Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы


Біліктілік емтихандарының қорытындысы



бет22/24
Дата26.04.2023
өлшемі164,82 Kb.
#87270
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Біліктілік емтихандарының қорытындысы


Модуль индексі



Пән және (немесе) модуль атауы



Баға



Күні



Тағайындалған жұмыс біліктілігінің атауы



Біліктілік комиссиясы төрағасының қолы



әріптік



Сандық эквивалент






































Біліктілік комисиясының 20___ жылғы "___" _________ (хаттама №___ )

шешімі бойынша біліктілік берілді____________________________________________
(мамандық, разряд, класс, санат (бар болса)
Кәсіби дайындық туралы куәлік берілді № ___________
"________" ________________ 20_____ ж.
Қорытынды аттестаттау комиссиясының 20___ жылғы "___"_______(хаттама №____)
шешімі бойынша біліктілік берілді___________________________________________
(мамандық)
Диплом берілді № ___________ "________" ________________ 20_____ ж.
Офис-тіркеуші ______________ (қолы /подпись)
М.о. Басшы _________________________________(қолы)
Диплом алған кезде үлгерім кітапшасы оқу орнына тапсырылады.

Ескерту:


1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары білім алушыларының үлгерім кітапшасы жаңадан қабылданған білім алушыларға оқудың бірінші семестрі ішінде, бірақ қысқы емтихан сессиясы басталғанға дейін бір айдан кешіктірілмей беріледі.


2. Үлгерім кітапшалары қолмен толтырылады. Үлгерім кітапшасында өшіруге, қолмен жөндеуге және келісілмеген түзетулерге жол берілмейді.


3. Үлгерім кітапшасына емтихан өткізуді көздемейтін және/немесе келесі семестрге ауысатын барлық пәндер және (немесе) модульдер бойынша сараланған сынақ бағалары қойылады.


Емтихан сессиясына шығарылған пәндер және (немесе) модульдер бойынша білім алушылардың емтихандарда алған бағалары қойылады, қорытынды баға И = 0,6 х (РО 1+…+РО N)/N+ 0,4 х Э формулаға сәйкес есептеу нәтижелері бойынша қойылады, онда:


РО – оқыту нәтижесі;


N – оқыту нәтижелерінің саны;


Э – емтихан бағасы.


4. Жалпы емтихан бағасы емтихандар жазбаша және ауызша (қазақ тілі және басқа тілдер, әдебиет, математика және оқу жоспарына сәйкес басқалар) өткізілетін пәндер және (немесе) модульдер бойынша ғана қойылады. Тек ауызша емтихан өткізілетін пәндер және (немесе) модульдер бойынша баға ауызша емтихан үшін бөлінген бағанға қойылады; басқа бағандарға сызықша қойылады.


5. Қайта тапсыру кезінде білім алушылардың алған бағаларын емтихан алушы осы пәнді және (немесе) модульді немесе пән бөлімін өту семестріне сәйкес келетін үлгерім кітапшасының бетіне еркін жолға пәннің және (немесе) модульдің атауын қайта жазу арқылы қояды.


6. 18 жасқа толған білім алушылар үшін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың қолы міндетті емес.


7. Үлгерім кітапшасының телнұсқасын беру басшының немесе оның оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының өкімі бойынша ғана жүргізіледі.


Үлгерім кітапшасы телнұсқасының титулдық бетінде "Телнұсқа" деген жазу жазылады.


Білім алушының телнұсқаны беру сәтіне дейінгі бүкіл оқу кезеңіндегі үлгерімі туралы барлық деректер оқу бөлімінде сақталатын барлық алдыңғы семестрлер үшін түпнұсқа емтихан және семестрлік ведомостардың негізінде кітапшаның телнұсқасына енгізіледі.


8. Білім алушы оқу курсы аяқталғанға дейін білім беру ұйымынан шыққан жағдайда үлгерім кітапшасы білім беру ұйымына тапсырылады, ол білім алушыға әрбір пәннің көлемін сағатпен және алынған бағаларды көрсете отырып, білім беру ұйымында болған уақытында өзі тапсырған пәндер және (немесе) модульдер туралы анықтама береді.


9. Диплом алған кезде үлгерім кітапшасы білім беру ұйымына тапсырылады.


10. Білім алушылардың толық оқу курсын бітіруіне немесе білім беру ұйымынан шығуына байланысты тапсыратын үлгерім кітапшаларын білім беру ұйымы білім алушылардың жеке істерінде сақтайды.



Нысан



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет