Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



Pdf көрінісі
Дата21.01.2017
өлшемі241,72 Kb.
#2398

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің  

2015 жылғы «18 » маусымдағы  

№ 393 бұйрығына 6-қосымша    

 

Қазақстан Республикасы  



Білім және ғылым министрінің  

2013 жылғы 03 сәуірдегі  

№ 115 бұйрығына 66-қосымша  

 

 



 

Жалпы білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және 

жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін 

«Адам. Қоғам. Құқық.» пәнінен типтік оқу бағдарламасы 

 

1. Түсінік хат 

 

1.



 

Оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23 

тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі 

орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 

әзірленген. 

2.

 



Пәнді  оқытудың  мақсаты  –  дүниетаным  құрылымы,  негізгі  элементтері 

және тарихи  түрлері, философияның адам мен қоғам  өміріндегі  ролі, адамның 

әлемге  деген  танымдық  қатынасы,  қоғамдық  қарым-қатынас  жүйесі  мен 

құқықтық  реттеудегі  адамның  орны  туралы  жүйелі  білім  қалыптастыру. 

Азаматтық ұстаным,  өз  Отанына  деген  сүйіспеншілігі  мен  құрметпен  қарауын 

тәрбиелеу.  

3.

 

Пәнді оқытудың міндеттері: 



1)

 

 оқушылардың қоғамдық даму заңдылығы мен ұғымын қалыптастыру; 



2)

 

 ақыл-ой  мәдениеті  ретінде  философия  түсінігін,  философиялық 



сұрақтар мен жауаптардың ерекшеліктерін түсіндіру; 

3)

 



 әлемді  сезімдік  және  рационалдық  тану  арасындағы  байланыстарды, 

діни  және  ғылыми  таным  мен  философия,  антропология  арасындағы 

байланыстарды анықтау; 

4)

 



 адам  құндылығы,  құқығы  мен  бостандығы  туралы  білім  беру,  оларға 

баға бере білуге үйрету; 

5)

 

 жоғарғы  моралдық  сапаларды,  белсенді  азаматтық  ұстанымдар  мен 



патриоттық  сезімді,  адам  мен  табиғатқа  деген  философиялық  көзқарасты 

қалыптастыру;  

6)

 

 этникалық  және  тұлғааралық  қатынастарда  төзімділікті  сақтауға 



тәрбиелеу; 

7)

 



қоғамдық  дамудың  заңдарын  білу  негізінде  құқықтық,  жемқорлыққа 

қарсы және саяси мәдениетке тәрбиелеу;  

8)

 

заң  ілімдері,  жемқорлыққа  қарсы  заңнамалар,  экономикалық  теория, 



 

 

саясаттану,  әлеуметтану  негіздері,  жеке  және  көпшілік  құқықтың  заңнамалық 



нормалары туралы білім беру; 

9)

 



ғылыми және құқықтық терминологияны қолдана білуге үйрету; 

10)


 

оқушылардың сыни тұрғыда ойлай білуін дамыту; 

11)

 

зерттеу әдістерінің көмегімен барлық мәселелерді шеше білу қабілетін 



қалыптастыру. 

4.

 



Пәнаралық байланыс:  

1)

 



«Қазақ тілі және әдебиет»: 

адамға,  адам  өмірінің  мәні  мен  мақсатына    арналған  көркем  туындылар 

оқушылардың бойындағы ар-ұят, абырой сияқты асыл қасиеттердің ашылуына 

септігін тигізеді; 

2)

 

«Дүниежүзі тарихы»:  



алғашқы  қауымдық  қоғам  туралы,  ертедегі  мемлекеттер,  сөйлеу  құралы 

ретіндегі  тіл  мен  сөздің,  адамның,  рудың,  тайпалардың  пайда  болуы  туралы 

білу;  діни  түсініктер  мен  әлемдік  діндердің  пайда  болуы,  ұлттардың,  ұлттық 

мемлекеттердің, азаматтық қоғамның қалыптасуы туралы білім; 

3)

 

«Қазақстан тарихы»:   



қазақ  халқының  көшпенді  өркениеті,  шаруашылығы,  діні  мен  дәстүрі, 

ислам  дінінің  мәдениеттің  дамуына  әсері  туралы  білім  беруде,  қазақтардың 

дәстүрлі құқығы, «Жеті жарғы»; 

4)

 



«Физика»:   

жер  құрылысы,  уақыт,  кеңестік  пен  материя  туралы  білім  беруде, 

физикалық үдерістердің адам мен қоғамға әсері туралы білім; 

5)

 



«Биология»:  

адам  мен  адамзат  қоғамының  пайда  болуы,  табиғат  пен  адамның  өзара 

байланысы туралы білім беруде; 

6) «География»:  

табиғи  қор  және  оларды  тиімді  пайдалану,  Қазақстан  Республикасының 

Қазақстан  табиғатын  қорғауға  бағытталған  заңдары,    халықаралық  дәрежеде 

табиғатты қорғау бойынша шаралар туралы білім беру. 

5.

 



Оқу жүктемесінің көлемі: 

қоғамдық-гуманитарлық бағыт 

1)

 

10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 



2)

 

11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат 



жаратылыстану-математикалық бағыт 

3)

 



10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 

4)

 



11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.  

 

2. Оқу пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы  



10-сыныбына арналған базалық білім мазмұны 

 

6. «Адам және дүние» (9 сағат): 



«Адам  және  оның  дүниетанымы»  (2  сағат),  дүниетаным  ұғымы, 

дүниетаным  құрылымы,  дүниетанымның  негізгі  элементтері,  дүниетанымның 



 

 

қоғамдық-тарихи  және  жеке  сипаты,  өмірлік-практикалық  және  теориялық 



дүниетаным. гуманитарлық көзқарастың ерекшелігі; 

«Дүниетанымның  тарихи  үлгілері»,  мифологиялық,  діни,  философиялық  

дүниетанымның 

ерекшеліктері, 

мифологиялық, 

діни, 


философиялық  

дүниетанымдағы адамның бейнесі, әлеуметтік гуманитарлық көзқарастағы адам 

және әлем; 

«Адамның  дүниеге  деген  танымдық  қатынасы»  (3  сағат),  әлемді  тану 

мәселесі,  адамның  танымдық  қызметі,  сезінушілік  және  тиімді  таным,  ақиқат 

ұғымы, оның өлшемдері, гуманитарлық білімнің ерекшелігі;  

«Ғылыми таным», ғылымның шығуы, ғылыми ойдың негізгі ерекшеліктері, 

ғылыми  зерттеу  әдістері,  әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдар,  әлеуметтік 

жауапкершілік және ғалымдар гуманизмі; 

«Білім  және  білім  беру»,  білім  туралы  қазіргі  ұғым,  ақпарат,  білім, 

даналық,  білім  және  білімділік,  өзіндік  білімнің  қажеттілігі,  өмір  бойғы  білім, 

гуманитарлық білім берудің ерекшелігі; 

«Адами қызметтегі бостандық, қажеттілік  және жауапкершілік» (3 сағат), 

адам  өміріндегі  құндылықтар,  құндылық  туралы  ұғым,  құндылықты  таңдау 

мәселесі,  құндылық және өмірлік бағыт, адамның өмірі құндылық ретінде; 

«Еркіндік  және  қажеттілік»,  еркіндік  ұғымы,  еркіндік    әлеуметтік    және 

жеке  құндылық  ретінде,  табиғи  және  әлеуметтік  қажеттілік,  еркіндік  саналы 

қажеттілік; 

«Еркіндік  және  жауапкершілік»,  адамның  ішкі  және  сыртқы  еркіндігі, 

еркіндік  адамның  тұлғасы  қалыптасуының  шарты,  тұлғаның    өз  өмірі  үшін 

жауапкершілігі; 

қайталау (1 сағат). 

7.

 

«Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі адам» (14 сағат): 



«Қазіргі  қоғам»  (2  сағат),  қоғамдық  дамудың  заңдылықтары,  эволюция 

және  революция  әлеуметтік  өзгерістің  формалары  ретінде,  қоғамдық  үдеріс 

ұғымы,  оның  қайшылығы,  дәстүрлі  (аграрлық)  қоғам,  индустриялы  қоғам, 

постиндустриалдық (ақпараттық) қоғам, әлеуметтік жаңарту ұғымы; 

«Қазіргі  өркениеттің  ерекшеліктері»,  қазіргі  қоғам  және  өркениет, 

жаһандану  үдерісі,  жаһандануға  қарсылық,  компьютерлік  революция,  қоғам 

және  адам  ХХІ  ғасырдың  қауіп-қатерлері  алдында,  ғаламдық  мәселені 

шешудегі гуманитарлық  ғылымның рөлі;  

«Әлеуметтік  қатынастар»  (3  сағат),  әлеуметтену  үдерістері,  индивидтің 

әлеуметтенуі,  тұлғаның  әлеуметтік  статусы,  әлеуметтік  топтар  мен 

қауымдастықтар, әлеуметтік қақтығыстар мен олардың конструктивтік шешімі;  

«Отбасы әлеуметтік топ ретінде», отбасының әлеуметтік рөлі, нормалары, 

құндылықтары,  отбасындағы  тұлға  аралық  қатынастар,  отбасылық  қатынастар 

этикасы, отбасылық парыз, отбасы мүшелеріне қамқорлық таныту; 

«Адамның көпұлтты қоғамдағы қарым-қатынасы», этникалық тұтастықтар, 

ұлттық  сана,  қазіргі  әлемдегі  ұлтаралық  қатынастың  дамуы,  ұлтаралық 

жанжалдың  себептері  және  оның  шешімі,  ұлтаралық  келісім  және  ұлттық 

бірлік, Қазақстанның гүлденуі мен әлеуметтік игілігінің негізі ретінде; 



 

 

«Нарықтық  субъектінің  экономикалық  тәртібі»  (3  сағат),  тұтынушының 



экономикалық  мәдениеті,  нарықтық  экономикадағы  тұтынушының  тәртібі, 

табыс    көздері,  қорлар,  тұтынушының  шығындары,  тұтыну  бюджеттін 

жоспарлау, тұтынушылық несие, тұтынушыны қорғау, сұраныс, сұраныс заңы, 

сұраныс  факторлары; 

«Өндірушінің  экономикалық  мәдениеті»,  нарықтық  экономикадағы 

өндірушілердің  мінез  құлқы,  өдіріс  және  өндірістік  факторлар,  бизнесті 

ұйымдастырудың  негізгі  формасы  (жеке  кәсіпкерлік,  серіктестік,  акционерлік 

қоғам),  бизнес  жоспар  әзірлеудің  принциптері,  ұсыныс,  ұсыныс  заңы, 

фирманың шығыны мен пайдасы; 

«Нарықтық  құрылымның  үлгілері»,  жетілген  бәсекелестік,  монополистік 

бәсеке,  олигополия,  монополия,  экономиканы  монополиялаудың  салдары, 

мемлекеттің  монополияға  қарсы  саясаты,  экономикадағы  жемқорлық 

құбылыстар нарықтық қатынастарды бұзудың салдары ретінде;  

«Саяси  жүйе»  (2  сағат),  саясат  және  мемлекет,  мемлекет  ұғымы  мен 

белгілері,  мемлекеттік  егемендік,  мемлекеттік  билік,  мемлекеттің  формалары 

(басқару 

формасы,    әкімшілік-аумақтық  құрылымы),  саяси  режим, 

тоталитаризм, авторитаризм, демократия; 

«Азаматтың  саяси  өмірге  қатысуы»,  демократиялық  саясаттың  негіздері, 

сайлаулар,  референдум,  жергілікті  өзін  өзі  басқару,  саяси  партиялар  мен 

қозғалыстар,  олардың  қоғамдық  өмірдегі  рөлдері,  Қазақстандағы  саяси 

партиялар мен қозғалыстар; 

«Рухани мәдениет» (3 сағат), қоғамның рухани құндылықтары, руханилық 

ұғымы,  адамның  рухани  мәдениетінің  негіздері,  рухани  құндылықтар,  рухани 

мұра және оның қоғамдағы маңызы, руханилық және гуманизм; 

«Тұлғаның  адамдық  негіздері»,  руханият  және  адамгершілік,  тұлғаның 

адамдық ұстанымдары, ізгілік және зұлымдық, қарыз  және ұят, моралдік идеал

отаншылдық  және  азаматшылдық,  кәсіби  этика  және  жемқорлықты  

қабылдамау, тәрбие мен білімнің адамгершілік қызметтері;  

«Діни  төзімділік»,  дін,  діни  ұйымдар  және  бірлестіктер,  қазіргі  қоғам 

өміріндегі  оның  рөлі,  ар-ождан  еркіндігі  және  діни  төзімділік,  дін  және 

гуманитарлық  ой,  діни  жән  діни  емес  дүниетанымдардың  диологы,  діни 

экстремизмнің алдын алу;   

қайталау (1 сағат). 

8. «Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу» (10 сағат): 

«Адам мен азаматтың құқығы және міндеттері» (2 сағат), конституциялық 

құқық  және  міндеттер,  адам  құқығы  ұғымы,  азаматтық  ұғымы,  адамның  және 

азаматтың    құқығы,  адамның  және  азаматтың  міндеттері,  Қазақстан 

Республикасындағы  адамдар  және  азаматтар  құқығы  мен  бостандығының 

конституциялық кепілі; 

«Адам  құқықтары  және  оны  қорғау»,  Қазақстан  азаматтары  құқығы  мен 

бостандықтарын  жүзеге  асыру  және  қорғау,  адам  құқығын  халықаралық-

құқықтық  қорғау,  адам  құқығын  қорғау  саласындағы  негізгі  халықаралық-

құқықтық актілер, жемқорлық адам құқықтарын бұзу формасы ретінде; 



 

 

«Жеке  құқықтың    негізгі  салалары»  (4  сағат),  азаматтық  құқықтың 



негіздері,  азаматтық  құқық  ұғымы  және  негізгі  бастаулары,  азаматтық 

құқықтың  ұстанымдары,  азаматтық  құқық  субъектілері,  меншік  құқығы, 

кәмелетке  толмағандар  мүліктік  қатынасқа  қатысушылар  ретінде,  азаматтық-

құқықтық келісімнің негізгі түрлері, тұтынушы құқықтары;  

«Еңбек  құқығының  негіздері»,  еңбек  құқығы  ұғымы  және  негізгі 

бастаулары,  еңбек  қатынастары  аясындағы  кепілдемелер,  еңбек  шарты,  еңбек 

шартын  бекіту  және  бұзу,  кәмелетке  толмағандар  еңбегінің  ерекшеліктері, 

жұмыс және демалыс уақыты, тәртіптік  жауапкершілік

«Отбасылық  құқық  негіздері»,  отбасылық  құқық  ұғымы  және  негізгі 

бастаулары,  отбасылық  құқықтағы  негізгі  ұғымдар,  некелік-отбасылық 

құқықтың  принциптері,  неке  тұжырымының  шарттары,  некені  тоқтату,  ерлі-

зайыптылардың міндеттері, некелік келісім, бала құқықтары

«Экологиялық  құқық  негіздері»,  экологиялық  құқық  ұғымы  және  негізгі 

бастаулары, экологиялық құқық ұстанымдары, экологиялық заңмен қорғалатын 

негізгі  нысан,  табиғатты  пайдалану  түсінігі  мен  түрлері,  экологиялық 

құқықтағы 

азаматтардың 

құқығы 


мен 

міндеттері, 

экологиялық 

құқықбұзушылық және ол үшін жауаптылық; 

«Көпшілік  құқықтың  негізгі  салалары»  (3  сағат),  әкімшілік  құқық 

негіздері, әкімшілік құқық ұғымы және негізгі бастаулары, негізгі және туынды 

нормативтік  актілері,  мемлекет  қызметінің  басқару  жүйесіндегі  негізгі 

бағыттары,  мемлекеттік  мекеме  және  кәсіпорындар,  мемлекеттік  қызмет 

ұғымы, әкімшілік құқықбұзушылық және әкімшілік жауапкершілік;  

«Қылмыстық  құқықтың  негіздері»,  қылмыстық құқық  ұғымы  және  негізгі 

бастаулары,  қылмыстық  заңнама  құрылымы,  қылмыстық  құқықтың  мақсаты 

мен  ұстанымдары,  қылмыс  ұғымы  және  түрлері,  қылмыс  құрамы  ұғымы, 

қажетті және аса қажетті қорғаныс, қылмыстық жаза ұғымы және түрлері; 

«Іс-жүргізу  құқығы  негіздері»,  іс-жүргізу  құқығы  түсінігі,  қылмыстық  іс-

жүргізу құқығы ұғымы және негізгі бастаулары, қылмыстық процестің мақсаты 

мен  тәртібі,  қылмыстық  процестің  негізгі  принциптері,  азаматтық  іс-жүргізу 

құқығы  ұғымы  және  негізгі  бастаулары,  азаматтық  сот-ісінің  принциптері, 

Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі; 

«Жемқорлыққа 

қарсы 


заңнамалар 

негізі», 

жемқорлыққа 

қарсы 


заңнамаларды  іске  асыру  механизмі  және  негізгі  ұғымдары,  жемқорлық 

көріністері  барысында  Қазақстан  азаматтарының  құқықтары  мен  еркіндігін 

қорғау,  жемқорлыққа  қарсы  тұру  саласында  негізгі  халықаралық-құқықтық 

актілер және шетелдік тәжірибелер; 

қайталау (1 сағат). 

9. Қорытынды қайталау (1 сағат). 

 

3. Оқу пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы  

11-сыныбына арналған базалық білім мазмұны 

 

10. «Философия негіздері» (7 сағат): 



 

 

«Философия дегеніміз не?» (2 сағат), философияның адам өміріндегі және 



қоғамдағы  рөлі,  философия  –  ақылға  деген  құштарлық,  философия  –  өмір 

туралы парасатты ілім, философия – ақыл мәдениеті; 

«Философия  даналық  мектебі  ретінде»,  философ  деген  кім,  алғашқы 

философтар және олардың ілімі, өз-өзіңді тани біл, философиялық сұрақтар мен 

жауаптардың ерекшеліктері;  

«Философия антропология» (2 сағат), адам-философияның басты мәселесі, 

адамға  қатысты  философиялық  мәселелердің  мәні  мен  ерекшелігі,  адамның 

философиядағы негізгі бейнесі, адамның адам болуға деген ұмтылысы; 

«Өмірдің  мәнін  іздеудегі  адам»,  өмірдің  мағынасы  туралы  философия, 

адам бағыты, қазіргі заманғы өркениеттегі адамның жағдайы, «адам капиталы» 

туралы түсінік және оның мағынасы; 

«Әлеуметтік философия» (2 сағат), қоғамға деген философиялық көзқарас, 

күрделі  ұйымдастырылған  жүйе  ретіндегі  қоғам  туралы  түсініктер,  қоғамдық 

дамудың негізгі теориялары, қоғамдық дамудың  қозғалыс күштері, философия 

тарихы; 

«Гуманитарлық 

білімнің 

философиялық 

мәселелері», 

мәдениет 

философиясы,  білім  философиясы,  саясат  философиясы,  құқық  философиясы, 

дін философиясы;  

қайталау (1 сағат). 

11.


 

«Әлеуметтану негіздері» (8 сағат): 

«Әлеуметтану  ғылым  ретінде»  (2  сағат),  әлеуметтанудың  пайда  болуы 

және  дамуы,  әлеуметтанудың  обьектісі  мен  пәні,  әлеуметтанудағы  негізгі 

сұрақтар, зерттеудің әлеуметтанулық әдістерінің ерекшеліктері; 

«Әлеуметтанулық  білім»,  әлеуметтанудың  гуманитарлық  білімдермен 

өзара  әрекеттесуі,  әлеуметтану  білімінің  құрылысы,  қазіргі  заманғы  қоғам 

мәселесін түсінудегі әлеуметтанулық тәсілдердің ролі; 

«Қоғам  әлеуметтік  жүйе  ретінде»  (2  сағат),  қоғам  өзара  байланыс  жүйесі 

ретінде,  әлеуметтік  өзара  қарым  қатынастардың  түрлері,  әлеуметтік  топтар, 

олардың  түрлері,  әлеуметтік  институттар  және  оның  түрлері,  әлеуметтік 

институттың негізгі қызметтері, әлеуметтік тәртіп және қақтығыс, артық мінез 

құлық  және  әлеуметтік  бақылау,  азаматтық  қоғам  саясатта,  экономикада 

жемқорлық құбылыстарына қарсы күрес факторы ретінде;

 

 

«Әлеуметтік  стратификация  және  ұтқырлық»,  қазіргі  қоғамдағы  орта 



топтың  рөлі  және  маңызы,  әлеуметтік  мүдделер,  әлеуметтік  қақтығыстың 

себептері,  әлеуметтік  қақтығыстың  сипаттамасы,  әлеуметтік  қақтығысты 

басқару,  әлеуметтік  қақтығысты  шешу  жолдары,  жемқорлық  әлеуметтік 

шиеленіс формасы ретінде, жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру; 

«Тұлға    және    қоғам»  (3  сағат),  тұлғаның  қалыптасуындағы  әлеуметтік 

факторлар, әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік рөл, жас жеткіншектік кезеңдегі 

әлеуметтік  рольдер,  жастар  субмәдениетінің  ерекшеліктері,  жастардың  кәсіби 

және  әлеуметтік  бағыты,  әлеуметтік  тұрмыс  қызығушылығы,  тұрмыстық 

қатынас  мәдениеті,  жемқорлыққа  қарсы  жастар  санасын  қалыптастыру 

жастарды әлеуметтендіру факторы ретінде; 



 

 

«Қазіргі  әлемдегі  этникалық  көптүрлілік»,  ұлыс  және  ұлт,  этномәдени 



құндылықтар  және  салт-дәстүр,  этностың  ментальдық  ерекшеліктері, 

ұлтаралық  ынтымақтастық  және  келіспеушіліктер,  ұлтаралық  қарым-

қатынастарды реттеу мәселелері;  

«Қазіргі  діни  жағдай»,  діни  өмірдегі  әлеуметтік  жағдайлар,  дін 

әлеуметтануы,  діни  конфессиялар,  конфессия  аралық  серіктестік,  жастар 

ортасында діни экстремизмді алдын алу қажеттілігі;  

қайталау (1 сағат). 

12. «Саясаттану негіздері» (6 сағат): 

«Саясаттану    дегеніміз  не?»  (2  сағат),  саясаттану  ғылым  ретінде, 

саясаттанудың    пайда  болуы,  саясаттанудың  негізгі  мәселелері,  саясаттанудың 

негізгі тұжырымдамалары; 

«Саясаттанулық  білім»,  саясаттану  білімінің 

құрылысы,  саясат 

технологиясы  және  оның  әлеуметтік  мағынасы,  қоғамдық  өмірді  басқаруға 

саналы түрде қатысу үшін саясаттану білімдерінің маңызы;  

«Саясат  және  мәдениет»  (3  сағат),  саясат  өнер  ретінде,  қоғамдық 

қатынастарды  саяси  реттеудегі  ерекшеліктер,  саяси  жүйе,  оның  құрылымы, 

қызметі,  саяси  институттар  жөнінде  түсінік,  нормалары,  коммуникациялары, 

үдерістері; 

«Саяси  мәдениет»,  билік  және  саясат,  қоғамдық  билік  туралы  түсінік, 

биліктің 

шығуы, 


билік 

қарым-қатынастарының 

типологиясы, 

билік 


легитимациясы,  демократия  және  парламентаризм,  азаматтық  қоғамның 

негіздері; 

«Жеке  тұлға  және  саясат»,  саяси  элита,  саяси  көшбасшы  туралы  түсінік, 

жетекшіліктің  типологиясы,  саяси  көшбасшының  көрінісі,  қоғамдық  санадағы 

құрылымы және қолдау; 

қайталау (1 сағат).  

13. «Экономикалық  теорияға  кіріспе» (6 сағат):  

«Ресурстық  нарық  және  нарықтық  кірістерді  қалыптастыру»  (3  сағат), 

еңбек  нарығы,  еңбек  нарығының  ерекшеліктері,  қызметтері,  субъектілері, 

компонеттері,  еңбекке  сұраныс,  еңбекке  ұсыныс,  еңбекақы,  номиналдық  және 

шынайы  еңбекақы,  еңбек  нарығындағы  кәсіподақ  рөлі,  еңбек  биржасы  және 

оның қызметтері; 

«Капитал  нарығы  және  табиғат  ресурстары»,  капиталға  деген  сұраныс 

және  ұсыныс  ерекшеліктері,  инвестициялар  мен    жинақтар,  кредит  және  оның 

түрлері,  несиелік  жүйе  және  оның  элементтері,  қор  биржасы  және  құнды 

қағаздар,  табиғи  ресурстар  нарығы,  жер  сату  және  сатып  алу  объектісі,  жерге 

деген сұраныс, ұсыныс ерекшеліктері;  

«Кәсіпкерлік  қызмет  негіздері»,  кәсіпкерлік  өндірістің  факторы  ретінде, 

кәсіпкерліктің  субьектілері  мен  обьектілері,  оның  дамуының  мақсаттары  мен 

факторлары, 

кәсіпкерліктің 

ұйымдастырушылық-құқықтық 

формалары, 

олардың  артықшылықтары  мен  кемшіліктері,  жемқорлық  кәсіпкерлік  үшін 

кедергілердің бірі ретінде; 

«Ұлттық  экономика  және  оның  динамикасы»  (2  сағат),  экономикалық 



 

 

дамудың  негізгі  принциптері,  ұлттық  экономиканың  айналымы  (ресурстар, 



кіріс  пен  азық-түлік  ағымы),  ұлттық  экономиканың  негізгі  көрсеткіштері 

(ұлттық  байлық,  ұлттық  азық,  ішкі  азық,  ұлттық  кіріс),  экономика  саласында 

жемқорлық құбылыстарының себептері және пайда болу жағдайлары;  

«Экономикалық  өсім  ерекшеліктері»,  экономикалық  өсім  (мәні,  типтері, 

көрсеткіштері,  әлеуметтік  экономикалық  салдары),  макроэкономикалық 

тұрақсыздық (экономикалық дамудың циклдігі), инфляция және жұмыссыздық, 

нарықтық  экономиканы  мемлекеттік  реттеу  қажеттілігі  мен  мәні,  ұлттық 

экономиканы мемлекеттік реттеу түрлері мен әдістері; 

қайталау (1 сағат).  

14. «Заңға кіріспе» (6 сағат): 

«Қазақстан  Республикасы  –  құқықтық  мемлекет»  (3  сағат),  құқықтық 

мемлекет туралы ұғым және белгілері, құқықтық мемлекет мақсат, құрал және 

нәтиже  ретінде,  құқықтық  мемлекет  дамуының  тарихи  кезеңдері,  құқықтық 

мемлекеттің негізгі ұстанымдары, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам; 

«Қазақстан 

Республикасындағы 

мемлекеттік 

билік 


органдары», 

мемлекеттік  билік  туралы  ұғым,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

құқықтық  мәртебесі,  Қазақстан  Республикасы  Конституциялық  кеңесінің, 

Үкіметтің  Парламенттің  қызметі,  рәсімделу  реті,  әділеттілік  және  сот  билігі, 

жергілікті өкілетті және атқарушы органдар;  

«Құқық  қорғау  органдары»,  құқық  қорғау  органдарының  қызметі  мен 

ұйымдасу  негіздері,  құқық  қорғау  органдарының  түрлері,  құқық  қорғау 

органдары  туралы  ұғым,  жемқорлық  қылмыстарына  қарсы  құқық  қорғау 

органдарының негізгі күрес тәсілдері, мемлекеттік қызмет ұстанымдары, құқық 

қорғау  қызметінің  ұстанымдары  және  жемқорлыққа  қарсы  әрекеттері,  құқық 

қорғау органдары қызметкерлерінің құқығы, міндеттері және жауапкершілігі; 

«Азаматтардың  құқықтық  мәдениеті,  құқықтық  тәртіп  және  заңды 

жауапкершілік»  (2  сағат),  құқықтық  сана  және  құқықтық  мәдениет, 

азаматтардың  құқықтық  санасы  және  құқықтық  мәдениеті,  құқықтық  сана 

түсінігі,  түрлері,  құқықтық  идеология  және  құқықтық  психология,  құқықтық 

мәдениет мазмұны мен деңгейі, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; 

«Құқықтық  тәртіп,  құқықбұзушылық,заңды  жауапкершілік»,  құқықтық 

тәртіп  (түсінігі,  құрылымы,  түрі),  құқықтық  тәртіп  түрлері,  құқықбұзушылық 

түсінігі  және  құрамы,  құқықбұзушылықтың  түрлері,  заңды  жауапкершілік 

(түсінігі, белгілері және оның негізі), заңды жауапкершілік ұстанымдары; 

қайталау (1 сағат). 

15. Қорытынды қайталау (1 сағат). 

 

4. Оқу пәнінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы  

11-сыныбына арналған базалық білім мазмұны 

 

16. «Адам және дүние»  (9 сағат): 



«Адам  және  оның  дүниетанымы»  (2  сағат),  дүниетаным  ұғымы, 

дүниетаным  құрылымы,  дүниетанымның  негізгі  элементтері,  дүниетанымның 



 

 

қоғамдық-тарихи  және  жеке  сипаты,  өмірлік-практикалық    және  теориялық 



дүниетаным; 

«Дүниетанымның  тарихи  үлгілері»,  мифологиялық,  діни,  философиялық  

дүниетанымның 

ерекшеліктері, 

мифологиялық, 

діни, 


философиялық  

дүниетанымдағы  адамның  бейнесі,  жаратылыстану  ғылыми  дүниетанымдағы 

адам және әлем; 

«Адамның  дүниеге  деген  танымдық  қатынасы»  (3  сағат),  әлемді  тану 

мәселесі,  адамның  танымдық  қызметі,  сезінушілік  және  тиімді  таным,  ақиқат 

ұғымы, оның өлшемдері, жаратылыстану ғылыми білімдер ерекшелігі;  

«Ғылыми  таным»,  ғылымның  пайда  болуы,  ғылыми  ойдың  негізгі 

ерекшеліктері,  ғылыми  зерттеу  әдістері,  жаратылыстану  және  техникалық 

ғылымдар, ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілігі; 

«Білім  және  білім  беру»,  білім  беру  туралы  қазіргі  ұғым,  ақпарат,  білім, 

даналық,  білім  және  білімділік,  өзіндік  білімнің  қажеттілігі,  өмір  бойғы  білім, 

жаратылыстану ғылыми білімінің ерекшелігі;  

«Еркіндік, қажеттілік және адамзат қызметіндегі жауапкершілік» (3 сағат), 

адам  өміріндегі  құндылықтар,  құндылық  туралы  ұғым,  құндылықты  таңдау 

мәселесі, құндылық және өмірлік бағыт, адамның өмірі құндылық ретінде;  

«Еркіндік  және  қажеттілік»  еркіндік  ұғымы,  еркіндік    әлеуметтік    және 

жеке  құндылық  ретінде,  табиғи  және  әлеуметтік  қажеттілік,  еркіндік  саналы 

қажеттілік; 

«Еркіндік  және  жауапкершілік»,  адамның  ішкі  және  сыртқы  еркіндігі, 

еркіндік  адамның  тұлғасы  қалыптасуының  шарты,  тұлғаның  өз  өмірі  үшін 

жауапкершілігі; 

Қайталау (1 сағат). 

17. «Қоғамдық қатынас жүйесіндегі адам» (14 сағат): 

«Қазіргі  қоғам»  (2  сағат),  қоғамдық  дамудың  заңдылықтары,  эволюция 

және  революция  сияқты  әлеуметтік  өзгерістің  формалары,  қоғамдық  үдеріс 

ұғымы,  оның  қайшылығы,  дәстүрлі  (аграрлық)  қоғам,  индустриялы  қоғам, 

постиндустриалдық (ақпараттық) қоғам, әлеуметтік жаңарту ұғымы; 

«Қазіргі  өркениеттің  ерекшеліктері»,  қазіргі  қоғам  және  өркениет,  

жаһандану  үдерісі,  жаһандануға  қарсылық,  компьютерлік  революция,  қоғам 

және  адам  ХХІ  ғасырдың  қауіп-қатері  алдында,  ғаламдық  мәселелерді 

шешудегі жаратылыстану ғылымдарының ролі; 

«Әлеуметтік  қатынастар»  (3  сағат),  әлеуметтену  үдерістері,  индивидтің 

әлеуметтенуі,  тұлғаның  әлеуметтік  статусы,  әлеуметтік  топтар  мен 

қауымдастықтар, әлеуметтік қақтығыстар мен олардың конструктивтік шешімі;  

«Отбасы әлеуметтік топ ретінде», отбасының әлеуметтік рөлі, нормалары, 

құндылықтары,  отбасындағы  тұлға  аралық  қатынастар,  отбасылық  қатынастар 

этикасы, отбасылық парыз, отбасы мүшелеріне қамқорлық таныту; 

«Адамның көпұлтты қоғамдағы қарым-қатынасы», этникалық тұтастықтар, 

ұлттық  сана,  қазіргі  әлемдегі  ұлтаралық  қатынастың  дамуы,  ұлтаралық 

жанжалдың себептері және оның шешімі, ұлтаралық келісім және ұлттық бірлік 

Қазақстанның гүлденуі мен әлеуметтік игілігінің негізі ретінде; 


 

 

«Нарықтық  субъектінің  экономикалық  тәртібі»  (3  сағат),  тұтынушының 



экономикалық  мәдениеті,  нарықтық  экономикадағы  тұтынушының  тәртібі, 

табыс  бастаулары,  қорлар,  тұтынушының  шығындары,  тұтыну  бюджеттін 

жоспарлау, тұтынушылық несие, тұтынушыны қорғау, сұраныс, сұраныс заңы, 

сұраныс факторлары;  

«Өндірушінің  экономикалық  мәдениеті,  нарықтық  экономикадағы 

өндірушінің  тәртібі»,  өндіріс  және  өндірістік  факторлар,  бизнестің 

ұйымдастырудың  негізгі  формасы  (жеке  кәсіпкерлік,  серіктестік,  акционерлік 

қоғам), ұсыныс, ұсыныс заңы, фирманың шығыны мен пайдасы; 

«Нарықтық  құрылымның  типтері»,  жетілген  бәсекелестік,  монополистік 

бәсеке,  олигополия,  монополия,  экономиканы  монополиялаудың  салдары, 

мемлекеттің  монополияға  қарсы  саясаты,  экономикадағы  жемқорлық 

құбылыстар нарықтық қатынастарды бұзудың салдары ретінде; 

«Саяси  жүйе»  (2  сағат),  саясат  және  мемлекет,  мемлекет  ұғымы  мен 

белгілері,  мемлекеттік  егемендік,  мемлекеттік  билік,  мемлекеттің  формалары 

(басқару 

формасы, 

әкімшілік-аумақтық 

құрылымы), 

саяси 

режим, 


тоталитаризм, авторитаризм, демократия; 

«Азаматтың  саяси  өмірге    қатысуы»,  демократиялық  саясаттың  негіздері, 

сайлаулар,  референдум,  жергілікті  өзін  өзі  басқару,  саяси  партиялар  мен 

қозғалыстар,  олардың  қоғамдық  өмірдегі  рөлдері,  Қазақстандағы  саяси 

партиялар мен қозғалыстар; 

«Рухани мәдениет» (3 сағат), қоғамның рухани құндылықтары, руханилық 

ұғымы,  адамның  рухани  мәдениетінің  негіздері,  рухани  құндылықтар,  рухани 

мұра  және  оның  қоғамдағы  маңызы,  руханилық  және  ғылыми-техникалық 

революция; 

«Тұлғаның  адамдық  негіздері»,  руханият  және  адамгершілік,  тұлғаның 

адамдық ұстанымдары, ізгілік және зұлымдық, қарыз  және ұят, моралдік идеал, 

отаншылдық  және  азаматшылдық,  кәсіби  этика  және  жемқорлықты 

қабылдамау, тәрбие мен білімнің адамгершілік қызметтері;  

«Діни толеранттылық», дін, діни ұйымдар және бірлестіктер, қазіргі қоғам 

өміріндегі  оның  рөлі,  ар-ождан  еркіндігі  және  діни  төзімділік,  дін  және 

жаратылыстану  ғылыми  ой,  діни  жән  діни  емес  дүниетанымдардың  диологы, 

діни экстремизмнің алдын алу;   

қайталау (1 сағат). 

18. «Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу»  (10 сағат): 

«Адам мен азаматтың құқығы және міндеттері» (2 сағат), конституциялық 

құқық  және  міндеттер,  адам  құқығы  ұғымы,  азаматтық  ұғымы,  адамның  және 

азаматтың  құқығы,  адамның  және  азаматтың  міндеттері,  Қазақстан 

Республикасындағы  адамдар  және  азаматтар  құқығы  мен  бостандығының 

конституциялық кепілі;  

«Адамның  құқықтары  және  оны  қорғау»,  Қазақстан  азаматтары  құқығы 

мен  бостандықтарын  жүзеге  асыру  және  қорғау,  адам  құқығын  халықаралық-

құқықтық  қорғау,  адам  құқығын  қорғаудың  әмбебап,  арнаулы  аймақтық 

халықаралық құжаттары, жемқорлық адам құқықтарын бұзу формасы ретінде; 



 

 

«Жеке  құқықтың    негізгі  салалары»  (4  сағат),  азаматтық  құқықтың 



негіздері,  азаматтық  құқық  ұғымы  және  негізгі  көздері,  азаматтық  құқықтың 

ұстанымдары,  азаматтық  құқық  субъектілері,  меншік  құқығы,  кәмелетке 

толмағандар  мүліктік  қатынасқа  қатысушылар  ретінде,  азаматтық-құқықтық 

келісімнің негізгі түрлері, тұтынушы құқықтары;  

«Еңбек  құқығының  негіздері»,  еңбек  құқығы  ұғымы  және  негізгі  көздері, 

еңбек қатынастары аясындағы кепілдемелер, еңбек шарты, еңбек шартын бекіту 

және  бұзу,  кәмелетке  толмағандар  еңбегінің  ерекшеліктері,  жұмыс  және 

демалыс уақыты, тәртіптік  жауапкершілік; 

«Отбасылық  құқық  негіздері»,  отбасылық  құқық  ұғымы  және  негізгі 

көздері,  отбасылық  құқықтың  негізгі  түсінігі,  некелік-отбасылық  құқықтың 

принциптері,  неке  тұжырымының  шарттары,  некені  тоқтату,  ерлі-

зайыптылардың міндеттері, некелік келісім, бала құқықтары; 

«Экологиялық  құқық  негіздері  (құқықтың  кешенді,  жеке-бұқаралық 

саласы),  экологиялық  құқық  ұғымы  және  негізгі  көздері,  экологиялық  құқық 

ұстанымдары,  экологиялық  заңмен  қорғалатын  негізгі  нысан,  табиғатты 

пайдалану  түсінігі  мен  түрлері,  экологиялық  құқықтағы  азаматтардың  құқығы 

мен міндеттері, экологиялық тәртіп бұзушылық және ол үшін жауаптылық; 

«Көпшілік  құқықтың  негізгі  салалары»  (3  сағат),  әкімшілік  құқық 

негіздері,  әкімшілік  құқық  ұғымы  және  негізгі  көздері,  негізгі  және  туынды 

нормативтік  актілері,  мемлекет  қызметінің  басқару  жүйесіндегі  негізгі 

бағыттары,  мемлекеттік  мекеме  және  кәсіпорындар,  мемлекеттік  қызмет 

ұғымы, әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік;  

«Қылмыстық  құқық  негіздері»,  қылмыстық  құқық  ұғымы  және  негізгі 

көздері,  қылмыстық  заңнама  құрылымы,  қылмыстық  құқықтың  мақсаты  мен 

ұстанымдары,  қылмыс  ұғымы  және  түрлері,  қылмыс  құрамы  ұғымы,  қажетті 

және аса қажетті қорғаныс, қылмыстық жаза ұғымы және түрлері; 

«Қаржылық  және  салықтық  құқық  негіздері»,  қаржылық  және  салықтық 

құқық  ұғымы  және  негізгі  көздері,  салық  салу  принциптері,  салықтық  саясат, 

салық  төлеуші  ұғымы,  салық  төлеушінің  құқықтары  мен  міндеттері,  бюджет 

ұғымы мен оның түрлері; 

«Жемқорлыққа 

қарсы 


заңнамалар 

негізі», 

жемқорлыққа 

қарсы 


заңнамаларды  іске  асыру  механизмі  және  негізгі  ұғымдары,  жемқорлық 

көріністері  барысында  Қазақстан  азаматтарының  құқықтары  мен  еркіндігін 

қорғау,  жемқорлыққа  қарсы  тұру  саласында  негізгі  халықаралық-құқықтық 

актілер және шетелдік тәжірибелер;  

қайталау (1 сағат). 

19. Қорытынды қайталау (1 сағат). 

 

5.

 

Оқу пәнінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы  



11-сыныбына арналған базалық білім мазмұны 

 

20. «Философия негіздері» (7 сағат): 



«Философия дегеніміз не?» (2 сағат), философияның адам өміріндегі және 

 

 

қоғамдағы  рөлі,  философия  –  ақылға  деген  құштарлық,  философия  –  өмір 



туралы парасатты ілім, философия-ақыл мәдениеті; 

«Философия  ой-сапа  мектебі»,  философ  деген  кім,  алғашқы  философтар  

және  олардың  ілімі,  өз-өзіңді  тани  біл,  философиялық  сұрақтар  және 

жауаптардың ерекшелігі; 

«Философия  антропологиясы»  (2  сағат),  адам  –  философияның  басты 

мәселесі,  философия  –  адамның  ерекше  және  мазмұнды  мәселесі,  адамның 

философиядағы негізгі бейнесі, адамның адам болуға деген ұмтылысы;  

«Адам  ойының  ізденісі»,  философия  өмір  мағынасы  туралы,  адам  атауы, 

қазіргі  өркениеттегі  адамның  шарты,  «Адам  капиталы»  туралы  түсінік  және 

оның мағынасы; 

«Жаратылыстану философиясы» (2 сағат), табиғатқа деген философиялық 

көзқарас, табиғатқа өздігінен дамушы жүйе ретінде қарау, адам мен табиғаттың 

өзара  әрекеттесуінің  негізгі  теориялары,  экологиялық  дағдарыс,  экологиялық 

сана және биофилософия; 

«Жаратылыстану  ғылыми  білімдердің  философиялық  мәселелері» 

Биологияның, 

медицинаның, 

физикадағы, 

химиядағы 

философиялық 

мәселелер, философия және математика; 

қайталау (1 сағат).  

21. «Әлеуметтану негіздері» (8 сағат): 

«Әлеуметтану  дегеніміз  не?»  (2  сағат),  Әлеуметтану  ғылым  ретінде,  

әлеуметтанудың пайда болуы және дамуы, әлеуметтанудың обьектісі мен пәні, 

әлеуметтанудағы  негізгі  сұрақтар,  әлеуметтанудың  сандық  және  сапалық 

әдістері, зерттеудің әлеуметтанулық әдістерінің ерекшеліктері, әлеуметтанудың 

математикалық ұстанымдары; 

«Әлеуметтанулық  білім»,  әлеуметтанудың  жаратылыстану  ғылыми 

білімдермен  өзара  әрекеттесуі,  әлеуметтану  білімінің  құрылысы,  қазіргі 

заманғы қоғам мәселесін түсінудегі әлеуметтанулық тәсілдердің ролі;  

«Қоғам  әлеуметтік  жүйе  ретінде»  (2  сағат),  қоғам  өзара  байланыс  жүйесі 

ретінде,  әлеуметтік  өзара  қарым  қатынастардың  түрлері,  әлеуметтік  топтар, 

олардың  түрлері,  әлеуметтік  институттар  және  оның  түрлері,  әлеуметтік 

институттардың  негізгі  қызметтері,  әлеуметтік  тәртіп  және  қақтығыс, 

ауытқушылы мінез құлық және әлеуметтік бақылау, азаматтық қоғам саясатта, 

экономикада жемқорлық құбылыстарына қарсы күрес факторы ретінде;

 

«Әлеуметтік  стратификация  және  ұтқырлық»,  қазіргі  қоғамдағы  орта 



топтың  рөлі  және  маңызы,  әлеуметтік  мүдделер,  әлеуметтік  қақтығыстың 

себептері,  әлеуметтік  қақтығыс  сипаттамасы,  әлеуметтік  қақтығысты  басқару, 

әлеуметтік  қақтығысты  шешу  жолдары,  жемқорлық  әлеуметтік  шиеленіс 

формасы ретінде, жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру;  

«Тұлға  және  қоғам»  (3  сағат),  тұлғаның  қалыптасуындағы  әлеуметтік 

факторлар, әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік рөл, жас жеткіншектік кезеңдегі 

әлеуметтік  рөлдер,  жастар  субмәдениетінің  ерекшеліктері,  жастардың  кәсіби 

және  әлеуметтік  бағыты,  әлеуметтік  тұрмыс  қызығушылығы,  тұрмыстық 

қатынас  мәдениеті,  жемқорлыққа  қарсы  сананы  қалыптастыру  жастарды 


 

 

әлеуметтендіру факторы ретінде;  



«Қазіргі  әлемдегі  этникалық  көптүрлілік»,  ұлыс  және  ұлт,  этномәдени 

құндылықтар  және  салт-дәстүр,  этностың  ментальдық  ерекшеліктері, 

ұлтаралық  ынтымақтастық  және  келіспеушіліктер,  ұлтаралық  қарым-

қатынастарды реттеу мәселелері;  

«Қазіргі  діни  жағдай»,  діни  өмірдегі  әлеуметтік  жағдайлар,  дін 

әлеуметтануы,  діни  конфессиялар,  конфессия  аралық  серіктестік,  жастар 

ортасында діни экстремизмді алдын алу қажеттілігі; 

қайталау (1 сағат).  

22. «Саясаттану негіздері» (6 сағат): 

«Саясаттану    дегеніміз  не?»  (2  сағат),  саясаттану  ғылым  ретінде, 

саясаттанудың  пайда  болуы,  саясаттанудың  негізгі  мәселелері,  саясаттанудың 

негізгі тұжырымдамалары;  

«Саясаттанулық  білім»,  саясаттану  білімінің 

құрылысы,  саясат 

технологиясы  және  оның  жаратылыстану  ғылыми  құрамы,  қоғамдық  өмірді 

басқаруға саналы түрде қатысу үшін саясаттану білімдерінің маңызы; 

«Саясат  және  мәдениет»  (3  сағат),  саясат  өнер  ретінде,  қоғамдық 

қатынастарды  саяси  реттеудегі  ерекшеліктер,  саяси  жүйе,  оның  құрылымы, 

қызметі, саяси институттар, нормалары, коммуникациялары, үдерістері туралы 

түсінік; 

«Саяси  мәдениет»,  билік  және  саясат,  қоғамдық  билік  туралы  түсінік, 

биліктің 

шығуы, 

билік 


қарым-қатынастарының 

типологиясы, 

билік 

легитимациясы,  демократия  және  парламентаризм,  азаматтық  қоғамның 



негіздері; 

«Жеке  тұлға  және  саясат»,  саяси  элита,  саяси  көшбасшы  туралы  түсінік,  

жетекшіліктің  типологиясы,  саяси  көшбасшының  көрінісі,  қоғамдық  санадағы 

құрылымы және қолдау; 

қайталау (1 сағат).  

23. «Экономикалық  теорияға  кіріспе» (6 сағат): 

«Өндіріс факторларының нарығы мен факторлық кірістерді қалыптастыру» 

(3  сағат),  еңбек  нарығ,  еңбек  нарығының  ерекшеліктері,  қызметтері, 

субъектілері,  компонеттері,  еңбекке  сұраныс,  еңбекке  ұсыныс,  еңбекақы, 

номиналдық және шынайы еңбекақы, еңбек нарығындағы кәсіподақ рөлі, еңбек 

биржасы және оның қызметтері; 

«Капитал  нарығы  және  табиғат  ресурстары»,  капиталға  деген  сұраныс 

және  ұсыныс  ерекшеліктері,  инвестициялар  мен    жинақтар,  несие  және  оның 

түрлері,  несиелік  жүйе  және  оның  элементтері,  қор  биржасы  және  құнды 

қағаздар нарығы, табиғи ресурстар нарығы, жер сату және сатып алу объектісі, 

жерге деген сұраныс, ұсыныс ерекшеліктері, жер рентасы және жердің бағасы; 

«Кәсіпкерлік  қызмет  негіздері»,  кәсіпкерлік  өндірістің  факторы  ретінде, 

кәсіпкерліктің  субьектілері  мен  обьектілері,  оның  дамуының  мақсаттары  мен 

факторлары, 

кәсіпкерліктің 

ұйымдастырушылық-құқықтық 

формалары, 

олардың  артықшылықтары  мен  кемшіліктері,  жемқорлық  кәсіпкерлік  үшін 

кедергілердің бірі ретінде; 



 

 

«Ұлттық  экономика  және  оның  динамикасы»  (2  сағат),  экономикалық 



дамудың  негізгі  принциптері,  ұлттық  экономиканың  айналымы  (ресурстар, 

кіріс  пен  азық-түлік  ағымы),  ұлттық  экономиканың  негізгі  көрсеткіштері 

(ұлттық  байлық,  ұлттық  азық,  ішкі  азық,  ұлттық  кіріс),  экономика  саласында 

жемқорлық құбылыстарының себептері және пайда болу жағдайлары;  

«Экономикалық  өсім  ерекшеліктер»,  экономикалық  өсім  (мәні,  типтері, 

көрсеткіштері,  әлеуметтік  экономикалық  салдары),  макроэкономикалық 

тұрақсыздық (экономикалық дамудың циклдігі), инфляция және жұмыссыздық, 

нарықтық  экономиканы  мемлекеттік  реттеу  қажеттілігі  мен  мәні,  ұлттық 

экономиканы мемлекеттік реттеу түрлері мен әдістері; 

қайталау (1 сағат).  

24. «Заңға кіріспе» (6 сағат):  

«Қазақстан  Республикасы  –  құқықтық  мемлекет»  (3  сағат),  құқықтық 

мемлекет туралы ұғым және белгілері, құқықтық мемлекет мақсат, құрал және 

нәтиже  ретінде,  құқықтық  мемлекет  дамуының  тарихи  кезеңдері,  құқықтық 

мемлекеттің негізгі ұстанымдары, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам; 

«Қазақстан 

Республикасындағы 

мемлекеттік 

билік 

органдары», 



мемлекеттік  билік  туралы  ұғым,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

құқықтық  мәртебесі,  Қазақстан  Республикасы  Конституциялық  кеңесінің, 

Үкіметтің  Парламенттің  қызметі,  рәсімделу  реті,  әділеттілік  және  сот  билігі, 

жергілікті өкілетті және атқарушы органдар;  

«Құқық  қорғау  органдары»,  құқық  қорғау  органдарының  қызметі  мен 

ұйымдасу  негіздері,  құқық  қорғау  органдарының  түрлері,  құқық  қорғау 

органдары  туралы  ұғым,  жемқорлық  қылмыстарына  қарсы  құқық  қорғау 

органдарының негізгі күрес тәсілдері, мемлекеттік қызмет ұстанымдары, құқық 

қорғау  қызметінің  ұстанымдары  және  жемқорлыққа  қарсы  әрекеттері,  құқық 

қорғау органдары қызметкерлерінің құқығы, міндеттері және жауапкершілігі; 

«Құқықтық  реттеу  негіздері.  Заңдылық  және  құқықтық  тәртіп»  (2  сағат), 

құқықтық  реттеу  негізі,  құқықтық  реттеу,  оның  жолдары,  тәсілдері,  типтері, 

құқықтық  реттеу  элементтері  мен  құралдары,  құқықтық  реттеу  үдерісі 

сатылары;  

«Заңдылық  және  құқықтық  тәртіп»,  заңдылық  (ұғымы  және  негізгі 

ұстанымдары),  құқықтық  тәртіп,  қоғамдық  тәртіп  және  құқықтық  қамтамасыз 

ету ұғымдары, ұлттық қауіпсіздік ұғымы, түрлері, Қазақстан Республикасының 

негізгі  ұлттық  қызығушылығы,  ұлттық  қауіпсіздіктің  негізгі  қаупі, 

жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;  

қайталау (1 сағат). 

25. Қорытынды қайталау (1 сағат). 

 

6. Оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 



 

26. Оқушылардың дайындық деңгейлері үш аспектімен: пәндік нәтижелер, 

тұлғалық нәтижелер, жүйелі-іс әрекеттік нәтижелермен  бағаланады.  

27. Пәндік нәтижелер. 10-сыныптың соңында оқушылар: 



 

 

1)



 

дүниетанымның негізгі элементтері мен құрылысын; 

2)

 

тарихи дүниетанымның түрлерін – мифологиялық, діни, философиялық; 



3)

 

әлемді тану мәселесін, ғылымның пайда болуын; 



4)

 

білімнің қазіргі заманғы мәнін; 



5)

 

адам өміріндегі құндылықтарды және құндылықтарды таңдау мәселесін; 



6)

 

жеке және әлеуметтік жетістік үшін адамның жауапкершілігін;  



7)

 

қоғамдағы  қоғамдық-саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени 



үдерістердің себеп- салдарлық байланыстарын; 

8)

 



қоғамдағы  нарықтық  экономиканың  ролін,  экономиканың  нарықтық 

субьектілер мінез құлқымен өзара байланысын; 

9)

 

ұсыныс  пен  сұраныс  заңдарын,  кіріс  көздерін,  өндірістің  факторларын, 



мемлекеттің монополияға қарсы саясатын; 

10)


 

 демократиялық саясат негіздерін – сайлау, референдум,  жергілікті өзін-өзі 

басқару, қоғамдық және саяси ұйымдарды; 

11)


 

қоғамдық  қатынастарды  құқықтық  реттеу  үдерісі  мен  жеке  және 

көпшілік құқықтың негізгі салаларын; 

12)


 

қоғамдағы құқықтық қатынастар, еркіндік, құқық, міндеттерді;  

13)

 

қоғамның  дамуындағы  негізгі  заңдылықтардың  қазіргі  заманғы 



түсініктерін;  

14)


 

тұлғаның әлеуметтік статусын, қоғамның әлеуметтік құрылысын; 

15)

 

нарықтық 



экономика 

ерекшеліктерін, 

тұтынушылар 

мен 


өндірушілердің іс-әрекетін; 

16)


 

қоғамның  саяси  жүйесін,  мемлекеттің  формалары  мен  белгілерін, 

саяси режимдер, демократиялық саясаттың негіздерін; 

17)


 

адамның  рухани  мәдениетінің  негіздерін,  қоғамның  рухани 

құндылықтары,  тұлғаның  адамгершілік  негіздері,  тәрбие  мен  білім  беру 

міндеттерін; 

18)

 

қазіргі заманғы қоғам өміріндегі діннің ролін; 



19)

 

адам мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін; 



20)

 

Қазақстандағы адам еркіндігі мен құқығын қорғау механизмдерін және 



адам құқығын халықаралық-құқықтық тұрғыдан қорғауды; 

21)


 

жемқорлыққа  қарсы  қоғамдық,  негізгі  мемлекеттік-құқықтық  күрес 

тәсілдерін білуі тиіс.  

28. 11 сыныптың соңында оқушылар:  

1)

 

ақыл-ой  мектебі  мен  саналы  және  игілікті  өмір  мектебі  ретінде 



философия негізін; 

2)

 



жаратылыстану  және  гуманитарлық  ғылымдардағы  философиялық 

мәселелерді; 

3)

 

әлеуметтану мен саясаттанудың негізгі мәселелерін; 



4)

 

нарықтық  экономика  туралы  (еңбек  нарығы,  капитал,  табиғи 



ресурстарды); 

5)

 



ұлттық  экономиканның  негізгі  көрсеткіштері  мен  экономикалық 

өсімнің ерекшеліктерін; 

6)

 

қоғамның  әлеуметтік  құрылысы,  оның  элементтері,  әлеуметтік  іс-



 

 

әрекет және әлеуметтік рольдерді; 



7)

 

қоғамның  саяси  жүйесін,  Парламент,  Қазақстан  Республикасының 



Конституциялық Кеңесі,  әділет  органдары,  жергілікті  өкілетті,  атқарушы  және 

құқық қорғау органдарының қалыптасуы мен қызмет ету тәртібін; 

8)

 

азаматтық,  этномәдени,  конфессиялық  бірлестік  ретіндегі  Қазақстан 



қоғамының ерекшеліктерін; 

9)

 



философия, әлеуметтану, саясаттану, экономикалық теория, заң білімі 

сияқты ғылымдардың мәні мен ерекшелігін; 

10)

 

адамның  қажеттіліктері  мен  қызығушылықтарын,  өмірдің  мәні  мен 



бағдарын; 

11)


 

қоғамдағы  қоғамдық-саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени 

үдерістердің себеп- салдарлық байланыстарын; 

12)


 

қоғамдағы  экономиканың  ролін,  еңбек  нарығын,  капитал,  табиғи 

ресурстарды; 

13)


 

құқықтық  мемлекеттің  негізгі  принциптерін,  конституциялық 

кепілдемелерді; 

14)


 

мәдени жетістіктерді, адамның рухани әлемін сипаттауды;  

15)

 

қарым-қатынас,  мораль  және  адамгершілік  нормаларын  білуі  тиіс, 



мемлекет  саясатының  мәнін  түсіндіруді,  кәсіби  этиканы  және  жемқорлықты 

қабылдамауды білуі тиіс. 

29. 10 және 11сыныптың соңында оқушылар:  

1) мемлекет саясатының мәнін түсіндіре; 

2) табиғатқа, адам мен қоғамға деген философиялық көзқарасты түсіндіре; 

3)  оқытылып  отырған  тақырып  бойынша  материалдарды  дербес  талдай 

білу  және  жалпылау,  әлеуметтанудағы,  саясаттанудағы,  экономика  мен  заң 

ғылымдарындағы бастыларын анықтай білуді;  

4) қоғам өмірінің оң және теріс құбылыстарына дербес баға беруді; 

5)  экономикалық,  саяси  және  әлеуметтік  мәселелер  бойынша  жеке 

көзқарасын білдіруді және оны дәлелдеуді; 

6) ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдау, алуан түрлі (мәтін, карта, кесте, 

схема, аудиовизуальды) ақпараттарды талдау жасауды; 

7) құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды орната білуді;  

8)  құқықтық  және  өзекті  қоғамдық  мәселелер  бойынша  пікірталастарға 

қатысу,  алынған  ақпараттарды  дәлелдеу  үшін  талқыланатын  мәселелер 

бойынша дербес көзқарасын білдіруді; 

9) қазіргі заманның құбылыстарына қатысты өз ұстанымын анықтау, өзінің 

және маңайындағылардың іс-әрекеттерін қазіргі әлеуметтік тәртіпке негіздеуді;  

10)  әлеуметтік  қауымдастықтар,  әлеуметтік  топтар  мен  әлеуметтік 

нормалардың 

дамуындағы 

себеп-салдарлық 

байланыстарды 

және 

заңдылықтарды айқындауды; 



11)  экономиканың,  қоғамның  саяси  жүйесінің,  алуан  түрлі  мәдениеттің 

дамуы туралы түрлі ақпарат көздеріндегі қажетті ақпараттарды таба білуді; 

12) моральдық, этикалық, адамгершілік және құқықтық және жемқорлыққа 

қарсы нормаларды талдау және жинақтауды; 



 

 

13)  материалдық  өндіріске  сипаттама  беру  және  оны  бағлау,  қоғамдағы 



мемлекеттік-құқықтық институттардың қызметін бағалай білуді меңгеруі тиіс. 

30.  Тұлғалық  нәтижелер  психологиялық-педагогикалық  мониторинг 

формасында  зерттеліп,  оқушының  тәрбиелілік,  әлеуметтік  және  рухани-

адамгершілік,  шығармашылық-дене  дамуының  деңгейі  түрінде  оның 

портфолиосында көрсетіледі. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың: 

1)

 



Қазақстан  Республикасының  Конституциясына,  заңдарына  және 

құқықтық тәртіпке сыйластықпен қараудан; 

2)

 

азаматтық  жауапкершілік  пен  жоғары  патриоттық  сезім  және  Отанды 



қорғау мен оған қызмет етуден; 

3)

 



мемлекеттік  және  ана  тілін  меңгеру,  Қазақстан  территориясында 

тұратын  халықтардың,  басқа  да  этностардың  құндылықтарын,  мәдениеті  мен 

дәстүрін құрметтеуден; 

4)

 



туған өлкесінің табиғатын сақтау және аялау, қоршаған ортаны қорғауда 

белсенділік көрсетуден; 

5)

 

салауатты  өмір  сүру,  өзін  қорғау  және  айналадағы  адамдардың 



қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан; 

6)

 



этикалық және  жемқорлыққа қарсы нормаларын сақтау мен адамгершілік 

қатынастың жоғарғы мәдениетін көрсетуінен; 

7)

 

өз  бетімен  білім  алу  және  өзін-өзі  жүзеге  асыра  білу,  жасампаздық 



еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен; 

8)

 



үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен; 

8-1) әртүрлі түрдегі адамгершіліксіздік, құқық бұзушылық, сонымен қатар 

қоғамдағы жемқорлық құбылыстарға қарсы әрекеттерден; 

9)

 



әлеуметтік  ортаның  ерекшелігін  дұрыс  бағалай  білу,  діни  ағымдарды, 

идеологияны, құқыққа қарсы әрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.  

31. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер оқушының пән олимпиадасында, таңдау 

курстарында,  шығармашылық  жұмыстарда,  сонымен  бірге  басқа  да  ізденіс 

жұмыстарында  анықталып,  оның  нәтижелері  портфолиосында  жинақталады. 

Оқушылардың жүйелі-іс әрекеттік нәтижелері: 

1)

 

адамзат  қоғамының  дамуы  үшін  ғылым  негіздері  және  қолданылу 



саласы бойынша ғылыми жетістіктердің білім жүйесін меңгеру;   

2)

 



ғылыми  ақпаратты    талдау,  өңдеу,  жинақтай  білу  және  оларды  қолдана 

алуы,  тірек  конспект,  сызбанұсқалар,  кестелер  құрастыру  рефераттар,  пікірлер 

жаза білу; 

3)

 



жаңа  материалмен,  өздігінен  жұмыс  істей  білу,  зерттеу  жұмыстарымен 

айналысу; 

4)

 

танымдық,  жобалау,  құрастыру,  іздену,  шығармашылық  әдістерін 



қолдану;  

5)

 



қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды білу; 

6)

 



жоғары коммуникативтік қабілеттілік, көптілді мәдениеттілікті  қолдана 

білуі тиіс. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет