28
мақсаттары мен міндеттері спорттық резервті даярлау, жас атлеттердің
спорттық шеберлігін шыңдау ғана емес, сонымен бірге бұқаралық спортты
дамыту.
Республикада
418 БЖСМ жұмыс істейді, оларда 265 мыңнан астам бабалар
мен жас жеткіншектер спортпен айналысады. БЖСМ желісі ұлғайтылмайды және
республикада спорт базалары жеткіліксіз.
Балалар-жасөспірімдер спортының әлсіз дамуына, өткізілетін іс-
шаралардың материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз
етілуінің жеткіліксіз болуына байланысты бүгінгі күні дене шынықтыру және
бұқаралық спорт саласы жеткілікті деңгейде дамымай отыр.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мектеп
спортын дамыту туралы мәселе қаралып, мынадай тапсырмалар берілді (2013
жылғы 9 шілдедегі № 27 хаттама):
- 2013 жылдың соңына дейін салауатты өмір салты бағдарламасы бойынша
сыныптан тыс жұмыс жүргізгені үшін үстемеақы алатын дене тәрбиесі педагог-
қызметкерлерін қамтуды 100 % дейін ұлғайту;
- үлгілік жобалар бойынша (оның ішінде МЖӘ шеңберінде) дене
шынықтыру-сауықтыру объектілерін салу, аула клубтарын ашу жолымен
бұқаралық спортты дамыту;
- 2014-2015 жылдар ішінде жалпы білім беретін мектептерді спорт
залдарымен және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықпен және жиһазбен
жарақтандыру нормаларына сәйкес спорт мүкәммалымен біртіндеп қамтамасыз
ету;
- балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің желісін кеңейту;
- дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу үшін тұрғын үй кешендері
мен оқу орындарына жақын маңайдан инфрақұрылымы дамыған жер учаскелерін
бөлу.
Бұдан басқа, жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын
кемінде 3 сағат өткізуді қамтамасыз ету, оқу орындарында денсаулығы әлсіз
оқушылар мен студенттер үшін арнайы медициналық топтар мен емдік дене
шынықтыру топтарын ашу тапсырылды.
Достарыңызбен бөлісу: