Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Гимнастика –дене тәрбиесінің құралы екендігін, гимнастиканың
міндеттерін түсіндіріңіз.
2. Жалпы денені дамыту гимнастикасы және оның түрлері қандай?
3. Спорттық бағыттағы гимнастика және оның түрлеріне сипаттаңыз.
4. Гимнастиканың қолданбалы түрлеріне сипаттама беріңіз.
5. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде
гимнастиканы қолданудың алатын орны қандай?
6. Негізгі гимнастиканың маңызы және мектепке дейінгі кезеңде
қолданылатын түрлері қандай?
7. «Жалпы дамытатын жаттығулар», «Сапта тұру жаттығулары»
тақырыбында мәнжазба дайындау.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға
арналған материалдар
1.Адамның денсаулығын нығайту, күш-қуатын, икемділігін, тӛзімділігін
арттырып жетілдіру үшін қолданылатын әдістер мен арнайы іріктеліп алынған
дене шынықтыратын жаттығулар жүйесі:
А. Акробатика
Ә. Гимнастика
Б. Атлетика
В. Биатлон
2.Гимнастиканың бір міндеті:
А. Тұлғаны дұрыс қалыптастыру
Ә. Секіруге үйрету
Б. Дамыту
В. Қалыптастыру
3.Жалпы денені дамыту гимнастикасына не жатады?
А. Топтық гимнастика
Ә. Жеке гимнастика
Б. Негізгі гимнастика
В. Сәбилік гимнастика
4.Денеге түсетін күшті біршама дәл мӛлшерлеу мүмкіндігі:
А. Алуан жаттығулар организмге әсері қатаң ескеріліп пайдаланылады
Ә. Жаттығулар кезкелген жаста пайдаланыла береді
Б. Жаттығулар тек ересектерге ғана қолданылады.
В. Денсаулығы нашар балалармен жүргізілмейді
5.Жаттығу сабақтарының эмоциялығын арттыру, эстетикалық сезімге,
ырғақтылыққа, дәлдікке баулу және қимылдың мәнерлілігін қалыптастыру
мақсатында қолданылады:
А. Су
Ә. Массаж
Б. Күн
В. Музыка
6.Негізгі гимнастиканың мазмұнына кіреді:
194
А. Ән айту
Ә. Негізгі қозғалыстар
Б. Ойын ойнау
В. Би билеу
7.Спорттық бағыттағы гимнастикаға не жатады?
А. Емдік гимнастика
Ә. Кӛркем гимнастика
Б. Шынықтыру гимнастикасы
В. Дамыту гимнастикасы
8.Гигиеналық гимнастиканың міндеті:
А. Тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу
Ә. Спортшы қылып шығару
Б. Баланың жүрісін қалыптастыру
В. Тыныс алуын қалпына келтіру
9.Қимыл-қозғалыс және моральдық-ерік қасиеттерін, күшті, ептілікті,
икемділікті дамытуға кӛмектеседі, ӛз денесін ширақ меңгере білуге, ұшқыр
сезімталдыққа, батылдыққа, табандылыққа баулиды:
А. Емдік гимнастика
Ә. Музыкалық гимнастика
Б. Спорттық акробатика
В. Дамыту акробатикасы
10.Белгілі бір мамандықты меңгеруге кӛмектесетін қимыл-қозғалыстар
дағдысы мен сапасын дамытады және жетілдіреді:
А. Кӛркем гимнастика
Ә. Оқыту гимнастикасы
Б. Кәсіби гимнастика
В. Кәсіптік-қолданбалы гимнастика
11.Адамдардың жұмыс істеу қабілетін арттыру және олардың денсаулығын
сақтау мақсатында ұйымдастырылады:
А. Емдік гимнастика
Ә. Бағыттылық гимнастикасы
Б. Кӛркем гимнастика
В. Спорттық гимнастика
12.Негізгі қозғалыс:
А. Отыру
Ә. Тұру
Б. Жату
В. Жүру
13.Адам үшін ӛмірлік қажетті қозғалыстар:
А. Жай қозғалыстар
Ә. Қарқынды қозғалыстар
Б. Негізгі қозғалыстар
В. Дамыту қозғалыстары
14.Үнемі біркелкі циклдерді (айналымдарды) орындау болып табылады:
195
А. Моноциклді қозғалыс
Ә. Циклді қозғалыс
Б. Ациклді қозғалыс
В. Дара циклді қозғалыс
15. Мектеп жасына дейінгі балалардың қолымен асылып тұруына болмайды,
неге?
А. Буындар мен сіңірлердің уақытынан бұрын созылуын туғызады
Ә. Бойы ұзарып кетеді
Б. Салмақ тастауын тездетеді
В. Дамуын кешеуілдетеді
16.Адамды қозғаушы, циклді қимыл-қозғалыс типіне жататын, негізгі, табиғи
әдіс:
А. Жүру
Ә. Лақтыру
Б. Еңбектеу
В. Домалау
17.Алғашында бала аяқтарының арасын кең ашып, қолдарын екі жағына
сермеп, алға және жоғары созып, құлашын жайып жүре бастайды. Бұл неге
байланысты?
А. Денсаулығына
Ә. Қимылына
Б. Тепе-теңдікті сақтауына
В. Жүруіне
18.Жүгіру кезінде, жүгірген адамның екі аяғы бірдей жерге тимей кетіп бара
жатқан кезде қандай фаза болады?
А. Қалықтау
Ә. Кӛтерілу
Б. Екпіндеу
В. Тӛмен түсу
19.Ӛрмелеу екі жасқа қарағанда қалыптасады деген кімнің зерттеуінің
нәтижесі?
А. М.Ю.Кистяковская мен 3.С.Уварованың
Ә. Н.К.Крупская мен А.С.Макаренконың
Б. П.Ф.Лесгафт мен Н.М.Аксаринаның
В. М.Т.Тұрыскелдина мен С.Г.Бәтібаеваның
20.4-7 жасқа дейінгі дейінгі балалардың статикалық және динамикалық тепе-
теңдігін зерттеген:
А. Р.И.Жуковская
Ә. Б.Б.Баймұратова
Б. А.К.Меңжанова
В. T.И.Осокина
21.4 жасар балалардың адымының ұзындығы шамамен:
А. 39-40 см.
Ә. 10 см.
196
Б. 5 см
В. 25 см.
22.Жүгіру неше жаста қалыптаса бастайды?
А. 1 жаста
Ә. 2 жаста
Б. 4 жаста
В. 5 жаста
23.Жүгіруге үйретуде қолданылатын ойындар:
А. Ширақ қимылдайтын ойындар
Ә. Баяу қимылды ойындар
Б. Дидактикалық ойындар
В. Драмалық ойындар
24.Қол мен аяқтың кезек қимылы:
А. Секіру
Ә. Ӛрмелеу
Б. Тұру
В. Отыру
25.Табанның сыртқы қырымен аяқты қисайтып жүру:
А. «Маймақ қонжық»
Ә. «Үйрек балпаң»
Б. «Жыланша»
В. «Қоян жүріс»
26.Кӛтерілу фазасы 1 жас 10 айдан 2 жас 8 айға дейінгі балалардың 30%-нан
байқалған. Кімнің мәліметі?
А. Ә.С.Әмірованың
Ә. Қ.М.Меңдаяқованың
Б. С. Я. Лайзаненің
В. Н.М.Щеловановтың
2 7 . Қай жаста жүгіру техникасының дәлдігін, жеткілікті, дәрежеде толық
болмағанымен, негізінен меңгереді?
А. 2 жаста
Ә. 3 жаста
Б. 4 жаста
В. 5 жаста
2 8 . Кейбір балаларда еңбектеудің неғұрлым жетілген формасы бірден пайда
болады: олар қолдары мен аяқтарын бірінен соң бірін алма-кезек басады.
Кімнің мәліметі?
А. М.Ю.Кистяковскаяның
Ә. Д.В.Элькониннің
Б. М.С.Сәтімбекованың
В. М.Жұмабаевтың
29.Бес жаста аяқтардың кезектесіп адым аттауы іштей әсер етумен, үйретусіз
пайда болады. Кімнің мәліметі?
А. Р.И.Жуковскаяның
Ә. Г.Х.Дукенбаеваның
197
Б. А.Д.Удаланың
В. Т.Иманбековтың
30. Лақтыру қандай қозғалысқа жатады?
А. Моноциклді қозғалыс
Ә. Циклді қозғалыс
Б. Ациклді қозғалыс
В. Дара циклді қозғалыс
Достарыңызбен бөлісу: |