Осы орайда, біздің Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті алғашқыда Ақтөбе мемлекеттік
педагогикалық институты базасында 2011 жылдан бастау алған әлеуметтік педагог кадрлар даярлау тәжірибесі негізінде,
2020-2021 оқу жылынан бастап 6B01801-Әлеуметтік педагогика және тьютор деп ББ бағдарламасының атауы мен
мазмұнына өзгерістер мен толықтырулар жасап, уақыт талабына жауап бере алатын мамандар даярлығын жүзеге
5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы 2014-2015 оқу жылында
алғашқы түлектерін шығарды.
2014-2015 оқу жылында – 34 түлек;
2015-2016 оқу жылында – 27 түлек;
2016-2017 оқу жылында – 38 түлек;
2017-2018 оқу жылында – 28 түлек;
2018-2019 оқу жылында – 21 түлек;
2019-2020 оқу жылында – 17 түлек қазақ, орыс тілді топтар бойынша бітіріп бакалавр дәрежесін алып,
республиканың түрлі аймағында еліміздің білім беру саласындағы әлеуметтік педагог және «Өзін-өзі
тану» пәнінің мұғалімі қызметтерін атқаруда. Бұл орайда баса айта кететін өзекті мәселе – біздің
аймақтағы орыс тілді талапкерлер санының азаюы.