Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Балалар ұжымының негізгі сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет115/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Балалар ұжымының негізгі сипаттамасы 
«Ұжым» ұғымы бізге әртүрлі түсінікті ұғындырады: жиналған жұрт, жиын, 
топ, бірлестік және т.б.
Қазіргі педагогика ғылымында «ұжымды» екі түрде түсіндіреді: 
1) қандай да бір ұйымдасқан адамдар тобы (мысалы, өндірістегі еңбек 
ететін адамдар тобы); 
2) тек жоғары деңгейде ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік. 
Мектеп ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып – сынып ұжымы 
есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. 
Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-
қатынастың алғышарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның аумағында 
мектеп ұжымының іргесі қаланады. 


150
Топ – бір немесе бірнеше белгілер негізінде біріккен адамдар бірлестігі. 
Топтың түрлері: ресми, белгілі бір құжат негізінде біріккен топтар. 
Референттік топтар – маңызды белгілі бір қызығушылықпен бірігеді. 
Диффузиялық топтар – тұрақсыз, жылдам ыдырап кететін топтар. 
Топ белгілері: 

өмір сүру уақыты; 

қарым-қатынасы; 

басқару және бағыну қарым-қатынасы; 

ұйымдастырушылық жұмыс; 

бағалылық, тәртіп нормалары; 

жеке тұлғалық қарым-қатынасы. 
Мектеп ұжымында жас ерекшеліктеріне қарай біріккен әртүрлі топтар 
болады. Осындай шағын топтардан ұжым қалыптасады. 
Жақсы ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі – қоғамдық пікір, өзара 
сенім мен жоғары талаптың болуы. 
Ұжымның құрылымы
Ұжымның 
психологиясы 
жөніндегі 
зерттеулер 
(А.И.Донцов, 
А.Н.Лутошкин, А.В.Петровский, А.Л.Свентицкий және т.б.) ұжымның 
құрылымы туралы тиянақты мағлұмат береді. Соның ішінде ұжымға 
әлеуметтік-психологиялық талдау жасағанда, оның құрылымы ресми және 
бейресми болып бөлінетіндігін аңғарамыз. Бұл жағдайда құрылым ретінде 
ұжым мүшелерінің салыстырмалы түрде біршама тұрақты өзара қатынасын 
атауға болады. Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерінің міндеттері мен 
құқықтары, еңбек бөлінісінің ресми реттелуіне байланысты. Ресми 
құрылымның шеңберінде әрбір адам кәсіптік қызметті атқаруда белгілі тәртіп, 
ережелер негізінде еңбек ұжымының өзге мүшелерімен әрекеттеседі. Бір 
сыныпта 
жұмыс 
істейтін 
мұғалімдер 
білім 
стандарттарын,
оқу бағдарламаларын, сабақ кестесін, кәсіптік этика нормаларын басшылыққа 
алады. Әрбір мұғалім мектеп басшыларымен, әріптестерімен іскерлік қатынаста 
болады. Ал, мұғалім мен мектеп басшыларының арақатынасы қызметтік 
нұсқаулар және өнімдермен реттеледі. Мұғалімдердің ұжымдық өзара 
ықпалдастығы ресми құрылым шегінде бірлескен жұмысты ұйымдастыру 
деңгейімен, әрекеттерді үйлестіру, түрлі шұғыл жұмыс кестелерінің, оқу-тәрбие 
процесінің барысы мен нәтижелерін тексеру жүйесінің болуымен, қоғамдық 
міндеттер мен тапсырмалардың теңдей бөлінуімен айқындалады.
Ал, педагогикалық ұжымның бейресми құрылымы ұжым мүшелерінің 
алдын-ала белгіленген міндеттерінен тыс нақты іс-әрекет негізінде 
қалыптасады. Ұжымның бейресми құрылымы оның мүшелері арасындағы 
қалыптасқан қатынастар жүйесінен тұрады. Ондай қатынастар жек көру
мен ұнату, құрметтеу, махаббат, сенім немесе сенімсіздік, ынтымақтасу,
бірлесе жұмыс істеуді қалау немесе қаламау сезімдері негізінде
қалыптасады. Мұндай құрылым ұжымның 
ішкі, көбіне жасырын,
көзге 
көрінбейтін 
жағдайын 
танытады. Жас 
маман 
педагогикалық


151
қызмет процесінде қиындыққа кездескенде ресми ұйымдық құрылымға
сәйкес мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына, сонымен
бірге қажет деп тапса білікті, тәжірибелі маман ретінде басқа мұғалімнен 
(тәрбиешіден) көмек сұрайды.
Тәрбиешілер арасындағы бейресми байланыстар төмендегідей түрлі 
себептерден туындайды:

бір жағдайларда араласу, достық, махаббат сияқты әлеуметтік 
қажеттіліктен; 

келесі жағдайда тәжірибелі жолдасынан кәсіптік көмек, қолдау алуға 
байланысты; 

үшінші жағдайда жаңа, қызықты ақпарат алуға байланысты; 

төртінші жағдайда өзгелерді өзіне бағындыруға ұмтылған өзімшілдіктен. 
Ұжымдағы бейресми қатынастардың пайда болуының төмендегідей 
белгілерін бөліп айтуға болады:

достық, жолдастық топтардың құрылуы; 

бейресми пікірдің қалыптасуы; 

бейресми басшылардың шығуы; 

жаңа құндылық бағдарлардың нығаюы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет