Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус пән туралы ақпарат Пәннің атауы «Қазақстан тарихы»



бет1/13
Дата16.10.2023
өлшемі52,01 Kb.
#116192
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Силлабус -23 АБК


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University
СИЛЛАБУС
1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы «Қазақстан тарихы»
Кредит саны 5 /150
Курс, семестр 1курс, 1 семестр
Оқу жылы 2023/2024
Мамандықтың шифры және атауы: тарих-география
Кафедра__ Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы,қызметі п.ғ.д., проф. Абдугулова Б.К.

Контактілік ақпарат (телефон, e-mai)baglan5577@mail.ru+77012922755


2. Бақылау түрі(ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
Бағалау критериялары:
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУакадемиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы ұрақтар, диалог, пікір таластарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,3+Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы
Қазақстан тарихы пәні – еліміздің көне заманнан бүгінге дейінгі тарихында өткен аса маңызды оқиғаларды хронологиялық ретпен баяндайды. Ұлт тұлғалары – көрнекті ғалымдар мен ақын-жазушылардың, белгілі қоғам және өнер қайраткерлерінің өмір жолымен, шығармашылығымен таныстырады. Қазақстан тарихы – дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі. Қазақстан тарихын білу – сонау өткен замандағы маңызды оқиғаларды, сол кезеңдегі адамдардың өмір-тіршілігін оқып-үйрену. Адамзаттың дамуы барысында жинақтаған мәдени жетістіктерімен, айтулы тұлғалардың жарқын істерімен танысу. Өткен өмірден сабақ алып, қателікті қайталамауға тырысу, келешекті болжай білуге талпыну. Тарихты оқып-үйрену арқылы біз ата- бабаларымыздың қалай халық болып қалыптасқанын, мемлекеттігін қалай құрғандығын, олардың өмірінде қандай шапқыншылық соғыстар орын алғанын, қандай жеңіске жеткенін білеміз. Тарихты білу өз өлкеңді, туған еліңді танудан басталады. Қазақстанда өмір сүретін әрбір адам осы елдің тарихын жете білуге міндетті. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз халқының бүгіні мен болашағына жауапты. Әрбір азамат жақсы оқып, елінің көркейіп дамуына өз үлесін қосуы үшін отанының тарихын жақсы меңгеруі тиіс. Өткенімізді білмесек, қазіргі өмірді ұғынып, болашаққа бағдар жасай алмаймыз. «Қазақстан тарихы» пәнін оқып-үйренудің құндылығы да, міне, осында.
Қазақстан тарихы жоғары оқу орнындағы барлық мамандықтар бойынша бірінші курста оқытылады. Қазақстан тарихының демократиялық және өркениеттілік бағытта дамуын айқындайтын шешуші тарихи офакторлардың қағидалары мен өркениеттілікті өскелең ұрпақ бойында берік қалыптастыру болып табылады. Жоғары оқу орындарында өтілетін қосалқы тарихи пәндер, әлуметтану философия және т.б. пәндердің жалғасы болып табылады. Рухани-адамгершілік, мәдени-тарихи құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында «Қазақстан тарихы» пәнінің алатын орны ерекше.
Жоғары оқу орындарындағы жалпы білім беретін пән ретінде «Қазақстан тарихы» курсының XXI ғасырдың білікті, білімді, мәдениетті адамын қалыптастыруда Қазақстан Республикасының тарихын оқып-білу үшін, жас ұрпақ қоғамдық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Жоғары оқу орындарында өтілетін философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, құқық негіздері, этнология, білімдері, өнертану, дінтану, т.б. пәндермен байланысында Қазақстан тарихы білімдері әрі қарай нақтылана, толыға түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет