей, Орда-Ежен ұрпақтары емес, Шайбани ұрпақтары иеленгені жайында сөз етіледі.
Сонымен, XIII ғасырдың ортасынан бастап Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер, Рашид ад-Диннің айтуынша, өздерін Батый хан ұрпақтарының вассалдары деп сөз жүзінде ғана санаған «өз ұлысының тәуелсіз патшалары» болды. Ақ Орданың негізгі халқы-қыпшақтар, арғындар Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар, т.б.Ақ Орда хандары-Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Құйыршақ, Барақ т.б. Бұлар-кейінгі Қазақ хандарының тікелей арғы бабалары еді .
Ақ Орда мемлекетінің негізін қалаған (1226-1253) қолбасшы Шыңғыс ханның немересі, Жошы ханның үлкен ұлы,қазақ хандарының арғы атасы Орда-Ежен 1236-1242 жылы моңғолдардың батысқа жасаған барлық жорықтарына белсене қатысты. Жошы ұлысы екі қанатқа бөлінгенде сол қанатын Орда-Ежен, оң қанатын Бату басқарған.Осының негізінде XIII ғасырдың ортасында әскери саяси иеліктер қалыптасып,соңынан олар дербес мемлекеттерге айналды. Жошы ұлысының сол қанатын билеген Орда Ежен інілерімен қосылып Алтын Орда құрамына енетін, ішкі сыртқы саясаты тәуелсіз Ақ Орда мемлекетін құрды .
XIV ғасырда Орда Ежен тегінен шыққан әміршілердің билігі Шайбани ұлысына да таралды. Қазіргі зерттеушілердің бірқатары Қазақстан аумағында осы мемлекеттің құрылуына «Көк Орда» атауын теліп жүр. Олар Батый ханның Жайық өзенінің батыс жағындағы иеліктерін,соның ішінде Шайбани ұлысын да Ақ Орда деп атайды. Шайбани ұлысы Орда ұрпақтарының иеліктері құрамына енгеннен кейін «Ақ Орда» бүкіл біріктірілген мемлекетке көшкен болуы ықтимал. XIV ғасырдың аяғынан бастап Ақ Орда хандарының иеліктері деректемелерде Өзбек ұлысы деп атала бастаған.
Ақ Орда жері Алтын Ордадан алған тәуелсіздігінің нығаюы барысында XIV ғасырдың екінші жартысына қарай қалыптасып, алғашында Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі, Ертіс бойы, Ұлытау мен Кентау далаларын қамтыды. Ал Жайық, Ырғыз, Тобыл мен Сарысу өзендері аралығы, Арал теңізі төңірегі мен Сырдарияның төменгі сағасы Жошының тағы бір ұлы Шайбан ұлысына қарады.
ХІІІ ғ. орта тұсында Орда Еженнің ел басқарған ордасы Ертістің бойында және Алакөл көлінде болған. XIV ғ. Орда Еженнің мұрагерлерінің билігі Шайбан ұлысына да тарайды, яғни бүгінгі Қазақстанның аумағын түгел қамтиды. Тек Жетісу өңірі ғана бұл кезде Шағатай ұлысына, соңынан Мағолстанға қарайды. Ақ Орданың күшеюіне байланысты оның орталығы енді Қазақстанның оңтүстігіне, Сығанақ қаласына ауысады.
Ақ Орданың саяси тарихы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы Алтын Ордаға тәуелсіз хандардың өз билігін нығайту жолындағы күресімен,кейініректе-Ақ Орда хандарының ыдырап бара жатқан Алтын Ордадағы қырқысқа араласуымен,содан соң Орта Азия билеушісі Әмір Темірдің агрессиясына тойтарыс берумен сипатталады.XIV-XV ғасырдың басында бұл аумақты шығыс авторлары бірде Ақ Орда, бірде Көк Орда деп атайды.Мұны Орда-Ежен әулеті өкілдері билігінің осы аумаққа да таралуымен түсіндіруге болады, мұны мұсылман хронологиялық кестелері дәлелдейді.
Сонымен, XIV-XV ғасырларда деректемелерде Жайық өзенінен Батыс-Сібір ойпатына дейінгі Қазақстан даласының, Сырдарияның төменгі және орта ағысына қоса алғандағы кең-байтақ аумағы, яғни Орда-Ежен мен Шайбани ұлыстарының жері Ақ Орда деп түсінілген. Алтын Орда жай ғана «Орда» немесе «Еділ Ордасы» деп аталған орыс жылнамаларында Жайық өзенінің оңтүстік шығысындағы далалық аумақ «Көк Орда» немесе «Жайық сырты Ордасы» деген атаумен көрсетілген ал орыс жылнамаларында «Ақ Орда» ұғымы пайдаланылмаған.
Ақ Орда-моңғолдардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым. Оны осы жерлерде ежелден мекендеп келе жатқан және моңғолдардың жаулап алуынан көп бұрын-ақ қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген,сондай-ақ Шыңғысханның шапқыншылығы кезінде Қазақстанның шығыс және оңтүстік шығыс аудандары мен Алтайдан қоныс аударған түркі тілдес тайпалар мекендейтін еді. Онда қыпшақтармен қатар наймандар, үйсіндер (ушундар), қарлұқтар, керейіттер (керейлер), сондай-ақ қоңыраттар, маңғыттар және басқалар мекендеген .
1.Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
1.2.Ақ Орданың саяси құрылымы

Кез-келген мемлекеттің саяси құрылымын қарастырғанда ең алдымен басты назар аударар мәселеге онда билікте болған билеушілердің есімдері мен билік құрған жылдарын анықтау жатса керек. Одан кейін ғана сол билеушінің жүргізген ішкі-сыртқы саясаты,саяси құрылымның басқа да мәселелері қарастырылатыны белгілі. Жалпы алғанда, қазіргі күнде XIII-XV ғасырлар аралығында Ақ Ордада билік құрған билеушілердің есімдері анықталған және олардың тақта отырған жылдары да нақты болмаса да біршама белгілі. Дегенменде, бұл мемлекеттің екі ғасырлық саяси тарихында әлі де болса көмескі тұстар баршылық. Сондай көмескі тұстардың біріне-XIV ғасырдың соңғы және XV ғасырдың алғашқы жылдары Ақ Ордада Қойыршақ ханнан кейін және оның ұлы Барақ ханға дейін билік құрған тарихи тұлға туралы мәселе жатады. Сол себепті де біз осы жұмысымызда мұсылман деректеріндегі мәліметтер мен соларға негізделген түрлі зерттеулерде әр түрлі айтылатын тарихи тұлға туралы өз пікірімді ұсынуға тырысамын.


Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады,ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуереннахр билеушісі Әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі.
Ақ Орданы билеген Қазақ хандарының ата бабалары Орыс хан туралы соны деректі біз татар ғұламасы Марджанидің «Шығыс халықтары туралы»әңгімелерінен кездестіреміз. Автор бұл еңбегінде Орыс ханды «Татар, Сарай, Бұлғар, Берке жұртының алғашқы әйгілі билеушілерінің бірі» деп жазды. Марджани мұнда «алғашқы» деп Ақ Орданың Қазақ хандары династиясын меңзейтін сияқты. Орыс ханды «Қазақ хандарының атасы»деп танитын пікірді кейінірек қазақ тарихшылары Ш.Ш.Уәлиханов және М.Тынышпаев қолдады .
Орыс хан және оның хан-ұрпақтары жайлы деректерді біз Шараф-ад-Дин Йезди және шайбанилік тарихшы самарқандық Абдразақтың еңбегінен де көре аламыз. Шараф ад-Дин Йаздидің «Зафар наме» атты шығармасына бір жақты қарауға болмайды. Ол сөз жоқ Әмір Темірдің өмірі мен қызметіне баға берген,тіптен оны дәріптеуге арналған ресми тарих болып табылады. Мұндағы бізге қажеттісі Темірді дәріптеген тұстары емес, еңбектің соңғы бөлімдеріндегі XIV ғасырдың соңғы ширегінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде болған саяси оқиғалар және аталған өлкелерді жаулап алу үшін Темірдің жасаған жорықтары жайлы жазған дүниелері қажет. Мысалы Ақ Орданың бас қалалары Сауран мен Сығанақ үшін Орыс хан және оның ұлдарының (Тоқтақия және Темір Мәлік) Әмір Темірдің қолдауына ие болған Тоқтамыс қолымен жүргізген шайқастары жайлы деректі біз тек Шараф ад-Дин Йезди еңбегінен таба аламыз. Ал Абдразақтың Барақ хан туралы жазғандары қазақ тарихы үшін аса құнды деректер болып табылады.
Ақ Орда хандығы алғашында Алтын Ордаға тәуелді иелік саналғанымен ұзамай-ақ тәуелсіз мемлекетке айналды. Бұл тек Алтын Орданың өз ішінен ыдырауы нәтижесінде ғана емес, қайта соғыс жорығында бүлінген халық шаруашылығының қайта қалпына келіп жандануы, өндіріс күштердің өсуі, саяси, шаруашылық және мәдениеттің өркен жаюы, әскери күш арқылы Алтын Орда үстемдігіне зорлап бағындырылған Дешті Қыпшақ халқының осы үстемдіктен құтылып, бейбіт өмірді аңсаған тілегіне жетті. Алтын Орда мемлекетінде ұдайы жүргізілген соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстың тақсыретін тартқан, қалың халық бұқарасы Алтын Орда үстемдігінен құтылуды аңсады. Ақ Орда билеушілері халық бұқарасының бұл армандарын өз мақсаты үшін шебер пайдаланып, Ақ Орданы Алтын Ордадан тәуелсіз дербес ел етуге ұмтылды,бұл қимылды халық бұқарасы қолдады. Сөйтіп Орда-Ежен тұқымынан шыққан Ақ Орда билеушілері Алтын Ордадан тәуелсіздік алып,Ақ Орданы дербес мемлекетке айналдырды. Сырдария бойындағы шаруашылық, мәдениет орталығы болған маңызды қалалар үшін күресте Шағатай хандарын жеңді. Әмір Темірдің Ақ Ордаға қарсы жасаған шапқыншылығына қарсы күрестерде үнемі жеңіске жетіп отырды.
Ақ Орданың күшейген кезі XIX ғасырдың екінші жартысы 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп,енді Алтын Орда тағын иемденуге күщ салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды.1377 жылы Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі-Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол,1380 жылы Сарайды, Хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ 1380, 1391, 1395 жылдары Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас тартыстан XIV ғасырдың соңы мен XV бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалды.
1983 жылғы Қазақ ССР тарихының екінші томындағы «Ақ Орда Алтын Орданың құлдыраған кезеңінде» атты тараушада Әмір Темірдің 1395 жылы Тоқтамысты жеңгендігі және Алтын Орда тағына Орыс хан әулетінен шыққан өз қолдаушылары Қойыршақты,Темір Құтлықты отырғызғандығы туралы айтылады да, 1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі, Қойыршақтың ұлы Барақ ханның қарсыластарын жеңіп,билікті тартып алғандығы баяндалады [10, 159 б. ]. Ал ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдары қайта жазылған академиялық басылымның екінші томында авторлар бұл мәселеге тереңірек барып, Қойыршақтың 1409-1410 жылға дейін Ақ Орда билік құрғанын,одан кейін билікте-Шыңғыс оғлан атты тұлғаның болғанын және оны 1416 жылы Тоқтамыстың ұлы Жаппарбердінің тақтан қуғанын жазады.
Әбдіразақ Самарқанди Шыңғыс оғланды Өзбек ұлысының билеушісі деп жазса,Қазақстан тарихының екінші томында ол Ақ Орданың билеушісі деп айтылады.Бұдан шығатын қорытынды біреу, ол - Шыңғыс оғланның тегін Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігіндегі Шыңғыс ұрпақтарынык әулетінен,оның ішінде XIII ғасырдан бері осы аумақта үздіксіз билік құрып келе жатқан Орда Ежен әулетінен іздестіру қажет.Өйткені Тоқтамыс ханнан кейін Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігіне қайтадан Орыс хан ұрпақтарының билігі орнай бастайды. Орыс ханның ұлы Қойыршақты Әмір Темірдің Ақ Ордаға отырғызуы жайдан жай емес. Билік тұрақты болуы үшін сыртқы күштермен қатар ішкі күштердің де, яғни жергілікті ру-тайпа жетекшілерінің де қолдау көрсетуі маңызды. Ал жергілікті күштердің басқа емес, Орыс хан ұрпақтарының ішінен лайықты тұлғаны таңдайтыны белгілі.
Әмір Темірден соң Ақ Ордада Едігенің саяси ықпалы артып,билікке ол қолдаған адамдар келе бастайды. Темірдің өлімінен кейін Қойыршақтың да Ақ Ордада ұзақ отырмағаны белгілі. Оның орнын Орыс хан әулетінен шыққан басқа тұлғаның ауыстыруы сол кез үшін заңды болатын. Деректе айтылған Шыңғыс-оғлан және оның Едіге бимен қатар жүруі-біздің ойымызды дәлелдей түседі. Осылайша,Шыңғыс-оғланды біз, еш жақтан емес, Орыс хан әулетінен іздестіруіміз қажет.
«Тауарих-и гузида-йи нусрат нама» мен «Муиз ал-ансаб» деректеріндегі шежірелік мәліметтерде Орыс ханның ұрпақтары жақсы тарқатылып беріледі. Алғашқы деректе «Орыс ханның жеті ұлы, бес қызы болған делінсе, Т.И. Сұлтанов аударған соңғы дерек мәліметінде Орыс ханның 15 баласы, 8 ұл, 7 қыз бар» деп айтылады .
«Муиз ал-ансабта» екінші, үшінші және жетінші ұлдар: Сайдәлі, Сайдахмет және Темірмәліктің ұрпақтары көрсетілмейді. Ал қалған бес ұлдан өрбіген Орыс хан немерелерінің саны-он бір. XV ғасырдың алғашқы ширегінде олардың әрқайсысының Ақ Ордада билік етуге толық құқысы болды.
Ұрыс хан қайтыс болған соң Ақ Орда тағына үлкен ұлы Тоқтақия отырған. Осы Тоқтақиядан Әніке Болат сұлтан,одан Керей Гирей, Кирай, одан Бұрындық хан. Ал Ұрыс ханның 4-ші (Муизз ал-ансабта 8-ші ұлы) Қойыршақ, одан Барақ хан (Ақ Орданың соңғы ханы), одан Абу Саид-Жәнібек хан ( Муизз ал-ансабта Барақтың үлкен ұлы, Нұсрат-намада 3 ші ұлы делінген) болып келеді.
Ақ Ордада Ұрыс хан ұрпақтары билік жүргізіп тұрған кезде тимуридтік Хорасан аймағында Темір мен оның ұрпақтарына арналған алғашқы тарихи шығармалар жарық көреді. 1414 жылы Темір ұрпағы болған Ескендір сарайында «Мұнтахаб ат-тауарихи Муини» атты шығарма жарық көрді.Бұл еңбекке зерттеу жасаған орыс ғалымы академик В.В.Бартольд «Ескендір анонимі» деген атпен ғылыми айналымға енгізілді.Парсы тілінде жазылған бұл шығарманың авторы Муин ад-Дин Натанзи өз еңбегінде Ұрыс хан туралы да мәлімет қалдыра отырып,оны Ақ Орда билеушісі Шымтайдың ұлы екенін жазған. Осы пікірмен-ақ автор Ұрыс ханның әкесін Жошының үлкен ұлы Орда ұрпағы екенін нақтылайды.
Алайда арадан 12 жыл өтіп 1426 жылы Темірдің 4-ші ұлы әрі мұрагері Шахрұх сарайында оның тапсыруымен генеалогиялық (шежірелік) «Муизз ал- ансаб фи шаджарат салатин могул» атты шығарма (екінші бір атауы «На саб-нама») жазылды. Бұл еңбектің анонимді авторының Натанзиге қарағанда басқадай мақсаты болған сияқты. Себебі автор өз еңбегінде Шыңғыс ұрпақтары мен Темір әулетінің тарихын жазып,онда Жошының 13-ші ұлы Тоқай-Темір ұрпақтарына тоқтай отырып Ұрыс ханды Бәдіктің (Бадақ) ұлы деп атайды.
Му ин ад-дин Натанзи де бастапқы «Ақ Орда» аумағын (ұлысын да) сол қанат әулетіне-Орда Ежен ұрпақтарына қарайды деп көрсеткен, дегенмен де әуеліде Көк Орданың ұрпақтары болған. Жүз жыл ішінде, XIV ғасырдың ортасына қарай, Орда-Еженнің бұрын шағын болған монғолдық «Көк Ордасы» жергілікті этникалық негіздері ірі державаға Ақ Ордаға айналып, ол атауымен бірге шайбанилердің кең-байтақ аумағы мен ұлысының көп бөлігін өзіне қаратып алады. XIV ғасырдың екінші жартысынан ол деректемелерде әлі де Өзбек ұлысы деп атала берді.
Бір жарым ғасыр бойы өзінің ресми емес атауын үш рет (Көк Орда-Ақ Орда-Өзбек ұлысы) өзгерткен,ресми деңгейде Орда ұлысы, одан тараған ұрпақ хандарының ұлысы деп аталған осы саяси құрылымның мемлекеттік мәртебесі де түрлі кезеңдерде өзгермей қалған жоқ .
Ақ Орда XIV ғасырдан бастап Ерзен ханның және оның ұрпақтарының кезіңде біраз дәуірлейді. Орданың орталығы Сығанақ қаласы болған кезден бастап, Сырдария бойындағы қалалармен қарым-қатынас жақсарта түсті. Алайда, Оңтүстік Қазақстандағы қалалар үшін Шағатай ұрпақтарымен арадағы талас-тартыс күшейе бастайды. Ақ Орданың билеушілері мен Орталық Азияның арасындағы сауда қатынасы нығая түседі. Ерзен хан мұсылман дінін жергілікті халықтың арасына кеңінен тарату жолында мешіт- медреселер салдырған. Археологиялық қазба жұмыстарының кезінде Сығанақ, Сауран, Отырар қалаларына көптеген ғибадатханалардың орындары ашылған. Мәселен, Отырар қаласына және оның айиағына жүргізілген археологиялық қазба жұмысының кезінде қаланың орталық қорғанынан үш жерден мешіттің орны белгілі болса,ал қаланың оңтүстігі жағында Байылдыр селосының жанынан жұма мешіт медресенің орны табылған. Муин ад-Дин Натанзи деректері толығымен расталды. Ақ Орда хандары өз аттарынан ақша да шығара бастайды, Ал Мубарак-Қожаханның кезінен бастап (1344-1345), Алтын Ордаға тәуелділікпен мүлде бас тартады.
Ақ Орданы билеуші Орда-Еженнің орны Алтын Орданы билеген Батый ханнан жоғары болды дейді. Бұл жөнінде сол заманның тарихын баяндаған, «Жамих ат тауарих» атты еңбектің авторы, әйгілі парсы тарихшысы Рашиден: «Алтын Орданың билеушісі ресми түрде Батый хан болғанымен,Мөңке қаған (1251-1259 жылдары) билік жүргізген моңғол империясының атынан өзі шығарған үкімдері мен жарлықтарында Орда-Еженнің атын Батыйдан бұрын қойған. Әуел баста-ақ Орда-Ежен тұқымынан оның орнын басқан адам Батый тұқымынан шыққан хандарға бағынған емес, өйткені олар бір бірінен өте алыста жатты,және өзара тәуелсіз мемлекеттер құрды» деп жазады. Ол кезде Алтын Орданың астанасы Еділ сағасындағы ұлы Сарай қаласа еді. Ал Ақ Орданы билеген Орда-Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабындағы Алакөл маңындағы, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында болды. Сонау Еділ сағасындағы Сарай қаласында отырған Алтын Орда хандары Ақ Орданы тек сөз жүзінде ғана басқарған болды, іс жүзінде әскери,саяси күш және билік Ақ Орданың өз қолында еді. Сол себепті шығыстың тарихи деректемелері Ақ Орданы Алтын Ордамен терезесі тең және одан өзгеше мемлекет ретінде сиппатайды .
XIV ғасырдың ортасында Ақ Орда мемлекеті бұрынғы Орда-Еженге қараған көп жерді өзінің қол астында сақтап қалды. Бұл кезде оған: Дешті Қыпшақтың тұтас шығыс бөлігі Орталық Қазақстан,Торғай өлкесі,Арал теңізінің төңірегі, Сырдария алабы түгел қарады. Бұл дәуірде Алтын Ордадан бөлініп,тәуелсіздік алған Ақ Орда хандығы феодалдық мемлекет ретінде күшейіп кемеліне түседі.
XV ғасырдың басында Ақ Орда ханы Орда-Ежен ұрпақтары мен Шағатай ұрпақтары арасында Жетісу өңірі мен Сырдария бойындағы қалаларға таласқан күрес басталды. Бұл Орталық Азия мен Қазақстан өңіріндегі шұрайлы да құнарлы қоныстар болатын .
Деректемелер мен зерттеушілер Монғол империясының (Еке Монғол ұлысының) мемлекеттік құрылысына сәйкес Орда-Ежен ұлысының Бату ұлысына қарағанда әуел бастан үлкен деп саналғанын атап өтеді, Рашид ад -Диннің Орда мен Бату және олардың ұрпақтары «өз ұлыстарының тәуелсіз әміршілері болып табылады» деген мағлұматы жоғарыда, келтірілді.Мөңке қағанның батыс ұлыстарға Қарақорымнан жіберілген жарлықтарында алдына Орданың,содан соң Батудың есімдері қойылған. Алтын Орданың тарихи географиясын зерттеуші В.Л.Егоров: «Жошының ұлысы екі қанатқа бөлінді,ол іс жүзінде екі мемлекеттік құрылымға сәйкес келетін», -деп екі хан иеліктерінің дербестігін талай рет атап өткен.
Бірақ көп кешікпей Батудың ұлысы іс жүзінде сол кездің «нақты жағдайында», атап айтқанда, жаулап алушылық үлкен жорықтардың, ұлысына жаңа елдер мен халықтарды бағындырып алудың нәтижесінде күштірек болып шықты. Өзіне туыс Жошы ұрпақтарының да тәуелділігі айқындалды. Рашид ад-Дин Орда ұрпақтарында «мынадай ғұрып болды: олар Батудың мирасқорларын өздерінің патшалары және билеушілері деп санайды, олардың есімдерін өздерінің жоғарыдан берген жарлықтарында жазады» , -деп атап көрсеткен.
Дегенмен де XIII ғасырда Орда ұрпақтары ұлысының билеушісі Бату хан ұрпақтарына бұл тәуелділігі формалды түрде болды. «Іс жүзінде екі иелік сыртқы саяси және экономикалық мүдделері әр түрлі дербес мемлекеттер еді»,-деп жазады В.Л. Егоров ол Көк Орданың «толық экономикалық тәуелсіздігін» де атап өткен .
Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің 80-жылдардың аяғына қарай қалыптасқан,құрамына Қамар ад-Дин Енге төре, ал 1389 жылдан- Моғолстанның жаңа басшысы Қызыр-Қожа хан және Тоқтамыс кірген саяси одағы Ақ Орда мен Моғолстанның бытырап кеткен саяси және әскери күштерін бір жауға қарсы біріктіруге мүмкіндік алды. Одақ Темірдің Қазақстан мен Қырғызстан халқын тәуелділікке түсіруге, Дешті Қыпшақ, Жетісу және Тянь-Шань өңірі аумағындағы мемлекеттердің шаруашылық және саяси тәуелсіздігінің нығаюына кедергі жасауға тырысқан әрекеттеріне қарсы бағытталды.
Ақ Орда хандары Ертістен Сырдарияға, Алтайдан Ұлытау мен Аралға дейінгі кең далада экстенсивті мал шаруашылығын сақтай отырып және дәстүр бойынша жазғы және қысқы жайылымдарға көшіп қонудың қалыптасқан тәртібін орнықтырды. Сырдарияның орта ағысының, Таластың, Шудың отырықшы егіншілік жазиралары мен Ұлытау даласында шаруашылық және мәдени өмірді қалпына келтірді.
Ақ Орданың соңғы ханы Құйыршықұлы Барақ 1423-1428 жылдары билік жүргізді. Ақ Орданың жеке дара билігі 1226-1428 жылға дейін 202 жыл бойы үзілмей жалғасты .
Атадан қалған мирас бойынша Ақ Орда билігіне тек Орда Еженнің ұрпақтары ғана тақ мұрагері бола алды.Орда Ежен әкесі Жошыдан қалған қара шаңырақтың иесі,жеке дара билеуші болғандықтан Орда Ежен ұрпақтары Жошы ұлысы державасы билігін Әмір Темірдің әскери көмегіне сүйеніп Тоқтамыс басып алып өзі және ұрпақтары бірнеше жыл билік жүргізген.
Көшпенді өзбектер билеушісі Шайбани Әбілқайыр Ақ Орданы басып алған бірнеше жылды айтпағанда 1226 жылдан 1822 жылы Қазақтың хандық билігі жойылғанға дейін Ақ Орда және Қазақ хандығын Орда Ежен-Орыс ханнан тараған қазақ хан әулеті билеп келді. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы 1840 жылдары жүргізген қажырлы күресінің арқасында дүйім қазақтың басын біріктіріп Қазақ хандығын қайта құрды.Ол да Орда Ежен- Орыс ханның ұрпағы және қазақтың соңғы ханы.
Ақ Орда тарихы күрделі. Оның мән жайын ол тарихпен арнайы шұғылданған ғалымдар ғана көрсете алады. Ақ Орда тарихы кеш зерттелгендіктен оқу және ғылыми әдебиетте Алтын Орданың бір бөлігі есебінде қарастырыла берген .

1.Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы


1.3 Ақ Орданың дамуы

Монғолдар жаулап алуының ауыр зардаптары уақыт өте келе біртіндеп жойыла берді. XIV ғасырда Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында қала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Қазақстанның орталығындағы далалық өңір мен Жетісудың Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азия жазираларымен сауда байланыстары қалпына келтірілді.


Шаруашылықтың жаңғыруы, феодалдық қатынастардың нығаюы жағдайында жергілікті түрік жіне түріктеніп кеткен феодалдық үстем таптың жағдайы күшейе түсті. Халық бұқарасының монғолдар тәртібіне наразылығын пайдалана отырып, Жошы мен Шағатай ұлыстарында түрік шонжарлары Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуда өздерінің саяси бірлігін орнату жолында күрес жүргізді.
XIV ғасырдың басында Жошы ұрпақтары иеліктерінің Еділ бойындағы даланы, Еділдің батыс жағындағы жерлерді, Қырымды, Солтүстік Кавказды, және Хорезмнің солтүстік бөлігін қамтыған батыс бөлігі (оң қанат) бұрынғысынша Алтын Орданы құрады; Жошы ұлысының қазіргі Қазақстанның (Жетісуды қоспағанда) Жайық өзенінің шығыс жағындағы және Арал теңізі мен Сырдарияның солтүстік жағындағы кең-байтақ аумақты қамтыған шығыс бөлігі (сол қанат) Ақ Орда құрамына кірді.Алтын Ордада- негізінен Батый ханның ұрпақтары, Ақ Ордада Орда-Еженнің ұрпақтары билік құрды. Ұлыстың екі бөлігінде де Жошының 13-ұлы Тоқа-Темірдің ұрпақтары билік етті .
Жоғарыда атап өтілгендей, Орда-Еженнің иеліктері мен Алтын Орданың арасында орналасқан Қазақстан аумағы Шайбани мен оның ұрпақтарына бағынышты болды. XIV-XV ғасырдың басында бұл аумақты шығыс авторлары бірде Ақ Орда, бірде Көк Орда деп атайды. Мұнда Орда-Ежен әулеті өкілдері билігінің осы аумаққа да таралуымен түсіндіруге болады,мұны мұсылман әулеттерінің хронологиялық кестелері дәлелдейді.
Ақ Орда-монғолардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым. Оны осы жерлерде ежелден мекендеп келе жатқан және монғолдардың жаулап алуынан көп бұрын-ақ қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген, сондай-ақ Шыңғысханның шапқыншылығы кезінде Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аудандары мен Алтайдан қоныс аударған түркі тілдес тайпалар мекендейтін еді. Онда қыпшақтармен қатар наймандар,үйсіндер (ушундар), қарлұқтар, керейіттер (керейлер), сондай-ақ қоңыраттар, маңғыттар, және басқалар мекендеген.
Сонымен, XIV-XV ғасырларда деректемелерде Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі Қазақстан даласының,Сырдарияның төменгі және орта ағысын қоса алғандағы кең байтақ аумағы, яғни Орда-Ежен мен Шайбани ұлыстарының жері Ақ Орда деп түсінілген.Алтын Орда жай ғана «Орда» немесе «Еділ Ордасы» деп аталған орыс жылнамаларында Жайық өзенінің оңтүстік-шығысындағы далалық аумақ «Көк Орда» немесе «Жайық сырты Ордасы» деген атаумен көрсетілген, ал орыс жылнамаларында «Ақ Орда» ұғымы пайдаланылмаған.
XIV ғасырдың бас кезінен Орда-Ежен ұрпақтарының Сыр өңірінің қалалары мен Жетісу жайылымдары үшін Шағатай ұрпақтарымен күресі жүргізілді. Сонымен бірге далалық аудандардың көшпелілері мен жартылай көшпелілерінің және Сыр өңірі жазирасының отырықшы аудандарының халқы арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды қалпына келтіру сарыны күшейді. Ақ Орда билеушілерінің әкімшілік орталығын өз иеліктерінің оңтүстік шет жағына, Сығанақ қаласына аударғаны кездейсоқ емес .
Ақ Орда хандары Ертістен Сырдарияға,Алтайдан Ұлытау мен Аралға дейінгі кең далада экстенсивті мал шаруашылыған сақтап, ұстана отырып және дәстүр бойынша жазғы және қысқы жайылымдарға көшіп қонудың қалыптасқан тәртібін орнықтырып, Сырдарияның орта ағысының, Таластың, Шудың отырықшы-егіншілік жазиралары мен Ұлытау даласында шаруашылық және мәдени өмірді қалпына келтіруге қадамдар жасады.Му ин ад-дин Натанзи Ақ Орда хандарының бірі Ерзеннің Сығанақты көркейтіп, Отырарда, Сауранда, Жентте, Баршыкентте біраз үйлер салдырғанын хабарлайды. XIV ғасырда Ақ Орда хандары теңгелерді енді тек өз атынан соқтырды.
Алайда Ұрыс ханның Алтын Орда мен Ақ Орданы біріктіруді көздеген әрекеті Мауереннахрда билікті қолға алып, күшейген Әмір Темірге ұнай қоймады. Моғолстан өңірін өзіне қосып,байырғы Шағатай ұлысын емін-еркін билеп төстеу-Әмір Темірдің басты мақсаттарының бірі еді. Көршілер әлсіз болғанда ғана өзі құрған мемлекеттің қуатты да берік болатынын ол жақсы түсінді.Сондықтан да ол, Ақ Орданы күйрету жолын іздестіре бастады.
Осындайда «іздегенге сұраған» дегендей, әкесі өлген соң Ұрыс ханның Ордасында амалсыз тұрып жатқан Тайқожа оғланның баласы Тоқтамыс-Әмір Темірге қашып келді. Низам-ад-Дин Шаманидің айтуынша Әмір Темір оны Жошы ханның тұқымы ретінде аса қошеметтеп,үлкен сый-сияпатпен қарсы алды. Құйтұрқы саясатта көреген Темір-Тоқтамысты Ұрысханға қарсы қоюға бірден-бір лайық және таптырмас тұлға ретінде тани білді. Сондықтан да Тоқтамысты өзімен бірге Самарқандқа ертіп барған ол, оны көтермелеп,той жасап басқа тартулармен бірге оған Отырар және Сауран аймақтарын бөліп беріп,көп әскермен жарақтандырып,ақыры оны Ақ Ордаға қарсы аттандырды. Тоқтамысқа сыйға тартылған аймақтар шын мәнінде Ақ Ордаға қарайтын еді. Сондықтан да Ақ Орданың ұлысбегілері мен тайпа басшылары Ұрыс хан бұл кезде Алтын Орданы бағындыру жорығында жүрсе де,бұған бей жай қарап,әрекетсіз отыра алмады. Олар сондықтан да Ұрыс ханның Ақ Ордадағы орнында қалған баласы Құтлық Бұғаға қалың әскер жинап береді .
Тоқтамысқа қарсы ұрыс 1374 жылы жаз айында болды. Бұған Ақ Орда жағынан негізінен наймандар, дулаттардан, албандардан, аракесектер мен шөмекейлерден, қоңыраттардан және түркіленген монғол руларынан құрылған әскерлер аттанды. Қантөгіс кезінде әскерді бастап шыққан Құтлық Бұға садақ оғынан ауыр жараланып,қайтыс болды. Мұның өзі Ақ Орда әскерлерінің жауынгерлік рухын төмендетудің орнына,керісінше көтеріп,олар Тоқамыспен жанқиярлыққа шайқаса барып, ақырында оны қуып шықты.Сағы сынып,өзін паналап қашып келген Тоқтамысты Әмір Темір қайта көтерді. Оны бұрынғыдан да қошеметтеп,оған тағы да қалың қол жасақтап беріп,жауға қайта аттандырып салды. Бұл жолы Тоқтамысқа қарсы Ұрыс ханның келесі ұлы Тоқтақия қол бастап шықты.Алайда Тоқтамыс хан тағы да күйрей жеңіліп, оның соңынан ілескен әскерлердің көбісі Ақ Орда жағына шығып кетті. Жалғыз қалған Тоқтамыс ағысы әрең дегенде қашып құтылды. Соңынан қуып келген Қараншы баһадүр садақпен атып,оны қолынан жаралады. Өзіне аса керек тарихи тұлға болғандықтан Әмір Темір Тоқтамысты іздеуге туысы Едіге барласты аттандырып,ол жараланған Тоқтамысты қопа қамысты жағалаудан тауып әкелді.
Жанталаса шапқан жаушы арқылы күрделі жағдайдан құлақтанған Ұрыс хан-Ақ Ордаға қайта оралып, өзінің екі елшісін-Кепек маңғытты және Тұтылжанды Әмір Темірге аттандырып, өзінің ұлын өлтірген Тоқтамысты қайтаруды және бұлай болмаған жағдайда соғысатын жерді белгілеуді талап етті.Соғыс құмар Темір көп ойланып жатпай,өзінің соғысуына әзір екендігін мәлімдеді. Осылайша, 1376 жылдың қысында Әмір Темір қалың әскермен Отырарға келген кезде, бүкіл Жошы ұлысының әскер жинаған Ұрыс хан Сығанаққа келіп тұрды. Алайда қарама-қарсы тұрған әскерлердің ұрысты бастауларына ауа райының күрт өзгеруі кедергі жасады. Күн бұзылып, қар аралас жаңбыр жауып,адамдар қатты тоңды. Осыған байланысты Әмір Темір Ұрыс хан әскерлерін айналып өтіп, оның тылындағы халықты тонап,қайтып кетті. Әрине, ол өзінің бұл әрекетіне қанағаттана қойған жоқ.
Сондықтан да 1377 жылы көктемде Әмір Темір Ұрыс ханға қарсы жаңа жорыққа аттанды.Алайда Ұрыс ханның кенеттен қайтыс болуы, бұл жорықты тоқтатып тастады. Муин-ад-дин Натанзидің айтуынша, Ұрыс хан табиғи өлімнен қайтыс болған. Ал енді Өтеміс Қажының «Шыңғыснамасында» Ұрыс хан Тоқтамысты қуғындаған жорық үстінде қайтыс болады. Біздіңше алғашқысы шындыққа жақын.Екінші деректе, Ұрыс ханның балаларына қатысты мәлімет шатастырылып берілген тәрізді.Ұрыс ханның орнына таққа отырған үлкен ұлы Тоқтақия да көп кешікпей дүниеден өтті. Енді Ақ Орда тағына Мұхамедханның баласы Темір бек отырды. Ол ішкілікке салынған мас күнем адам болғандықтан, Ақ Орданың басты тайпалары одан безіп,жергілікті арғын, қыпшақ қоңырат, жалайыр тайпаларының бектері хан тағына Жошы тұқымы Тоқтамысты шақырды .
1378 жылы Әмір Темірдің арнайы аттандырған бірнеше бектері Тоқтамысты- Ақ Орданың астанасы Сығанақта таққа отырғызды. Бұл кезде Қараталда қыстап жатқан Темір-мәліктің шұғыл түрде әскер жинап,асығыс аттанған жорығы сәтсіздікке ұшырады. Билікке келген Тоқтамыс Ақ Орда тағын иемденумен шектелмей, енді Алтын Орда тағын басып алуды ойластыра бастады. Өйткені бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша Алтын Орданы иемденбей, оның шын мәнінде шығыс бөлігі ғана болып есептелінетін Ақ Орда тағында орнықты отыру да мүмкін емес еді. Осылайша, Жошы ұлысы тарихында жаңа кезең-мемлекеттің дербестене бастаған екі қанатын қайта біріктіру, және осы негізде біртұтас мемлекетті қалпына келтіру әрекеті басталды. Мұндай саясаттың бастауында енді, қуатты Әмір Темір мен жергілікті бектердің қолдауына сүйенген Тоқтамыс хан тұрды.
Оңтүстік Қазақстанды астанасы Сығанақта болған Ақ Орда орталығына айналдыру Орта Азия мен Хорезмнің отырықшы аудандарымен байланыстардың кеңеюіне жәрдемдесті. Бұл байланыстарға Алтын Орданың орталығы-Еділ бойында қала өмірінің тіршілігін тоқтатуы мен сауда жолдарының өзгеруі едәуір әсер етті.
Түрік және түріктеніп кеткен жергілікті феодалдық үстем таптың экономикалық және саяси жағдайының нығаюы негізінде Ақ Орда билеушілері Мүбәрак-Қожа ханнан (1320-1344) бастап, Алтын Ордададан біршама тәуелсіздіктің өзінен де біржола қол үзді .
2.Ақ Орданың этникалық және саяси тарихы
2.1 Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамы

XIV-XV ғасырдың бірінші жартысында Ақ Орда кезеңінде,Көшпелі өзбектер мемлекеті Қазақстан аумағындағы тайпалардың этникалық құрамына тұрақтанып,түрік,монғол тайпаларының бірсыпыра мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері бір ізге түседі,түрлі тайпалық бірлестіктердің этникалық белгілерінің ортақтығы байқалады. Бұл мемлекеттер халық болып қалыптасқан көптеген рулар мен тайпаларды қамтыды;бұл орайда Ақ Орда, Көшпелі өзбектер мемлекеті, Ноғай Ордасы халқының этникалық құрамы негізінен алғанда ұқсас болатын. Оларда сол кездегі жазбаша деректемелерде «өзбектер» деген жинақтаушы этникалық-саяси терминмен (этнополитониммен) белгілі болған түркі тілдес тайпалар: қыпшақтар, үйсіндер, қоңыраттар, керейіттер, маңғыттар, арғындар, қарлұқтар, наймандар мекендеді. Солармен қоса деректемелерде бүркіт, қият, кенегес, күрлеуіт тайпалары мен рулары және басқа да көптеген тайпалар мен рулар аталады. Олардың бір бөлігі қазақтың Орта және Кіші жүздерінің құрамына кіріп,басқа бір бөлігі XV-XVI ғасырлар шебінде Орта Азияға барған,сөйтіп оған «өзбек» есімін апарған. Ноғай ордасында қалыптасқан халық та маңғыттармен, алшындармен, қытайлармен, астармен және басқаларымен қатар қыпшақ, қаңлы, найман, үйсін және қоңырат тайпаларының бөліктерін қамтыды.


Ақ Ордада түркі тілдес тайпалар қоныстанған, сондай-ақ шығыс далаларынан қоныс аударған түркі тілдес моңғол тайпалары: қыпшақтар, найман, үйсін, арғын, қарлұқ, керейт, қаңғы, қоңырат, маңғыттар т.б. Ақ Ордада инджу, мильк, сайургал ақсүйектерінің жер иеленудің мұрагерлік түрін қолданғаны туралы айтылған
Бұлардың бәрі Орта Азия мен Қазақстанның XIII ғасырдағы буырқанған оқиғалары аймақтың орасан кең аумағына бытыратып,араластырып жіберген көптеген түрік халықтары үшін ортақ түрік және түркі тілдес тайпалары мен рулары болатын. Аталған мемлекеттер ауқымындағы этникалық саяси даму процестері көп жағынан алғанда өзбектер, ноғайлар, қарақалпақтар, сібір татарлары, қазақтар үшін ортақ еді. Бұл халықтар соңғы орта ғасырлар дәуірінде іс жүзінде бір мезгілде қалыптасты, олардың қалыптасуы оқшау емес, қайта этникалық топтардың тығыз жанасымдары, мемлекеттік бірлестіктердің саяси байланыстары, халықтың шаруашылық және мәдени өзара қатынастары жағдайында өтті.
Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы Моғолстан және Ноғай Ордасы кейіннен аймақта мемлекетінің этникалық жағынан біртектес мемлекеттердің пайда болуы үшін, оларды кейініректе осы заманғы ұлттарға айналған ірі халықтардың саяси құрылымдарына топтастыру үшін жағдайлар дайындады .

2.Ақ Орданың этникалық және саяси тарихы


2.2 Ақ Орданың құлдырауы

Ыдырауға ұшыраған Алтын Орда оқиғалар Жошы ұлысының шығыс бөлігіне тікелей әсер етті. Ақ Ордаға қарасты жер мен оның шекаралары,әсіресе оңтүстіктегі Сырдария жағалауларындағы қалалар маңындағы бөліктері үнемі өзгеріп отырды. Алтын Орда тағына құмартқан Жошы әулетінің көптеген өкілдері Ақ Ордаға, оның шаруашылық және әскери күшіне арқа сүйеді, сөйтіп оны экономикалық жағынан ғана әлсіретіп қоймай, Ақ Орданың мемлекеттік ұйымының негіздеріне де зиян тигізді.


Ақ Орда жерінің тұтастығы мен саяси және экономикалық дербестігіне жоғарыда атап өтілгендей,Орта Азия билеушісі Әмір Темір жаугершілік саясаты алғашқы да шешуші соққы берді.Сонымен қатар оның жекеленген өз билеушілерінің, дәлірек айтқанда,Жошы ұрпағы Тоқтамыстың қимылдары да Ақ Орданың құлдырауын тереңдете түсті. Тоқтамыс өзінің Алтын Орда тағы жолындағы үздіксіз соғыстарымен,орыс жерлеріндегі, Кавказ сырты мен Қырымдағы,Хорезм мен Еділ бойындағы шапқыншылық әрекеттерімен Ақ Орданың материалдық және адам қорын әбден титықтатты. Әскери-көшпелі ақсүйектердің тағы бір өкілі, XIV ғасырдың аяғында Жайықта өз алдына бөлініп шыққан Маңғыт (Ноғай) ордасының (Маңғыт немесе «Ноғай үйінің») негізін қалаушы Едіге әмір XIV-XV ғасырлар аралығында Алтын Орда мен Жошы ұлысының шығыс бөлігін біріктіруші рөлін өз мойнына алды. Ол Ақ Ордадан шыққан Жошы ұрпақтары-Тоқа-Темірдің ұрпағы Темір- Құтлық пен оның немерелес туысы Темір-Құтлық Поладтың ұлы Шәдібекті бірінен кейін бірін сарай тағына отырғызып,солардың атынан Алтын Орданы өзі басқарды, 1420 жылы осы билеушілерге қарсы күресте қаза тапқанға дейін Жайықтағы жерлеріне де иелік етті.Бұл кезде Ақ Ордада ешқандай да бір орталыққа бағынған өкімет іс жүзінде қалмаған болатын .
Темір-Құтлықтың немересі Ұлық-Мұхаммед Алтын Ордаға кетті, 1419 жылы Ақ Ордағы өкімет билігін өз қолына алған Ұрұс ханның немересі Барақ хан Ақ Ордадағы өз аталарының билігін зорлық күшімен,дәлірек айтқанда, Ұлық Мұхаммедке қарсы күресте әрең қайтарып алғанына қарамастан, 1423-1425 жылдары соған ілесе Алтын Ордаға тартты, онда Орда тағы үшін болған күресте бірнеше үміткерлерді, жеңіп шығып, Сарайды,содан соң біраз уақыт «Барақ хан жұрты» деп аталған Қазанды алды.
Жошыдан тарайтын үш бағыт: Орда-Ежен, Шайбани, Тоқа-Темір ұрпақтарының әулеттік күресі мәжбүр еткен бүлік пен қиқылжындар Өзбек ұлысында (Ақ Ордада) ғасырдың бүкіл алғашқы ширегінде бір тынған жоқ.Олардың көпшілігінің Сарай үшін болғанын көреміз онда 17 жыл ішінде (1400-1417) 8 хан орын ауысқан, солардың басым көпшілігі Тоқтамыс балалары (Тоқа Темір ұрпақтары). Олардың есімдерін Ахмед Ғаффари мен Хайдар Рази атап кеткен:«Жалал ад-дин,Керімберді,Кебек хан,Жаппарберді,Мұхаммед хан,Алаху ұлы,Дәруіш ұлан ұлы Чаку; Шәдібек баласы Қиас ад-дин сияқты басқа да ұландар» «Олардың барлығы да ұзақ билік құрған жоқ».
Түптен келгенде Тоқа-Темір әулеті бұрынғы Жошы ұлысының батыс бөлігінде табысқа жетті олар,жоғарыда айтылғандай, өз алдарына мемлекет болған («татар» хандықтары) бірнеше Алтын Орда ұлыстарынн басқарды.В.П. Юдиннің пікірінше билік жүргізуге құқықтары жоқ «Бахр әл- асрардың» авторы атап көрсеткендей «хан ұғылы» («хан ұлдары») болу фактісі олардың құқықтарын ешқандай әсер еткен жоқ.
Дешті Қыпшақтың Шығыс бөлігінде де барлық үш әулет өкілдері өзара бөлісіп алды. 20-жылдардың аяғына қарай Шайбани ұрпақтары Өзбек ұлысының ұлан-ғайыр жерлерінде билікті өз қолдарына алды. Бұл туралы Ғаффари: «Тоқтамыс балаларының жаугершілігі салдарынан Орда үйінің құдіреті әбден титықтағандықтан, Шыңғысхан ұлы, Жошы хан ұлы Шибан ұрпақтарының бірқатары қолайлы сәтін тауып, олардың біразын өз жақтарына көндіріп алды да, көтеріліске шықты» деп жазады.
Дегенмен әлі де ширек ғасыр бойы өздерінің мұрагерлік иеліктерінде Ұрұс хан ұрпақтары биліктерін сақтап қалды. Солардың бірі Барақ ханның алдында ұлыстың оңтүстігіндегі жерлерін қайтарып алуға байланысты айрықша күрделі міндет тұрды.
1409-1410 жылдары Ақ Орданы Ұрұс ханның баласы сонау 1395 жылы Темір хан Алтын Ордада таққа отырғызған Қойыршақ оғлан биледі.Дегенмен маңғыт әмірі Едіге оны қуып шығып,таққа Шыңғыс әулетінен шыққан өз адамдарын отырғызды.Деректемелерде Қойыршақтың Ақ Ордада билік құрған уақыты туралы ешқандай мағлұмат келтірілмейді .
Бүлікшіл әмір Шайх Нұр ад-диннің Шахрухпен және Ұлықбекпен күресінің соңғы жылдарындағы (1409-1411 жылдар) Сайрам мен Янгидің (Тараздың) иесі ретіндегі келесі билеуші ретінде Абд-ар-Раззақ Самарқандиде (оны Ақ Ордадан шыққан Шыңғыс оғлан деп атаған) аталады.Ол Шайх Нұр ад Динмен бірге Темір ұрпақтарының күресіне араласты.Шыңғыс оғланды жоғарыда аталған қалаларға олардың бұрынғы иелері Мауараннахр әмірі Хұдайдад Хұсайнимен шайқасып жүрген Шайх Нұр ад-диннің шақыртып алғаны сөзсіз.
1416 жылы Тоқтамыс ұлы Жаппарберді Ақ Ордада Шыңғыс оғланды тақтан тайдырды, бірақ 1418-1419 жылдары-ақ Ұрұс ханның немересі, Қойыршақ ханның баласы Барақ оғлан мен Алтын Орда билеушісі Темір-Құтлығ ханның немересі Ұлық-Мұхаммедтің арасында өкімет билігі жолындағы айқас лаулап кетті. Алғашында Ұлық-Мұхаммед жеңіске жетіп, Барақ оғлан Сырдарияға қашты, 1419 жылы мамырда өз бақталасына қарсы Ұлықбектен көмек сұрау мақсатымен Самарқанға келді. Алдағы уақытта оны Шығыс Дешті Қыпшақты басқаратын,айтқанынан шықпайтын адам ретінде пайдаланып, өзінің Түркістан мен Таластағы иеліктерін қауіпсіз етіп қоймақ болған Ұлықбек оған қол ұшын берді.
Ұлықбектің жеке иеліктері тап осы жерлерде еді. 1404 жылы Әмір Темір Өзбек ұлысы мен Моғолстанда басып алған жерлерін немерелеріне: Ұлықбекке «Сайрам, Йанги (Тараз), Ашпараны және Жете (Моғолстан) уәлаятын, ал Ибрахим сұлтанға-Әндіжанды, Ахсикет пен Қашқарды Хотанға дейін берген.
Шығыс Дешті Қыпшақ далалары хандары мен Мауараннахр билеушілері арасындағы ұзаққа, екі ғасырға созылған тартыс Темірден басталды.Дау- да май Түркістан (Оңтүстік Қазақстан) қалалары мен Жетісудың (Шу-талас алқабының) батыс бөлігі үшін болды.Сырдария бойындағы қалаларынан айырылған Ақ Орда(немесе Өзбек ұлысы ) бұл тайталаста өзінің стратегиялық базасынан ғана емес,сонымен қатар мемлекет экономикасы үшін өмірлік маңызы зор аймағынан да да айырылды,сөйтіп,мемлекеттік орталығын жоғалтты. Тіпті Қыпшақ хандығының кезінде билеушілер осы жерлерде Хорезмшахтардан өз астаналарын қорғап қалған болатын. XIV ғасырда Ақ Орда хандарының да астанасы болды,олар қалаларды көркейтуге көп көңіл бөлді. Му ин ад-дин Натанзидің айтуынша Ақ Орда хандары Сығанақ пен Сауранда жерленген, бұл сол жерге иелік етудің белгісі болатын. Жошы ұлысының шығыс бөлігі ғана емес, батыс бөлігін де билемек болған Жошы ұрпақтары Түркістан қалаларына арқа сүйеді.
Алтын Орда мен бүкіл Жошы ұлысын біріктіруге күш салғандардың көпшілігі Сарайдағы хан тағы жолында жүргізген күрестерде Ақ Ордаға және оның қалалық орталықтарына, Ақ Орда ақсүйектері мен Түркістан қалаларындағы бай саудагерлерге сүйенді. Қала шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы,қалалардың сауда мен қолөнері кәсіпшілігінің құлдырауы, XIV ғасырдың соңғы ширегінде Еділ сағаларына Алтын Ордадағы саяси бүліктер және осымен қатар жазба деректер мен археологиялық материалдарға қарағанда XIV ғасырдың орта кезеңінде Ақ Орда хандарының тұсында Қазақстанның оңтүстігінде қалалардың тұрақты өркен жаюы Алтын Орда мен Ақ Ордадағы саяси оқиғалар барысына үлкен ықпал еткен. Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы,оның саяси тұтастығының құлдырауы XIV ғасырдың соңғы ширегі мен XV ғасырдың бірінші тоқсанында оның ішкі істеріне Ақ Орда феодал ақсүйектері мен Жошы ұрпақтарының үздіксіз қол сұғуы нәтижесінде жүзеге асты. Бұл мемлекеттің тұтастығын жасанды түрде біраз уақыт созған да солар .
Алтын Орда билігінен үміттенгендердің барлығы да Ақ Орда қалаларына қол артты,солар үшін өздерінің ішкі дұшпандарымен кесілескен ұрыс жүргізді, осы қалаларға жұтынған Орта Азия билеушілерінің әрекеттеріне тойтарыс беріп отырды.
Ақ Орда феодалдық-көшпелі ақсүйектерінің басым көпшілігі қала өмірімен жақындаса түсуге,қалаларды өз биліктерінің арқа сүйейтін базасына айналдыруға күш салды, бұл мемлекетті басқару ісін орталықтандыруға жағдай жасайтын еді. Бір ғажабы, Ақ Ордаға біріккен Орда-Ежен мен Шайбани ұлыстарын басқаруға Сырдария қалаларымен тығыз байланыстары күшті, осында өз иеліктері бар (сойылғандар), солармен сауда-саттық жүргізіп отырған ақсүйектер көбірек араласқан кезеңдерде Ақ Орда жеткілікті дәрежеде нығайып, мемлекеттік тұтастығы арта түскен.Олар хандардың мемлекетті орталықтандыру, Түркістан қалаларын басып алуға ұмтылған Темір мен оның мирасқорларына тойтарыс беру жолындағы күресін қолдап отырды; олар Орта Азия билеушілерінің жаугершелік саясатын тойтарыс беру мақсатымен Моғолстан билеушілерін одақтастық қатынастар орнатуға ұмтылған Ақ Орда хандарына, дәлірек айтқанда, Ұрұс ханға, Тоқтамысқа, кейінірек Барақ ханға көмек көрсетті.
Бірақ Ақ Орда ақсүйектерінің бұл топтары өз хандарын олар өкіметті нығайтуға,Ақ Ордада күшті мемлекет орнатуға ұмтылған кездерде ғана қолданылған.Ал Жошы ұлысының тұтастығын қамтамасыз етуді мақсат еткен хандар Алтын Ордаға кеткен кезде Ақ Орда ақсүйектерінің көпшілігі олардан сырт айналып, Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігінде билікті өз қолына алмақ болған жаңа үміткерді қолдап шыға келген. Мысалға,Ұрұс хан Жошы ұлысы батыс бөлігінің істеріне тереңірек араласып, «Өзбек ханның мемлекеті мен тағын қолына алған соң» Ақ Орданың көптеген әмірлері мен бектері одан теріс бұрылып, Тоқтамысты қолдап кетті. Ұрұс ханнан соң Ақ Ордада нығайып алған Тоқтамыс Алтын Ордада өкімет билігін алысымен,өз кезегінде Ақ Орда ақсүйектерінің қолдауынан айырылып қалды деректемелер мен зерттеушілер Тоқтамыс, Едіге, Темір Құтлықтан гөрі танымалсыздау билеушілердің арасынан Әлібек, Ұрық Темір ,Күнше оғлан, Едігенің інісі Исабек әмірлерді және т.б атайды,олардың басым көпшілігі Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы күресіне көмек берді.
Ақ Ордадағы мемлекеттік-саяси ұйымның тұтастығы үкімет билігінің көшпелі-әскери ақсүйектердің қай тобының қолында болғанына, қалалармен немесе көшпелі даламен неғұрлым тығыз байланыстағы ақсүйектердің қай тобының кезекті ханға ықпал жасайтынына байланысты еді. Хандарды сыртқы жаугершіліктерге, дәлірек айтқанда, Алтын Ордадағы басқыншылық қимылдарға, соғыстарға, шапқыншылықтарға, көршілес жерлерді тонауға мүдделі көшпелі феодалдар топтары итермелеп отырды. Оңтүстікте Түркістан, Жетісу, Тоқымақ және Қашқария жерлерінде өзі басқыншылық соғыстар жүргізіп отырған аса қуатты Әмір Темір мемлекеті өсіп шыққандықтан, XIV-XV ғасырлар аралығында Алтын Орданың күйреу кезеңінде Шығыс Дешті Қыпшақ ақсүйетерінің бұл бөлігінің құлқыны тап осында,батысқа қарай ауды.
Темір Әулетінің Ақ Орда жерінің Оңтүстік бөлігіне, оның шаруашылық-мәдени жағынан ерекше дамып бөліктеріне жасаған басқыншылық шабуылдары Ақ Орданың далалық мал шаруашылықты және егіншілікпен айналысатын отырықшы аудандары халқының қалыптасқан дәстүрлі сауда экономикалық қатынастарын бұзды, дала халқының көшпелі қалпы мен қалалардың сауда-қолөнершілік қызметінің қалыптасқан үйлестігіне нұқсан келтірді. Қалалардың қол үзген Ақ Орда ақсүйектері мемлекетті орталықтандыру мүмкіндігін жоғалтты. Түркістан қалаларынан айырылаған соң Қаратау, Шу-Талас алқабы, Сарысу аудандарымен шектесетін кешенді малшылықпен-егіншілікпен айналысатын шаруашылықтарда да отырықшылық азаяа түсті. Ақ Орданың феодалдық топтары арасында көшпелілікке бет бұру өріс алды;олардың көшпелі даламен байланыстылары үстем бола бастады;қалаларды жоғалтқаннан кейін хандықта қатал мемлекеттік үкіметті нығайтуға ұмтылушылар болмай қалды.
Бірақ уақыт өте келе Сырдария бойындағы қалаларды жаудан босатып, Түркістан жерлерін қайтару мүмкіндігі туды. Бұл Өзбек ұлысы билеушілерінің басты міндетіне айналды. Оның шешіміне Темір мемлекетіндегі өзгерістер қолайлы жағдай туғызды, ол бұл кезендегі негізін қалаушының тұсындағы қуатынан айырылған еді.
Темір ұрпақтары Түркістан, Шығыс Дешті Қыпшақ, және Моғолстанға байланысты оның саясатын ары қарай жалғастыруға күш салды. Олар Сырдария бойындағы қалаларды өз қолдарында ұстауға, ал далада өз жақтастарын, осы уақытта Темір әлсіреткен Моғолстан мен Ақ Орда арасында өрше түскен кескілескен алауыздық қақтығыстарда өздерінен қамқорлық күткен Жошы руының әр түрлі ұрпақтарын қолдауға тырысып бақты. Бірақ алғашында, Темір ұрпақтарының өз арасындағы алауыздықтар өріс алып отырған кезеңде Сырдария бойының бірқатар қалалары олардың иеліктерінен тыс қалды. Оларды бұрын Темір әулетіне бағынған бүлікшіл әмірлер басып алды. Бердібек Ясы мен Сауранды иеленді. Сайрамды Ташкентпен, Янгимен және Мауараннахрдың бірқатар аймақтарымен бірге Хұдайдад Хұсайни әмір мен Шайх Нұр ад-дин Қыпшақ алды. Бұлардың біріншісі Темірдің мұрагері Темір ұрпағы Халид сұлтанның ата бегі болатын. Соңғысы кезінде Темірді сатып кетіп, одан Ұрұс ханға, ал кейін Моғолстанға қашып кеткен,аса ірі Темір әмірі Сар-Бұға-йи Қыпшақтың баласы.
Ортаңғы Сырдария алқабындағы жерлер үшін болған таласқа бірте-бірте Моғолстан хандары да араласты.Хұдайдад Хұсайни моғол ханы Шам и-Жаханмен бейбіт бітім жасады, осы бітім шарты бойынша Темір әулетінің әскерлері Ыстықкөл мен Ашпарадағы қамалдарды тастап шықты. Дегенмен олардың Янги мен оның төңірегіндегі жерлер үшін қақтығыстары тоқталған жоқ.
Жаңадан басып алған жерлерге арөа сүйеген Түркістанның жаңа иелері Мауараннахрда Темір ұрпақтарының ішкі істеріне араласты, Моғол хандары Шам и-Жаханмен, Мұхаммедпен бірде араз, бірде тату қатынастарда болды, өзара жауласты .
Солардың бірі Шах-Мәлік Әмір үлкен күшпен биік қамал қабырғаларына Шайх Нұр ад-дин барып жасырынған Сауранды қоршады. Келіссөздер нәтижесінде қамалдан сыртқа шыққан Шайх Нұр ад-дин өлтірілді. Сауран Түркістанға қарасты бүкіл жерлерімен бірге, Сығанақпен қоса, 1411 жыл Ұлықбектің (1409-1447 жылдар) иелігіне қосылды. Сөйтіп, Темір ұрпақтары Сырдария бойындағы өз иеліктерін қалпына келтірді. Бұл аймақтың билеушісі болып Арслан-Қожа тархан тағайындалды.
XV ғасырдың бірінші ширегінде Ақ Ордада билік құрған дала билеушілері өз тараптарынан Темір ұрпақтары арасындағы бүліктерді пайдаланып,Түркістанда өз биліктерін қалпына келтіру әрекеттерін жасады.
Жоғарыда аталған Шыңғыс оғланға уақытша Сайрам мен Янги-Таразды алу сәті түсті. Ақ Ордадағы үкімет билігіне қол созған екінші бір үміткер, Ұрұс ханның немересі Барақ оғлан мырза Ұлұқбектен әскери көмек алды.
Ұлұқпен Барақпен кеткен әскер соңынан 1419 жылы өзі де Солтүстікке атанып, Сырдариядан өтті, бірақ көп ұзамай Барақтың дұшпанын жеңгені туралы хабар алған соң кері қайтты. Далалық аудандардағы бақталастар күресі бірнеше жылға созылып, 1422-1423 жылдары «Өзбек ұлысының» басым бөлігі Барақ ханның қолына көшкеннен кейін ғана аяқталды. Барақ хан біраз уақыт деректемелерде оның дұшпандары қатарында тағы да бірқатар Жошы ұрпақтары аталатын ұлыстың батыс бөлігі Сарай қаласына мүдделі болды.
Отырықшы-егіншілікті және көшпелі мал шаруашылықты аймақтардың билеушілері, феодал ақсүйектері үнемі бір-бірін әлсіретуге күш салды, көрщі елдерде алауыздық отын жағып, қақтығыстар туғызып отырды,жаңа жерлер мен жаңа тәуелді адамдарды қолға түсіруге ұмтылды немесе тым құрмаса өздеріне іргелес аудандарды талан-таражға ұшыратты, осының барлығынан алқаптардың да,далалық өлкелердің де ең алдымен бұқара халқы зардап шекті. Көшпелілер де,егіншілер де бірдей бейбіт өнімді еңбектен қол үзді. Хандар мен мемлекет билеушілерін әскери ақсүйектер де жиі-жиі соғысқа итермеледі. Мауараннахрдың оңай олжаға құмартқан жоғарғы тобының қысымымен саясаттан көп хабары жоқ, ұлы астроном ғалым Ұлықбектің өзі өте сәтсіз әскери шаралар ұйымдастырды.
Шамасы,Ұлықбектің қолында Түркістанның тек оңтүстік бөлігіндегі қалалар, яғни Ясы мен Отырар ғана қалған болуы керек, ал оның Моғолстандағы иеліктері Сайрамнан әлі аспаған. Өйткені, моғолдар 30 40 жылдарда Темір әулетінің өздеріне ең жақын иелігі ретінде тап осында шабуыл жасаған. Деректемелер мен мағлұматтарын салыстыра отырып,мұнда Қазақстанның оңтүстігінде, Сырдария бойындағы жерлер мен Арал жағалауларындағы ұлан ғайыр далаларда, Қаратау бөктерлерінде XV ғасырдың 40 жылдарында Әбілқайыр ханға бас имеген Ақ Орда хандарының ұрпақтарынан шыққан дұшпандары қалған деген қорытынды жасауға болады.Барақ ханның өкімет басына келуі, оның Түркістандағы Ақ Орда иеліктерін қайтару бағытындағы жігерлі шаралары Ақ Орданың бұрынғы қуатын қалпына келтіре қоймағанымен, Қазақстанның оңтүстігінде саяси жағдайды белгілі дәрежеде өзгертуге мүмкіндік берді, мұнда Орда Ежен руынан да,Тоқа Темір руынан да шыққан Ақ Орда хандары ұрпақтарының иеліктерін таяудағы ондаған жылдар бойы сақтап қалды.
1420-1428 жылдары-Ақ Орда тарихының соңғы кезеңі. Орыс ханның немересі Барақ хан Ақ Орданы қалпына келтіру,жерін біріктіру әрекеттерін жасайды.Ноғай мырзаларын ығыстырады,оңтүстікте Темір мемлекетінен Сырдария бойындағы қалаларды азат ете бастайды. Барақ хан қазысынан соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап кетеді. Уақытша пайда болған Әбілқайыр мемлекетінен соң Ақ Орданың саяси жолын Қазақ хандығы жалғастырады. 1420-1428 жылдары-Ақ Орда тарихының соңғы кезеңі.Орыс ханның немересі Барақ хан Ақ Орданы қалпына келтіру,жерін біріктіру әрекеттерін жасайды. Ноғай мырзаларын ығыстырады,оңтүстікте Темір мемлекетінен Сырдария бойындағы қалаларды азат ете бастайды. Барақ хан қазысынан соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап кетеді. Уақытша пайда болған Әбілқайыр мемлекетінен соң Ақ Орданың саяси жолын Қазақ хандығы жалғастырады .


ҚОРЫТЫНДЫ


Сонымен белгіленген тақырыпты зерттеу нәтижесінде келесі тұжырымдар мен қорытындыларды шығаруға болады.
«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Ақ Орда мемлекеті әлемдік тарихта үлкен із қалдырды.
Ақ Орда Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс,кейіннен тәуелсіз мемлекет. Ақ Орда алғашқы құрылған кезде Алтын Ордадағы тәуелді иелік болып есептелді,ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды. Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрсе де, тарихта елеулі орны бар мемлекет болды. Ақ Орда Қазақ хандығының қалыптасуына алғышарттар тудырды. Ақ Орданың билеушісі болған Барақ ұрпақтары Қазақ хандығын құрды.Ақ Орда мемлекеті қала мәдениетінің жандануына әсер етті. Монғол шапқыншылығынан кейін қалаларды қалпына келтірген мемлекеттің бірі болды. Зардыхан Қинаятұлының «Ақ Орда мемлекеті қазақтың алғашқы мемлекеті ғана емес, қазақ халқы мен оның ұлттық ой санасы қалыптасуының ұйытқысы болып табылады» деген сөзі Ақ Орда мемлекетінің қазақ тарихындағы орнын айқындайды.
Саяси жағынан іс жүзінде дербес,экономикалық жағынан тәуелсіз болған,сыртқы саясатта өзіндік бағыт бағдары билеуші хандарының әулеттік жөн жосығы бар. Ақ Орда мемлекеттік бірлестігі XIV-XV ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ пен Түркістан жеріндегі этникалық топтардың,тайпалар мен халықтардың бастарын қосып,біріктіруде маңызды рөл атқарды. Кейін Ақ Орда мемлекеті Қазақ хандығының құрылуына негіз болды. Тарихшы З.Қинаятұлы «Бізде Керей мен Жәнібек хан 1465-1466 жылдары қазақ хандығын құрған күннен бастап,қазақ мемлекеті,қазақ елі пайда болды дейді. Егер қазақ деген халық жоқ болса,оның тірегі жоқ болса, мемлекет деген жалғыз күнде қалыптаспайды ғой. Сондықтан олАқ Орданың төңірегінде қалыптасты.Бұрынғы шығыс-қыпшақ территориясында қалыптасқан. Ал халқы қыпшақ,қазақ негізінде құралған мемлекет.
Орыс хан қазақ хандарының атасы деп танылған адам. Ол Жошы ханның жетінші ұрпағы. 1361 жылы Орыс хан Ақ Ордаға хан болған күннен бастап, оны қазақтың тұңғыш ханы, қазақтың алғашқы мемлекеті делініп көп жерлерде айтылып, жазылған. Сондықтан, біз Ақ Орданы қазақтың алғашқы мемлекеті делініп көп жерлерде айтылып,жазылған. Сондықтан, біз Ақ Орданы қазақтың алғашқы мемлекеті деп танып, оны мәдениеті, территориясы тұрғысынан жан жақты зерттеп, Ақ Орда қазақтың алғашқы мемлекеті деген қорытындыға келдік»,-деп атап көрсетеді өз еңбегінде.
Жазушы Б.Нұржекеев «Тарих, әсте, біріміз айтқанда екіншіміз мойындамау үшін емес, біріміз айтқанға екіншіміз құлақ қою үшін, дәлеліне дәлелмен ия дәлелді күмәнмен пікір айту үшін, сөйтіп ортақ шындыққа жету үшін жазылмай ма?» деген болатын. Өзімнің қойған мақсатыммен, міндеттеріме жеттім деп ойлаймын. Өз сөзімді «Тарих атаулының өткен өмірді сөз ететіні белгілі. Алайда, тарихтың тағлымы бүгін мен болашаққа қызмет етеді» деп аяқтағым келіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет