Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығы. Психологиялық-педагогикалық қызметі



Дата18.04.2023
өлшемі17,04 Kb.
#83755

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы.
Психологиялық-педагогикалық қызметі- оқу тәрбие үдерісінде әр баланың мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, әртүрлі мамандардың жүйелі ұйымдасқан әлеуметтік психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуі. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау (психолог, арнайы педагог, логопед, педагог-ассистент) ПМПК қорытындысы мен ұсынысы негізінде жүзеге асырылады.
Бұдан басқа,құжат білім беру ұйымдары басшыларының білім беру мекемеелеріне мүгедектігі бар балаларды қабылдау қағидаларын бұзғаны немесе олар үшін жағдай жасалмағаны үшін Қазақстан Республикасының Білім беру заңы 45бап 3тармағы мектеп басшысы жауаптылықта болатыны жасалған.Бұл дегеніміз,ЕББҚ бар оқущылар үшін білім бері ұйымдарында барлық жағдайлар жасалуы керек.
Қазақстан Республикасы білімжәне ғылым министрінің 18.03.2008ж №125бұйрық 2тарауында 3немесе оданда көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-8 (9),10(11)сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберілмейді,қайта оқу жылына қалдырылады.
Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды қамтамасыз ету екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең:
Жалпы білім беру ұйымының басшысы психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды ұйымдастыру туралы ережені шығарады және бекітеді, психологиялық-педагогикалық қолдап отыру жөніндегі мамандардың құрамы мен міндеттерін бекітеді.
Білім беру ұйымы басшысының орынбасарлары білім алушылардың білім беру қажеттіліктерін бағалау процесін ұйымдастырады, білім беру қажеттіліктерін бағалау кезеңінде және білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыру процесінде педагогтер, мамандар және ата-аналардың өзара іс-қимылын реттейді.
Сынып жетекшілері пән мұғалімдері мен ата-аналардың өзара іс-қимылын ұйымдастырады, білім беру ұйымының әлеуметтік педагогтерімен бірлесе отырып баланың дамуының әлеуметтік жағдайын зерттейді.
Білім беру ұйымының педагогтері білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруінде қиындықтарды анықтау мақсатында оқу жетістіктерін бақылайды,ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың жеке ерекшеліктеріне байланысты құпиялылықты сақтайды, қажет болған жағдайда білім беру ұйымның психологтарынан, әлеуметтік педагогтерден немесе арнайы педагогтерден кеңес алады


Екінші кезең:
Білім беру қажеттіліктерін бағалау немесе ПМПК ұсынымы негізінде білім беру ұйымының басшысы ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдап отырудың жеке бағдарламаларын, оның ішінде жеке оқу жоспарларын, жеке/бейімделген білім беру бағдарламаларын, мамандардың жеке дамыту бағдарламаларын, ерекше қажеттіліктері бар балалардың тізімін бекітеді.
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары-арнайы мамандардың жұмысын ұйымдастыру, оқушыны психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын әзірлеу және жетілдіруге бағытталған түрлі іс-шараларды жүргізуге міндетті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- сыныптан тьыс уақытта арнайы және әдеттегі сынып оқушыларын біріктіруге қатысты жауапкершілікті өзіне алуға міндетті.
Білім беру ұйымының педагогтері оқу бағдарламаларын бейімдейді, оқу процесін дараландырады және ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың жетістіктерін бағалайды, білім, білік, дағдыларындағы олқылықтарды толтырады, оқулықтарды, оқу материалдарды таңдайды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың даму жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастырады.

Мектептің педагогикалық кеңес құрамына ППҚ қызметінің мамандары да кіруі қажет. Қолдау мамандары мектеп мұғалімдеріне ЕБҚ оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері оқушылар арасындағы сабаққа үлгермеушіліктің себептерімен алдын-алу жолдары, үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар, оқушыларға жеке дара ықпал етудің әдіс-тәсілдері туралы мағлұматтар береді.


ППҚ құрамындағы логопед- тізімге алынған оқушылардың ауызша (дыбыс айту, сөздік қоры, байланыстырып сөйлеу тілі) мен жазбаша сөйлеу тіліндегі оқу және жазу дағдыларындағы кемшілікті түзету, алдын-алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.
Дефектолог- тізімге алынған оқушылардың танымдық үдерісімен оқу бағдарламасын табысты меңгеруіне бағытталған түзете-дамыту жұмыстарын психикалық дамуы тежелген, зияты зақымдалған және оқуда айқын қиындықтары бар балалармен жұмыс жүргізеді.
.
Педагог-психологтың көмегі- сыныпта оқуға кедергі жасайтын эмоционалдық, мінез-құлық және коммуникативтік проблемалары бар балалармен жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 30қаңтардағы №77қаулысына сәйкес
Педагог-ассистент- ЕББҚ бар балалардың сабақта және өз бетінше оқу іс-әрекетінде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау қабілетін жеке қолдау арқылы қалыптастыруға көмектеседі. Оқушыларға ППҚ щешімі бойынша педагог-ассистент көмегі 1 тоқсанға ғана көрсетіледі, бұдан әрі қажеттілік болған жағдайда ПМПК қорытындысы бойынша тағайындалады.
Әлеуметтік педагог- әлеуметтік қатері бар отбасыға көрсетеді.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар саны 1 лауазымына шаққанда 12-14 баладан аспайды.

Қорыта келе инклюзивті білім беру табысты іске асырылуы үшін жалпы білім беретін мектептерде психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі тиімді ұйымдастырылып,басшылық тарапынан бақыланып ,қолдау мамандары бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасау тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет