Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы « 18 » маусымдағы
№ 393 бұйрығына 7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 80-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен
типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)
1. Түсінік хат
1.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,
негізгі орта, жалпы білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
сәйкес әзірленген.
2.
Оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәні – орта білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Тіл және әдебиет»
білім беру саласына енгізілген және мектептің жалпы орта білім беру
деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән.
3.
«Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл
мәртебесімен дәйектеледі. Қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын
жоғары буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық
қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.
4.
Оқыту қазақ тілде емес мектептердің бастауыш білім деңгейінде
қарапайым деңгей 1-4-сыныптарды қамтыса, негізгі және орта деңгейлер 5-
сыныптан бастап оқытылады да, 9-сыныппен аяқталады. Ортадан жоғары
деңгей 10-11-сыныптарды қамтиды.
5.
10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы –
қазақ тілде емес мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді
қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым,
оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) ортадан жоғары деңгейде іс жүзіне
асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын
қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін
қамтитын; білім, білік, дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды,
дидактикалық ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын
талаптарды анықтайтын нормативтік құжат.
6.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы»
Заңдары мен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында белгіленген
міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға
қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап
етеді.
7. Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп
меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің деңгейлері мен
олардың сипаттарының негізінде Қазақстан Республикасындағы оқыту қазақ
тілді емес жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сыныптарында қазақ тілін
үйретудің деңгейлері айқындалды. Оқушының білім, білік, дағдылары орта
мектеп жүйесінде тілді деңгейлік меңгерту ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп,
жіктелді.
8. 10-11-сыныптардағы Ортадан жоғары деңгей – В
1+
екі игерімді қамтиды:
тереңдетіле қалыптасқан толық игерім В
1.2
– 10-сынып;
тереңдетіле қалыптасқан жетік игерім В
1+
– 11-сынып.
9. Қазақстан Республикасы халқының контингенті мен қазақ тілді емес
жалпы білім беретін мектептерінде тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік
ерекшелігі ескерілді және тілдерді деңгейлік меңгерудің еуропалық жүйесі
негізге алынды:
1) еуропалық жүйеге сәйкестендірілген тілдік деңгейлер жалпы білім
беретін орта мектептің 10-11 сыныптары бойынша сараланды;
2) ортадан жоғары деңгейдің тіл меңгеру игерімдері айқындалды;
3) ортадан жоғары деңгейдегі базалық білім мазмұны тілдік деңгейлер
бойынша түзілді;
4) оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар ортадан жоғары
деңгейдің ерекшеліктерін ескере отырып, сөйлесім әрекетінің бес түрі бойынша
сараланды;
5) әр сыныптағы бағдарлама материалдары тілдік бөлім, қатысымдық-
сөйлесімдік бөлім және мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша
нақтыланып ұсынылды.
10. Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың
жобаланған оқу нәтижелеріне жетуі қарастырылады.
11. Оқу пәнінің мақсаты – ортадан жоғары деңгей бойынша қазақ тілін
қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны
тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара
тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды
коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынас
нормалары мен мәдениетін игерту.
12. Оқу пәнінің міндеттері:
1) жоғары сынып оқушыларының білімін тілдік, лингвомәдениет-
танымдық, этномәдени және әлеуметтік тұрғыдан кеңейтіп, қазақ тілін
игертудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;
2) оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша
және жазбаша) жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;
3) оқушылардың қазақ тіліндегі функционалдық сауаттылығын дамыту;
4) мәдени-әлеуметтік, қоғамдық-саяси тақырыптардағы оқу материал-
дарымен жұмыс аясында оқушылардың қатысымдық құзіреттіліктерін
қалыптастыру.
13. Тілді меңгеру деңгейлерін игерімдерге жіктеу білім беруді дара тұлғаға
бағдарлау ұстанымына сай іске асырылады. Бір деңгейдің бастапқы
сатыларындағы білім мазмұнын игерген оқушы бейімдеу, дамыту,
психологиялық үйлесімділік ұстанымдары негізінде ортадан жоғары деңгейде
берілген білім мен біліктерді меңгеруге мүмкіндік алады.
14. Қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын
іріктеуде
қатысымдық-әрекетшілдік,
қатысымдық-функционалдық,
функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру,
оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі;
оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның
өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға,
қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту
ұстанымдары басшылыққа алынды:
1) білім берудің үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатыларының
арасындағы жалғастықты әдіснама, мазмұн, әдістеме және технология
сабақтастығы тұрғысынан қамтамасыз етеді;
2) оқытудың қатысымдық-әрекетшілдік ұстанымы оқушыларды оқу-
танымдық әрекетке белсенді қатыстыру арқылы өздігінен жаңа білім алуға
ұмтылдырып, өзін өзі бағалау мен өз әрекетін өзі бақылай алу дағдыларының
қалыптасуын қамтамасыз етеді.
3) пәнаралық байланыс ұстанымы оқу мәтіндерінің мазмұнын талдату,
өздік және шығармашылық тапсырмаларды орындату барысында жүзеге
асырылады;
4) түсіністік ұстанымы қазақ тілін оқыту барысында жоғары сынып
оқушыларының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып,
психологиялық жағымды жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың
өзара қарым-қатынас жасауына және олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік
беретін тілектестік ниетті ұстану оқу үдерісі тиімділігінің маңызды шарты
болып табылады.
5) оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі деңгейдегі
күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға, оқыту
мотивінің
тұлғалық-мәнділігін
қалыптастыруға,
оқытудың
ұтымды
технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, оқушылардың
жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.
6) шығармашылық ұстанымы оқушылардың әртүрлі өмірлік жағдаяттарда
жаңа міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзіреттілікке бағытталған
тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.
15. Пәнаралық байланыс өзге тілді мектеп оқушысының қазақ тіліндегі
сөздік қорын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, қазақ тілін қолдану
мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады. Жалпы білім беретін өзге тілде оқытатын
мектептердің негізгі сатысында «Қазақ тілі» пәнін төмендегідей пәндермен
байланыстыра меңгерту көзделеді:
1) «Қазақ әдебиетімен»:
қазақ тілін жүйелі әрі сапалы меңгертуде оқу материалдарының басым
бөлігі көркем-әдеби шығармалардан алынатындықтан, тіл мен әдебиеттің
арасындағы байланыс үздіксіз жүргізіліп отырады;
көркем мәтіндер оқушыны ойлауға, сөйлеуге үйретумен қатар тілдік-
эстетикалық талғамдарын арттыруға, көркем, шебер сөйлеу дағдыларын
қалыптастыруға ықпал етеді, сөз байлығын молайтады;
2) «Орыс (ұйғыр, өзбек, тәжік) тілімен»:
қазақ тілінің құрылымдық жүйесін танытуда орыс (ұйғыр, өзбек, тәжік)
тілімен салыстыру әдісі, бір жағынан, оқушының дүниетанымын кеңейтсе,
екінші жағынан, тілді сапалы меңгертуге, саналы түсіндіруге әсер етеді;
оқушылардың ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы ерекшеліктерді білуі
сөз әдебіне байланысты қатысымдық дағдыларды меңгертуде маңызды рөл
атқарады;
3) «Қазақстан тарихымен»:
тіл мен тарихтың байланысы оқушының тіл туралы дүниетанымын
кеңейтеді, термин сөздерді, басқа тілден енген сөздерді меңгертуде ерекше рөл
атқарады;
сөздердің этимологиясын түсіндіруде де тарихи фактілерге сүйену
оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
4) «Информатика» пәнімен:
оқушыларға ұсынылатын өздік және шығармашылық тапсырмаларды
сапалы орындауға ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын
дамытады;
интернет көздерінен материалдар тауып, оларға талдау жасау, ой қорыту,
алынған материалдарды өз жұмыстарында орынды қолдануға үйрететін
тапсырмалар оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытуға жол ашады;
5) жаратылыстану циклі пәндерімен:
қазақ тілінің жаратылыстану пәндерімен сабақтастықта меңгертілуі
оқушылардың сөздік қорларын молайтуға және түрлі тілдік жағдаяттарда қазақ
тілін орынды қолдану дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді;
қазақ тіліндегі терминдерді сауатты қолдануға мүмкіндік туғызады.
16. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында
ұсынылған Типтік оқу жоспарына сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
«Қазақ тілі» пәні аптасына 10-11-сыныптарда 4 сағаттан оқытылады. Оқу
жылындағы барлық сағат саны:
1) 10-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат, оның ішінде:
ағымдағы бақылау жұмыстарына және тоқсандық, жылдық қайталауларға - 16
сағат;
2) 11-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат, оның ішінде:
ағымдағы бақылау жұмыстарына және тоқсандық, жылдық қайталауларға - 16
сағат.
17. Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін қоғамдық-
гуманитарлық бағытында «Қазақ тілі» пәні аптасына 3 сағаттан оқытылады.
Оқу жылындағы барлық сағат саны:
1) 10-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат, оның ішінде:
бақылау жұмыстарына және тоқсандық, жылдық қайталауларға - 6 сағат;
2) 11-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат, оның ішінде:
бақылау жұмыстарына және тоқсандық, жылдық қайталауларға - 6 сағат.
18. Оқу бағдарламасының білім мазмұнында сағаттар мөлшері оқыту
тіліне байланысты келесідей үлгіде көрсетілген. Мысалы: І. Әлеуметтік-
тұрмыстық ая – 40/32 сағат. 1. Отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы - 5/4
сағат. Мұндағы алдыңғы сан орыс тілді мектептерге, ал соңғы сан өзбек, ұйғыр,
тәжік тілді мектептерге арналып көрсетілген.
19. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім
мазмұнын анықтауға түрлі тілдік қарым-қатынастың ауқымында пайда болатын
жағдаяттар, жағдаятқа қатысушылар, заттар, оқиғалар, іс-әрекеттер, мәтіндер
негіз болды.
20. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:
1) әлеуметтік-тұрмыстық ая;
2) оқу-еңбек аясы.
3) әлеуметтік-мәдени ая;
21. Әрбір аяда қамтылған тақырыптар бірізділікті сақтай отырып, бірте-
бірте күрделенеді. Қазақ тілінің функционалдық-грамматикалық минимумдары
осы лексикалық тақырыптарды меңгерудің нәтиже көрсеткіші ретінде
ұсынылады.
22. 10-сынып:
1) әлеуметтік-тұрмыстық ая:
«Отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы», «Мен үйдің тұңғышымын»,
«Отбасы бюджетін жоспарлау», «Менің жеке бюджетім», «Қалай сәнді киінуге
болады?», «Қазақ – қонақжай халық», «Біз қонақ күтеміз», «Дастархан
жаямыз»;
2) оқу-еңбек аясы:
«Менің данагөй замандастарым», «Уақыт алтыннан қымбат», «Пошта
қызметін қолданамыз», «Компьютер: пайдасы мен зияны», «Мен мамандық
таңдаймын», «Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?»;
3) әлеуметтік-мәдени ая:
«Қазақстан мемлекеті: Тәуелсіздік толғауы», «Қазақстан картасы туралы
не білесің?», «Қазақстанның белгілі ғалымдары», «Ғарыш – ғылым нысаны»,
«Медицина жаңалықтарын білгім келеді», «Бұл сақ дәуірінікі болар», «Мен
сайлауға қатысамын», «Әр елдің салты басқа...», «Сенің есімің қандай мағына
білдіреді?», «Мен оқитын газет-журналдар».
23. 11-сынып:
1) әлеуметтік-тұрмыстық ая:
«Саяхатқа шығайық...», «Жолыңыз болсын!», «Әуежайда», «Теміржол
бекетінде», «Қонақ үйде», «Қандай қонақүйге түстіңіз?» «Сарыарқа туралы не
білесің?», «Алтай туралы айтып көрейін», «Жер жәннаты – Жетісу», «Мұнайлы
өлкеде», «Қазақстанның экологиясы сені толғандыра ма?», «Егер мен Қазақстан
Парламентіне депутат болсам», «Жаһандану бізге не береді?»;
2) оқу-еңбек аясы:
«Мемлекеттік емтихан тапсырамын», «Мен өз елімде жан-жақты білім ала
аламын», «ҚР Президентінің Жолдауымен танысамыз: Тәуелсіздік толғауы»,
«Сенің құжатың түгел ме?»;
3) әлеуметтік-мәдени ая: «Мәдени мұра» бағдарламасы», «Алтын адам»
қайдан табылды?», «Сән», «Жастар киімі», «Тарихи ескерткіш», «Театрға
саяхат», «Театрда өзіңді ұстай біл», «Шәкен Айманов – ұлы режиссер».
2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
24. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 40/32 сағат:
1) «Отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы» – 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Сөйлесім типтері. Лексика: мән беру, тәрбие алу, қаталдық,
ізгілік, қажы, турашылдық, жат, өгей болу;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Әке мен бала қарым-
қатынасы туралы мәтіндер. Оқылым. Әке мен бала қатынасы туралы мәтіндерді
оқу. Айтылым. Өз сезімін, қарым-қатынасын баяндау. Жазылым. Көркемдік
жазылым (Абзац, диалог т.б. сақтап көркем жазу). Оқыған мәліметтерді жазу.
Тілдесім. Қалыптасқан тілдесім (әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен
тілдесуін, түсінісуін меңгерту). Диалог-мәлімет;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасы, ата-ана арасындағы
қарым-қатынас туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер, тиым сөздермен
танысу. Мақал туралы ой бөлісу;
2) «Мен үйдің тұңғышымын» – 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Монологтік сөз. Лексика: сүйінші сұрау, көрімдік беру, сәби,
тұңғыш бала, кенже бала, ерке, қара шаңырақ, шаңырақ иесі, ортаншы бала,
тұспалдап айту, дәстүр: бесікке салу тойы, бөлеу, қырқынан шығару, тұсау
кесу, шашу, ала жіп, тіл-көзден сақтау;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Әке мен бала қарым-
қатынасы туралы мәтіндер. Оқылым. Әке мен бала қатынасы туралы мәтіндерді
оқу. Айтылым. Өз сезімін, қарым-қатынасын баяндау. Жазылым. Көркемдік
жазылым (Абзац, диалог т.б. сақтап көркем жазу). Оқыған мәліметтерді жазу.
Тілдесім. Қалыптасқан тілдесім (әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен
тілдесуін, түсінісуін меңгерту). Диалог-мәлімет;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасы, ата-ана арасындағы
қарым-қатынас туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер, тыйым сөздермен
танысу. Мақал туралы ой бөлісу;
3) «Отбасы бюджетін жоспарлау» - 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Баяндау. Лексика: құралады, асырау үшін, кіріс/ шығын,
жиынтығы,
тең
болуын
қадағалайды,
орынды
жұмсау,
қажетін
қанағаттандырады, төлемақы, тізім жасау, коммуналдық төлем, жылу, электр
шығыны, ыстық/суық су шығыны, күнделікті, қалта шығыны, жол ақы, қаржы,
тізім жасау, карточкамен есептесу, бөлеміз, қалдырамыз;
Қатысымдық-сөйлесімдік
бөлім:
Тыңдалым.
Тақырыпқа
қатысты
мәтіндерді түсіну. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым.
Тақырып туралы баяндау. Жазылым. Үй төлемінің түбіртегін толтыру.
Тілдесім. Тақырыпқа қатысты тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты
сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету).
Диалог-сұрақ. Диалог-жауап;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: мақал-мәтел, нақыл сөздер;
4) «Менің жеке бюджетім» - 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Сипаттау. Лексика: күнделікті қалта шығыны, үнемдеу, ақша
жұмсау, қолқабыс, тұтынушы мәдениеті, бас тартамын, тұрақты табыс,
«қабілеттілікке» тест тапсыру, ондыққа кіру;
Қатысымдық-сөйлесімдік
бөлім:
Тыңдалым.
Тақырыпқа
қатысты
мәтіндерді түсіну. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым.
Тақырып туралы баяндау. Жазылым. Отбасы мүшелерін сипаттап мәтін
жазу.Тілдесім. Тақырыптық тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты
сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету).
Диалог-сұрақ. Диалог-жауап;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: мақал-мәтел, нақыл сөздер;
5) «Қалай сәнді киінуге болады?» - 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Суреттеу. Лексика: талғам, жарасымды, кестесіз, сызықтары,
биік өкшелі, еркін сезіну, жүріс-тұрысқа, өте ыңғайлы, денеге ауа жібереді,
ылғал өткізбейді, денеңді қыспайды, қимылыңды шектемейді;
Қатысымдық-сөйлесімдік
бөлім:
Тыңдалым.
Тақырыпқа
қатысты
мәтіндерді түсіну. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым.
Тақырып туралы баяндау. Жазылым. Суреттемелік мәтін жазу. Тілдесім. Кәсіби
тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді,
тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Диалог-сұрақ. Диалог-жауап;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сән, талғам туралы мақал-мәтел,
нақыл сөздер;
6) «Қазақ – қонақжай халық» – 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Пайымдау. Лексика: келін, құдағи, үлкендер, бап, қоғам
дерті, қызу қанды, рух, төзімді, риза ету, қонақасы;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қонақжайлыққа қатысты
мәліметтерді тыңдап түсіну. Диалогтік мәтіндерді түсіну. Оқылым. Қонақ күту
дәстүріне байланысты мәтіндер. Айтылым. Қонақ күтуде жасалатын іс-
әрекеттерді баяндау. Жазылым. Танымдық жазылым (оқушыны қонақ күту
туралы өз ойынан қорытынды жасап, жазуға үйрету). Оқыған мәліметтерді
жазу. Тілдесім. Бейресми тілдесімді қолдану (оқушыларға ресми емес,
күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, қарапайым қарым-қатынастың
түрлерін үйрету). Диалог-мәлімет;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ халқының қонақжайлығы
туралы мәтіндер;
7) «Біз қонақ күтеміз» – 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Құттықтау хат. Лексика:шақыру қағазы, қатты күлмеу;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Мәтіндегі негізгі деректерді
түсініп тыңдау. Диалогтік мәтіндер. Оқылым. Қонақ күту дәстүріне
байланысты мәтіндер. Айтылым.. Қонақ күтуде жасалатын іс-әрекеттерді
баяндау. Жазылым. Танымдық жазылым (оқушыны қонақ күту туралы өз
ойынан қорытынды жасап, жазуға үйрету). Оқыған мәліметтерді жазу.
Тілдесім. Бейресми тілдесімді қолдану (оқушыларға ресми емес, күнделікті
тұрмыс-тіршілікте кездесетін, қарапайым қарым-қатынастың түрлерін үйрету).
Диалог-мәлімет;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ халқының қонақжайлығы
туралы мәтіндер;
8) «Дастархан жаямыз» – 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Мадақсөз. Лексика: дастархан жаю әдебі, иісі, естелік,
еңбекке үйрету, жалғастыру;
Қатысымдық-сөйлесімдік
бөлім:
Тыңдалым.
Мәтіндегі
ұлттық
ерекшеліктерді айыру. Диалогтік мәтіндер. Оқылым. Қонақ күту дәстүріне
байланысты мәтіндер; Айтылым. Талғаммен жайылған дастарханға мадақсөз
айту. Жазылым. Танымдық жазылым (оқушыны қонақ күту туралы өз ойынан
қорытынды жасап, жазуға үйрету). Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім.
Бейресми тілдесімді қолдану (оқушыларға ресми емес, күнделікті тұрмыс-
тіршілікте кездесетін, қарапайым қарым-қатынастың түрлерін үйрету). Диалог-
мәлімет;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ халқының дастархан жаю
әдебі туралы мәтіндер.
25. Оқу-еңбек аясы – 30/24 сағат:
1) «Менің данагөй замандастарым» -5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Диалог-қоштау. Лексика: жүлде, замандастар, меңгеруші,
мүшәйра, жыр кеші, бағындыру, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, тамсану,
«алтын балалар», ұлттық құндылық, дәріптеу, бірнеше дүркін, құрмет тақтасы,
көрсеткіш, сұраныс, атақ, пысық;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қазіргі заманғы данагөйлер
жайлы мәтіндерді тыңдап түсіну. Диалогтік мәтіндер. Оқылым. Әлемді
мойындатқан данагөйлер туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Қоштау сөздерді
қолданып, данагөйлер туралы мәтін құрап айту. Жазылым. Танымдық
жазылым. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Бейресми тілдесімді қолдану
(оқушыларға ресми емес, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, қарапайым
қарым-қатынастың түрлерін үйрету). Диалог-мәлімет;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әлемді мойындатқан данагөйлер
туралы мәтіндер;
2) «Уақыт алтыннан қымбат» - 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Диалог-кеңес. Лексика: өлшем, көзқарас, шаруашылық,
бозғылт тарту, таңның ағаруы,қас қараю,ағымдағы жұмыстарды, күнделікті
жұмыстар, айырмашылық;
Қатысымдық-сөйлесімдік
бөлім:
Тыңдалым.
Мәтіндегі
ұлттық
ерекшеліктерді айыру. Диалогтік мәтіндер. Оқылым. Тақырып бойынша
берілген мәтіндерді түсініп оқу. Айтылым. Уақыт өлшемдерін қатыстырып
диалог-кеңес айту. Жазылым. Танымдық жазылым. Оқыған мәліметтерді жазу.
Тілдесім. Бейресми тілдесімді қолдану (оқушыларға ресми емес, күнделікті
тұрмыс-тіршілікте кездесетін, қарапайым қарым-қатынастың түрлерін үйрету).
Диалог-мәлімет;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: уақыт өлшмдеріне қатысты
мәтіндер;
3) «Пошта қызметін қолданамыз» - 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Диалог-әңгіме. Лексика: несиелік төлем, салыстыру,
әлеуметтік жәрдемақы тіркеу, тапсырыс, түйме, ұяшық, сәлемдеме;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Пошта қызметі туралы
ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Пошта қызметі туралы ақпараттық мәтін.
Диалогтік мәтіндер. Пошта қызметі туралы сұхбат-мәтіндер. Айтылым. Пошта
қызметі туралы мәліметтер. Жазылым. Пошта қызметі бойынша мәтін.
Тілдесім. Пошта қызметі туралы пікірлесім. Пошта қызметі туралы сұхбат;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Ұлттық маркалар;
4) «Компьютер: пайдасы мен зияны» - 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Диалог-сұхбат. Лексика: дербес, пернетақта, логикалық
құрылғылар, жүйелік блок;
Қатысымдық-сөйлесімдік
бөлім:
Тыңдалым:
Қазіргі
заманғы
компьютерлердің мүмкіндіктері туралы ақпараттар. Оқылым: Оқу мәтіндері:
компьютерлердің жетілдірілген мүмкіндіктері, компьютердің пайдасы мен
зияны жайлы баяндау, хабарлау, жарнама сипатындағы мәтіндер.
Компьютердің пайдасы мен зияны туралы диалогтік мәтіндер. Айтылым:
Компьютердің пайдасы мен зияны туралы мәліметтер айту. Жазылым:
Компьютердің пайдасы мен зиянына байланысты мәтін. Тілдесім:
Компьютердің пайдасы мен зияны туралы пікірлесім. Дүкен қызметкерлерінен
компьютер түрлері туралы қажетті мәліметтер алу;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Компьютердегі мәліметтердің
қазақша жазылуы;
5) «Мен мамандық таңдаймын» – 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Диалог-пікірлесім. Лексика: ақ халатты абзал жан деп айту,
халыққа адал қызмет ету, сүйіспеншілігін ояту, еркін, жетік, қызығушылықты
ескеру;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым: Мамандыққа қатысты
мәтіндер. Оқылым: Мамандыққа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым: Өзі
таңдаған мамандықты сипаттай отырып, болашақта соған қатысты істейтін
істері туралы баяндау. Жазылым. Өзі таңдаған мамандық туралы әңгіме жазу.
Тілдесім: Мамандық туралы тақырыптар төңірегінде пікір алмасуды жүзеге
асыру, кәсіби сөздер құрамын кеңінен қамтитын тілдік қатынасты кәсіби түрде
іске асыру. Диалог-реплика – тілдік қатынаста ойын қысқа сөздер мен сөз
тіркестері арқылы тез жеткізу. Диалог-сұрақ;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Қазақ суретшілері туралы
мәтіндер. Көптілді білетін жастар туралы мәлімет;
6) «Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?» –5/4 сағат:
Тілдік бөлім: телефонмен сөйлесу әдебі. Лексика: еңбек нарығы,
сұранысқа ие, жұмыс берушілер, кәсіби-техникалық, бағдарламашылар, маман
тапшылығы, жаппай ақпараттандыру;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым: Тақырыпқа қатысты мәтіндер.
Оқылым: Тақырыпқа қатысты мәтінді оқу. Айтылым: Болашақта істейтін
жұмысын сипаттай отырып баяндау. Жазылым: Жазбаша жұмыстарды
орындау. Тілдесім: Болашақ жұмыстарына қатысты тілдесімді жүзеге асыру
(тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды,
терминдерді үйрету);
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Белгілі мамандар туралы мәлімет.
26. Әлеуметтік-мәдени ая– 50/40 сағат:
1) «Қазақстан мемлекеті: Тәуелсіздік толғауы». – 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Публицистикалық стиль. Лексика: ішкі/сыртқы саясат,
президенттік басқару, елбасы жолдауы, билеп-төстеу, айбарлы, оздыру, ұлы
мұрат, қажыр-қайрат, ортақ парыз, төтеп беру;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым: Тәуелсіздік толғауы бойынша
Қазақстан туралы мәліметтерді іздеу, табу, тыңдап түсіну. Көк түріктер, Алтын
Орда, Қазақ хандығы, ерлік пен елдік жайлы ақпаратты тыңдап-түсіну.
Оқылым: Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы мен Тәуелсіздік толғауындағы
басты идеяларды оқып түсіну. «Мәңгілік ел» идесы мен тәуелсіздіктің
байланысын мәтіннен тауып оқу. Айтылым: Қазіргі Қазақстан мемлекеті Көк
түріктер мен Қазақ хандығының мұрагері екендігін дәйектеп айту. Қазақстан
мемлекетінің тәуелсіздігін нығайтуға қосатын өз үлесі туралы пайымдамалық
мәтін құрап айту. Жазылым: Тәуелсіздік толғауы бойынша өз ойын шағын эссе
түрінде жазу. Тілдесім: «Ұлан-ғайыр жері бар, ұлы мұратты Елі бар, бабалар
жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар халықтың»
болашағы туралы пікір алмасу. Қазіргі «Ел тәуелсіздігі – дамудың кепілі»
тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізу;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Тәуелсіздікке қатысты көркем
шығармаларды түсініп оқу, пікір алмасу;
2) «Қазақстан картасы туралы не білесің?» - 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Ауызекі сөйлеу стилі. Лексика: хан, сұлтан, хандық,
тайпалар, рулар Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз, Қазақ хандығы, мемлекет
шекарасы, жер бедері;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым: Қазақстан картасы туралы
мәтіндерді түсіну. Оқылым: Мәтіннің стилін айыру. Қазақстан картасы туралы
мәтіндерді оқу. Айтылым: қазақстан картасы, еліміздің географиялық орны
туралы баяндау. Жазылым: Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған
мәліметтерді жазу. Тілдесім: Қазақстан картасы туралы, оның маңызы туралы
тілдесу;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Қазақстан картасы, оның
географиялық орны туралы мәтіндерді оқып, пікір алмасу;
3) Қазақстанның белгілі ғалымдары – 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Ғылым стиль. Лексика: ғұлама, жиһанкездік, философиялық
тұжырымдар, ұтқыр, шығыстанушы, әскери қызмет;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым:. Қазақстанның белгілі
ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мәтіндер. Оқылым:
Қазақстанның белгілі ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мәтіндер.
Айтылым: Ғылыми жоба туралы мәтіндер. Жазылым: Жазбаша жұмыстарды
орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Отандық ғалымдар туралы сөйлесу;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстанның белгілі ғалымдары
туралы мәліметпен таныстыру;
4) «Ғарыш – ғылым нысаны» - 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Ресми іс қағазда стилі. Лексика: ғарыш айлағы, техникалық
тұғырлар, ғарыш кемелері, кеден, қазақ ғарышкерлері, инженер-ұшқыш,жетік
меңгеру;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым: Ғарыш, ғарышкерлер,
Байқоңыр туралы мәтіндерді түсіну. Оқылым: Мәтіннің стилін айыру.
Мемлекеттік құрылым туралы мәтіндерді оқу. Айтылым: Ғарыш, ғарышкерлер,
Байқоңыр туралы баяндау. Жазылым: Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған
мәліметтерді жазу. Тілдесім: Ғарышпен байланысты тілдесімді жүзеге асыру
(тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды,
терминдерді үйрету);
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Ғарыш, ғарышкерлер, Байқоңыр
туралы мәтіндерді оқып, пікір алмасу;
5) «Медицина жаңалықтарын білгім келеді» -5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Көркем әдебиет стилі. Лексика: телеемхана, жаңа
технологияларды қолдану, адам өмірін сақтау, соңғы жетістіктер. Қатысымдық-
сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым: Медицина жаңалықтары туралы мәтіндерді
түсіну. Оқылым: Мәтіннің стилін айыру. Медицина жаңалықтары туралы
мәтіндерді оқу. Айтылым: Медицина жаңалықтары туралы баяндау. Жазылым:
Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім:
Медицинаның бүгіні, ертеңі туралы пікірлесу;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Медицина жаңалықтары туралы
мәтіндерді оқып, пікір алмасу;
6) «Бұл сақ дәуірінікі болар» - 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Шешендік сөз тәсілдері. Лексика: көшпелі, мола, көмілген,
жорық жасау, табыну, жаулап алу, лауазымдық белгі, жерлеу, айғағы, бекзада,
жаралану, ел намысы, жаулау, иемдену, қолға түсіру, қайғыру, таптатпау, бел
байлау, шайқасу;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым: Сақ дәуірі туралы мәтіндерді
түсіну. Оқылым: Мәтінді түсініп оқу. Сақ дәуірі туралы мәтіндерге талдау
жасау. Айтылым: Сақ дәуірі туралы баяндау. Жазылым: Жазбаша жұмыстарды
орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім: Тарихқа, сақ дәуіріне
байланысты ой бөлісу;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Сақ дәуірі туралы мәтіндерді
оқып, пікір алмасу;
7) «Мен сайлауға қатысамын» - 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Шешендік сөз тәсілдері. Лексика: сайлау науқаны,
үміткерлерді таңдау, кәмелетке толғандарды тарту, дауыс беремін, сайлау
мерзімі;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым: Сайлау туралы мәтіндерді
түсіну. Оқылым: Сайлау туралы мәтіндерді оқу. Айтылым: Сайлау туралы
баяндау. Жазылым: Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу.
Тілдесім: Сайлау, сайлауға қатысу жайлы өз пікірлерін бөлісу;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Сайлау туралы мәтіндерді оқып,
пікір алмасу;
8) «Әр елдің салты басқа...» - 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Риторикалық сұрақ. Лексика: мұрындарын тигізу, алақан,
маңдайына тигізу;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым: Әр халықтың өзіне тән
ерекше дәстүрлері туралы мәтіндерді түсіну. Оқылым: Әр халықтың өзіне тән
ерекше дәстүрлері туралы мәтіндерді оқу. Айтылым: Әр халықтың өзіне тән
ерекше дәстүрлері туралы баяндау. Жазылым: Жазбаша жұмыстарды орындау.
Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім: Әртүрлі халықтардың дәстүрлері жайлы
пікір алмасу;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Әр халықтың өзіне тән ерекше
дәстүрлері туралы мәтіндерді оқып, пікір алмасу;
9) «Сенің есімің қандай мағына білдіреді?» – 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: ойталқы. Лексика: көне, нәресте, ат қояды;
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым: Баланың дүниеге келуіне
байланысты қазақтың салт-дәстүрлері туралы мәтін. Мәтіндегі ұлттық
ерекшеліктерді айыру. Оқылым: Мәтіннің ұлттық-мәдени мазмұнын танымдық
тұрғыдан түсініп оқу. Айтылым: Шілдеханада орындалатын белгілі бір әрекетті
не істі жасауды бір-бірінен өтіну. Баланың дүниеге келіне байланысты
қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы баяндау. Жазылым: Жазбаша
жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім: Адам аттарына,
оларды таңдау талаптарына қатысты пікір бөлісу;
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасылық дәстүрлер;
10) «Мен оқитын газет-журналдар» – 5/4 сағат:
Тілдік бөлім: Стиль түрлері. Лексика: жылда, құнды ақпарат, баяндама;
Қатысымдық-сөйлесімдік
бөлім:
Тыңдалым:
Балаларға
арналған
басылымдар туралы мәтін. Оқылым: Балалар басылымдары туралы мәтіндерді
оқу. Айтылым: Газет/журналдардың пайдасын бағалау тұрғысынан баяндау.
Жазылым: Осы тақырыпқа қатысты жазбаша жұмыстар. Тілдесім: Отандық
басылымдардың қоғамдағы рөлі туралы ой бөлісу. Диалог-мәлімет – белгілі бір
газет, журнал туралы мәлімет беру;
Мәдениетаралыққарым-қатынас бөлімі: Алғашқы қазақ газеттері туралы
пікір алмасу.
Достарыңызбен бөлісу: |