Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


Ӛзіндік қозғалыс іс-әрекетінің белсенділігін арттыру



бет58/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Ӛзіндік қозғалыс іс-әрекетінің белсенділігін арттыру 
Ойынды түрлендіріп, қызықты ӛткізуге мүмкіндік беретіндей түрлі құрал-
саймандармен, спорттық керек-жарақтармен жабдықталған қозғалыс әрекетін
дамытатын қозғаушы орта құру. Зауыттық спорт құрал-жабдықтармен қатар
жүйелі түрде массажерлар, жүру мен жүгіруге арналған, ептілікті,
үйлесімділікті дамытуға бағытталған жасанды құрылғыларды пайдаланған жӛн.
Ойын алаңын басқа да ойындарды ойнауға ыңғайлы болатындай етіп
ұйымдастыру керек. Ойындардың, қимыл-қозғалыстардың, жаттығулар түрі
жазылған карточкалар жиынтығы болуы қажет. Балаларды құрдастарымен
жарыс ұйымдастыру барысында ережеге бағынуға үйрету. Балалардың қалауы
бойынша қимылды ойындар ұйымдастыруға жағдай жасау. Серуен кезінде
меңгерген қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру. Серуендеу
орынын дұрыс жабдықтау. Қыс мезгілінде мұз жолдарымен сырғанау,
шаңғымен жүру, хоккей ойнау, шанамен сырғанау, ал жылдың жылы мезгілінде
велосипедпен жүру, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарын ойнауға қолайлы
жағдай туғызу керек. Ойын алаңдарында кедергі жолдары болғаны дұрыс.

Айына бір рет дене шынықтыру ойын-сауығын, жылына 2 рет – қыста


және жазда дене шынықтыру мерекелерін ұйымдастыру.

Жоғарыда қазіргі таңда қолданыста жүрген «Алғашқы қадам», «Зерек


бала», «Біз мектепке барамыз» және тұңғыш ұлттық негізде құрылған
«Балбӛбек» бағдарламалары мен ондағы дене тәрбиесі мазмұнына шолу
жасалды. Аталған бағдарламалардан ӛзге мектеп жасына дейінгі балалар дене
тәрбиесіне арналған бейінделген бағдарламалар да қолданыста. Қоғамымызда
болып жатқан әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер мен еліміздің білім беру
саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның
ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай ӛзгерістер
енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық
технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы
тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын
қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз
ететін кез келді.
Бізді қоршаған табиғаттың ӛзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған
әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді
«Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр.
Қазіргі таңда баланы дамыту мен тәрбиелеудегі әлемдік озық тәжірибеге
негізделіп жасалған баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін, дарыны мен
талантын ашуға және оны жан-жақты дамытуға бағытталған бағдарламалар
қажет.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі
мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына
жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы — бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық
қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі



84
де соншалықты жемісті болмақ. Осыған орай, жаңа бағдарламалар әзірленуде.


Бұл бағдарламалар жаңа білімдерді қабылдауға, оларды тиімді қолдануға
қабілетті, ортаға мейлінше тез бейімделгіш бала тұлғасын қалыптастырудағы
қоғамның, ата-аналар мен бастауыш мектептің талаптарын орындау мақсатын
кӛздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет