21 Дене тәрбиесі
Тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы. Дене
тәрбиесі адамның денсаулығын нығайтып,
күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады.
22 Дойбы
64
не 100 шаршы тақтада екі адам
ойнайтын спорт түрі. Дойбы ӛте ертеде
Египет, Араб елдерінде пайда болып,
кейінірек басқа елдерге тараған.
23 Доп
Жұмсақ,
былғары, резина т.б.
материалдардан жасалған шар тәрізді зат.
Ерте заманда доп жентектелген заттардан
жасалған. Доптар спорт ойындарының
түріне қарай аталады.
24 Дзюдо
Ӛзінің ұлттық ерекшелігін сақтаған жапон
күресі, тӛрткүл дүниеге кең таралған жекпе-
жек түрі
25 Eмдеу педагогикасы
Адамның психикалық және дене
кемістіктерін түзетудің жолдарын, әдістері
мен тәсілдерін зерттейтін педагогиканың
саласы.
26 Eмдік
дене
шынықтыру
Адамның денсаулығын, еңбекке
жарамдылығын қалыптастыру және түрлі
аурудан сақтау үшін қолданылатын
шынықтырудың бір түрі.
27 Eркін күрес
Спорттық күрес түрінің бірі. Eркін күресте
қарсыласының қос жауырынын кілемге
тигізген балуан жеңді деп есептеледі.
28 Eсу спорты
Спортшылар суда ескекті қайықпен белгілі
қашықтыққа жарысатын спорт түрі.
29 Жамбы ату
Қазақ, қырғыз халықтарының арасында
ертеден кең тараған спорт ойыны.
30 Жаттығу
Белгілі
бір қимыл әрекетті (ой немесе
тәжірибе жүзінде) меңгеру немесе сапасын
арттыру мақсатында жоспарлы түрде
331
қайталау.
31 Жаттықтырушы
(ағылшынша trаіпег,
tгаіп-тәрбиелеу, оқыту)
Спорт маманы, педагог-тәрбиеші ұстаз.
Жаттықтырушы спорттың бір түрінен маман
болуы қажет.
32 Желкенді спорт
Су спортының бір түрі. Мұнда желкенді
қайықты желге қарсы бағыттайды. Желкенді
қайықтың шапшаңдығы спортшының
шеберлігіне байланысты.