141
2. Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері жаттығушылардың
әрекеттерін басқаруға пайдаланылады.
3. Талқылау, бағалау әдістері жаттығушылардың әрекетін талдауға, баға
беруге арналады.
Осы әдістердің маңызына және оларды қолдану ерекшеліктеріне тоқталайық.
Баяндау - теориялық бір түсінікті айтуға, ойын кезіндегі қозғалыс әрекетін
түсіндіруге, спорттық жаңалықтарды хабарлауға пайдаланылады. Балаларды
жаттығуды орындау техникасымен таныстыруда түсіндіру әдісі қолданылады.
Балалардың білімін бір нәрсеге құштарлығын білу, ойлау қабілетін дамыту,
белсенділігін кӛтеру үшін әңгімелесу әдісі қолданылады. Қысқа бұйрықты
раймен белгілі бір істің, қимылдың бұлжытпай орындалуын талап ете сӛйлеу
түрін бұйрық дейміз. Бұйрық саптық (әскери) және тӛрешілдік (старт беру
кезіндегі бұйрықтар, тӛрешілердің бұйрық сӛздері) болып бӛлінеді. Бұйрық
ұжымдық әрекеттерді ұйымдастыруға колданылады. Мысалы, жаттығуды
орындауға берілетін бұйрықтар жаттығушылардың саптағы әр түрлі
қозғалыстары, т.б. Қысқаша айтылып, бұлжытпай орындалуды талап ететін
сӛз әсерін - нұсқау беру деп атаймыз. Бұл әдіс кӛбінесе, қозғалысқа үйретуде
қолданылады. "Жылдамдат", "тездет", "асықпа", "еркін жүр", т.с.с.
нұсқаулармен тәрбиеші қимыл-қозғалысты бақылап отырады. Белгілі бір
тапсырма орындалған соң (мысалы, ойын) талдау жасалады. Талдаудың
кӛмегімен қателер, оларды түзету жолдары кӛрсетіледі, келешектегі оқу-
дайындық, әрекетінің сипаты, бағыты белгіленеді. Қимыл-әрекет орындалып
болғаннан соң, оған "жақсы", "жаман" дегендей ауызша баға беріледі. Қимыл-
қозғалысты үйрету кезінде сӛйлесу тәсілдеріне енетіндер: балаларға олардың
бойында бар ӛмір тәжірибелері мен ұғымдарына сүйене отырып, жаңа қимыл-
қозғалыстарды анық, қысқа етіп бір мезгілде суреттеу және түсіндіру,
қимыл-қозғалысты нақты кӛрсете сүйемелдеп немесе оның жеке элементтерін
ұғындыру, тәрбиеші кӛрсеткен қимыл-қозғалыстарды қайталау кезінде немесе
балалар жаттығуларды ӛздігінен орындағанда қажетті нұсқау беру, жаңа дене
жаттығулары мен қимыл-қозғалыс ойындары енгізілер алдында немесе
қимыл-қозғалыс әрекеттерін түсіндіру, қимыл-қозғалыс ойындар мазмұнын
анықтау, т.б. талап етілетін кезде әңгімелесу, дене жаттығулары басталғанға
дейін әрекеттердің бір ізділікпен орындалуының санаға сіңу дәрежесін
анықтау немесе мазмұндық қимыл-қозғалыс ойынының бейнелері туралы бар
ұғымды тексеру, ережелерді, ойын әрекеттерін анықтау, т.б. мақсаттар мен
тәрбиеші балаларға қоятын сұрақтар. Оның үстіне, кӛрсетілген тәсілдер,
алуан
түрлі
б ұ й р ы қ т а р д ы ,
ж а р л ы қ т а р д ы
ж ә н е
с и г н а л д а р ды анық, эмоциялы және әсерлі беруден тұрады. Мысалы:
«Cекіріп, аяғыңды иық кеңдігіне-қой!», «Oрныңа-тоқта!», «Бір, екі, үш-
жүгір!» т. б. Бұл командалар балалардың жауап қимыл-қозғалыс
реакцияларының шапшаңдығы мен дәлдігін тудыратын әр түрлі
интонацияларды және динамикаларды талап етеді. Бұған халық
шығармасында мол ұшырасатын тақпақ санамақтарды топтасып айтуды және
ойындық бастамаларды мәнерлеп айтуды жатқызу керек. Ұйқас сӛздердің
әуезділігі мен ырғақтылығы балаларда эмоциялық әсер тудырады, олардың
142
жадында оңай сақталады және кейін ӛз беттерімен ойнағанда пайдаланатын
болады.
Сӛйлесу тәсілдеріне б е й н е л і м а з м ұ н д ы ә ң г і м е л е с у жатады.
Ол қимыл-қозғалыс мәнерлілігін дамыту және ойындық бейнеге жақсы ену
мақсатында қолданылады. Қысқа әңгімелесу, іс жүзінде, балаларда эмоциялық
түйсінуге ынталандыратын ойындар мен әрекеттердің бүкіл ситуациясын кӛріп
қабылдау ретінде қиялдау тудыратын қысқа ертегі айтып бергенге ұқсас.
Мысалы, тәрбиеші «Eшкі, лақтар және қасқыр» ойынын былай бастайды:
«Баяғыда әдемі қайқы мүйізді, мейірімді үлкен ақ ешкі тіршілік кешіпті. Оның
кішкентай балалары-лақтары болыпты...» т.б. Мұндай тәсіл балалардың
эмоциясын оятады, қиялдауын тудырады, түсінікті нақтылайды, бүкіл әрекетті
ситуацияны кӛз алдына әкелуге итермелейді, қимыл-қозғалыс бейнелілігін
күшейтеді. Мазмұнды әңгіме сипаты жағынан ӛзгере отырып, жас шамасы
әртүрлі топтарда пайдаланылуы мүмкін. Қимыл-қозғалыс ойындарында текстер
жиі кездеседі, оларға сәйкес ойын мазмұны ашылады. Мысалы, кішкентайлар
тобында тәрбиеші «Торай» ойынында:
Томпаң-томпаң торай,
Дауысыңның зоры-ай...;
«Түйелер» ойынында:
Маң-маң басқан, маң басқан
Екі ӛркешін шаң басқан..., - дейді.
Балалар ол айтқан қимыл-қозғалыстарды орындайды және сӛзге сәйкес әрекет
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: