Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


Шамаға лайықты болу және индивидуалдандыру қағидасы



бет77/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Шамаға лайықты болу және индивидуалдандыру қағидасы. Бұл принцип
баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруді және осыған
байланысты оның күші келерліктей тапсырмаларды анықтауды қарастырады.
Балалардың дене тәрбиесі саласында бұл қағиданы сақтаудың маңызы ерекше,
ӛйткені әр түрлі жаттығуларды орындау баланың бекімеген ағзасының ӛмір
үшін маңызды функцияларына тікелей әсер етеді және денеге күш түсіруді
шамадан тыс арттыру денсаулық жағдайына жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Шамаға лайықты болудың ықтимал мӛлшері баланың жас мүмкіндігі және
тапсырмалар
қиындығы
дәрежесінің
сәйкес
келуімен
анықталады.
Бағдарламаның нормативтік талаптары барлығына қарамастан баланың
индивидуалдық әл-қуатын және оның әлдеқайда жоғары талаптарға әзірлігін
есепке алу қажет. Баланың мүмкіндіктері мәліметтерді – дене әзірлігі нормативі
бойынша сынақтан ӛткізу, дәрігерлік зерттеулер, тікелей педагогикалық
бақылау мәліметтерін қоса отырып анықталады. Шамаға лайықты болу
қиыншылықтардың болмауын емес, керісінше, оларды баланың дене және
психикалық күш жұмсауы жолымен ойдағыдай жеңуі мүмкіндігін ойластырады.
Шын мәніндегі шамаға лайықтылықтың тексерілуі пульсометрияларды,
хронометрияларды және т. б. қолданған жүйелі дәрігерлік-педагогикалық
бақылаумен мақұлданады немесе жоққа шығарылады. Шамаға лайықтылықтың
негізгі шарттарының бірі – дене жаттығуларын біртіндеп күрделендіру және
сабақтастығы болып табылады. Сабақтастық қимыл-қозғалыстардың әртүрлі
формаларының ӛзара байланысынан, олардың ӛзара әрекеттесуінен және
құрылымының жалпылылығынан кӛрінеді. Тәжірибе жүзінде бұған сабақтарда
материалды дұрыс таратумен қол жетеді. Барған сайын неғұрлым қиынырақ
тапсырмаларға кӛшу кезінде бірте-біртелікті сақтаудың да маңызы аз емес.
Осыған байланысты кӛптеген қимыл-қозғалыстық дағдыларды меңгеру үшін
алдын ала әзірлеу, жетелеу жаттығуларын пайдаланған жӛн.

Индивидуалдандыру - дене тәрбиесі процесін құру, сабақтардың


құралдарын, әдістері мен формаларын таңдау кезінде баланың индивидуалды
типологиялық ерекшеліктерін есепке алу болып табылады. Әр баланың ӛзіндік
функционалдық мүмкіндіктері бар. Қимыл-қозғалыстарды игеру процесі әртүрлі



132
ӛтеді, организмнің денеге түскен ауыртпалықтан алатын әсері, бейімделу


динамикасы әртүрлі. Дене тәрбиесі жүйесін құрған кезде индивидуалдандыру
проблемасы ӛзара байланысты екі бағытта – жалпы және мамандандырылған
дайындық бағыттарында шешімін табады. Балабақша, мектеп, жоғары оқу
орындары, т.б. бағдарламасы бойынша жалпы дене тәрбиесі ӛмір үшін маңызды,
міндетті қимыл-қозғалыстық дағдыларды, білімді игеруге және дене қасиеттерін
дамытуда бір деңгейге жетуге бағытталған. Мұндайда индивидуалдандырудың
мәні - жалпы бағдарламалық талаптарды орындаудың индивидуалдандыратын
қосымша құралдарды пайдалануда, үйрету мен тәрбиелеу әдістерін іріктеуде.
Мамандандырылған бағыт (мысалы, ересектердің спорттық мамандандырылуы)
мамандануды жетілдіруді қарастырады. Мұнда сабақтардың бар мазмұны
индивидуалдық
дарындылықты
есепке
ала
отырып,
құрылады.
Индивидуалдандыру белгілі бір баланың типологиялық ерекшеліктерін есепке
алуға ғана тәуелді емес: оларды оптималды үйрету және тәрбиелеу мақсатында
ескермей кетуге болмайды, дегенмен, бәрін анықтаушы да олар емес. Міндет
туа біткен нышандарды күшейте түсуден, жаңа жағымды қасиеттер, қабілеттер
тәрбиелеуден, қажет болған жағдайда жүйке жүйесінің типологиялық
ерекшеліктерін мақсатты бағытта ӛзгертуден тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет