Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының түрі: ТК (КВ)
Пәннің мақсаты: студенттердің өз бетінше ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетін жетілдіру үшін химиялық технологияның қазіргі заманғы мәселелерінің методологиялық аймақтарында, қазіргі заманғы ғылым мен өндіріс жағдайының деңгейінде оқу, нақты химиялық өнеркәсіп өнімдерін алу мен қолдану мүмкіндіктері мен химиялық технологияның дамуының жаңа бағыттарындағы көптеген аспектілерін терең білдіру мен химиялық жүзеге асуларды құрастыра алу дағдысын қалыптастыру. Химиялық технология сұрақтарын қазіргі ғылым мен өнеркәсіптің жағдайына сәйкес жоғары дәрежелі химия оқытушыларын дайындау болып табылады.
«Жалпы химиялық технология» пәнінің негізгі міндеті – білім алушының пәндік құзыреттіліктерімен қатар келесі арнайы құзыреттіліктерді қалыптастырады:
- практика жүзінде эксперименттер жасап, зертханалық жұмысқа икемділік пен дағдысын қалыптастырады;
- ақпаратты іздеудің, жинаудың, өңдеудің, талдаудың, берудің және түсіндірудің әртүрлі әдістерін қолдануды біледі;
- ғылыми ақпараттарды логикалық және дәйекті түрде түсініп, жеткізе біледі (ауызша жауап, визуализацияны қолдану арқылы есеп бере алады (презентация, модельдер, диаграммалар));
- қойылған міндеттерге қол жеткізудің балама тәсілдерін көре біледі, оларға жетудің тиімді әдістерін таңдай алады;
- топта тиімді жұмыс істеуді біледі, практикалық жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды:
- нақты мақсаттарды шешу үшін жаратылыстану пәндерінің заңдылықтарын ескере отырып тиімді шешім қабылдай алады.
4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |