Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус пән туралы ақпарат



бет3/6
Дата07.12.2022
өлшемі138,5 Kb.
#55681
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Силлабус Қазақстанның ортағасырлық тарихы

Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,3+Емт∙0,4
2. Пәннің қысқаша мазмұны.
Оқу пәнінің мазмұны әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпы әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның ортағасырлар тарихы пәні бойынша Отан тарихын оқыту үрдісінде аталмыш кезеңдерді толыққанды оқытудың мемлекеттік әрі ғылыми-біліми, танымдық-тағылымдық салмағы орасан зор.
Қазақстанның ортағасырлар тарихы аса бай әрі тарихи-мәдени, саяси-әлеуметтік өзгерістерге толы, этногенездік, глоттогенездік тұрғыдан қазақ халқының қалыптасуының төтенше маңызды кезеңдері болып табылады.
«Қазақстанның ортағасырлар тарихы» V ғасырдан бастап Еуразия кеңістігінде, оның ішінде Қазақстан территориясында мекен еткен, үздіксіз билік құрған көшпелі империялар, мемлекеттік құрылымдар мен хандық билігінің XVII ғасырға дейінгі аралықтағы мерзімдері қамтылады.
Студенттерді Қазақстанның ортағасырлық замандарында жүріп өткен жолының тарихи кезеңдері мен бағыттарын бөліп үйрету, нақтылы оқиғалармен таныстыру, қазақ халқының қалыптасу тарихын, көрші елдер мен халықтардың тарихымен байланыстыра қарастыру - пәннің мақсаты болып табылады.
Міндеттері:
Қазақстанның қазіргі территориясында жүріп өткен тарихи оқиғаларды деректік материалдардың негізімен оқыту басшылыққа алынған. Сондай-ақ, Қазақстанның ортағасырлар тарихы бойынша археологиялық ескерткіштері, тарихи-мәдени ерекшеліктері, басты-басты ғылыми тұжырымдары мен зерттеулерінің нәтижелері таныстырылады. Қазақстанның ортағасырлық тарихы бойынша мемлекеттік құрылымдарының тарихи сабақтастықтары, материалдық, рухани болмыстары, саяси-қоғамдық өзгерістері, шекаралас, көршілес елдерімен тарихи-саяси қарым-қатынастары, мәдени, экономикалық және басқа да байланыстары көлемінде оқытылмақ.
Осы ретте Қазақстанның ортағасылар тарихы бойынша соңы тарихи деректерді кеңінен пайдалану, тарихи процесстер туралы жаңаша ғылыми негізді концепциялар мен тұжырымдарды, жаңа пікір ұсыныстарды таныстырып оқытуға басымдылық беріліп отыр.

  • Студенттерге Қазақстанның ортағасырлар тарихын оқытуда фактологиялық материалдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  • тарихи сана қалыптастыру және оны дамыту, тарихи тағылымдық білім беру;

  • рухани, адамгершілік құндылықтар мен отансүйгіштік сезімін қалыптастыру;

  • түрлі тарихи оқиғалар мен құбылыстарды талдауға, кәсіби біліктілікке байланысты мәселе төңірегінде ізденістер жүргізуге баулу;

  • тарихи деректермен жұмыс істеуге машықтандыру болып табылады.

«Қазақстанның ортағасырлар тарихы» пәнін оқыту нәтижесінде студент:
Қазақстан территориясында мекен еткен, үздіксіз билік құрған алғашқы номадтар, одан империялар, мемлекеттік құрылымдар мен хандық билігінің XVII ғасырға дейінгі аралықтағы мерзімдері жайында тарихи археологияық, жазба деректері, саяси әскери істері, қоғамдық құрылымдары, экономикалық, мәдение біті болмыстары турасында кеңінен мәлімет ала алады. Қазақстаннаың ортағасыр тарихы бойынша жаңаша ғылыми негізді концепциялар мен тұжырымдармен, жаңа пікір ұсыныстармен танысады.
Бағдарлама отандық және шетел әдебиеттері негізінде жазылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет