17. 8-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) ХХ ғасырдың басындағы әлем. ХХ ғасырдың басына қарай әлемнің аумақтық бөлінуі және мемлекеттердің саяси құрылымы. Индустриалды қоғамнан ақпараттық қоғамға. Ғылыми-техникалық прогресс. Өнер стильдерінің әлеуметтік себептілігі (модерн, символизм, реализм, авангардизм);
2) Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары. ХХ ғасырдың басындағы жетекші капиталистік мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтар. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері. 1914-1918 жылдардағы негізгі соғыс қимылдары. Соғыс жылдарындағы әскери стратегиялардың, ғылым мен техниканың дамуы. Германия мен оның одақтастарының жеңілуі. Компьен бітімі. Соғыстың салдары.
Париж бітім конференциясы. Әлемнің саяси картасының өзгеруі. Империялардың күйреуі. Мандаттық жүйе. Ұлттар Лигасының құрылуы және қызметі. Вашингтон конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесінің қарама-қайшылығы мен әлсіздігі;
3) 1917 жылғы Ресейдегі революциялар. Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Саяси күштердің күресі. Большевиктердің билік басына келуі. Кеңес үкіметінің алғашқы декреттері. «Еңбекшілер құқығы туралы Декларация». Азамат соғысы және шетел интервенциясы. «Әскери коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрылуы. Әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптаса бастауы;
4) Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері. Осман империясында сұлтан билігінің жойылуы және шетел интервенттеріне қарсы күресі. Мұстафа Кемалдың (Ататүрік) тарихи рөлі. Түркия – зайырлы мемлекет.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай. Гоминьдан қызметі. Азамат соғысы. Синьхай революциясы. Сунь Ятсен – Қытайдың уақытша президенті. Чан Кайши үкіметінің саясаты. Біртұтас майдан мәселесі.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония. «Танака меморандумы» және басқыншылық саясат. «Антикоминтерндік пакт» пен «Үштік пакт». Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі басқыншылық саясаты.
М. Ганди мен М. Джиннаның Үндістан тәуелсіздігіне қол жеткізудегі көзқарастары;
5) әлемдік экономикалық дағдарыстың себептері мен салдары. «Гүлдену» кезеңіндегі Америка Құрама Штаттарының экономикалық және саяси дамуы. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның салдары.
Франклин Делано Рузвельттің «Жаңа бағыты». Соғысаралық кезеңдегі Америка Құрама Штаттарының сыртқы саясаты. Германияның, Францияның, Жапонияның әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу жолдары;
6) еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер. И.В. Сталин және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағындағы тоталитаризм. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. Кеңестік қоғамның әлеуметтік құрылымы. 1937-1938 жылдардағы жаппай саяси репрессиялар. ГУЛАГ жүйесі. XX ғасырдың 30-жылының соңындағы Кеңес үкіметінің сыртқы саясаты. Социалистік реализм.
Соғыстан кейінгі Италия. Фашистік ұйымның пайда болуы. Фашистердің билікке келуі. Фашизмге қарсы демократиялық күштердің күресі. «Маттеотти дағдарысы». Б. Муссолини үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.
Германия. 1918-1919 жылдардағы революциялық үдерістер. Веймар республикасы. Соғыс салдары, экономикалық және саяси дағдарыстар. Фашистік партия және тоталитарлық режимнің орнығуы. Ұлтшылдар партиясының әлеуметтік-экономикалық саясаты. Үшінші Рейхтің жүргізген сыртқы басқыншылық саясаты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның дамуы. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы салдары. Франциядағы фашизмнің жеңілу себептері. Халықтық майдан үкіметі.
Соғысаралық кезеңдегі Испания. Буржуазиялық-демократиялық революция. Халықтық майданның жеңісі. Азамат соғысы және 1936-1939 жылдардағы фашистік интервенция. Ф. Франко диктатурасының орнауы;
7) Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары. Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері. Мюнхен келісімі, Молотов-Риббентроп пактісі, Антифашистік коалиция, Ленд-лиз заңының қабылдануы, «Үлкен үштік».
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Балқан түбегі, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Басып алынған аумақтарда орнатылған фашистік «Жаңа тәртіп». Жапонияның Перл-Харборға шабуылы және Америка Құрама Штаттарының соғысқа кірісуі. Соғыс барысындағы түбегейлі бетбұрыс. «Екінші майдан» ашу мәселесі.
Фашистік Германияға қарсы кеңес халқының Ұлы Отан соғысы.
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары мен салдары;
8) ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениет және ғылым. Мәдениет дамуының ерекшелігі. Көпшілік мәдениет. Қоғамдағы дін рөлінің өзгеруі. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар, техника мен өндірістегі маңызды жаңалықтар мен жетістіктер.